Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер
Кісінің басқаға айтатын ойы әр уақытта мақсатты болады: кейде бір істің, бірдеңенің жайын хабарлауды мақсат етсек, кейде басқадан бірдеңені сұрап білуді мақсат етеміз. Немесе біреуге бірдеңе істетуді көздесек, кейде айтылған ойға айтушының көңіл күйін білдіруді көздеп сөйлейміз. Сол мақсаттарға лайық сөйлемдер түрі, құрылысы, негізінде, төрт түрлі болатыны белгілі: хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті.
Сөйлемнің, осы түрлері жұмсалуы мен мағыналық жақындығы не алшақтығы жағынан ерекше стильдік қызмет атқарады.
Хабадлы сөйлем — адамның ойын, көрген-білгенін басқаға ай-тудың формсы. Хабарлы сөйлем арқылы шындық өмірдегі әр түрлі кұбылыстардың жайын бар (болған) не болмаған қалпында баяндаймыз. Хабарлы сөйлемдердің мазмұны әр алуан болатынын ескеріп, алдымен олардьщ б о л ы м д ы және б о л ы м с ы з түрлерін стилистика талғамдары тұрғысынан екі бөліп қараймыз.
Б о л ы м д ы сөйлем арқылы өмір құбылыстары шындық бай-ланыс күйінде, бар қалпында, оған сөйлеушінің субъективті көзқа-расы қоса баяндалады. Мысалы: Күн қызыл арай шатырынап жаңа ғана шыққан (Ғ. Мұстафин). Ораз терезеден басын сұғып тұр екен (3. Шашкин). Бұл сөйлемдердегі хабарға айтушының көзі жетіп баяндағаны аңғарылады. Баяғыда бір хан болған екен. Оның екі ұлы болыпты деген хабарлар айтушының өзі көрмеген, жақсы білмеген, бірақ есіткен оқиға түрінде баяндалған.
Осындай сөйлемде айтылған ойға айтушының субъективті көз-қарасын да біідіруін сөйлемнің модальдігі дейміз.
Болымды сөйлемнің модальді мағынасы көбінесе баяндауштар құрамында түрлендіру арқылы құбылып отырады. Мысалы.;
1.Жолаушылар таң ата жүріп кетті.
2.Жолаушылар таң ата жүріп кетіпті.
3. Жолаушылар таң ата жүріп кететін шығар.
Бірінші сөйлемде іс сөйлеушінің көз алдында болса, екінші сөйлем олай емес,(жүріп кететін шығар) хабарланған істің жүр-етініне сөйлеушінің көзі жетпей, болжап айтқаны аңғарылады.
Қазақ тілінің болымды сөйлемді осылардай күмәнды, болжалды
етіп айтудың бірнеше тәсілдері бар;
күманды болжалды
1,Жолаушылар жүріп кетіпті 1Жолаушылар журіп кеткен
шығар
2,Жолаушылар жүріп кеткен 2Жолаушылар жүріп кеткен
көрінеді. болар. .
3,Жолаушылар жүріп кеткен 3. Жолаушылар жүріп кеткен . керек. білем.
4. Жолаушылар жүріп кеткен 4. Жолаушылар жүріп кеткен
сияқты болса керек.
5.Жолаушылар жүріп кеткен- 5. Жолаушылар жүріп кеткен
ге ұқсайды. ғойдеймін ..
Бір модальділік мағынаның осыншама көп синонимдерінің болуы қазақ тілі сөйлемдерінің стильдік мүмкіншілігінің молдығын, стиль-дік бояуларының әр алуан екенін көрсетеді.Бұлар таңдап, талғап өз орнында жүмсай білу керек.
Күмәнды білдіретін хабарлы сөйлемдер қатарына енбей тұр-түрі бар. Ол — мыс шылауы арқылы жасалады. Мұны бөліп шығарған себебіміз оның ерекше экспрессивтік те мағынасы бар.— Мыс шылауы арқылы жасалатын күмәнды сөйлем айтушының айғақ пікіріне басқа біреудің жөнсіз күмәнданғандығын білдіреді, мысалы: Қарымсақтың көзінен бүршіктеген жас шығыпты-мыс (Б. Майлин). Аш-жалаңаш болмайсың, өзің би, өзің төре боласың,— деп Абдол оны қызықтырыпты-мыс (Б. Майлин).
Болымды сөйлемді болымсыз тұлғалы сөйлемдермен алмастыру да кездеседі. Ондайда хабарланатын ойдың ерекше экспрессивті мәні болады. Мысалы: Мен ол үйге барамын — Мен ол үйге бармай тұра алмаймын. Мен ол үйге бармасам болмайды. Жаз жайлауға көшу керек — Жаз жайлауға көшпейінше болмайды, Жаз жайлауға көшпей тұра алмайсың.
Б о л ы м с ы з. сөйлем ұғым арасында байланыстың жоқтығын көрсетеді. Қазақ тілінде болымсыз сөйлем жасаудың бірнеше амалы болатындықтан, оларды талғап жұмсай алудың стильдік мәні бар. Мысалы: Ол бүгін келмеді — Ол бүгін келген жоқ. Таудың қары элі ерімеді — Таудың қары, әлі еріген жоқ. Аспан ашылмас —• Аспан ашылатын емес—Аспанның ашылатын түрі жоқ. Бұлар_өз_ ара _мәндес болғанмен, стильдік қызметтері бірдей емес: Ол келмеді — жай хабар. Осындағы келмеді сөзінің болымсыздық мағы-насын күшейту үшін, оны келген жоқ деп айтамыз. Сондай-ақ Аспан ашылмас — әшейін болымсыздық болжал ғана, ал оның ор-нына — Аспан ашылатын емес, Аспанның ашылатын түрі жоқ де-сек, болымсыздық хабарда айтьшған ой күшейтіліп жұмсалған болады. —
Төмендегі сөйлемдердің де сондай мағыналық айырмашылығы бар. Оларды салыстырып, қайсысының болымсыздық мағынасы босаң не қатал екенін айырыңыз:
Содан бері ол біздің үйге кірген жоқ еді (Ғ. Сланов). Содан бері ол біздің үйге кірген емес. Жоқ, әкем өртенгенмен, мен өртенбеспін (С. Мұқанов). Жоқ, әкем өртенгенмен, мен өртене қоймаспын. … Мені ол топырақтан жұла алмас! Туған жеріме деген мөлдір махаббатымды енді ешкім де сөндіре алмас! (С. Мұқанов). Мені ол топырақтан жұлып тастай алмайды! Туған жеріме деген мөл-макаббатымды енді ешкім де сөндіре алмак, емес!
Болымсыз тұлғалы сөйлемдерді болымды етіп айтудың стильдік қызметі ерекше. Бүгін барамын. Бүгін бармасам болмайды. Мен енді айтамын. Мен енді айтпай тұра алмаймын. Ол қайда болса, сонда жүре береді — Оның жүрмейтін жері жоқ. Бұл мысалдардың екінші түрлерінің әрқайсысы екі-екіден болымсыздық тұлғада жұмсалған. Математикада минус пен минус плюс болатынындай, болымсыз бен болымсыз тұлға жарыса айтылып, болымды мағына пайда болады. Болымды сөйлемді осылай болымсыз тұлғалардан құрастырудың стильдік қызметі ерекше. Солар арқылы айтылған болымды хабар әдетте өткір тілділіктің, эмоциялы сезімнің нысанасы болып ұғынылады.
Сол сияқты кейбір сұраулы сөйлемді де хабарлы етіп айтуға болады:
— Бұл не ғып жүр? Әлде күзеуінің оты тозды ма екен?
— Е, тәйір, күзектің шөбі бітуші ме еді? Тұнып тұр. Құлқын сәріден қыстауға барып, қыстыгүні несін жейді? (М. Әуезов).
— Біздің ауылға барасық ғой, қызым?
— Бармағанда қайтем? (Ғ. Сланов).
Осындай сұраққа сұрақ түрінде берілген жауаптың мағыналары жай хабар болып қалмайды, кісінің ішкі сезімін, лажының жоқ-тығын, өтінішін т. б. модальді мағынаны қоса хабарлайды. Кейбір сұраулы сөйлемдер кісінің күмәнің_таңдануын кейіген сенімсіз- дігін қоса білдідеді де, бірқатары болымсыз сөйлемнің орнына жұмсалады.
Дәмеш өз жүрегінің соғуын өзі түсіне ме екен?— Түсінбейді.
— Бір қалған көңіл жіби ме? (3. Шашкин)—Жібімейді.
— Арық адамның көзі өткір болады екен-ау?! Мені білмейді деймісің?! (Ғ. Мүсірепов).— Білемін.
Кейде хабарлауға тиісті ой тікелей сұраулы сөйлем түрінде баяндалады. Оны р и т о р и к а л ы қ (шешердік) сұрақ дейміз:
Күнде жақсы бола ма,
Бір қылығы жаққанға?
Оқалы тон тола ма,
Ар-ұятын сатқанға? (Абай).
Жылағанда көзіме
Қанды жасым тола ма?
Тауға біткен бәйшешек
Кураса, бір күн сола ма? (“Алпамыс”).
Сұраққа жауап алу мақсатымен емес, кісінің сезімін қоса ха-барлау үшін жұмсалатын сұраулы сөйлемдерді жұмсай білу керек. Олар — кісінің ойын мәнерлі түрде әсерлі етіп айтудың өте ұтымды амалы. Мысалы: Сіз де келеді екенсіз-ау? деген сұраулық интонациямен айтылады. Оны айтқан кісі басқадан жауап күтпейді, тек біреудің келгеніне әрі қуанышын, әрі таңданғанын білдіреді. Өз балаңа сенбегенде, енді кімге сенесің? деген де жауап күтпейтін сұраулы сөйлем, мұны есіткен (не оқыған) адам сөйлеуші балаға сену керек деген ойды күшейтіп, ,бір түрлі кейіспен айтқанын аңғартады.
Көркем әдебиетте жиі ұшырайтын шешендік күрделі орамдар үстемеленген сұраулы сөйлемдер түрінде де жұмсалады. Ол сұрау-лы сөйлем тізбектері басқа бір елеулі іс-әрекеттің, болмыстың се-бептері орайында жұмсалады. Мысалы, “Абай” романының бірінші кітабында жас Абайдың ақын-жыраулардан есіткен-білгеннен алған әсерін М. Әуезов былай суреттейді:
Тілі ұғымды, өмірі таныс болғаннан ба, немесе Барлас пен Байкөкшенің кезектеп айтқан жырларының кейде шырқаған, кейде қалқып баяулаған, кейде лекітіп соқтырып, ескектете желген әнінен бе, бебеу қаққан қоңыр, майда, баяу домбырадан ба, қалайда болса Абай бұл күнге шейін өмірде дәл осы Барлас, Байкөкше баян еткен дастан, жырларға барабар ешнэрсе есітпеген сияқты болды,
Б ұ й р ы қ т ы сөйлемдердің де мазмұны біркелкі бола бермей-ді. Олардың әр түрлі болу себебі бұйрық қалай, қандай жағдайда, қандай мақсатпен айтылғанымен байланысты. Сонысына қарап бұйрықты сөйлемдердің интонациясы, баяндауыштарының құрамы, сөйлемде орналасу тәртібі әр түрлі болады. Мысалы: 1. Шыныңды айт! 2. Шыныңды айтшы. 3. Шыныңды айта ғой! 4. Шыныңды ай-туың ғой. 5. Шыныңды айтсаң болмас па еді. Бұл сөйлемдердің мағыналары біріне-бірі жақын, негізгі баяндауыш қызметіндегі сөзі (айт) бәріне ортақ болғанмен, олардың мазмұны бірдей емес бірінші сөйлем — қатал бұйрықты, екінші — тілекті, үшінші — жалын-ышты төртінш өкіншті білдірсе, бесінші сөйлем оның үстіне наразылықты білдіреді.Ол сөйлемдердің осындай эмоциялық мағыналары баяндауыштардың құрамын түрлендіруден болып тұр. Көзіме көрінбей жоғал! дегенді Жоғал көзіме көрінбей! деуге болады. Екеуі де — бұйрықты сөйлем. Бірак екеуінің мазмұны бірдей емес: бірінші сөйлем жай кейіспен айтылған ойды білдірсе, екіншісі қатты ашумен кіжіне айтылған қатал бұйрықты аңғартады. Сонысына лайық ол екі сөйлем екі түрлі әуенмен айтылуға тиіс. Қөзіме көрінбей жоғал! — бәсең дауыспен, Жоғал көзіме көрінбей! — қатал, көтеріңкі дауыспен айтылады.
Бұйрықты сөйлемдер сөйлеу тілі стиліне тән, олар диалог тү-рінде ықшам, кейде қаратпа сөзді болады.
Осындай ерекшеліктеріне қарай, бұйрықты сөйлемдер бірнеше мағыналық топқа бөлінеді:
1 . Қ а т а л бұйрықты: — Өшір үніңді! (Ә. Сәрсенбаев). Жоғал көзіме көрінбей! (С. Ерубаев). — Қөрсетпе көз жасыңды! (М. Әу-езов).
2. С о л ғ ы н бұйрық: — Қарындасым, ондай өтірікті айтушы болма! (Ә. Әбішев). — Кәне, жігіттер, аттарыңды қамаңдар!
(С. Мұқанов).
3. Т і л е к, ө т і н і ш м ә н д і бұйрық: — Балам, жөніңді айтшы! (М. Әуезов) . — Қелші, қалқам, менің қасыма отыршы! Бір ауыз ғана сөз айтайын, қатар отырып тыңдаңыздаршы! (Ә. Әбішев).
4. С е с к ө р с е т у, қ о р қ ы т у м ә н д і бұйрық: — Кэне, тіл алмай көрші. — Кәне, осы баланың бәйгесін бермей көрші!
(Ғ. Сланов). —., Менсіз сол үйге барып көрші!
5.Ө с и е т, ү н д е у м ә н д і бұйрық: — Темірді қызған кезде соқ. Жаманнан без, жақсыдан үлгі ал. Жолдастар, егіннен мол өнім алатын болыңдар!
Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым!
Сым пернені басып қара,
Басып қара, жырласын!
(С. Сейфуллин.)
Осылардың бәрі — бұйрықты сөйлемдердің түрлі стильдік қыз-метте жұмсалуының мысалдары. Олардың сондай айырмашылық-тарын дұрыс танып, әр түрін өз орнында пайдалана білу керек.
-Л е п т і сөйлемдер кісінің таңырқау, таңдану, қайғыру, аяу, арман ету сияқты көңіл күйін, сезімін білдіру үшін көбінесе көркем әдебиетте жұмсалады. Лепті сөйлемдер құрамында әдетте одағайлар болады және олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемдер-дің негізгі мағыналық топтары мыналар:
1. Т а ң ы р қ а у:
— Қандай тамаша! Қандай ақылды адам! Тіпті, ғажап қарқын!
(Ғ. Мұстафин). Айналаңа қарашы! Дүние қандай сәнді! (Ғ. Сланов) . Жеріміз біздің неткен бай!.. (X. Ерғалиев).
2. Т а ң д а н у:
— Пай-пай, мына аттың жүрісін-ай!
— Ой, қандай сүйкімді үн!
— Мынау не деген тамаша көріністер! (С. Шаймерденов) .
— Апырай, желісінің қаттысын-ай! (Ғ. Мүсірепов).
3. Қ а й ғ ы р у, қ о р қ у:
— Апыр-ай, аман болғай-ак, та! (Ғ. Мүсірепов).
— Құлады-ау! Құлайды-ау? (Ғ. Мұстафин).
4. А я у, ж а н ы а ш у:
—Ой, байғұс бала-ай’ Қарғадай баламды тағы шырылдатты-ау, қан ішер Майбасар! (М. Әуезов).— Апырай, аман болғай-ақ та
(Ғ. Мүсіреігов).— Әй, мынаны-ай! Кетеді-ау! (Т. Нұртазин).
5. Арман ету, көксеу:
Әттең, осылардың бэрі де біздің ауылда өсетін болса!
(С. Шаймерденов). Мына көгалға бауырыңды төсеп жатсаң!
— Па, шіркін, мына атқа мінер ме еді!
6. Ө к і н у:
— Қап, астықты кеше жинап алмаған екенбіз де! Әттеген-ай, кеше есте болмапты-ау!— Қап, мен де барсамшы!— Жиналысты кеше шақыру керек еді ғой’
Қолыңыздан келмейтін болса, айтуыңыз керек еді ғой!
(М. Иманжанов).
7. Қорқу, сескену:
— Ойбай-ай, ана бала құлайды-ау! (Т. Нұртазин).
Осы мысалдардан лепті сөйлемдердің мазмұны кісінің әр алуан сезімін, көңіл күйін білдіретінін аңғаруға болады. Стилистика ғы-лымы тұрғысынан сөйлемдердің мұндай эмоциялық мағыналарын түсініп жұмсай білудің үлкен мәні бар. Мүндайда сөйлемді лепті етуге себепкер болатын одағай сөздердің мағыналарын айырып, басқа сөздермен мағыналық байланыста жұмсай білу керек. Оның үстіне лепті сөйлемде айтылатын ойдың қандай эмоциялы сезімде берілгенін білген жөн.
аҺF���� �лады және олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемдер-дің негізгі мағыналық топтары мыналар:
1. Т а ң ы р қ а у:
— Қандай тамаша! Қандай ақылды адам! Тіпті, ғажап қарқын!
(Ғ. Мұстафин). Айналаңа қарашы! Дүние қандай сәнді! (Ғ. Сланов) . Жеріміз біздің неткен бай!.. (X. Ерғалиев).
2. Т а ң д а н у:
— Пай-пай, мына аттың жүрісін-ай!
— Ой, қандай сүйкімді үн!
— Мынау не деген тамаша көріністер! (С. Шаймерденов) .
— Апырай, желісінің қаттысын-ай! (Ғ. Мүсірепов).
3. Қ а й ғ ы р у, қ о р қ у:
— Апыр-ай, аман болғай-ак, та! (Ғ. Мүсірепов).
— Құлады-ау! Құлайды-ау? (Ғ. Мұстафин).
4. А я у, ж а н ы а ш у:
165
—Ой, байғұс бала-ай’ Қарғадай баламды тағы шырылдатты-ау, қан ішер Майбасар! (М. Әуезов).— Апырай, аман болғай-ақ та
(Ғ. Мүсіреігов).— Әй, мынаны-ай! Кетеді-ау! (Т. Нұртазин).
5. Арман ету, көксеу:
Әттең, осылардың бэрі де біздің ауылда өсетін болса!
(С. Шаймерденов). Мына көгалға бауырыңды төсеп жатсаң!
— Па, шіркін, мына атқа мінер ме еді!
6. Ө к і н у:
— Қап, астықты кеше жинап алмаған екенбіз де! Әттеген-ай, кеше есте болмапты-ау!— Қап, мен де барсамшы!— Жиналысты кеше шақыру керек еді ғой’
- Қолыңыздан келмейтін болса, айтуыңыз керек еді ғой!
- (М. Иманжанов).
— 7. Қорқу, сескену:
— Ойбай-ай, ана бала құлайды-ау! (Т. Нұртазин).
Осы мысалдардан лепті сөйлемдердің мазмұны кісінің әр алуан сезімін, көңіл күйін білдіретінін аңғаруға болады. Стилистика ғы-лымы тұрғысынан сөйлемдердің мұндай эмоциялық мағыналарын түсініп жұмсай білудің үлкен мәні бар. Мүндайда сөйлемді лепті етуге себепкер болатын одағай сөздердің мағыналарын айырып, басқа сөздермен мағыналық байланыста жұмсай білу керек. Оның үстіне лепті сөйлемде айтылатын ойдың қандай эмоциялы сезімде берілгенін білген жөн.