Бөлшектік сандардың сөзжасамы
Бөлшектік сандық үгым тілде бар, ол математика ғылымының дамуына да қатысты26. Бірақ соған қарамастан тілде бөлшектік санньщ арнаулы қосымшасы жоқ. Ол ұғым есептік сандардыд белгілі синтаксистік қатысқа түсуіне байланысты беріледі. Мысалы: оннан үш, төрттіқ бірі, үштіқ екісі, бестен бір т. б.
Бөлшектік сандар құрамына карай күрделі болып келеді, өйткені оның құрамына бөлім және алым сан кіреді.’ Міне, осы екі сан тілде үш түрлі формада тұрып, бірімен-бірі тіркеседі:
1. Бөлшектік сан есімдердің құрамындағы бірінші компонент ілік септікте, екінші компонент тәуелдік жалғаудьң үшінші жарында тұрып, бірімен-бірі тіркеседі: бестің екісі, онныц бірі, жүздің оны, мыңның жүзі т. б.
2. Бөлшектік сан есімдердің құрамындағы бірінші компонент шығыс септікте, екінші компонент атау септікте тұрып, бірімен-бірі тіркесіп, бөлшектік сан үғымын білдіреді: төрттен бір, жиырмадан төрт, жүзден екі, мың-нан алпыс т. б. Мұнда көбіне бөлігі деген сөз тіркесе қолданылады: Кітаптьщ екіден бір бөлігін оқыдым.
3. Бөлшектік саннын, құрамындағы бірінші компонент шығыс септік жалғауында, екінші компонент тәуелдік жалғауында тұрып тіркесіп, бөлшектік сан үғымын білдіреді27: екіден бірі, оннан үші, жүзден бірі т. б.
4. Бөлшектік сандар жарым, жарты, ширек сөздерінің есептік сандармен тіркесуі арқылы жасалады28: мың жарым, жарты мыц, миллиард жарым, жарты миллион, бес жарым, үш ширек т. б.