Өздік есімдік
Өздік есімдік
Өздік есімдігіне әр тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады. Өз есімдігі тәуелдеулі, көптеулі, септеулі түрде қолданылады да, жіктеу есімдіктерінің немесе зат есімнің орнына қолданылады. Мысалы: менің өзім, сенің өзің, баланың (Асқардың) өзі, оқушылардың өздері, біздің өзіміз, сіздердің өздеріңіз т. б. Өздік есімдігі түбір тұлгада өз түрінде зат есімді анықтап жұмсалады.
Мысалы: өз баласы, өз ісім, өз жұмыстарың т. б. Өз есімдігі әдетте тәуелденіп барып септеледі. Сондықтан оның үлгісі тәуелдеулі септеу болады.
Өздік есімдігінің септелу үлгісі.
Септік | өзім | өзің | өзіңіз | өзі |
А. | өзім | өзің | өзіңіз | өзі |
I. | өзімнің | өзіңнің | өзіңіздің | өзінің |
Б. | өзіме | өзіңе | өзіңізге | өзіне |
Т. | өзімді | өзіңді | өзіңізді | өзін |
Ж. | өзімде | өзіңде | өзіңізде | өзінде |
Ш. | өзімнен | өзіңмен | өзіңізден | өзінен |
К. | өзіммен | өзіңмен | өзіңізбен | өзімен |
Өз есімдігі тәуелденіп барып жіктеледі.
Өздік есімдігінің жіктелу үлгісі.
Жақ | өзім | өзің | өзіңіз | өзі |
I мен | өзіммін | өзіңмін | өзіңізбін | өзімін |
біз | өзімізбіз | өзіңбіз | өзіңізбіз | өзіміз |
II сен | өзімсің | өзіңсің | өзіңізсің | өзісің |
сендер | өзімсіңдер | өзіңсіңдер | өзіңізсіңдер | өзісіңдер |
сіз | өзімсіз | өзіңсіз | өзіңізсіз | өзісіз |
сіздер | өзімсіздер | өзіңсіздер | өзіңізсіздер | өзісіздер |
III ол | өзім | өзің | өзіңіз | өзі |
олар | өзім | өзің | өзіңіз | өзі |
Кейде өз есімдігі өзі орнына жүретін жіктеу есімдігі мен зат есіммен де тіркесіп қатар жұмсалады. Мысалы:
мен өзім айттым біз өзіміз айттық
сен өзің айттың сендер өздерің айттыңдар
сіз өзіңіз айттыңыз сіздер өздеріңіз айттыңыздар
ол (бала, Ахмет) өзі айтты олар (балалар) ездері айтты
Өз есімдігінен жасалған өз-өзінен, өзінен-өзі, өзімен-өзі, өзді-өзі деген қос сөздер дефис арқылы жазылады.