Етістік тұлғаларының қолданылуы
Айтылып, хабарланып отырған іс-әрекеттің иесі етістіктің жақ-тық қосымшалары арқылы көрінетіні мәлім. Кейде текстің, сөздін, ерекшелігіне, алдына қояр мақсатына лайық бірінші жақтың ор-нына екінші жақтық, әлде III жақтық қосымша қолданылуы мүмкін. Грамматикалық тұрғыдан мұндай қолданыстың ешбір өзгешелігі болмағанмен, мағыналық жағынан, сөз стилі тұрғысынан аса бір ден қоярлык құбылыс.
Әдетте сөйлеушіні бірінші жақтық қосымша арқылы танимыз. Енді мына бір үзіндіге көңіл аударайық. Қейде сенгісі де келмейді. “Өзім де қызбамын ғой. Ашу үстінде аңғармай теріс ұққан шығармын. Қызғаншақ көңіл асыра ойлаған шығар”,— дейді. Бірақ, Раушанның шырылдап Уәлиге ара түскенін ойлап, “жоқ,жығылғаныңды біл, өзіңді өтірік жұбатпа”,— дейді (Т. Ахтанов).
Үзіндіде кейіпкер бірде бірінші жақта сөйлесе (“Өзім де қыз-бамын ғой. Ашу үстінде аңғармай теріс ұққан шығармын”), бірде сөз өзіне арналған кезде, екінші жақтың атынан айтады. (“Жоқ, жығылғанынды біл, өзіңді өтірік жұбатпа”.) Сөйтіп, бұл жерде бі-рінші жақтық қосымша мен екінші жақтық қосымша бір ғана мән-де, бір ғана кісіні білдіру үшін қолданылған. Кейде бірінші жақтық мәнде үшінші жақ қолданылады. “Ержан талай мықты командирлерді көрді. Бір адамы қалғанша шегінбей, жаудың ба-талъонын қырған, танктерін қиратқан взвод командирлерінің атын естіді… Солдаттар сол қаһарлы, командирлер үшін жанын беруге бар, оған еріп от пен суға көздерін жумбай түседі. Сол командирлер жалғыз қызмет дәрежесімен емес, қайратымен, жігерімен қарауындарыларын үйіріп алған жоқ па? Ондай командирге солдат шын ықыласымен беріле бағынады. Командирі күшті болса, солдат та өзін күшті сезінеді. Ал Ержан ше? Ол взводтың жүрегі, ұйытқысы, әкесі емес, өгіздің мүйізіне қонған шыбын сияқты. Бір кездегі дивизия командиріне дейін көтерілмек болған қиялы есіне түсіп, ащы ызамен мырс етті” (Т. Ахтанов).
Алайда бұл арада үшінші жақтың қолданылуында айрықша мотивировка бар. Өзі жайында айқын да ашық айту үшін қалайда басқа бір бейтарап жақтың атынан сөйлеу қолайлы. Жақтық қо-сымшалардың бұл колданысы өз негізін о баста ауызекі сөйлеу тілінен алса керек. Ауызекі сөйлеу тілінде сөйлеуші өзі жайында мақтанышпен сөйлегенде, оны жасайтын мына дөдең!— деп, үшінші жақта айрықша экспрессиямен айтады. Жазба тілде қалыптасқан жоғарғыдай тәсілдің алғашқы шырар көзі — осы. Жазба тіл, оның ішінде көркем әдебиет тілі ауызекі сөйлеу тілінде кездесетін бар нәрді өз бойына жиып отырады. Жоғарғы тәсіл (жақтық қосымшалардың қолданылу заңдылықтары) көркем әдебиет стилінде айрықша жиі кездеседі.
Кейде екінші жақтың орнына бірінші жақтьщ көпше түрі қол-данылатыны да болады. Мұндай қолдану сөйлеуші жақтың тың-даушы жаққа айрықша қатынасын танытады. Мысалы, ауырып жатқан кісіге халін сұрауға келген жақын кісі: “Қалай, жақсарып келеміз бе, көңіл күтміз қалай?—деп, бірінші жақта сөйлейді. Бұл айрықша интимді экспрессиялық мән туғызады. Немесе класта отырған оқушыларға қарап мұғалім тақтаға жазып, жатығыңыздар деудің орнынатақтаға жазып жаттығайық, тыныш отырыңдар деудің орнына тыныш отырайық деп сөйлейді. Бұлай сөйлеу оқытушы мен оқушының арасындағы қатынастың айрықша бір көрінісі іспетті болады.
Іс қағаздарында жақтық мән туғызудың айрықша бір тәсілі бар. Акт қағаздарында, қол хаттарда, сенім қағаздарында бірінші және үшінші жақ білдіретін сөздер қосарынан қолданылады. Мысалы: Біздер, төменде қол қоюшылар, “Алғабас” колхозының пред-. седателі Дүйімбаев, екінші бригаданың бригадирі Сүйінбаев…” деп басталатын акт қағаздары “Мен, “Саумалкөл” орта мектебінің шаруашылык, басқарушысы Танабаев…” деп басталатын қол хат-тарда баяндауыш қызметіндегі етістік бірінші жақта тұрғанмен, үшінші жақтағы сөз — кісінің аты-жөні қоса жазылып отырады. Бұл— тек іс қағаздарына ғана тән ерекшелік, соларда ғана кез-десетін айрықша тәсіл. Бұл тәсілдің тағы бір қолданылатын жері — ұранды сөйлемдер. Біздер, Совет Одағының жастары, ком-мунизмнің белсенді құрылысшыларымыз деп келетін ұранды сөй-лемдер де бір ғана стандарт жүйеде қалыптаеқан.