Қысқарған сөздер
Қысқарған сөздер
Кейбір күрделі атаулар, мемлекет, мекеме, ұйым аттары бірнеше сөздің тіркестерінен құралып, кейде қысқартылып та қолданыла береді. Мысалы: Машина-трактор станциясы деген МТС болып, Америка Құрама Штаттары деген АКШ болып, Біріккен Ұлттар Ұйымы деген Б¥¥ болып, Қазақтың мемлекеттік университеті деген ҚазМУ болып кысқарып та жұмсалады. Осындай күрделі атаулардың белгілі тәсілдермен қысқартылып алуын қысқарған сөздер дейді.
Күрделі атаулар әр түрлі жолдармен кыскартылады.
1. Күрделі атау құрамыңдағы сөздердің бас әріптерінен құралады. Мысалы: Б¥¥ — Біріккен Ұлттар Ұйымы, ҒА — Ғылым Академиясы, ХШЖК — Халық шаруашылық жетістіктерінің көрмесі, КТУ — кәсіптік-техникалық училище т. б.
Бұндай қысқарған сөздер бас әріппен жазылады да оларға қосымша дефис (-) арқылы жалғанады. Мысалы: АКШ-тың (Америка Құрама Штаттарының), ҒА-нан (Ғылым академиясынан).
2. Күрделі атау құрамындағы бірінші сөздің бас буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптерінен құралады. Мысалы: ҚазМИ — Қазақтың медицина институты.
Бұндай қысқарған сөздердің бірінші буынындағы бірінші әріп пен кейінгі сөздерден қысқартылып алынған бірінші әріптері бас әріппен жазылады да, оларға қосымша дефис (-) арқылы жалғанады. Мысалы: ҚазМУ-дің (Қазақтың мемлекеттік университетінің) студенті, ҚазТАГ-тің (Қазақтың телеғраф агенттігінің) мәлімдемесі.
3. Күрделі атау құрамындағы сөздердің бірінші буындарынан немесе бірінші сөздің бірінші буыны мен келесі сөз тұтасымен бірігіп құралады. Бұндай қысқарған сөздер кіші әріппен жазылады да, қосымша әдеттегі сөздей (дефис арқылы емес) жалғанады, яғни қосылып жазылады. Мысалы: обкомға (облыстық комитетке) барды, ауаткомда (аудандық атқару комитетінде) болды, педучилищеге (педагогтік училищеге) түсті, медпункттің (медициналық пункттің) алдында т. б.
4. ГАЗ-51, ТУ-154, Ил-86, АН-24 тәрізді техника түрлерінің (самолет, машина, трактор т. б.) маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер де қысқарған сөздер болып табылады. Бұңдай қысқарган сөздер бас әріппен жазылады да, қосымша дефис арқылы жалғанады. Мысалы: ТУ-154-пен ұшып келді.
5. Әр түрлі өлшемнің атауы болып табылатын м (метр), см (сантиметр), кг (киллограмм), т (тонна), га (гектар), ц (центнер), т. б. (тағы басқа), тәрізді белгілер де қысқарған сөздер болып табылады. Бұлар кіші әріппен жазылады да, қосымша жалғанбайды.
Маған қысқарған сөздер керек