Географиялық нысандардың топонимиясы және туризм географиясы
ТОПОНИМИКА (грек. Topos-орын, жер және оnomo. оnyma-ат, атау) — ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын),мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, граммат., фонет. пішінін, жазылуы мен
екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтың географиялық атауларының жиынтығы сол жердің топонимиясьш кұрайды. Топонимдер зерттелетін географиялық нысандардың көлеміне не мөлшеріне қарай макротопонимдерге (тау жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б.), мезотопонимдерге (жеке таулар, теңіздер, т.б.), микротопонимдерге (көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б.) бөлінеді. Пайда болуы жағынан эндоним және экзонимдерге жіктеледі. Біріншісі -жергілікті халықтың өзі тұратын жердегі географиялық нысандарға берген атаулары; екіншісі-сол жерге отарлаушылардың не сырттан келгендердің берген атауы. Топонимдердің, әсіресе, эндонимдердің ең негізгі касиеті-олардың тұрақтылығы, сол үшін де мұндай атаулар адамзат тарихы, мәдениеті және тілі жөнінде көне ғылым мәліметтер береді. Мысалы, география атаулардың құрамын зерттеу сол аймақты ежелгі заманда қандай тайпалар, халықтар мекендегенін анықтауға, олардың өткен тарихының ерекшелігін қалпына келтіруге, тараған жерінің шекарасын белгілеуге, орын ауыстыру бағытын шамалауға, сауда жолдарын т.б. білуге болады.Осы мағынада топонимдер (жер-су, елді мекен, халықтараттары) тарих, этнология, археология және тіл біліміне нақтылы мағлұмат береді. Топономиканың жер бедері сипатын (ороним), кен байлықтарын (геоним), су жағдайын (гидроним), өсімдік (фитоним) пен жануарлар (зооним) дүниесін анықтауға да тигізер пайдасы орасан зор. Топоним тіл тарихын (тарихи лексико-семантик., лексико-грамматик., диалектол., этим.) зерттеуде маңызды дерек көзі болып саналады. Өйткені кейбір топонимдер (әсіресе, эндооронимдер мен эндогидронимдер) архаизмдер мен диалектизмдерді тұрақты сақтайды, көбінесе олар сол аумақты мекендеген халықгың субстрат тілдерінен бай мағлұмат береді. Топонимдердің халық берген дұрыс нұсқасын барлық жағдайда және басқа тілдерде дүрыс жазылуының маңызы зор. Жергілікті географиялық атауларды басқа тілдерге қатесіз берудің іс жүзіндегі жолы-транскрипция (айтылуы) мен транслитерация (жазылуы) әдістері болып табылады. Бұл әдістердің географиялық нысандары картаға, атласқа түсірілгенде, түрлі әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде және коммуникацияның барлық саласында олардың атауларын дұрыс жазуға көмектесетіні анық. Топономика нысан ерекшеліне байланысты жоғарыда аталғандардан басқа бірнеше топқа жіктеледі: ойконим (елді мекен атауы: Астана қ., т.б.); хороним (табиғи, әкімшілік-аумақ атауы); дромоним (жол қатынасы тораптарының атауы). Сондай-ақ топонимдер өзге ономастикалық топтағы сөздерге [кісі есімдері (антропоним), өсімдік (фитоним), мал-жануар (зооним), ру, тайпа атауы (этноним), аңыз әңгіме, эпостардағы қиялдан туындаған атаулар (мифоним), т.б.] ұйтқы болады. Трансонимистикалау құбылысы нәтижесінде ондай онимдер топонимдер қатарына ауысып, антропоним, зоотопоним, фитотопоним, этнотопоним, мифотопоним, т.б. терминдермен белгіленеді. Казақ тілінің Топономикасын Ғ.Қоңқашбаев, Н.Баяндин, А.Әбдірахманов, т.б. ғалымдар зерттеген. Казақстан егемендік алғаннан кейін тарихи атауларды қалпына келтіруге, жергілікті атауларды баска тілдердс дүрыс жазуға, идеод. және отарлаушылық атауларды өзгертуге көп көңіл бөлінуде. Соның бір дәлелі ҚР Бж ҒМ География институтыты ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінін «Ұллтық картографиялық геодезиялық коры мен» бірлесіп Қазақстанның барлық облыстары бойынша қазақ және орыс тілдерінде 28 томдық «Казақстан Республикасы географиялық атауларының мемлекеттік каталогын» дайындау жұмысы.