Етістіктің шақтық тұлғалары
Әдетте шақтық тұлғалардың жүмсалу тәсіліне қарай сөйлем мағынасы әр түрлі ұғынылады. Сол себептен де шақтық тұлғаларды дұрыс қолдану сөз сындарлығының басты бір белгісі болып отырады. Нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп аталатын тұл-ғалар мән-мәнері тұрғысынан да бір-бірінен ерекше. Нақ осы шақ сөйлеуші сөйлеп тұрған сәттегі іс-әрекетті, қимылды білдіреді. Сөй-леп тұрған сәттегі іс-әрекет отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктері ар-қылы беріледі: Мақсұт кітап оқып отыр. Совет үкіметі дүние жү-зінде бейбітшілікті сақтауға бар күшін салып отыр. Егер сөйлеуші енді ғана басталып отырған не енді анық басталатын іс-әрекет жайында хабарлағысы келсе, жоғарғы тұлғаның орнына -а, -е, -й тұлғалы көсемшелердің жіктелген түрін, ауыспалы осы шақ тұлғасын қолданады, Мысалы: Әуелі ол жанжалдың алдындағы өз жайым мен жер астының кейбір жайларын айтайын
(С. Сейфуллин). Ауыспалы осы шақ тұлғасы сонымен бірге үнемі болып тұратын, әдетке айналып, сіңісіп кеткен іс-әрекетті де білді-реді. Мысалы: Қазақта түйе дейтін мал болады,— деді Қонысбаев Купциановқа сүйкімсіз қисық көзін қадап,— қалай адастырсақ да өз жүртын табады.
— Түйені неменеге қыстырып отырсың,— деді Купцианов жақ-тырмай.
— Жақсы адам жоғалмайды дегенім ғой (Т. Ахтанов). Осы мәнде нақ осы шақ тұлғасын қолдануға болмайтыны айқын. Халық тілінде осы тұлғада қальштасып кеткен құс ұшады, бұлбұл сайрайды, су ағады, от жанады, адам сөйлейді тәрізді тіркестер де мол. Бұл тұлғаның мезгілден гөрі сипаттау мәні басым. Ауыспалы осы шақ тұлғасы осы мәнде әсіресе ғылыми жазбаларда жиі қол-данылады. Мысалы: Жер бетінің және жатқан кеннің орындары экранда екі дөңес ирек болып көрінеді. Міне, осы екі дөңестің ара қашықтығна қарап, табылған кеннің қандай тереңдікте жатқанын есептеп шығаруға болады(“Білім және еңбек” журналынан).
Сонымен бірге, бұл тұлға көркем әдебиетте кісінің портретін беруде немесе зат пен құбылысты жүйелі баяндауда да қолда-нылады.
“Бұзаубақтың көрмегені жоқ. Жұмыс қылғанда шаршауды білмейді. Қимылы өте шапшаң. Мінезі қимылынан да артық шап-шаң. Айтайын деген сөзін бетің бар, жүзің бар демейді, айтып салады. Тез ашуланады. Шаңқылдаған, даусы ащы, күзеннің айғы-рындай. Тілі де ащы. Қандай өзінен әлді, күшті, бай, ұлық кісі болса да қорлағанын көтере алмайды. Бірақ білімі жоқ. Білімім жоқ деп ойламайды. Диуаналау, бұғып қалмайды” (С. Сейфуллин).
Үнемі болып отыратын іс-әрекетті білдіру мәнінде -атын, -етін тұлғалы есімшелер де жұмсалады. “.. Өздері киімді тэуір киетін. Ылғи қарадан-қарап бос жүретт болған соң, заводың қыз-келін-шектерін айналдыратын. Домбыра, сырнай үйренбек болып бар-ылдататын, насыбай ататын, шылым тартатын”(С. Сейфуллин).
Бұл — өткен кезеңде болып кеткен іс-әрекеттер туралы хабар-лаудың ұтымды тәсілдерінің бірі. Өмірбаян туралы жазбаларда, тарихи тақырыпқа жазылған еңбектерде бұл тұлғаның өткен шақ мәнінде қолданылуы аса жиі кездеседі. Бұл баяндау тәсіліне сер-гектік, уыттылық мотивін енгізеді. Осы шақ мәнде бұл тұлға есім-шенің -ған формасымен орайлас келеді. Алайда есімшелік форма көбінде бір кезеңде ғана болып тоқыраған іс-әрекетті білдіреді де, сөз мағынасы динамикалық қалыпта ұғынылмайды. Ұзақ баян-дауларда мұндай тәсілді қолдану сөйлемдердің өз ара жымдасуына нұқсан келтіреді. Ал, -атын тұлғасы іс-әрекет, процестің ұзақ уақытқа созылғандығын білдіре алады. Сүйтіп, бұл екі тұлғаның мәндестігі жалпы өткен шақты, уақытты білдіруінде ғана. Сөйлеушініқ істің өткен уақытта болу, болмау фактісіне шүбәмен болжай айтуы немесе болған іске тікелей араласпауы -п тұлғалы көсемшенің жіктеулі формасы арқылы беріледі:
Ол туралы Дәркембай қысқа айтты. Базаралы тағы екі күн болыпты. Атшабарлар кетіп, жатақ тыныш тұрған екен. Содан База-ралы аттанып, қорыққа кетіпті. Ал, болыстар ертеңінде старшин, елубасыларын бастық етіп, отыз кісі боп келіпті де, жатақтық мы-нау қазір жалаңаш қалған, баспанасыз қалған үйлерінің бэрін де бір-ақ сэтте тік көтеріп, көтеріп әкетіпті (М. Әуезов).
Алайда бұл тұлға (-п көсемшелерінің жіктеулі түрі) кейде ха-барланып отырған іске сөйлеушінің айрықша қатынасын білдірудің де тәсілі болады. Ёгер кісі өзінің істемеген, жасамаған әрекеті жайлы басқа біреуден естісе, екінші жаққа (тыңдаушы жаққа) нен арыз жазыппын, оны Оспан біліпті деп айтар еді. Әрине айтылу үстіндегі дауыс интонациясының ерекшелігіне қарай мұндай сөз не мысқыл мәнінде, не ашу-ыза мәнінде ұғынылады. Мұндай мән-мәнерді беруде кейде -мыс, -міс аффиксімен қосарланып қолданы-лады. Бұл жағдайда экспрессиялық мән бұрынғысынан да айқын-далып, даралана түседі. Салыстырыңыз:Мен арыз жазыппын Мен арыз жазыппын-мыс. Дегенмен, осы мән-мәнерді беруде бұрынғы өткен шақ тұлғасының бірінші жағы мен екінші, үшінші жақтарының арасында кейбір ерекшелік байқалады. Мысалы: Мен арыз жазыппын. Сен арыз жазыпсың. Ол арыз жазыпты. Біршші жақта айқын байқалатын экспрессиялық мән екінші, үшінші жақта онша айқын емес. Сол себептен болса керек, екінші жақтың сол мәнін айқындай түсетін синтаксистік топ айтылуы қажет. Ал, үшінші жақта мұндай мән туғызу үшін -мыс аффиксі қосарлы қол-данылады.
Өткен уақытта болып, тоқталып қалған іс-әрекет -ған есімше-лерінің жіктеулі тұлғасы немесе осы есімшелердің еді көмекші етістігімен тіркесі арқылы және -пкөсемшелері мен еді көмекші етістігінің тіркесі арқылы беріледі. Бұл арада мына жайды ескеру қажет. Бұл тұлғалар білдіретін іс-әрекеттер дағдыда өне бойы бо-лып тұрған емес, бір кезде болып, тоқталған, біткен істі еске түсіру, солай болғандығын басқа бір жағдаймен байланысты тағы да қайталап отырғандығын білдіру есебінде ұғынылады.
Өзеннің және қара сулардың жаға-жиектеріндегі селдіреген қамыстардың шашақтары үлбіреп, жел соқса ақырын ғана желбіреп, сары үкідей болып сарғайған. Қамыстардың ақырын судырай, әдемі сыбдырлаған жапырақтары да сары ала болған (С. Сейфул-лин). Анық біле алмадық. Бізді тосқауылға тастап еді, немістер арамызды үзіп кетті (Т. Ахтанов). Мен сен үшін қатты қорқып едім. Сондықтан да тура осылай қарай жүгірдім (М. Ибрагимов).Есенқұл сол бір күні-ақ әскерге жүріп кеткен еді. Оралмады (“Қа-зақ әдебиеті”). Бұл тұлғалардың қайсысы да іс-әрекетті көзімен көргендей етіп білдіреді. Дегенмен, жалаң тұлғаға (-ған) қарағанда, күрделі тұлғалардың (-п еді, -ған еді) өздеріне ғана тән ерекшелігі бар: мұндай тұлғалы етістіктерге аяқталған сөйлем логикалық жағынан тиянақты болып тұрмайды, өзіне жалғас басқа бір сөйлемнің айтылуын қажет етеді. Жоғарыда келтірілген мысалдар да осындай: Есенқұл сол бір күні-ақ, эскерге жүріп кеткен еді… Оралмады.
еді көмекші етістігімен келген өткен шақтық тұлғалардың кей-бірі мағыналық мәнер жағынан -атын тұлғасына мәндес, сонымен синоним іспетті қолданылады. Бұндай реттерде еді көмекші етістігі
-шы (-ші) аффиксті қимыл есімдерімен бір тіркесте жұмсалады. Мысалы: Сенбеген адамға шыныңды айтпа деуші еді Жанқабыл,— деді ақырын ғана (Т. Ахтанов). Мен оған аңыздағы қасиетті адам-дардай қызығып қараушы едім. Сол сезімімді кезінде өлең етіп те жаздым. Бірақ ол алғашқы сүйсіну, алғашқы қызықтаудың үстірт эсері ғана болатын (“Қазак әдебиеті”). Осы мысалдардың алғаш-қысының құрамындағы деуші еді тіркесін синонимдік екінші бір тұлғамен ауыстырып, дейтін деп айтудан сөйлемге келер зиян жоқ. Ал соңғы үзіндіде -шы еді күрделі етістігі, бірде -атын тұлғасы қолданылған. Дегенмен, бұл екі тұлғаның бір-бірінен мынадай айырмашылығы бар: -ушы еді күрделі етістігінен кейін логикалық ойдың желісі басқа бір сөз немесе сөйлемнің айтылуын қажет етеді. Сол себептен болса керек, -ушы еді күрделі етістігі көбіне сөз арасында, екі сөйлемнің жігінде кездеседі. Ал -атын тұлғалы етістіктен кейін басқа бір сөз, сөйлемнің айтылуы қажет бола бермейді. Іс-әрекеттің болып өткендігін және ол істің болуына іс иесінің тікелей қатыскандығын айқын да дәл білдіретін форма — жедел өткен шақ тұлғасы. Бұл тұлға — бір-бірімен ұласып жатқан, бір-бірімен тығыз байланысты ұзақ уақиғалар, әрекеттер, құбы-лыстар тізбегін баяндауда аса ыңғайлы тәсілдердің бірі. Мына үзін-дідегі жалаң жедел өткен шақ тұлғасының мәні мен қызметіне көңіл аудару мақұл. ‘
Қартбай енді үюлі шөпті жағалап сол бұрышқа барды. Пішен қабырғаға тақап үйілмеген, екі арада жарты метрдей қуыс бар. Осы кезде немістердің дабырлаған дауыстары анық естілді. Олар үйдің қасына келіп азғана сөйлесті, сартылдап есік ашылып-жабылды, содан кейін дабыл сиреп, дауыстар алыстай берді. Қартбай есікке қарай жалт бұрылып арқасын пішенге тіреп, икемсіз ауыр қол пулеметінің аузын көтеріп алып аз тұрды да, мысықша еппен аңдап басып Көжектің қасына барды. (Т. Ахта“ов).
Істің болашақта болу, болмауы кесіп айтылмай, шамалау мәні
-ар тұлғалы есімшелермен беріледі. Мысалы: Өтер қайғылы қара түні! Міне, рауаңдаған таң белгісі! Ашылар бақытың! Зұлмат қара түнді қуып жарқырап таң атар (С. Сейфуллин). Жазба тілде кон-текстің ыңғайына қарай, ауызекі сөйлеу тілінде айтылу интона-циясының құбылуына қарай -ар тұлғасы келер шақтық мәнімен қоса әр түрлі экспрессиялық мәнер алып отырады.
Қазақтың халық тілінде -ар тұлғалы есімшелер әр қилы мағы-нада, неше түрлі қисында жұмсалады. Соның бір көрінісі — мақал-мәтел кұрамында және ауыз әдебиеті тілінде қолданылу ерек-шеліктері. Қөркем әдебиет туындыларында халық тілінің осы нә-ріне сүйеніп көп тарала қоймаған сөз қолданыстарға бой ұру жиі байқалады. Мысалы: Қейінгі жолда бұлар мінетін көлік неше алуан боп ауыса берер, бірақ, дэл Семейден Қарқаралыға шейін арбамен жайлырақ боп жүріп баруды Тінібек эсіресе қатты маслихат еткен (М. Әуезов). Бұл сөйлем құрамындағы -ар есімшесінің қолданылуы ауыз әдебиеті үлгілеріндегі, әсіресе ертегілердегі сөз қодданысқа көбірек ойысады. Әдеби тіліміздің қалыптасқан басқа салаларында мұндай мәнде еді тұлғасы жиі айтылар еді.
Әлі басталмаған, бірақ мақсат етілген іс -мақ, -бақ, -мақшы, -мекші есімшелерінің жіктеулі тұлғасы арқылы немесе осы есім-шелердің еді көмекші етістігімен тіркесі арқылы беріледі. Мысалы: Құнанбай осы жолы сол сөз қайта шықса, келісіп аттанбақ.
-мақ тұлғасының мақсаттық мәні еді көмекші етістігімен бір тіркесте жұмсалғанда айрықша айқын көрінеді. Мен бармақпын дегеннен гөрі Мен бармақ едімдегенде мақсаттық мән айқын екені белгілі Бірақ соңғы тұлға (-мақ едім) өзінен кейін тағы басқа бір сөздің, сөйлемнің айтылуын қажет етеді.
Егер -мақ тұлғасын -шы (-ші) аффиксімен қосарлап қолданса, ондай тұлға мақсаттан гөрі міндеттілік мәнге көбірек ойысады. Уақыт мерзімі әзір белгісіз болса да, болашақта қалай да болуға, бітуге тиісті істі білдіріп, соған мезгейді. Ол инженер болмақшы, мен кітап жазбақшымын деп айтуда істің болашақта болуымен қатар міндеттенушілік те бар.
Логикалық жағынан мақсатты келер шақ тұлғасына бір табан жақын тұлға — қалау рай. Қалау рай мен мақсатты келер шақ арасындағы негізгі айырмашылық — мезгілдік мән. -мақ тұлғасын-да мезгілдік мән басым да, барғым келеді тұлғасында солай болса дейтін тілек мәні басым.
Қазақ тілінде қалау, тілек, арман, күдік мағыналары етістіктің арнаулы тұлғалары арқылы беріледі. Қалау рай тұлғаларын бүгінгі әдеби тіліміздің құрамында қолданылу дәрежесі тұрғысынан екі топқа бөліп қарау керек. Қалау рай жасайтын -ғай еді, -са игі еді тәрізді тұлғалар бүгінгі әдеби тілімізде тек сирек кездесіп кана қоймай, қолданылу сферасы да тарылып келеді. Бұлар көбінесе сөйлеу тілінде, көркем әдебиетте кездеседі. Ал тыңдағым келеді тұлғасы қазіргі әдеби тіліміздің көп жаярында жиі жұмсалады.
-ғай тұлғасы таза тілек, арман мәнін туғызады. Ол ақылды адам болғай. Сен жазылып кеткейсің тәрізді сөз орамдарын сөйлеуші солай болатынына көзі жетпей, өзінің анық, таза тілегін, арман-ойын білдіруде ғана қолданады. Осы мағынада бұл тұлға ауыз әдебиеті шығармаларында жиі кездеседі. Қазіргі тілімізде де бұл көбінесе күйзелгенде, әлдебір сенімсіздік пайда болған мезгілде ерекше дауыс интонациясымен айтылатын сөз жанрларында жұмсалады. Әйтпесе, жалпылама әдеби тілдің бар сферасында бірдей ұшырай бермейді.
Ағайын арасына дау түскелі отыр. Дәл осы. жерде ұғыспасақ, Құнанбай ортасы бүлінгені. Айырған Еркежан мен Абай деп бі-лемін. Артқы күн не болады — кінәны өздерінен іздесін. Тек көрі-серге күн жақсы болғай-ақ та!—деп барын айтты (М. Әуезов).
-ғай тұлғасынын, еді көмекші етістігімен тіркесі арман, тілектің орындалуына күдіктену мәнін береді. Оны мына екі мысалды са-лыстырудан да байқауға болады: Сен жазылып кеткейсің. Сен жазылып кеткей едің.
Қалау, тілек мәнді -са игі еді күрделі тұлғасы біршама кітаби тілге жақын, жазба тілде жиі кездеседі. Мысалы: Эр кез бейбітшілік күні нүрланып тұрса игі еді деп тілейді адамзат (газеттен) . Кейде күрделі тұлға құрамындағы игі сөзі түсіп қалып е көмекші етістігі екен түрінде айтылады. Мысалы: … айтушы сіз дегенде кү-мәнымыз жоқ. Соны тек бір қайырып айтсаңыз екен! — деді.
Қазіргі әдеби тілімізде қалау, тілек мәнінде жиі қолданылатын тұлға -ғы (-гі, -қы, -кі) етістіктері мен кел көмекші етістігінің тір-кесі. Бұл тұлға өзінің алдында тұрған есім сөздің әр уақытта ілік септік жалғаулы болып отыруын қажет етеді. Менің инженер бол-ғым келеді. Бұл тұлғаның мағына-мәнер жағынан басты ерекшелігі: мұнда қалау, тілек мәні айқын көрінеді. Қалау, тілек мәнді алдыңғы тұлғаларда көбінесе күмән-күдік мәні араласа жүреді.
Етістіктің басқа топтарынан оқшау тұрған бір тобы -у тұлғалы тұйық рай. Мұндай сөздер өздерінің мағынасы мен қызметі тұр-ғысынан әрі етістік мәнінде, әрі есім мәнінде келіп, екі жақты қол-данылады. Алу, беру, жүру, сөйлеу, оқу, жазу т. б. сөздер, бір жа-ғынан, қимыл-әрекеттің өзін білдірсе, екінші жағынан оның аты, есімі де болады.
-у тұлғалы тұйық рай етістіктері (немесе қимыл есімдері) іс қа-ғаздарында, ғылыми әдебиеттер тілінде белгілі бір әрекет-қимыл-дын, құбылыстың атауы ретінде аса жиі қолданылады. Мысалы: Жазалау — тәрбиенің бір тэсілі. Олар, сонымен бірге, сөйлем баян-дауышы қызметінде керек, тиіс, қажет, мақұл тәрізді субьективті қатынасты білдіретін сөздермен бір тіркесте жұмсалып, істің болу міндеттілігін, қажеттілігін білдіреді. Мысалы: Егер әңгіме мал шаруашылығы туралы болып отырса, жердің жүз гектарына есеп-тегенде ет пен сүтті көбірек өндіру керек (газеттен) . Мұндай тір-кестер философиялық толғанысқа құрылған сөйлемдерде жиі қол-данылуымен бірге, қазіргі әдеби тілімізде ресми сөздің, сөйлеудің де тәсілі есебінде тұрақталып бара жатыр.
-у тұлғалы қимыл есімдері қазіргі әдеби тілімізде жатыс септік тұлғасында жиі қолданылатын болды. Егер түбір күйінде бұл қи-мыл есімдері құбылыс пен әрекетті, қимылды атап қана білдіретін болса, -да тұлғасында динамикалық екпін, леп алады. Мысалы: Ал жергілікті жерлерден алуан түрлі деректер сұраудың өзі де кеңсешілдіктің бір түрі, ол іске үлкен нұқсан келтіруде (газеттен). -уда тұлғасының негізгі мәні — іс-әрекеттің, қимылдың созылың-қылығын білдіреді. Бұлайша қолдану шамамен алғанда, Октябрьден кейінгі дәуірде орыс тілінен аударма жасау ыңғайында пайда болып, келе-келе баспасөз бен ресми қағаздар (қаулы-қарарлар, ресми сөз т. б.) тілінің айқын, басы ашық бір белгісі болып кеткен. Бұл қолданыстың, әрине, тіліміздің икемділігін, оралымдылығын арттырғаннан басқа залалы жоқ. Дегенмен солай екен деп, орынды-орынсыз жердің бәрінде де осы тұлғаны айта беруге болмайды. Әсіресе күнделікті баспасөз бетінде көптеп жарияланатын корреспонденцияларда кездесетін: Маяланған шөптер мал қыста-ғына тасылуда. Бұл істе Әзірбаев бастаған комсомол-жастар бри-гадасы еселеген еңбек үлгісін көрсетуде тәрізді қолданыстарды тіл мәдениетінің жоғарылығы деп қарауға әсте болмайдьы.