Есімдіктердің қолданылуы
Есімдіктердің қолданылу аясы кең. Бұл ерекшелік ең алдымен олардың лексика-грамматикалық табиғатьша байланысты. Өйткені олар басқа сөздердің, әсіресе зат пен онын, сынын білдіретін сөз-дердің орнына айтылып, солардың “орынбасарлары” есебінде жұм-салады. Сондықтан есімдіктер жеке айтылғанда нақты мағына бере алмайды. Есімдікті өзі қолданылып отырған текстен бөліп алып, жеке қарастырсақ, затты, не оның сынын, немесе сөйлеушіні білді-ретінін айыру қиын. Олардың нақты мағынасы контексті түтас алып салыстырғанда ғана айқын көрінеді. Ал контекстегі есімдіктердің мәні бір ғана сөйлем құрамындағы сөздердің өз ара қатысынан айқындалса, кейде екі, не үш сөйлем жігінен, кейде тұтас абзац бойынан бір-ақ айқындалады.
Есімдіктің мәні бір ғана сөйлемнің шегінде, соның құрамын-дағы сөздердің логикалық және грамматикалық қатынасынан ай-кындальш, мән-мағынасы дәл түсініледі:
— Карл Карлович, Рязанов мырза жалғыз бізбен ғана ортақтас емес екенін Сіз жақсы білмейтін бе едіңіз?
Бірақ бір ғана жай сөйлем құрамында бір-біріне мәндес екі есімдікті қолдану сөздің мәнерлілігін әлсірететіні белгілі.
Есімдіктер іргелес айтылған екі жай сөйлемді бір-бірімен мағы-налық ұластырушы есебінде жұмсалады. Мысалы: Тәкежан бұл күнде Мұсақұлды қыстайтын. Ол Абайдан бұрын үйленіп, сол жы-лы енші алып, бөлініп шыққан (М. Әуезов). Бұл соғыстан ешкімге де рақым болмайды, одан ешкім де оқшауланып қала алмайды (га-зеттен). Егер есімдіктер қолданылмай, сол сөздің өзін қайталайтын болса (Тәкежан бұл күнде Мұсақұлды қыстайтын. Тәкежан Абайдан бұрын үйленіп, сол жылы енші алып, бөлініп шыққан), олардың арасындағы логикалық байланыс әлсірер еді. Сөйтіп, мұндай реттерде есімдіктердің қолданылуы ойдың логикалық тұтастылығы-ның, байланыстылығының қажетті шарты болады. Қолданылу процесінде есімдіктер тек атау тұлғалы сөздерге қатысты болып, солардың баламасы ғана болмайды. Септеулі сөздерге де қатысты болып, солардың келесі сөйлемдегі “орынбасары” есебінде қолданылады. Мысалы: Бірақ бұрынғы салдыр-салақ қалып кеңсе қызметкерлерінің көбінен жойыла бастаған заман рой. Олар пэтер мәселесіне де сақ қарайды. (Б. Майлин). Соңғы сөй-лемдегі олар есімдігі алдыңғы сөйлемдегі (кеңсе) қызметкерлерінің сөзімен логикалық байланысқа түсіп, соның “орынбасары” есебінде жұмсалған.
Алайда, кейде бір-біріне іргелес айтылған, біртұтас логикалық желіге бағынған жай сөйлемдер тізбегінде жіктеу есімдіктерін сөй-лем сайын қайталай беруге’болмайды. Мысалы; Жаңа жыл қарса-ңында Ащысай кенінің бір топ жұмысшылары қосымша тағы бір мамандықты игерді. Олар бұрын бірі слесаръ, екіншілері кен қопа-рушы, скреперші, электровоз машинисі деген сияқты мамандықтың иелері болса, енді “ПМЛ-5” тиеу маишнасыньщ да маманы атанып отыр. Олар бұл өнерді жұмыста жүріп-ақ меңгерді (газеттен). Соңғы сөйлемдегі олар есімдігін алып тастап, үзіндіні қайта бір оқып шықсаңыз, сөйлем ықшамдалып, ұғымға жеңіл болар еді.
Диалогты сөйлемдерде есімдік кейде қаратпа сөзбен тікелей ма-ғыналық байланысқа түседі. Мысалы:— Қатын! Басқаға жаман шығарсың, бірақ өзіме жақсысың, өзіме қымбатсың! Өсектеген жұрт өсектей жатар, ойнап-күліп барып қайтайық… Жалғыз сен емес, басқа жерлерден де эйелдер барады дейді ғой, ретсіз жеріне өзіқ де бармассың,— деді Бәкен көңілденіп, (Б. Майлин).
— Сен, қатын, енді тыныш жат, жаңылдырма — деді әйеліне
(Ғ. Мүсірепов).
Сөйтіп, есімдіктердін, мән-мағынасы көбінесе тек контекст ішінде айқындалады. Олардың контекспен мағыналық байланысы да әр қилы болып отырады.
Демек сөйлеуде, әсіресе жазба жұмыстарда, сөйлем ішінде қол-данылып отырған есімдік сөздердін мәнін, оның өзінен бұрын не соң айтылатын қандай сөздермен тікелей мағыналық байланыста екенін анықтау керек болад. Онысыз сөйлем мәніне нүқсан келуі мүмкін.
Есімдіктердід ішінде колданылуы, мэн-мағынасының кеңдігі жағынан айрықша бөлектенетіндері — ж і к т е у е с і м д і к т е р і. Жіктеу есімдіктері мағыналық жағынан жалпы болумен қатар,. кейде даралық мәнді де білдіре алады, ал кейде бірөңкей, бірыңғай заттар мен құбылыстардың жиынтығы, солардың шоғырланған, корытындыланған бір тұтас мәні есебінде де үғынылады. Екінші бір ерекшелігі — жіктеу есімдіктері көбінесе тура, номинальды мәнінен басқа, автордың, сөйлеушінің айтып, хабарлап отырған іс-құбылыс-қа субъективтік қатынасын көрсетеді.
Бірінші жақты білдіретін мен есімдігін қолданудағы кейбір ерекшеліктер төмендегідей.
Қатар, іргелес айтылған сөйлемдер құрамында мен есімдігінің. қайталануы екі түрлі мәнерде ұғынылуы мүмкін. Біріншіден, автор қайталау арқылы сол сөзге логикалық екпін береді.
Мысалы: Мен сендерді басқадан бұрын көрем,
Мен қолымды сендерге бұрын берем.
Сендермен тек алысар жау табылса,
Мен бэріңнен қолында бұрын өлем
(С. Мұқанов)
Екіншіден, сөйлеушінің, өзі жайында әдеттен тыс сыпайылық сақтамауын байқататын тәсіл есебінде де қолданылады. Б. Май-линнің “Бір адам” әңгімесінде мынадай жолдар бар.
— Мен — мырза. Менде мал көп… Әкем шал, өледі. Малдың бэрі менікі…
— Сен мырзасың… Какой черт сен мырза… Вот, мен мырза болсам… Солай ма, Иван? … Мен мырза болсам, бүкіл қарашұнақты бір уысқа сыйдырар едім… Солай ма, Иван? … Мен Ивандікіне қонаққа барар едім… Иван! Мен қонақа барсам, сен қалаш бересің? … Мен саған арақ, берем…
Егер автор өр сөйлем сайын мен есімдігін қайталап қолданбаса, мұндай экспрессия да тумас еді.
Әдетте сөйлем мәні мұндай экспрессивті өң алмас үшін, моно-логтарда мен есімдігі үсті-үстіне қайталана бермейді. Қейде бүкіл абзац, бүкіл текст бойында, әңгіме бірінші жақ атынан баяндалса да, мен айтылмай қалып отырады. Қазақ тілінің құрылысы есімдік-терден болған логикалық бастауыштар айтылмай-ақ сөздің қай жақтың атынан айтылып отырғанын түсінуге мүмкіндік береді. Мына бір үзіндіге көңіл аударайық: …Бұл ойым өрлей-өрлей барып, қиын бір қамалға барып тіреледі: бір күні Ақбота сөйтіп жиырма-дағы қыз болып тұра қалса, қайтем? Онда аузымның аппақ болғаны. емес пе?.. Қайдары жаман ой қайдан келіп қалып еді деп күні бойы қынжылам, Ақботаның ойына түсе көрме деп тілеймін
(Ғ. Мүсірепов). Бұл үзіндідегі сөйлемдерге мен есімдігін қосып айту авторға қиянат жасау болар еді.
Алайда мен есімдігінің түсірілмей немесе түсіріліп айтылуы барлық уақытта осындай экспрессиялық мәнмен ұштасып келе бермейді. қағаздарында уақиға бірінші жақтын атынан’ баяндалса, сол бірінші жақтың, атап айтқанда, кім екендігін қалайда жазу қажет болады. Қол хаттарда, протоколдарда, сенім қағаздарда т. б. “Мен, Дүйсенбаев Сейсенбай, осы сенім қағазды Сабалақов Жартыбай-ға…” деп, мен есімдігін әдейі түсірмей жазып отырады. Мұның өзі — іс қағаздарының стандарттылығынан, қалыптасқан жазу стилінен туатые заңдылык.
Біз есімдігі көптік мән беретін болғандықтан, әдетте көптік жалғаусыз айтылады. Дегенмен, сөз ыңғайына, сөйлеушінін, ар-найы мақсатына қарай кейде көптік жалғауын қабылдайды. Әр кез ұранды сөйлемдер, салтанатты сөйлеу ыңғайында: Біздер, Совет Одағының коммунистері… Біздер, мектеп оқушылары… тәрізді сөз саптаулары осындай арнайы мақсаттан туған. Біз есімдігіне көптік жалғауын жалғау арқылы бірөңкей кісілерді топтастыру, сөйтіп оларды бір ғана ағым не топ етіп көрсету мақсаты көзделеді.
Біз есімдігі барлық уақытта да көптік мән туғызбайды. Қейде ол сөйлеушінің, автордың мақсатына лайық жекелік мәнде де қолданылады. Осы орайда жиналыста шығып сөйлейтш шешен тілін-дегі біз есімдігінің қолданылу ерекшелігін еске алу қажет. Сыпайы шешен “менің ойымша”, “мен осылай ойлаймын”, “мен былай істе-дім” деп үлікен аудиторияның алдында қайталай бермейді. “Мен, мен” деп айта беру шешеннің даңғойлығын, шамадан тыс өзімшіл-дігін ғана дәлелдер еді. Сондықтан ол “біздің ойымызша”, “біз осылай ойлаймыз” деп, өз ойын, өз байымдауын сыпайы ғана баян-дайды.
Екінші, тыңдаушы жақты білдіретін жіктеу есімдіктерін қол-данудағы кейбір ерекшеліктер мыналар:
Қазақ тілінің қалыптасқан заңдылығы бойынша сен есімдігі анайы сөйлеу ыңғайын танытады да, сіз, есімдігі сыпайы сөйлеу ыңғайын танытады. Сонымен қатар, сен және сіз есімдіктері қол-данылу процесінде әр қилы экспрессиялық мәнер де туғызады.
Сен есііудігі өзінің тура мәнінен басқа сөйлеушінің тыңдаушы жаққа қатынасын да білдіреді. Жасы үлкен және бейтаныс кісіге сіз деудің орйына сен деп сөйлеу сөз иесінің олақтығын, немесе әдёйі дөрекі қатынасын көрсетеді. Сен есімдігі кейде адам арасындағы сырластық қатынастың көрінісі есебінде де қолданылады, Мысалы: Осыдан кейін мен оны Катя деп кеттім де, ол мені Қостя деп кетті. Кездескелі бұзылмай келген “сіз — біз” қалды да, ссен — менге” көшіп кетті(Ғ. Мүсірепов).
Жадырап жаз келгенде, сені ойлаймын,
Құс шулап келсе бізге, сені ойлаймын.
Қайтқанда құстар күзде, сені ойлаймын,
Ақ ұлпа жамылғанда таудың гүлі,
Өзгені ойлар дәрмен жоқ, сені ойлаймын
(Р. Гамзатов).
Ол есімдігі, үшінші бөгде жақты білдіреді. Бұл сөз қолданыл-ғанда, әңгіме болып отырған заттың не кісінің атауы сөйлемде кө-біне айтылмайды. Бұл жағдай әсіресе ауызекі сөйлеу тілінде жиі «кездеседі.
Ол есімдігі бір ғана ыңғайда өзі білдіретін зат не кісі атауымен немесе басқа бір есім сөзбен қатар қолданьмады. Бұл жағдайда ол есімдігі бастауыш қызметінде, зат не кісі атауы баяндауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Ол — инженер. Ол — Атымтай Дүйсенбаев т. б.
Ол есімдігі сілтеулік мәнде де айтылады. Мұндай реттерде ол есімдігі зат, кісі, орын-мекен атауын қайталамаудың тәсілі есебінде қолданылады.
Өз есімдігінің екі түрлі қызметі бар: біріншіден, өз есімдігі есім сөздермен тіркесіп келіп, есімдер арқылы белгіленіп отырған зат-тың біреуге тәндігін, тәуелділігін білдіреді. Мысалы: Өз үйім—• өлең төсегім; өз балам; өз жұмысым т. б. Екіншіден, өз есімдігі жіктік, кейде сілтеу есімдіктерімен тіркесіп келіп немесе жеке қол-данылып та белгілі бір кісі, зат жайындағы ұғымды айқындап, дәлдеу мәнінде жұмсалады. Ол өзі келді; мен өзім бардым; мұның өзі, сыпайылап айтқанда, әдепсіздік (газеттен) тәрізді сөйлем құрамындағы өз есімдігінің қолданылуы осындай. Өз есімдігі алғаш-қы екі сөйлемде қимыл иесінің кім екендігін айқындап, дәлдеп көрсетсе, соңғы сөйлемде болған құбылыс жайындағы ұғымды (мұның өзі) нақтылап, конкреттеп тұр. Өз есімдігі сондай-ақ біріне-бірі ұласып айтылған сөйлемдер құрамында бастауыш қызметіндегі сөзді қайталай бермеудің тәсілі есебінде де жұмсалады. Мысалы: Бұрынырақ бір кезде Абайға сырттан томырылып ызалы боп жүрген Әділбек те қазір ол мінезін ұмытқан сияқты. Өзі жүріп есік ашып, Абайдыц қамшысы. мен тымағын кереге басына өз қолынан ілді (М. Әуезов).
Өз есімдігін қолдануда әр кез стильдік жаңсақтық кездеседі. Мысалы: Министрлік мекеме басшысына өзіне машина алуға рұқ-сат берді (машина мекеме басшысына арналып алына ма, әлде министрліктің өзіне алына ма — айқын емес). Председатель кө-мекшінің өзіне барсын деп бұйырды. (Председательдің бұйрығы кімге арналған: көмекшіге ме, әлде басқа біреудің көмекшіге жо-лығуы жайында ма?) Бірінші сөйлемде өз есімдігінің ешбір қа-жеттігі жоқ. Сонда сөйлемнің мәні айқын болады. Екінші сөйлемді екі түрлі құруға болады: егер әңгіме басқа біреудің көмекшіге жо-лығуы жайлы болса, сол кісінің атын атау қажет. Ал көмекшінің өзі басқа бір жаққа баруы туралы болса, сол баратын жердің аты аталғаны дұрыс. Сөйтіп, бір ғана сөйлем ішіндегі екі түрлі логика-лық субъект болған жағдайда да, өз есімдігін қолдануға барынша мұқият қарау керек.
Мән-мағынасы мен қолданылуы жағынан белгісіздік есімдікте-рін бірнеше синонимдік топтарға бөлуге болады: қай, қайсыбір, кейбір (еу), біреу-міреу, әлдекім сөздері сөйлеушіге белгісіз, неме-се әдейі атағысы келмейтін кісі аттарының орнында қолданылады. Мысалы: Әлдекім есікті қақты. Мұнда элдекімесімдігі естушіге белгісіз кісіні білдіріп тұр. Отырғандар, әсііресе кейбір ерсілеу сұ-рау бергендер, ұялып беттері қызарып, төмен қарай берді (А. Тоқ-мағамбетов).
Бірқатар, бірсыпыра, біраз, бірнеше есімдіктері сан-мөлшерлік мән беріп, бір-біріне синоним бола алады.
Дегенмен белгісіздік есімдіктерінің жұмсалу, қолданылу аясы бірдей емес. Бір ғана синонимдік топқа жататын сөздердің әрқай-сысының өзіне тән қолданылу шеңбері бар. Қайсыбір, кейбір есім-діктері ресми тілде қолданылуға бейім. Ал олармен мәндес біреу-міреу көбінесе тек ауызекі тіл элементі іспетті. Әлдекім, кей есімдіктері көбіне көркем әдебиет тілінде, сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде жиі кездеседі.
Сол сияқты, бірқатар, бірсыпыра, біраз, бірнеше сөздерінің қолданылуы да бірдей емес. Бірқатар, бірсыпыра, бірнеше сөздері сөйлеу тілінде болсын, жазба тілде болсын жиі қолданылғанмен, біраз сөзі көбінесе тек қана сөйлеу тіліне тән.
Сілтеу есімдіктерін шартты түрде мынадай синонимдік топтарға бөлуге болады: бұл, мына, осы есімдіктері әдетте сөйлеушінің көзі көріп тұрған немесе қасында, жақын жерде тұрған зат не кісіні білдіргенде қолданылады да, анау, сонау есімдіктері көз көргенмен, қашықтау жердегі затты білдіреді. Әне, энеки есімдік-тері де осыған мағына жағынан орайлас, бірақ бұлардың қолданылу заңдылығы және олардан туатын экспрессия тіпті бөтен. Осыған орай бұл есімдіктер ауыспалы мәнде қолданылған уақытта да мезгіл уақыт жағынан әр түрлі кезеңге жататын заттар мен құбылыстарды, ой долбарын білдіреді. Мысалы: Әженің қырқын беріп, жұртты тарқатқан соқ, баласын оңаша алып отырды да:— Сен осы бір қалың ойға батып кеттің-ау! Жүдеп кеткеніңді байқаймысың!..—•деді
(М. Әуезов). Бұл сөйлемде осы есімдігі нақ сол кезеңге, яғни сөз болып отырған кезеңге байланысты қолданылған. Сондықтан оны басқа сөзбен ауыстырып айтуға болмайды. Ол ырғала түсіп, қатты демікті де:— Қой, шырақ, қой, мырза сол бәледен абырой тапқаны аз еді ғой, атамай-ақ, қойсаңшы!— деді. Дэл осы кезде қасында екі жігіті бар Пұшарбай кеп кірді (М. Әуезов). Бұл үзіндідегі сол, осы есімдіктерін де алмастырьш қолдануға келмейді. Әне, энекиесімдіктері анау, сонау есімдіктерімен таза лексикалық тұрғыдан бір-біріне орайлас дедік. Алайда бұлардың контекстегі мәні өне бойы орайлас бола бермейді.Әнеки, әне есімдіктері заттың орналасу қашықтығына орайлас айтылғанмен тұтқиыл болған көрініске, ойда жоқта тап болған құбылысқа, қимылға сілтейді. Мысалы: Келіп қалды әне мына мұндар! (“Қазақ солдаты”). Осы сөйлемдегі әне есімдігінің орнына сонау, анау есімдіктерін айтуға болмайды. Өйткені сөйлемнің бар мәнері бұзылады. Анау, сонау сілтеу есімдіктері тура сілтеу мәнінде қарапайым сөйлеу ыңғайында бірінің орнына екіншісі қолданыла береді. Мысалы: Мұраттың үйі анау тұрған. Мұраттың үйі сонау тұрған. Бірақ мынадай бір үзіндіні салыстырып көрейж: Шапқан жақсы болса, тартып алған жол болса, көзі көрсін! Шауып, тиіп алып келіңдер анау кетіп бара жатқан Жігітек көшін!—деді (М. Әуезов). Осы сөйлемдегі анау есімдігінің орнынасонау сөзін қоюға болмайтын тәрізді. Конкретті істі, затты нұсқағанда, анау есімдігін колдану ыңғайлы. Сонау сілтеу есімдігі көбінесе дерексіз ой, құбылысты нұсқау ыңғайында қолдануға бейім.
Бәрі, барлық, бүкіл, күллі, барша есімдіктері “бір бүтін, түгел-дей” дейтін мағынада айтылады. Алайда сөз ішінде бұлардың әр-қайсысына тән қолданылу ерекшеліктері бар. Мынадай бір мысал алайық: Жылтырағанның бәрі асыл емес (мәтел). Осындағы бәрі жалпылауыш есімдігінің орнына күллі, бүкіл, барлық, барша сөз-дерін қолдануға болмайды. Егер барлық сөзін қолданып, жылты-рағанның барлығы асыл емес дейтін болсақ, онда сөйлемнің қа-лыптасқан ритмі бұзылып, құлаққа бір түрлі тосындау естіледі. Ал барша сөзін қолданып, жылтырағанның баршасы асыл емес десек, барша сөзі басқалармен үндеспей, оқшау тұрады.
Күллі, барша сөздері көбіне шешендік сөйлеу ыңғайында, көр-кем әдебиеттерде, публицистикалық шығармаларда жиі кездеседі. Қазіргі әдеби тілімізде бұл сөздер осы сөз қолдану аясында әбден қалыптасып кеткен. Сондықтан іс қағаздарында, корреспонден-цияларда немесе баяндамада күллі Отанымыз, барша еліміз осы міндетті орындауға жұмылуда деп айтып, жазу ұтымды тәсіл емес. Мұндай ресми сөздерде бүкіл, барлық сөздері көп қолданы-лады. Сондықтан өзімізге белгілі атақты ұранды өзгертіп, Барша елдердің пролетарлары, бірігіңдер! деп айту құлаққа оғаш естілер еді.
Сөйтіп, жеке күйінде бір-біріне мәндес болып отыратын жал-пылауыш есімдіктер қолдануда әр түрлі мәнермен ерекшеленіп, бір-бірінен оқшауланады.