Сұрау есімдігі
Сұрау есімдігі
Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі болады. Сұрау есімдіктері: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы? Зат есімге және зат есім орнына колданыла алатын (заттанған) сөздерге қойылатын сұрақтарға көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулар қосыла алады. Мысалы: кім? кімім? кімдер? кімі? кімдерің? кімге? неге? қайсысы? нешеуі? кіммін? т. б.
Кейбір сұрау есімдіктерінің тәуелдену үлгісі.
Тәуелдіктің
жақтары |
кім | не | қайсы | нешеу |
/ менің | кімім? | нем? | қайсым? | нешеуім? |
біздің | кіміміз? | неміз? | қайсымыз? | нешеуіміз? |
II сенің | кімің? | нең? | қайсың? | нешеуің? |
сіздің | кіміңіз? | неңіз? | қайсыңыз? | нешеуіңіз? |
сендердің | кімдерің? | нелерің? | қайсыларың? | нешеулерің? |
сіздердің | кімдерңіз? | нелеріңіз? | қайсыларыңыз? | нешеулеріңіз? |
III. оның | кімі? | несі? | қайсысы? | нешеуі? |
олардың | кімі? | несі? | қайсысы? | нешеуі? |
кімдері? | нелері? | қайсылары? |
Сұрау есімдіктерінің септелу үлгісі.
Сеп-тік | кім | не | кімдер | нелер | нешеу | қайсы? |
А. | кім? | не? | кімдер? | нелер? | нешеу? | қайсы? |
I. | кімнің? | ненің? | кімдердің? | нелердің? | нешеудің? | қайсынын? |
Б. | кімге? | неге? | кімдерге? | нелерге? | нешеуге? | қайсыған? |
Т. | кімді? | нені? | кімдерді? | нелерді? | нешеуді? | қайсыны? |
Ж. | кімде? | неде? | кімдерде? | нелерде? | нешеуде? | қайсыда? |
Ш. | кімнен? | неден? | кімдерден? | нелерден? | нешеуден? | қайсыдан? |
К. | кіммен? | немен? | кімдермен? | нелермен? | нешеумен? | қайсымен |
Сұрау есімдіктерінің адамға қатыстылары ғана I, II жақтарда жіктеледі. Себебі I және II жақ яғни айтушы (мен, біз) және тыңдаушы (сен, сендер, сіз, сіздер) адам ғана болады. III жақ адамнан басқа да бөгде затқа қатысты бола береді.
Сұрау есімдіктерінің жіктелу үлгісі.
Жіктіктің жақтары | кім? | қайсы? | нешеу? | қандай? | не? |
I мен
біз II сен сендер
сіз |
кіммін? кімбіз? кімсің? кімсіңдер?
кімсіз? |
қайсымын? қайсымыз? қайсысың? қайсысың—
дар? қайсысыз? |
нешеумін? нешеуміз? нешеусің? нешеусіңдер?
нешеусіз? |
қандаймын? қандаймыз? қандайсың? қандайсың-дар? қандайсыз? | —
— — —
— |
сіздер
III ол олар |
кімсіздер?
кім? кімдер? |
қайсысыздар?
қайсы? қайсы? |
нешеусіздер?
нешеу? нешеу? |
қандайсыз-дар? қандай? қандай? | —
не? нелер? |
Почему нет примеров ?Не очень.
джон ты кто такой давай да свидание.