Сөйлем мүшелері
Ауылдың алдыңғы жағындағы ойпаңда Есіл өзені бар дегенді С. Сейфуллин Ауылдың алдыңғы, жағында ойпаң тартып, көлденең Есіл өзені жатыр деп жазған. Бұл екеуі бір емес: алдыңғы сөйлем жай хабар болса, екінші сөйлем, оның үстіне, әсерлі көркем сурет. Бұл суреттің нақыштары көлденең, жатыр сөздерін қолдану арқылы салынған. Сөзім — шекер, тілім — бал (Ғ. Мұстафин). Өлеңім — балға, эн — қашау (Жамбыл) деген төрт сөйлемнің әрқайсысы екі-екі зат есімнен құралған. Олар аз сөзді, қысқа-қысқа сөйлем болғанмен, мағыналары кең, әрі эсерлі. Солай болудың сыры — сөздерді бірін-біріне теңеп, белгілі мүшелік катынаста жұмсауда: сөзім, тілім, өлеңім, ән —бастауыштар да, олардан кейінгі зат есімдер шекер, бал, балға, қашау — баяндауыштар.
Сөйлемдегі сөздер саны аз болса да, көп болса да сөз тіркесінің өз ара мағыналық синтаксистік байланыста болу арқылы белгілі мүшелік катынаста жұмсалады. Жоғарғы “сөзім — шекер…” деген-дердің алдыңғылары бастауыш, соңғыларының баяндауыш болу себебі содан.
Олай болса, сөйлемді дұрыс кұрау үшін сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырып, тиісті мүшелік қарым-қатынаста жұмсай білу керек. Мысалы, Капитализм. техника жетістіктер әлеумет прогресс мүдделері үшін пайдалануға бөгет болып отыр сөйлемін қалай оқысақ та, бірдеңелер жетпей жатқан сияқты боладыда тұрады. Сол жетіспей жатқан бірдеңелер мыналар: жетістіктер сөзіне -ін жалғауы, әлеумет сөзіне -тік жұрнағы жалғанбаған. Со-ларды жалғап Капитализм техника жетістіктерін әлеуметтік про-гресс мүдделері үшін пайдалануға бөгет болып отыр десек, сөйлем түсінікті болады. Әлгідей бұл сөйлемдегі сөз бен сөзді байланыс-тыратын қосымшаны алып тастасақ, не ол сөйлемнің бір сөзін қал-дырып оқысақ, ондағы басқа сөздердің қиюы қашып, сөйлемнің мағынасы солғын тартып, қиыспайды. Өйткені әлгідей өзгеріс ен-гізу арқылы сөйлемдегі сөздердің мүшелік қатынасы бұзылып, ай-тайын деген ойымыз түсініксіз болып шығады.
Ондай стильдік қате жібермеу үшін, сөйлем құрағанда, сөздер-дің ‘байланысын, мүшелік қатынасын анық, айқын етіп құру керек болады.
Сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелер, әсіресе баяндауыш, ойды дұрыс құрастыруға арқау болады. Бас мүшелер болмаса, басқа/мүшелердің болуы да мүмкін емес. Өйткені анықтауыш, то-лықтауыш, пысықтауыштар, алдымен сол екі бас мүшенің маңына топтанады, қала берді бірін-бірі анықтап, толықтырып, сөйлемнің құрамына ене алады. Рас, диалогты сөйлемде тұрлаусыз мүшелер не олардың бірі бір сөйлем орнына жүруі мүмкін. Мысалы:
— Я, кім бар екен үйде?
— Саша Мухин бар екен…
— Е, ол не қылып отыр екен?
— Настяға үйленетін түрі бар.
— Настяға ма?
— Я, Настяға. (Ғ. Мүсіреішв).
Осы мысалдағы Настяға ма, Настяга деген екі сөз екі сөйлемнің орнына жұмсалған. Олар — барыс жалғауындағы толықтауыштар, бастауыш, баяндауыштары алдыңғы сөйлемдерде айтылған. Солар Настяға ма?— Настяға дегендерге де ортақтасады.
Әрбір сөйлем мүшесі ойды дәл, керегінде әсөрлі, экспрессивті түрде хабарлаудың басты шарты — сөйлем мүшелерінің қызметін бірден-бір дұрыс табылып қолданған сөздерге жүктей білуде. Со-нымен қатар ойды аз сөзбен сығымдап айту, көршілес сөйлемдерде бір сөзді қайталай бермеу талаптары қойылады. Ол үшш сөйлемде басы артық сөз қолданбау керек, бір сөзді қайталай бермей, бірде оның синонимін, бірде оның орнын басатын есімдікті пайдаланып, кейде бір сөзді екі-үш сөйлемге ортақ етіп айту керек болады. ‘
Бір сөйлем мүшесін мәндес не басқа сөздермен алмастыруға көркем әдебиет стилінің мүмкіндігі мол. Оны мына мысалдардан байқауға болады:
Сенің әкеңнен әкем кем болып көрген жоқ, атаңнан атам кем түскен жоқ. (X. Есенжанов). Біздің бөлім әр кезде соғыстың бір тынысы тар, қыспақ, жерінде жүреді. Қай жағынан қауіп-қатер қа-тар келе қалса, бізді сол мақнан табасыз (Ғ. Мүсірепов). Мұнда бір ой екінші сөйлемде басқа сөздермен қайта айтылған. Мына сөйлемдер де солай.
Екеуміз ғана бір көпірдің айналасына бір күннің ішінде төгілген қорғасын мен мысты бір айда эзірлеп бере алу үшін аса үлкен завод керек болар еді. Ал Дон арқылы салынған үлкен көпірдің айналасына шашылып жатқан снаряд пен бомбаларда есеп жо –
(Ғ. Мүсірепов).
Мұнда “төгілген” сөзін қайталамау үшін автор “шашылып жатқан” сөздерін пайдаланған.
Сөйлемнің бастауыш, толықтауыштарын қайталамай, олардың орнына есімдіктерді жұмсауға мысалдар:
Мен талай рет бақытпен кездестім. Ол менің қолымда болды. Мен онымен Нева проспектісінде серуендедім. Қарағанды қала-сында да қолтықтасып бірге жүрдім (Е. Ерубаев).
Мына үзіндіде бір мүше (жауымды) іргелесе, ұласа айтылған кейінгі сөйлемдерде қайталанбай өзінен-өзі түсінікті болып тұр:
Мені көтеріп алып жөнеле бергенде, өзімді атып қалған жауымды тағы бір көргім келіп, тағы бір қадалып қарадым. Тұмсығы енді қарға түгел көміліп барады екен. Мұрнынан аққан қара күрең қан ұсақ-ұсақ отау тігіп, алдындағы қарды едәуір шүбатып бояп тас-тапты. Атылған ит осылай өлетін еді деп, ішімнен бір жәбір теңеулер іздегендеймін… Шолақ, киімдері жоғары сырылып кеуіпті де, ашылып қалған жалаңаш арқасына айдама жел түйір-түйір қиыршық қарды тығып жатыр… (Ғ. Мүсірепов).
Сөйлемді_ықшамды етіп құрастыру үшін қолданылатын амал-дың бірі — сын есім, сан есім, есімшелерді бастауыш, толықтауыш, ілік жалғауында анықтауыш қызметінде жұмсау. Ондайда бұл есімдер әдетте йздері қатысты болатын заттардың орнына жұмсалып, әрі зат, әрі оның сапасын білдіреді. Мысалы, кілең сұ-лулар бірөңкей отыр десек, сұлулар — сұлу қыз-келіншектер де-гендей мағынаны білдіреді. Қорыққанға қос көрінер десек, қорық-қанға-қорыққан адамға деген екі сөздің орнына жұмсалады. Ал-тау ала болса, ауыздағы кетер дегенде, алтау сөзі бастауыш қызметінде — “алты адам” дегендей мағынаны білдіреді.
Осылардай сын, сан есімдер мен есімшелердің субстантивтеніп бастауыш, толықтауыш, анықтауыш қызметінде жұмсалуы — ма-қал мен мәтел синтаксисінің ерекшелігі, олар аз сөзбен көп мағына білдіруді, сөйлем құрылысы барынша ықшам болуды керек етеді. Халық данышпандығының елегінен өткен ол тұрақты тіркестердің көбі сондай сығымдалған сөздерден құралады.
Субстантивтенген бастауышы, толықтауышы, анықтауыштары бар мақал-мәтелді сөйлемдерге мысалдар:
Көп қорқытады, терең батырады. Сыпайы сырын жасырмайды. Ата көрген оқ, жонады, ана көрген тон пішеді. Білек сүріндіре ал-мағанды білім сүріндіреді, ^Қорқақты қуа берсең, батыр болар. Еріншектің ертеңі бітігес. Алдасқанның алды жөн, арты соқпақ.
Мұндай мысалдарды өлеңді сөйлемдерден де көп табуға болады:
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас (Абай).
168
Жылы менен ыстықтың бэрін көріп,
Қайран көңіл қайыспай қайрат етті (Абай).
Сөйлемнін, мазмұнына ерекше стильдік өң кіргізіп, түрлендіріп тұратын мүше — баяндауыш. Ғылыми және публицистикалық әде-биеттердеп әшейін хабар ретінде құралатын сөйлемдердін баян-дауыштары көркем әдебиетте экспрессивті мағынада көбірек жұм-салады:
Темекі ораған сайын сол қиық… көзіме түспей қоймайды. Әр-дайым туған жердің жеңіске қосып жатқан еңбек үлесін ескертіп тұрады. Көзіме түскен сайын мен де бірнеше жольм тағы бір оқымай қоя алмаймын. Кейісім болса тарап, оқысам — жылынып сала беремін. Туған ел, өскен жердің осындай эрбір хабарын сағынышпен күтіп, қуанышпен қарсы алу эр солдаттың басында бар (Ғ. Мүсірепов).
Бірқатар сөйлем мүшелерін кейде жалғаулы, кейде жалғаусыз етіп жұмсауға болады. Солай етудің стильдік мәні зор. Мысалы, Аудандық партия комитетінің бірінші секретарының баяндамасы-ның жалғасы… дегендегі 7 сөздің үшеуі ілік жалғауында айтылған. Осындай, бір сөйлемде бірнеше сөздің қатарынан бір жалғауда айтылуы сөйлем стилін ауырлатады. Сондықтан оларды “үнем-деп”, бір жалғауды бірнеше сөзге ортақ етуге болады: Аудандық партия комитеті бірінші секретары баяндамасының жалғасы. Уни-верситеттің филология факультетінің деканының орынбасары — Университеттің филология факультеті деканының орынбасары. Казақ ССР-інің Ғылым академиясының Тіл білімі институтының ғылыми кеңесінің қаулысы — Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты ғылыми кеңесінің қаулысы.
Ілік септеуіндегі.анықтаудың бір сөйлемде біреу болғанда да, оны жалғаулы не жалғаусыз етіп жұмсаудың стильдік, мағыналық ерекшеліктері болады. Мысалы,ауданның орталығы — аудан ор-талығы, колхоздың малы — колхоз малы, қойдың терісінен — қой терісінен дегендер бірінің орынына бірі жұмсалады. Бірақ екеуінің. мағынасы бірдей емес. Жалғауды болғанда, сөз тіркесінің мағы-налық қарым-катынасы меншіктілік болады да, жалғаусыз айтыл- ғанда, сөз тіркесінін, ол мағынасы күңгірттеніп, ілік септігіндегі сөздер заттың заттық сыны есебінде жұмсалады. Соны түсініп орысша дұрыс аударамыз десек, колхоздың фермасы — ферма кол- хоза, колхоз фермасы — колхозная ферма дер едік. Сондай-ақ:
Абайдың мектебі — Абайдың өзінің мектебі, Абай мектебі — Абай атындағы мектеп, Лениннің кітапханасы — Лениннің өзінің кітапханасы. Ленин кітапханасы — Ленин атындағы кітапхана.
Изафеттік тіркестің мұндай мағыналық айырмашылығын жақсы түсінетін кісілер оларды талғап қолданады. Ал кейбір есімді тіркестер ілік жалғауынсыз айтылады, жалғау жалғауга болмайды, мысалы: қант қызылшасы, кен байлығы, мал шаруашылыры, Арал тңцізі, Абай көшесі.
Табыс септеуіндегі толыктауыштар да бірде жалғаулы, бірде жалғаусыз жұмсаладн. Онын, (ілік септеуінің. де жалғаулы, жалғаусыз болу) себебін тюркологтардың көбі заттың белгілі, белгісіз болуынан деп түсіндіреді. Дұрысында оның себебі тура толықта-уыш болған сөз бен оны керек ететін сабақты етістіктің мағыналық байланысының берік, берік еместігінде, сол сөзге ой екпінінің түсу, түспеуінде болу керек. Мысалы, тілді етістігімен — қауын тілді, қарбыз тілді деп айту табиғи, ал Пароход теңіз тіліп келеді деу табиғи емес. Сондықтан пароход теңізді тіліп келеді деу керек. Жедіетістігімен — май жеді, нан жеді, ет жеді, құрт жеді … деп, әйтеуір жеуге болатын заттарды жалғаусыз тіркестіре беруге болады. Сонда олар мағыналық байланысы берік сөздер тіркесі екендігі аңғарылады. Ал енді сөйлемде осылай етістікпен қатар тұрған тура толықтауышқа ой екпінін түсіріп айтқымыз келсе, не сол сөзді көтеріңкі дауыспен айтамыз, не табыс жалғауын жалғап айтамыз: нан жесең, аш болмайсың —мына нанды жесең аш болмайсың. Ол маған қарай тас лақтырды — ол маган қарай бір тасты лақтырып кеп жіберді.
Мәндес сөздердің тиімділерін талғап анықтауыш, пысықтауыш қызметтерінде жұмсаудың да стильдік мәні зор.