Кітаби-жазба стильдер
Қітаби-жазба стильдер, осының алдында талдау жасалған сөйлеу стилі сияқты, өмірдің белгілі салаларында пайдаланылып танылған ұлт тілінің нақтылы түрі болып саналады. Олар әр саладағы атқаратын қызметіне (функциясына) қарай іс қағаздар мен ресми стиль, публицистикалық стиль, ғылыми стиль және көркем сөз стиліне бөлініп жіктеледі. Қітаби-жазба стильдердің былайша бір-бірінен ажыратыльш бөліне бастауы қоғамдық ой сананың жо-ғарылығынан болады. Неғұрлым қоғамдық ой жоғары болса, сол-ғұрлым ұлт тілінің маңызы артады. Бұл тұста, күнделікті сөйлеу мен кітаби-жазба стильдерінің бір-бірінен ерекшеліктері айқындала түседі. Әдеби тілде сөйлеу, жазу талабы артады. Өйткені, “тек сөйлеу тілінің үлгісімен жазу — ол тілді білмегендік болып сана-лады”1. Сөйлеу тілі өзінің қоғамда атқаратын қызметіне қарай, белгілі бір шеңберде пайдаланылуы қажет. Қітаби-жазба стиль-дерде де, әсіресе көркем шығарма мен публицистикада сөйлеу тілі-нің элементтері тек стильдік мақсатта жұмсалса ғана орынды.
Кітаби-жазба стильдер2 жалпы халықтық тілдің жазбаша фор-масының негізінде қалыптасады да, кітаби сипатта болады.^ Бұл стильдер қатынастың жазбаша формасында жиі жұмсалатындықтан мұнда тілдік құралдар сұрыпталып қолданылады, кітаби-жазба стильдер сөйлеу стиліндей тікелей қатынас жасауда көрінбейді. Сондықтан, онда қаралатын ғылым, заң жобалары, іс қағаздары, ресми документтер және басқа да осылар сияқты қоғамдық маңызды мәселелер жан-жақты толық қамтылып, логикалық жүйелілікті бұзатын қажетсіз детальдар болмай, нақтылы, дәл жазылуы керек, мұндай талап кітаби-жазба стильдердің бәріне бірдей қойылады. Бірақ ол стильдердің өмірдің қай саласында жұмсалатыны, қандай қызмет атқаратыны қатал ескеріліп, өздеріне тән сөз қолдану заңдылықтары сақталады. Мысалы, ғылымда терминдердің қолданылуы басым болса, публицистикада саяси, әлеуметтік мәнді сөздердің жиі пайдаланылуы заңды қүбылыс. “Әр стильдің өзіне тән тілдік құралдарды қолданудағы осындай ерекшеліктерімен бірге, олардың ортақ белгілері де болады. Мұндай ортақ белгілер ресми, ғылыми және публицистикалык стильдерден байқалады. Ол стильдерде жалпы халықтық тіл құралдары әдеби нормаға сай қолданылады. Ал, сөйлеу тілі мен көркем шығармада бұлай емес, оларда жалпы халықтың тіл байлығы сарқа пайдаланылады.
Сөйлеу стилі мен кітаби-жазба стильдер өз ара тығыз байланыста болады. Мысалы, жоғарыда сөйлеу стилінің ауызша жәнеБұлайша іс қағаздары мен ресми стильдің және публицистикалық, ғылыми, көркем сөз стильдерінің жинақталып “кітаби-жазба стильдер” деп аталуы, біріншіден, олардың “шығу тегі”, қалыптасу негізін көрсетсе, екіншіден, ол стильдердің кітабилығын (книжность) аңғартады. Ал кітабилық — стильдік белгі орыс тілі стилчстикасы туралы жазылған еңбектерде “функциональды стильдер” делініп жүр. Мұнда “функциональды” сөзі стильдердіқ қай салада кандай қызмет атқаратынын аңғартады. Мысалы іс кағаздар стилі — кеңседе, ғылыми стиль — ғылым саласында т. б. Сондай-ақ орыс тілінде “стильдер жүйесі” (“система стилей”), “әдеби тіл стильдері” (“стили литературного языка”) деген терминдер де қолданылады.жазбаша формада болып келетіндігі айтылды. Сол сияқты кіта-би-жазба стильдердің де ауызша, жазбаша формалары бар, мәселен, “халықаралық жағдай туралы” жазылған мақаланы немесе, осы тақырыпта жасалған баяндаманы алатын болсақ; мақала — жазбаша, баяндама ауызша кұрылады. Солай болғанымен де бұл екі форма да публицистикалық стильге жатады. Ғылыми стиль де осындай екі формада жұмсалады. Бірақ ол кейбір жағдайда ғана байқалады. Өйткені, ғылыми стильдің де өзінің даму, қалыптасу заңдылығы бар. Ол даму заңдылығы әр кезде, әр түрлі болды. Бұрын Октябрь революциясына дейін ана тілімізде ғылыми еңбектер жазылмағаны белгілі. Ал қазіргі социалистік қоғамда, аз уақаттың ішінде ғылым жедел каркынмен дами түсті. Енді қазақтан шыққан ғалымдар көбейіп, ана тілімізде мақала, оқулық және монографиялық еңбектер жазатын дәрежеге жетті. Осындай жазба еңбектердің негізінде қазір қазақ тілінде ғ ы л ы-м и с т и л ь қалыптасып дами бастады. Бірак, қазақ тіліндегі ғылыми стильдің өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшелік — қазақ ғалымдары өздерінің зерттеу еңбектерін екі тілде; қазақша және орысша жазатындығы. Мысалы, қоғамдык ғылымдар, оның ішінде әсіресе филология ғылымдарының: әдебиет, әдебиет тану және тіл білімі сияқты салаларыньщ зерттеулері қазақ тілінде жазылады. Ал математика, физика, химия, биология тағы басқа да, осылар тәрізді дәл ғылымдар саласы орыс тілінде зерттеледі. Бұл фактілер ғылыми стильдің әлі де жетіліп дами түсетінін көрсетеді.
Іс қағаздары мен ресми стильдің де ғылыми стильге ұқсас жақ-тары байқалады. Ол ұқсастық ең алдымен тіл қолданудан аңға-рылады.
Іс қағаздары мен ресми документтер тілінің ерекшелігі, онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. Өйткені іс қағаздары да, ресми документтер де ерекше қатынас жасау құралы болып саналады. Жоғарыда айтылған ғылыми шығармалар сияқты, бұл кағаздардың түрлері де екі тілде пайда-ланылып жүр. Дегенмен, кеңсеге қатысты қағаздар және ресми до-кументтер қазір көбінесе орыс тілінде жазылады. Олардың ішінде үкімет хабарлары, Жоғарғы Совет Указы, Заң Устав, тағы басқа осылар тәрізді мемлекеттік документтер орысшадан қазак тіліне аударылып, газетке басылып отырады. Сондықтан, қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған: қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұр-мыстык, қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мэселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау т. б. Мұндай сөз орамдары іс қағаздары мен ресми документтерде дайын тілдік единица ретінде жұмсалып, ол қағаз үлгілеріне кеңселік сипат береді.
Қалыптасқан сөз орамдары казір газетке басылып жүрген әкімшілік орындарының есебінде рапортта, баяндамада және газет хроникасы мен репортажда көбірек кездеседі. Мысалы, “тракторлар күрделі жөндеуден өтті, “электор жүйесі іске қосылды”,“қызу мақүлдады” т. б. Бірақ газеттерде қалыптасқан сөз орам-дарын әр уақытта дұрыс қолдануға мән берілмейді: қайта шамадан тыс көп қайталанылып қолданылғандықтан, олар газет тілін сүреңсіздендіріп жүр. Оған мынадай мысалдар келтіруге болады: “мектеп үйлері күрделі жөндеуден өткізілді”, “өсімдік төрт рет судан өткізілді”, немесе, “… тұрғын үй іске қосылды”, тілдік тэсіл-дердің іске қосылуы…”, “ауыр жағдайды ескерген Бейсенқұл Дэу-леттей, Иманқұлдай үйелмелі-сүйелмелі өрімдей қос інісін жұмыс-қа қосты” не болмаса “…жаңа цехты қатарға қосу көзделіп отыр”, “Шардара аудандарының шаруашылықтары көзделген 37 қораның орнына 57 қораны қатарға қосты”, “Әби жөндеп қатарға қосқан тракторлардың бэрі қызу еңбек соңында жүр”, “қойқызу төлдеп жатқан кез”, “кішкентай Ираның ата-анасы ер жүрек жігітке қызу алғыс айтты” т. б.
Стильдер бір-бірімен тығыз байланысты. Сөйлеу стилі, кітаби-жазба стильдер мен кітаби-жазба өз ара байланысты болады. Әсі-ресе, бұл жай көркем шығармада көбірек кездеседі. Онда жалпы халықтық тілдің ауызша, жазбаша түрлері түгел пайдаланылады.
“Құрметті Берсиев жолдас! Тары рекордын жасау күресіндегі тэжірибеңізді халыққа кең тарату үшін Бүкіл одақтық ауыл ша-руашылық көрмесінің бюросы бір мақала беруіңізді өтінеді…
(Ғ. Мұстафин). Немесе:
Бүйрык,
Шахтёрлерді боқтап, ұрып жұмыс істеткендігі үшін бригадир Владимиров Сергейді орнынан аламын. Оның орнына бригадир етіп екпінді Елемес Жайлыбекулын тағайындаймын (С. Ерубаев).
Осы мысалдардың алдыңғысы ресми хат, екіншісі — бұйрық. Бұлар өмірде пайдаланылатын іс қағаздары үлгілерінің көшірмесі емес,— солар текті жазылып, қалыпқа келтірілуі (воспроизведеиия).
Әдеби шығарманың көркемдік құралы — тіл. Тіл арқылы өмірдің тұтас картинасы жасалады. Үлкен полотноға салынған суреттің көп түсті бояуындай, әдеби шығармада келтірілетін сөйлеу формалары мен стильдер де, көркемдік деталь ретінде пайдаланылып, бір тұтас картина жасайды. Сондықтан көркем шығарманың мәні, ондағы жекелеген сөздерде емес, сол сөздерден салынған суреттін бай мазмұнында.
Жоғарыдағы кітаби-жазба стильдердің кейбір ерекшеліктері сөйлеу стилімен салыстырылып жалпы айтылды. Сонымен катар кітаби-жазба стйльдерінің1 өз ара байланысты болатындыгына мысалдар келтірілді. Төменде, кітаби-жазба тіл негізінде қалып-тасқан іс қағаздары мен ресми стильге және ғылыми, публицисти-калық, көркем сөз стильдеріне қысқаша тоқталып, сипаттама беру көзделеді.
‘, Стильдердін қай турін алса қ та, олар өз алдына жеке-жеге зерттеу тақырыбы Сондықтан, оқулықта барлық стильдерді толық қамтып, жан-жақты талдау жасау мумкін емес.