Баяндауыш
Баяндауыш
Сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын, іс-әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше, (1 — 2 жақта) түрде қиыса байланысып қолданылатын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейді.
Баяндауыш не істеді? қайтті? кім? не? деген сұрақтарға жауап береді. Бұл сұрақтар жақ түріне байланысты не істедім? не істедің? т. б. тұлғаларда да болуы мүмкін. Абай қайта-қайта сонда қарайды. (М . Ә.) деген сөйлемде ойдың иесі Абай (кім?) деген сөздің іс-әрекетін, кимылын (Абай не істейді?) қарайды сөзі білдіріп, онымен 3-жақта қиыса байланысып, баяндауыш қызметін атқарып тұр: Абай сөзі 3-жақта тұрғандықтан (жалпы зат есім 3-жак мәнін білдіреді, сондықтан оның орнына ол сөзін алмастырып қолдануға болады) қарайды деген де 3-жақ жіктік жалғау (-ды) тұлғасыңда жұмсалған. Ал бастауышты 1-жақ я 2-жақ түріне қойып өзгертсек, баяндауыштың жіктік жалғау тұлғасы да соған лайық өзгереді. Абай я ол сөзінің орнына мен болса, баяндауыш қарай-мын, сен болса, қарай-сың болар еді.
Ол (Абай) қарай-ды III жақ
Мен қарай-мын I жак және жекеше
Біз қарай-мыз I жақ және көпше
Сен қарай-сың II жақ және жекеше, анайы
Сіздер қарай-сыздар II жақ және көпше, сыпайы
Кейде сөйлемде бастауыш тасаланып жасырын да тұрады, ал оның қай сөз екенін баяндауыштан анықтауға болады.