СӨЗДІК ҚҰРАМЫНЫҢ ТОЛЫҒУ ЖОЛДАРЫ
Қазақ тілінің лексикасы халқымыздың ұзақ сонар тарихының өн бойында үздіксіз дамып, толығумен келген. Алғашқы сөздік | қорға әр дәуірде түрлі жолдар арқылы жаңа сездер мен жаңа ұғымдар келіп қосылып отырған. Сөздік құрамның толығуының негізгі екі жолы бар: а) төл (тума) сөздер арқылы, ә) кірме сөздер аркылы жүзеге асады,
1. Қазақ лексикасының тума сөзаер арқылы баюы. Туынды сөздср ана тілінің сөз тудыру тәсілдерінің негізінде пайда бол-ған. Әдстте сөз тудыру тәсілі деп әрбір тілдің өзіне лайық қа-лыптаеқан сөз жасау амалдарын айтамыз. Қазақ тілінің де өзіндік сөз жасау заңдары мен ережелері бар. Сөздік құрамдағы сөз-дсрдің басым көпшіілігі сөз тудырудағы заңдар мен ережелер арқылы келіп шыққан. Қазақ тілінде сөз тудыратын негізінен екі түрлі тәсіл бар: а) Морфологиялық немесе аффистік тәсіл, синтаксистік тәсіл.
а) Морфологиялық (^аффикстік) тәсілдің сөздік қүрамды байтудағы ролі. Негізгі сөздік қорға жатағьш сөздер бір буын-ды, көп мағыналы болып кследі дедік. Сөздің әрі қарай бөлшек-теуге келмейтін ең түпкі мағыналы бөлшегін түбір деп қарасақ, ең алғашқы кезде сөздсрдің бәрі дс бір буынды болғандығы бел-‘ғілі. Ал туынды сөздер тубірге түрлі қосымшалар қосу арқылы кейіннен пайда болған. Мәселен, ат—атақ—атақты—атақсыз— атау—атастыру. ек—егін—егінші—егіншілік тәрізді бір түбірден таралған сөздердің бәрі бірдей бір кезеңде пайда болмаған, әр кезең жасалған. Туынды сөздің семантикалық кұрылымындағы басты нәрсе қашан да негізгі түбір болмақ. Түбір сөз семантикалық жағынан да, морфологиялык жағынан да туынды сөзге тірек, таяныш, негіз болып тұрады. Ал түбірге қосылған жұрнақ түбірге арқа сүйеп, соған көмекші қызмет атқарады. “Ескі сөз- жаңа сөздің казығы”— дейді халык. Мәселен, революциядан бер- гі кезеңде ғана оқы деген сөздсн оқу, оқушы, оқушылық,оқту,
оқытушы, оқытушылық, оқулық тәрізді толып жаткан жаңа туынды сөздер жасалды. Мұның барлығына да қазық болған— байырғы оқы деген сөз. Ал соған дәнекер болып, басқаша ұғым| көмекші кызмет атқарып тұрған жүрнактар деп қараймыз. Алайда түбір мен жұрнақ косылғанда жайдан-жай қосылмады, ал екеуі қосылғанда бөлшектенбейтін, бір бүтін нәрсе болып, кі-рігеді. Жұрнактар түбір сөздін мағынасына мағына, формасына форма косып қана қоймайды, оның сырткы түр-тұрпаты мен қызметін де бірдей өзгертуге үлкен ыкпал етіп отырады. Мә-селен, жоқта, қолда, қошта, тісте, таста, тыста, ауыздықта, бау-ызда, саула, жүректі, көзсіз тәрізді туынды сөздердің әуелгі мор- фемаларын кейбіреуінен бөліп алуға болса, кейбіреуін бір-бірінен бөліп қарауға тіптен келмейді. Мұнда түбір мен косымша абстракцияланып, мүлдем (таста, бауызда, жүректі), кірігіп кет- кен. Яғни өзара бөлшектенбсйтін бір бүтін сезге айналғандығын көрінеді. Демек, жұрнақ, аркылы бір түбірден қанша туынды түбір жасалса, соншама сөз сөздік құрамга жаңа сөз болып көбейеді деген үғым туады. Қазақ тілінде не көп жұрна көп. Бірталай сөз табының өзіне меншікті (телінді) белгілі жұрнақ тарымсн коса есептегенде, етістік тудыратын 200-ге жуық аф- фикстер бар екен. Осының бәрі-бірдей жаңа сөз жасауға актив болып қатыспағанымен, бірсьшырасы сөзден сөз тудыруға бел-сенді қызмет атқарады. Мысалы.
Туынды зат есімдердің мынадай түрлері бар: сатушы. бей- бітшілік, балалық, жұтқыншак, келіншек, кітапша, дәрігер,қыз- меткер, сәлемдеме, еңбекқор, шаруақор, аурухана, онерпаз, сыр-мақ, соғыс, өнім, жұтым, үгым, көрме, аялдама, ашытқы, шалғы, емізік, сынық, басқыш, түтқыш, тұрмыс, тасқын, түйін,көрермен, орақ, төсек, сүйеніш, қалдық, қиынды, қуырдақ.
Туынды сын есімдердің мынадай түрлері бар: өнімді, тонды, сыйлы, малды, жаздық, жылдық, көйлектік, төргі, жазғы, бассыз, панасыз, жардай, балдай, оймақтай. өзімшіл, ұйымшыл, көршілес, табиғи, сауыққой, шаруақор, тірі, басынқы, асыранды, ұтымды, сусымалы, бүрмелі, білгіш, көңілшек, қайынсақ, сырма, қызба, жасамыс, жинақы, күйгелек, жарамсақ,өткір, тырысқақ, сергек, түпкілікті, жеткілікті, жүрдек, желгір т.б.
Сан есімдерден мынадай туынды сөздер тараған: екілік, беттік, төртпақ, үшкіл, төрткіл, жүздеп, бірлік, бірдей, бірегей, бірлес, бірік, бірде, бірден, біріндеп, біртіндеп, бірге, біресе, бірінші, үшеу, екеуле, бестен, бірер, ондаған, мыңдаған, отыздай, жарым, жарты, ширек, жалғыз т. б.
Туынды үстеулердің мынадай түрлері бар: ауызша,ойша, жаэдай, заттай. киімшең, ысырапсыз, кезекпен, күніге, жылда, жазын, соңыра, соңынан, әлгіде, кеңінен, жазғытұрым, осынша мұншалык, барынша, менше, түгелдей, кейде, арпай, әдейілеп, қасақана, көріне, ептеп, салғаннан, өлердей, текке, заматта, ша- расыздан’, әлден, қайтадан, ерекше, бүгінше, осылайша, жарты-лай бүтіндей, парлап, бармайынша, сыртқары, бертін, алдымен, т. б. . .
Туынды етістіктердің мынадай түрлері бар: үрлеу, тістелеу, аландау, уһлеу, көпіршу, көндігу, бұрау, колхоздастыру, құлазу, көлбеу, қармау, түнеу, ұйықтау, коздау, жетелеу, сөйлеу, төбелеу кұлыптау, қаптау, гүлдеу, папалау, шінкілдеу, ысылдау, тұздау, сабындау, каралау, маялау, мазасыздан, әдемілену, үшеулеу, тырналау, бүктеу, сығалау, кескілеу, ілгерілеу, жоғарылау, тездету, кештету, бажылдау, жалтақтау, елпеңдеу, шалқалау, шүлдірлеу, жылтырау, тіміскілеу, елжіреу, күлімсіреу, көрме-генсу, терлеу, көпіршу, тепшу, илігу, суғару, шыңғыру, иіскеу, шіміркену, сорғалау, құмарту, жаңарту, лепіру, ілбу, тасыраю, күппсу, жарбию, сымпию, дөңкию, т. б.
Есімдіктерден мынадай туынды сөздер тараған: әнеки, мұн-ша, соншама, сонда, сондай, әнеугі, түнеугі, мүндағы, андағы, қайдағы, мендік, менмен, сізшіл, меншік, менменшілдік, менмен-су, меншіктену, менсіну, бізше, неліктен, қайтіп, нешеу, қалай-ша, өзімшіл, өздігінен, өзіндік, өзінше, өзіңдей, барлық, барша, бәрі, барлығы, баршасы т. б.
Қазақ тілінде сөзден сөз тудыруда қосымшалардың (жұрнақ-тардың) қандайлық мәнді қызмет атқарғандығын осы келтірілген туынды сөздерден де айқын көруімізге болады. Бұл сөздердің тууына бірден-бір себепкер, түпкі казық — негізгі сөздік кор екендігі даусыз.
I ә) Синтаксистік тәсілдің сөздік құрамды байытудағы ролі. Казақ тілі жұрнақ аркылы жасалатын туынды сөздерге қанша-
лықты бай болса, күрделі сөздерге де соншалықты бай. Күрделі сөздер көбінесе екі түбірдің бірігуі немесе қосарлануы, я бол-
маса, тіркесуі аркылы жасалады да тұтас бір ұғымды білдіруі бірдей келіп, құрамындағы компоненттер іштей бөлшектелмей,
әрдайым ритм-ырғақ жағынан бірыңғай болып түрады.
Біріккен сөздер. Бұл — сонау әлімсақтан бері үзілмей келе
жатқан сөз тудырудың көне бір тәсілі. Бұлардың өзі біріккөн ком-
поненттердің арақатынасы мен ішкі мазмұны жағынан екі түрде кездеседі. Біріккен сөздердің кейде екі компоненті, кейде біреуі әрі мағыналарынан, әрі дыбысгық жағынан екі жақты өз-теріске ұшырап, тұтас тұлға ретінде көрінеді. Осы ерекшеліктеріне карай біріккен сөздердің бүл түрі кейдекіріккен сөздер деп те аталады. Мысалы: қарақат (кара кат), қарлығаш (кара ала құсс), ышқыр (іш кұр), бүгін (бұл күн), биыл (бұл жыл), әпер алыпбер), сөйт (солай ет), әкел (алып кел), әкет (алып кет), сексен (сегіз он), тоқсан (тоғыз он), өйткені (олай еткені), бел-беу_(бел бау), бәйшешек (бай шешек), көкпар (көк бәрі), әжеп-тәуір (ғажап тәуір), білезік (білек жүзік, түрегел (тұра кел), белуар (бел буар); ағайын (ағай, іні) т. б. Бірікқрн сөздердің екі! компоненті дс бастапқы формаларын да, мағыналарын да түп-түгел сяқтайды да, жпнактальт бірігу аркылы біртұтас лек- сикалық-семантикалық тұлға есебінде калыптасады. Бұлар ғана біріккен сөздер деп айтылып жур. Мысалы: ақсакл,аққу, орынбасар, оттегі, отағасы, шекара, догабас, енбеқақы. қосаяк,, алжапқыш, атқосшы, козқарас, күнбағар, қаптесер,сегізкөз, бозбала, алабота, алабұга т. б.
Қос сөздер. Бұл да тіліміздсгі сөз тудырудың көпе әрі өнімді тәсілдсрініц бірі. Сөздер қосарланып қолданганда олардың бұрынгы жске мағыналары абстракцияланып, білдіретін ұғым-мының көлемі кеңейеді. Ягнн сөздер жекс тұрғанда жалқы ұғым-| ды білдірсе, қосарланғанда жалпы ұгымды білдіретін болады.Екі еөздік косарлануы арқылы пайда болган күрделі 95ымда тек сол скі сөздің жалаң мағыналары ғана смес, одап көбірек мән-мағына қосып, сөздің ұғгымы кеңейгсн үстіне кенейе’түседі. Мәселен, ыдыс-аяқ деген сөздіц үғымына бүкіл тамақка қатысты ыдыс біткенің бәрі енеді. Ағайын-туган да бүтін үрім-бұтақты қам-тиды. Қазақ тіліндегі қос сөздер жалпы сырткы тұлғалық ерскшеліктеріне қарай қайталама қос сөзжәне косарлама қос сөз болып екі үлкен топқа бөлінсді. Қайталама қос сөздер жи-нақтау, топшылау, бөлу, саралау, күшейту, толықгыру,даралау, қайталау, ыңғайластыру тәрізді дәнекср қызмет атқарады. Мысалы: қора-қора, үлкен-үлкен, әрең-әрең, үйір-үйір, бөлшек-бөлшек, тілім-тілім, жоса-жога, бара-бара, сүніп-сүніп,атақты-ататы, қолма-қол, құп-қу, әп-әдемі, шала-шарпы, шай-пүй,көже- може, арбаң-арбаң, қорбаң-қорбаң, ксрдең-керден, сылқ-сылқ, сүйрелең-сүйрелең, бірден-бірге, қарадан-қарап, бостан-бос,тау- дай-таудай, т. б.
Қосарлама қос сөздер мағына жағынан ыңғайлас сөздерден құралады да жалпылау, топшылау, жинақтау, болжалдау мөл-шерлеу ұгымын тудырады. Мысалы: әйел-еркек, ағалы-інілі аяқ- табак. мал-жан жылап-еңіреу, күнімен-түнімсн, анау-мынау бес-он, бас-аяғы, бұрынды-соңды, құрбы-қүрдас, көрген-білген жатқан-тұрған, қыл-қыбыр, азды-көпті, үзілді-кесілді,т.б. Қо-сарлама қос сөздердің компонентері тең дербсс мағынасы бар,| екіншілсрінікі дсрбес магынасы жок болып ксздесеіі.
Компрненттері магынала, қосарлама қос сөздер мағынасына қарай үш турлі- а) Қайшы мәндес (антонимдес) сыңарлаудан тұратын қосарлама сөздер. Мысалы: үлкенді-кішілі, оңды-солды, алыс-жақын, бар-жоқ, ақ-қара, ащылы-тұщылы, ұзынды-қысқалы, қысы-жазн, бұрынды-соңды, кешелі-бүгінді, ойлы-қырлы, т. б ә) Мәндес сыңарлардан тұратын қосарлама сөздер. Мысалы: күш-қуат, кауіп-қатер, түр-түс, зәре-құт уаным-қайғы тәлім-тәрбие үлгі-өнсге туган-туысқан, жығылып-сүріну, азып-: тозу т. б. б) Сыбайласу (ұштас) мәнді сыңарлардан тұратын қо- сарлама сөздер. Мысалы аяқ-табак, қазан-ошақ, әке-шеше,аға—іні етск-жең, жал-жая, шек-қарын, өрік-мейіз, қант-шай,сақал- мұрт, т, б.
Компоненттері мағынасыз қосарлама сөздер екі түрлі болып келеді а) Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз сыңарлардан салатын косарлама сөздер. Мысалы: токты-торым, қыз-қырқын, бала-шага, дәрі-дәрмек, жүн-жүрқа, келін-кепшік, жігіт-жепең,. жаман-жәутік, жоқ-жітік, шал-шауқан, жөн- жосық,
жора-жолдас, телсгеп-тсціз т. б. ә) Екі сыцары да магынасыз
сыңарларлардан жасалатыи қосарлама сөздер. Мысалы ағыл-
тегіл алапан-тұлапай, алда-жалда, ылдым-жылдым, кәкір-шү-
кір ‘ алақ-жұлақ, быт-шыт, шым-шытырық, ығы-жығы, алай-тү-
лей, ұйпа-тұйпа, тақұл-тұқыл, ию-қию, ырду-дырду, быж-
тыж т. б.
Қазақ тіліндегі қос сөздсрдің сан жағынан көп, кұрылым құрылысы жағынан өте-мөте күрделі екендігі байқалады. Қос сөздердің кейбіреуіндегі компоненттердің мағыналары қазіргі кезде өзінін дербестігін жойғанымен, о баста өзіне тән белгілі мағыналары болгандығын жоққа шығармайды. Олар көп заман-дар бойы үздіксіз даму нәтижесінде әр түрлі күйге ұшырап, шала-жансар қалыпта қосалқы қызмет аткару үшін белгілі сөз-дерің, шырмауында қалып қойған. Қосарлама сөздер мейлі тірі, мейлі өлі болсын, әрдайым бір-біріне сүйеу болып, бірігіп екі жарты бір бүтін болып жинақталған күрделі ұгым тудырады. Бүлар нсгізгі сөз табының бәрін дерлік қамтиды. Қос сөздердің қолдану өрісі өте-мөтс кең, әсіресе көркем әдебиетте, кейіпкер-дің сөйлеу тілінде жиі қолданылады.
Күрделі сөздер. Қазақ тілінде жеке компоненттері дыбыстық жагынан болсын, мағыналық жағынан да ешқандан өзге-рістерге ұшырамай-ақ бір ұғымды білдіріп, бір сөздің орнына жүрстін тіркесті сөздер бар. Бұлар дербес екі сөзден құралған. Екеуі жиналып, тіркесіп келіп бір сөздін орнына жүреді. Мысалы: бас киім, тау ешкі, түйе жапырак, қой жуа, қара торы, қызыл шырайлы, орта бойлы, ат жақты, сия сауыт, қол жуғыш, сүт машина, бой жеткен, аяқ кап, жүк аяқ, қол алысу, бас кұда, бет орамал, қара жол, қол сагат т. б.
Күрделі сөздердің барлығы да о баста жай сөз тіркестерінен шыққан. Бұлар әр түрлі амал-тәсілдер арқылы бірте-бірте орныққан тарихи құбылыс. Жай сөз тіркестері күрделі сөзге айналу үшін идиомалану, лексикалану, грамматикалану сияқты даму-өзгеру процсстерін басынаи өткізіп барып қалыптасады. Мұндай өзгерістерге түскен күрделі сөздер жеке бір сөздің ор-нына жүреді де атқаратын қызметіне қарай әр сөз тобына телінді болып тұрады. Қүрделі сөздер құрамыиыц түрлі-түрлі болып кслетіндіктеріне қарамастан, жеке сөздер сияқты белгілі жұр-нақтар қосылу арқылы морфологиялық жағынан түрлене береді де, бір сөз табынан, екінші бір сөз табына ауытқып кешіп отырады. Мәселен, ант ұрған деген сөз тіркесі арқылы жасалған күрделі сөз,сөз табы жағынан сын есімге жатады. Егер осы сөзге -дық жұрнағын жалгасақ, ант ұрғандық болады да, сын есімнен зат есімге ауысады. Өр көкірек деген күрделі сөзде сындық магынаны білдіреді. Егер осыған -тік немесе -ген жұрнағын қоссақ, ор көкіректік,, өр көкіректен болады да бірде зат есімге, бірде етістіккс ауысады. Сол сияқты кедір-бүдыр деген қосарлама есім сөзден кедір-будырланып деген туынды етістік болады. Олай болса, күрделі сөздердін, кұрамы құранды^ құралымы алуан-алуан болып келетіндігіне карамастан, бұлар іштей жік-жікке бөлінбейтін бір тұтас тұлға екендігін көрсетеді.
Қазак тілінің сөз тудырудағы синтаксистік тәсілі де сөз бен сөзді біріктіріп, қосарлап және тіркестіру аркылы қыруар^сөздер тудырган. Сол аркылы сөздік кұрамның қисапсыз молығып баюына үлкен үлес косқан.
Әрбір тілдің сөздік құрамып шексіз байытып, кемслдендіретін негізгі көзді арна сол тілдің өзіне тән сөз тудыру тәсілдері ексндігі сөзсіз. Біздін, сөз байлығымыздын өмір бойы еселеп мо- лығуына да ұлттык сөз тудыру тәсілдеріміз бірден-бір ұйтқы болган. Қазақ тілінде морфологиялык тәсіл мсн синтаксистік тәсілден басқа үшінші бір жолы — сөз тудырудың лексика семантикалық тәсілі бар. Бұл жайында көп мағыналы сөздер мен ауыспалы магыналарға қатысты мәселслерді баяндауда азды-көпті айтылган. Сондықтан сол айтылғандарды қайталап тагы да сөз қылуды қажет деп таппадық. Оның үстіне лексика- мантикалық тәсіл сөздік құрамды түр-тұрпат жагынан емес негізінсн магына жағынан ғана кеңейтіп дамытатындығы еске-рілді. Сонымен бірге көп мағыналы сөздсрдің омонимге айналу-процесі жылма-жылгы өнімді құбылыс емсс, әр дәуірде бір кез-| дссетін өте онімсіз кұбылыс екендігі есепке алынды
2. Қазақ лексикасының кірме сөздер арқылы баюы. Әрбір тілдің сөздік құрамының толыгып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдсрден де ауысып алу арқылы да өз тілін байытып, жетілдіріп отырады. Қазак, халқының ертедс даму тарихына коз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз бай-ланыста болғандығын көреміз. Бұл жайында “Қазак тарих—” былай дсп жазган: “Қазақстан жеріндегі халалыктардың Қытаймсн, Орта Азиямен, Волга Булгариясымен және Киев Ру-сімен сауда байланысы өрістеген. Қазаксганнын, әсіресе, батыс, солтүстік-батыс аудандарының халқы Руспен өте мөте беркі байланыс жасап тұрған. Русспен, Шыгыс Европаныц басқа халықтарымсн арадагы осы сауда байланыстарында негізгі дел- далдыққа жүргендер булгарлар, хазарлар, онан кейіи печсисттер мен полоисцтср болган. Византияпыц дерсктсрі Орта Азия халықтары мен Шыгыс Европа халыктарынын арасыида біздің заманымыздың VI гасырынан бастап-ак керуен саудасы болғанын айтады. Осындай айырбас пен мэдени өзара байланыстар Казақстан тайпалары мен халықтары мздениетініц д үлкен роль атқарған1.
Ел мен слдің арасындагы ежелгі достык, карым-қатынастың болгандығы ана тіліміздің сөз байлыгының кұрамынан да айқын байқалады. Бір халық пен екінші халық ертеде тек мал- мүлік пен киім-кешек, ыдыс-аяқ сияқты жалаң заттарды ғана ал-
1 Қазақ ССР тарихы, І-том, 1957, 86-бет.
мастып қоймаған, соған қоса рухани байлық та бір-біріне аурып отырған. Әсіресе бір тілден екінші тілге көптеген сөздер кірген. Осыған байланысты тілшіздегі қыруар кірме сөздерді қоғам тарихымен, казақ халқының басынан кешкен даму тарихым тығыз байланыстырып зерттеген жөн.
Казак, халкынын. басынан кешкен ұзак даму тарихында бірсыпыра елдермен араласып, ор кезеңде түрлі қарым-қатынастар жасагандығы мәлім. Ертеде тәжік, өзбек, татар халықтары арқылы ҮІІ_ҮІІІ ғасырларда араб-парсы елдерімен, XII—XIII сыпларда монгол халқымен күшті байланысты болса, XVIII ғасырдан, ягни Қазақстанныц Россияға өз еркімен қосылуы 1731) кезеңінен бастап, куні бүгінге дейін орыс халқымен тікелей достық-ынтымақтастық қарым-катынаста келеді. Осындай ұзақ ауыс-түйіс, мол байланыстан кейін қазақ тлінің сөздік құрамында қыруар кірме сөздер пайда болған.
Кірме сөздер (заимствование) деп әрбір тілдің өзіндік сөз тудыру тәсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен-жасалған өздерді айтамыз. Яғни сөздің белгілі дыбыстық түр-тұрпаты мен магынасы екеуі де өзге тілге қатысты сөздер кірме сөз делінеді. Жср шарында өмір сүріп келе жатқан үлкснді-кішілі халық-тардың қай-қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме создер көптеп кездеседі. Мәдениеті кенжелеп дамы-ан ұсақ халықгарды былай қойганда, мәдениеті гүлденіп өскен ең озат дегсн халықтардың сөздік құрамы да таза төл сөздерден құралмайтьшдыгы дәлелденген. Зерттеушілер ағылшын тілінің сөздік кұрамының не бары 30 процент шамасында ғана өзінің төл сөздері, ал қалганы өзге тілдерден ауысып келген дегенді айтады. Түркі тілдсрінс де көп елдерден неше алуан сан-салалы сөздер ауысып келгендігі белгілі гана болмаған, екі жақтыболған.
Г. Мұсабаевтыц пікірінше, аң атаулары, әсірссе, қүс атауларыныц көпшілігі иран тілінс түркі тілдерінен ауысқан. .Сонымен қатар түркі тілдері араб-парсы халықтарына мынадай ұғымдагы сөздерді бергендігін айтады. Мысалы: ата, ата-ық, адырна,-орда, ақша, елші, адас, ұлы, құрылтай, бүлдіршін, қылыш, қонақ; бұғау, ту, темір, шабар, сорпа, тоқпақ, қаймақ, құл, ұлүс, олжа, өлік, өлекшін, жылқы, қаз, қарга, қарақұс, сұңқар, қызыл, қылшық, қалпақ, қамшы, қосын, қарауыл, қарақшы, қайық, аю, арыстан1.
Орыс тілінің сөздік құрамындағы айран, алтын, атара, аул,
балес, башка, болван, ералаш, кабарга, каймак, караул, кишлақ
кочевать, кумыс, кунак, очаг, сайгак, серьга, сургуч, табун,
тамга, тумак, тюбетейка, урман, чекмень, чий, чубарый,= чулан, тютюн тәрізді сөздер ертеде түркі халықтарынан ауысқан. Н.К.Дмитрневтің пікірінше, түркі тілдерінің ықпалы славян тек тілдерінің лексикасына ғана әсер етіп коймаган, славян фо-нетикасына бір сөзбен айтқанда, жалпы тілінің бүкіл система-
Кеңеспаев,Г. Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі, (Лексика, фонетика) 1962,
сына күшті ықпал егкен1. Орыс тілініц қүрамындаш түрк сөздерін зертіеуге арналган едбектердің бірі — “Орыс гіліндегі, түркі сөздерінің сөздігі”2.
Бұл сөздікте орыс тіліне енген скі мыңға жуық түркі сөздері қамтылган. Бүған қараганда өзге тілдер түркі халықтрының тілдсріік- қаншалықты игілікті әсер еткен болса, түркі_халық- гарының тілдері де сол тілдерге кем ықпал етпегендігі байқа-лады. Алайда бір тілден екінші тілге сөз ауысқанда ауысқан сөздердіц сан мөлшері әрдайым тең болады деген теріс ұғым тумауға тиіс.
Қазақ тілінің сөздік қүрамындагы кірме сөздер негізінен төрт халықтан келіп енген: 1) араб тілі, 2) парсы тілі, 3) монғол тілі,
4) орыс тілі.
а) Араб-парсы тілдерінен енген сөздер. Зерттеушілер негізгі сөздік қорға тон үш түрлі айырым-белгі (критсрнй) бар екендігін айтады: 1) ұүзақ тарихи кезецдерде заттар мен құбылыстарды өзіне тон ерекшелігімен көрсетудегі сөздердің түрақты 2) негізгі сөздік қордағы сөздердің жана сөз тудырудағы қабілеттілігі,
3) кең қолданысқа түскенде негізгі сөздік қордағы сөздердің жалпы халықтығы мен түсініктілігі. Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздердің барлыгы бірдей қазақ тілінің сөздің қорына жаппай енбегенімен, оның ішінде сөздік қордагы қазақтың төл сөзіндей үзақ емір сүріп, жаңа сөздер жасауга ұтытқы болған байыргы жасамыс сөздер көптеп табылады. Мысалы:ас, абырой, ар, дүние, аспан, батыр, бақыт, шаруа, қызмет, ақыл, құдай, қуат, дау, хабар, пайда, әйел, қас, баға, әл, азамат, айуан, дос, т. б.
Бұл сәздер өзінің кірмелігіне қарамастан, ұзақ өмір сүріп сөздік қордагы сөздерге тән барлық қасиетке ие болған. Мәслен, ас (аш) деген сөз парсы тілінен ауысқанымен, өте ерт , маннаи бері тілімізде өмір сүріп келе жатқандығын дәлелдейтін мынадай толып жатқан мақал-мәтелдер бар: асадамның арқауы; ас жүрген жерге дерт жуымайды; ас иесімен тәтті Ас созініц жаца сөз тудыруға қабілсттілігін лексика сннтаксистік сөз тудыру жолымеи жасалған: ас бүршақ, ас касық, ас зан, ас болу, ас беру, ас ішу т. б. күрделі сөздер дәлелдейді. Бүл сөздіц жалпы халықтык мәні мен түсініктілігін күнделікт қарым-қатыпастагы қолданысынан, жиі айтылуынан айкын көрінеді.
_ Бақытг бақ деген сөздер араб тілінде бір гана формада_ бәхт) айтылса, біздің тілімізге келіп, екі түрлі мәндес сөз болып қалыатасқан. Бұл сөздің де қазақ тіліне ертеден кіріп сіңіскен-дігін көптеген макал-мэтелдерден көруге болады. Өйткені халықтың айтуынша: “Мақал — сөздің атасы” екендігі сөсіз
И.К.Дмитриев.О тюркских элементах русского словаря “Лекси-ксграфический сборникк” вып , III, 1958, стр. 3—38, .
Е.Н.Шишова. Словарь тюркизмов в русском языке. 1976
‘М.С.Гурычева и Б.А.Серебренников. Задачп изучепия основного , “Вопросы языкознания”, 1953, № 6, стр. 12.
Мысалы: татулық — табылмас бақыт; ер жігіт бақыттыц қон-ғаны білмейді, ұшқанын біледі; бақыт кілті еңбекте, т. б, Ба-
қыт деген сөз көп замандар бойына халыкка әбдсн танылып, ец
‘қажеті сөзге айналды. Соныц нәтижесінде 6ұл сөз көптсгсн ма-қал-мәтел жасауға, туынды сөздер мен күрделі сөздер туды-
руға да ұйтқы болды. Мәселен, бақыт деген сөзден бақытты, бақытсыз: бакыттылық, бақытсыздық тәрізді жеке сөздермеп қа-
тар бақыт қону, бақыты жану, бақыт қусы, бак, таластыру, ба-
ғын ‘байлау, бақпен асу сияқты күрделі сөздер мен фразалық
тіркестер де туып қалыптасқан. Сөздік қорға енетін сөздерге тән тағы бір ерекшелік көне дәуірді басынан өткізгендігінін. бел-^ —гісі- сөздердін көп мағыналылығы. Тілімізге енген араб-парсы 1 сөздерінің ішінде де көп мағыналы сөздер жиі үшырасады. Мә-слен араб тілінен енген дүние,(дүпийа) деген сөздің бірнеше лексикалык мағыпалары «бар. Соның пәгижесіпде бұл сөз төрт түрлі синонимдік катарда (дүнис—зат, дүние—әлем, дүние—жа-ратылыс, дүние— өмір) қоблданылады. Қөп мағыналы сөздер ауыспалы мағынаның негізінде пайда болады. Тілгс әбден сіңі-
сіп жалпы халықтың сипат алган сөздер ғана көбіне-көп ауыс-палы мағынада қолданылады. Олай болса, ауыспалы мағынада жұмсалу арқылы сөздіц көп мағынаға пе болуы тек сөздік қордағы сөздерге тән ерекшелік деп танылады. Араб-парсы тілдерінен келген бірқыдыру сөздср қазақ тіліне әбден орнығып, сіңісіп алган соң ауыспали магынада қолданыла жүріп, жаңадан інеше қосымша магына үстеп алғандығы байқалады. Мәселен, араб тіліндесәби (саби) деген сөз бала, бөбек дегенді гана біл-дірсесс, қазақ тілінде осы магынаны толық сақтай отырып, оның үстіне жас дсген сындық мағынада да қолданыла беретін болған. Шыны (чини) деген сөз де парсы тілінен бір гана мағынада ау-ысып келсе, қазір терезенің әйнегін де, бөтелкені де, кесені де шыны деп атай береміз. Сонымен қатар шыны май, шыны қар деп метафоралық мағына тудырып, таза деген сөздің орнын ба-лама стіп жүмсаймыз. Балалы үй базар дегендегі базар дегенді базар сөз парсы тіліндегі рынок мағынасында емес, той-думан, қызық дсген| ұгымда ауыспалы магынада айтылып жүр, Демек, араб-парсы тілдерінен енген көптсген бір кездегі кірмс сөздер казіргі кезде ана тілініц төл сөздсріндсй болып, мәнді кызметке жсгілгендігін кәреміз. Мұндай сөздер қазіргі кезде өзінің кірмелігін бір жола жойып, негізгі сөздік қордан түпкілікті орын тсуіп отыр. Араб-парсы тілдерінсн ауысқан сөздсрдід актив-пасспв болып тілде кызмет атқару жагынан бәрі бірдей деуге болмайды. Бұл өзара негізіцен төрт топқа бөліп қарауға болады: . 1. Тілге әбден сіңісіп, қазақтын байыргы төл сөзіндей жым-дасып кеткен өнімді актив сөздср. Бүлар қазақ тілінің сөздік қорына басы-бүтін еніп, әбден тұрақтаиган. Ұзақ өмір сүріп, тілде көп әрі жиі қолданғандықтан, әрбір жаңа сөз бұрыннан тың мағына тудыруга үйытқы болып келе жаткан жұрттың бәріне танымал сөздер дсп есептеледі. Мысалы: ас, бақыт, ар, дүнне, шаруа,, ол, дос, зат, қас, батыр, г. б. -*
2. Жалпы халыкқа таныс, әрі түсінікті бола отырып шаруашылық пен өндірістің, түрлі мамандықтың белгілі бір саласында басым жумсалатыи терминдік сипат алған арнаулы сөздер. Мысалы: емтихан, үкім, шарт, зейін, акнар, мәлімет,_ кұн, мата, сабак, мұғалім, ғалым, аспап, есеп, арыз, киял, дәуір, табиғат, дәлел, маусым, т. б.
3. Әр түрлі экспрессивті-эмоциялық мәпі бар, ерекше стилдік реңк тудыратын сөздер. Мысалы: махаббат, нүр, есім, әмір,1 сапар, мәртебс, азамат, дария, мырза, шопан, жомарт, дидар, ажар, жамал, перзент, шапақ, шокірт, үстаз, нәресте,ғұлама, мәшһүр, т. б.
4. Сөйлеу тілінің аясында гана айтылып, әдеби тілдің^шең- берінен біржола ыгысқан немесе ығысуға жақын жүрг сөздер. Мысалы: қаракет, мұғдар, құбыла, мүкәммал, шайыр медет, сауал, мүттәйім, шарапат, пүл, дәуіт, тағлым, шаһар, мейман, уәж, ауқат т. б.
Араб-пареы сөздері тілімізге негізінен үш саладан енгеп:
а) гылым мен мәдениетке байланысты сөздер; ә)үй,тұрмысы мен шаруашылыққа қатысты сөздер; б) дінге байланысты сөздер.
Қазақ тіліне бүл сөздер тікелей келіп енбеген, тәжік, өзбек, және татар тілдері арқылы келіп сіңіскен. Сондықтан болса керек, зерттсушілер түрік халықтарымен салыстырғанда араб- парсы сөздерінің сан мөлшері қазақ тілінде недәуір кем де есептейді. Өзге тұрік тілдерінен сан жағынан аздау болганымен араб-парсы сөздері казақ тілінде де бірқыдыру баршылы.Бұл- сөздер бізге сауда, дін арқылы, шыгыс халқыныд классикалық әдеби мүралары арқылы тараған. Сонымен қатар “кітабм тілдін” үлгісімен жазылған шығармалар да араб-парсы тілдерінен келгеи сөздердің ел арасына тез тарап, тез сіңісуіне, жалпы халықтық сипат алуына үлкен ықпал еткен. Абай салған жаңа жазба адебиет дәстүріне дейінгі қолына қалам ұстап, шырма жазган қазақ ақындарының көпшілігі “кітаби тілдің” сүрлеуі нен онша ұзап кете алмаған. Бүған бой ұрмағандар кемде-кемдеуге болады. Сол дәуірдегі жазылған шығармалар қоғамның саяси және мәдени өміріне, дінге қатысты кыруар сөздер әкеліп халық тілін ар турлі салада байытуға азды-көпті барынша үлес қосқан. Соның нәтижесінде бірқыдыру араб-парсы сөздері жалпы халықтық сипат алып, қазақ лексикасына етене болып сіңісіп кете барған. Араб пен парсы елдерінен сөз алмасу өте ерте кезден басталған. Бұл дәуірде таяу және Орта Шығыс халықтарыныц мәдени өмірінде араб тілі халықаралық тілдің қызметін ат—қарады1. Октябрь революциясы жеңіп, Қазақстанда Совет үкіметі құрылғанға дейін бүл карым-қатинас азды-көпті үзілмеген. Соңдықтан болса керек, тіліміздегі араб-парсыдан ауысқан сөз-дердің басым көпшілігі сыртқы тұр-тұртаты жағынан бол-
‘Л.З.Рустемов.Қазіргі қазақ тіліндегі і араб-парсы кірме сөздері,Алматы,1982,8-бет.
сын іші мән-магынасы жарынам да әбден жымдасып, казақтың өзінің тәл сөздеріндей етене болып кеткендігі байқалады. Тіптен кейбіреулерін тарихи деректерге сүйеніп, ғылым зерттеу арқыл болмаса, басқа тілдерден ауысқандыгын жай көзбен айқындау киын сияқты. Қүнделікті тұрмыста өте жиі қолданылатын мал нан, ар, ас, ақыл, устаз, зат, адам, дау, адал, дос, арзан,ән, ‘уақыт, әдет сияқты сөздердің араб-парсыдан келгендігіне қарапайым халыкты сендіре алмауға да болады. Тіліміздегі араб—парсы елдерінен келген сөздер түр-түриаты меп мәнмағынасы жағынан бәрі бірдей емес, ала-құла. Қейбіреулері сыртқы-формасы мен мән-мағынасын түп-түгел толық сақтап, ешбір өзгеріске ұшырамаган. Мәселен, араб тіліндсгібулбул, хал, зат, мирас, сакара, устаз, алла, нііет сөздері мен парсы тіліпдегі арай ‘ишан, дидар, шарт, дана, мол, жай, саз, нан, надан, шер, базар рай,-шабандоз, жан, дарира сөздерінің марынасы мен тұлғасы шыққан жерінде қандай болса, келген жеріпде (қазақ тілініе) де нақ бірдей. Ал араб-парсы тілдерінен ауысқан көптеген’ сөздерге тәп қасиет сөздің мағынасыи толық сақтай отырып, сыртқы формасын қазақ тілініц дыбыстық заңдылырына кейде түгелдей, кенде жарым-жартылай бағынып өзгеріп отырған. Сырт формасы танырысыз болып өзгерген сөздерге мыналар жатады: арба (А. гәр әбә), ынтымақ (а. иттифақ), кесе , каэс), опа (а. уәсра), мөр (а. муһр), серік (а. шәрик), бекем \. мәхкәм); бейіт (п. би-бәд),дэрігер (д. даругәр), дауа (п. дә-:), көпшік (п. кәфчәк), жендет (п. джәлад), шәкірт (п. ша-Ід) т. б. Сырт формасы жарым-жартылай өзгерген сөздерге. мыналар жатады: қиял (а. хиал), тағам (а. тәрам), пэн (а. фән), (а. сәдоқә) талап (а. талаб), қант (а. қәнд), зсер (а.әсәр) т. б.
Араб-парсы тілдерінен келген қайсыбір сөздер түр-тұлғсын ғана емес, мон-мағынасын да жаңартып өзгерткендері бар. Мә-селен, парсы тіліндегі қун(хун) деген сөз қан (кровь) дегенді білдірген болса, қазақ тіліне снген соң, бұрынғы мағынасынан ажырап, өлген кісіге төленетін төлем акы ұғымына ауысқан. ‘Мысалы: Ердін қуны, нардың пұлы. Ердің қунын скі ауыз сөз-бен бітірді (мәтол). Қейіннсіі бүл сөз аталған ұгымынан тағы ажырап, қазір нарык, бага дсген сөздердің синрнпмдік қатарында жұмсалатын болды. Соңгы ұгымра қатысты қазақ тілінде құнды, бұнсыз, құндау, құндану, өзіндік. құн сияқты жаңа сөздер туып қалыптасты. Кемпір (кәмпир) деген сөз парсы тілінде қаусаған шал ұрымында айтылса1, казақ тілінде жасы егде тартқан қартайган әйел магынасында колданылатын болған. Бей-сауат (бисәвад) деген сөз парсы тілінде хат танымайтын, оқымаған, сауат жоқ адамды айтса, қазақ тілінде бос, құр бекер деген мағынада жұмсалады. Сол сияқты араб тілінде ар (гар) масқара бет, өлім деген жарымсыз ұгымда айтылған бол-
С. Галжанов. К вопросу о влияиии персидского языка на казахский, Сб. «“Тіл мәселелері”, км. 2-Я, 1936, стр. 37. __
ІИ308
са, казақ тілінде намыс, үят, адамгершілік мағынасында қолда- нылады. Ашна (әшна) арабта білгір, білімді деген мағына ай- тылады. Ал қазақ тілінде бүл сөз сүйіспсншілік, көңілдестік ұғы-
мында жұмсалады.
Қелтірілген тілдік материалдарға қараганда, араб-парсы тіл- дерінен ауысқаи сөздер қазақ тілініц талқысына түсіп, әр түрлі- өзгерістерге үшырагандарын көреміз. Бүл тілдерден келген сөз- дер мағыналық жағынан гөрі сыртқы дыбысталуы жагынан кө-бірек өзгерістерге түскен.. Соның салдарынан бір сөз бірнеше’ вариантта айтылып, әрбір вариант кейіннен бір-бірінен алшақ- тап, дербес мағыналы сөзге айналып кеткен. Мәселен, басында бір сөздің екі түрлі варианты есебінде қатар айтылып жүріп қазіргі кезде екі түрлі дербес мағыналы сөз ретінде дараланып кеткен мынадай сөздер бар: ғылым—ілім, шарт—серт, хал- әл,үкім—өкім, өкімет—үкімет, ауа—әуе, кінә—күна, табигат-бет, сағат—-сәт, қағида—кәде т. б. Демек, араб-парсы тілдерінен енген сөздер қазақ тілінің сөздік құрамын сан жағынан ғана байытып қоймаған, онын лексикасын түр-тұрпаты жагынан бол-сын, мән-мағына жағынан да кеңейтіп кемелдендірген.
Араб-парсы тілдерінен ауысқан кірме сөздер қазақтың төл сөздерімен синонимдік қарьш-қатынаста жүмсала жүріп, стиль- дік мәні жағынан саралапуда алуан-алуан ықпал жасады. Әдеби тілде қайсысы үстем қолданылуы жагынан төл сөз бен кірме сөздердіқ арасында сан-қилы тартыстар болган. Сол тартыстарда ана тілінің төл сөзі көп жағдай үстемдік алып, жеңіп шығып отырған. Мәселен, ақын мен шайыр, ақша мен пұл,жаунгер менсарбаз, оқымысты мен ғұлама, төреші мен казы, үлгі мен ғибрат, маңдай мен пешене сияқты сөздердің алғашқы сыңарлары әдеби тілде жалпы халықтық сипаты жагынан үстемдік алды. Ал бұлардьщ шеттен келген екінші сыцарлары тілдің бір-бұрышына қарай ығысып, пассив сөзге айналды. Сөйтіп ола стильдік синонимдердіқ санатыиа барып косылды. Сонымен қатар тілде кері процестер де болды, Мәселен, синонимдік қарым- қатынаста жұмсалу барысында ана тілінің бірқатар сөздері жеңіліс тауып, ауыз-екі сөйлеу тіліне қарай ығысты да, ал оның араб-! парсы тілдерінен ауыскан сықарлары үстемдік альш, әдеби тілде де орнығып, қалды. Мәселен, арабтьщ әйел (гәйал) деген қазақтың қатын деген ежелгі жасамыс сөзін әдеби тілде қуып шықты да, оның орнына осы сөздің өзі мықтап орын тепті.
Сол сиякты араб-парсы тілдерінен келген бұлбұл деген сөз сандурашты, қала кентті, тағдыр жазмышы, ұста теміршіні шөлмекті жалпы халықтық колданыстан шығарып пассив сөзге айналдырды, бүлардьщ шеттен келген сыңарлары әдеби тілде жиі айтылатын актив сөз болып калыптасты. Әдеб тілдін аясында әлі де берік орныға алмай жарыса қолданылы жүрген қонақ пен мейман, щақпа мен дарбаза, қораз бен әтеш сияқты азын-аулақ дублет сөздер бар. Бүлар да казіргі кезде іштей сараланып, бөлінуге жақын жүр. Бұл айтылғандарга қарағанда, араб-парсы тілдерінен енген кірме сөздер мсп ана тілінің төл-
сөздерінің арасындағы саралану, орнығу жөніндегі ішкі “тар-тыс біржолата аякталып біткен процесс емес, әлі де азда болса
да жүріп жатқан кұбылыс екендігін көреміз.
ә, Монғол тілдерінен енген сөздер. Қазақ халқы XII—XIV ғасырлар монғол халықтарымен де белгілі^карым-қатынаста болғандығы тарихтан мәлім. Соның нәтижесінде монғол тілде-‘рінен қазақ тіліне бірсыпыра сөздер ауысып келіп, сөздік қү- рамда молайтуга азды-көпті себі тиген. Монғол тілдерінен ауыс-қан сөздер тек монгол шабуылымен ғана байланыстыруға бол-майды.Көршілес тұрып, тікелей күнделікті қарым-қатынас жа-
аркылы да кірме сөэдер көптеп еніп отырған. Қазақ хал-3‘ қының жарық жұлдызындай болган ғалымы Шоқан Уалиханов та түрік халыктары мен монгол халықгарына ортақ жалпы сөздер бар екендігін кезінде тап басып, айтқан болатын1. Бұл пікірді онан кейінгі зерттеушілер де қолдап жүр.
Монгол тілдерінен түркі тілдеріне немесе түркі тілдерінен .өзарга қандай сөздер ауысқан және қашан ауысқан, қандай себептермен ауысқан деген сұрауга бірден жауап беру өте қиын мәселе. Бұл әлі әбден дәлелденііт, терең жан-жақты тексеріліп, түпкілікті шешілмеген. Зерттеушілердің бәрі де қазақ пен монғол халықтарының өзара сөз ауысу қүбылысын өткен дәуірлердің жемісіне жатқызады. Шындыгы да солай сияқты. Бұл екі түрлі халықтың тілдерінде түлгасы (дыбысталуы) мен марынасы ұқсасып, тектес, әрі мәндес болып келетін сөздер көп-ақ. Мысалы: ноен (ноян), нохор (нөкер), нүүр (нұр), отор (отар), |тар (қолдық қары), жил-(жыл), жим (жым) жороо (жорға), завсар (жапсар), магнай (маңдай), мөнх (мәңгі), мәч (ин) (мешін), санаа (ІІ) (сана), сүүн(н) (сүт), төмөр (темір), туг (ту), намал (түиемел), тэгш (тегіс), тэнгэр (тәңір), унжгар (ұн-:рға), хавх (қақпан), хайран (қайран), хайч (ии) (кайшы), Ірамч (қарау), хатан (қатын), хөл (қол), хөк (көк), хуч (ин) күш), эр (ср, еркек), эрх (ерік), авга (ага), алаг (ала), ан (г), ),бүтэт (бүгін). (Монғолорос толь, 1957). Осы сөздерді қай халықтан кай халық алғандығы өте даулы мәселе. Түрік халықтары монғолдан алды ма, әлде керісінше болды ма, мүны долелдейтін нақтылы фактілер әзірге жоққа тән аҚазқ тіліндегі сөздерді сөз табына қарай жіктеп, оларды ионғол тілдеріндегі сөздермен салыстырып қарасақ, түр-түрпаты мен мағыиалары бірдей үқсас, үйлес сөздер көптеп кездеседі. Әсіресе зат есімдер мен етістіктерден көп ұқсастықтар табылатындығы байқалады. Б. Базылханның айтуынша: “Моңғолша-қазақша сөздікке енген 40000 сөздің 1500 түбірден тараған 24000_сөзі, яғни 60%-і екі халиққа ортақ желілес туынды сөздер екен’ анықталған2. Монғол тілдері түрік тілдерімен тек сөз жағынан рана емес, грамматикалық қүрылысы жағы-
Ч- Валиханов. Сочинения, Спб 1904, стр 179
Б.Базылхан. Монгол ,— казақ тілдерінщ салыстырмалы тарихы, грамматикасы. (казақша курс), Өлгий, 1937, 4—7-беттер.
67
нан да сәйкестігі бар. Түрік тілпері сиякты монгол тілдері де
жалғамалы тілдердің қатарына жатады .Осындай ұқсастықтарға қарап кейбір ғалымдар (Б. Я- Владимирцов, Н. Ф. Катанов, Г.Д.Санжеев т. б.) бұл тілдерді бір системалыі тілдердің қата-
ына жатқызуды қолдайды1. Әр системалы тілдердің тигізген ықпалы қашанда тасқа танба басқандай ап-айқын лып, көзге тез байқалады. Айқын маселе зерттеугс де онша ындық келтірмейді. Ал бір системалы туыстас тілдердіц ө-қарым-қатынасын анықтау, кімнен нендей нэрсені қашан қалай алғандығын белгілеу қиынның қиыны дсуге болады. сондықтан болса керек,монғол тілдері мен түркі тілдерініц бір-бірімен байланысы күні бүгінге дейін түбегейлі зерттеліп, бір жүйге түспеген даулы да талас мәселелердің қатарына жатады.
Б, Орыс тілінен енген сөздер. Қазақ пен орыс халықтарының( с қонысы мен өрісі ежелден іргелес, көрші елдер. Сол себептен.
бұл елдердің арасындағы сауда-сагтық, шаруашылық және
мәдени байла’ныстар өте ерте кезден қанат жайыи, дами баст- ғандығы белрілі. XVII—XVIII гасырларда қоныс араласуымен, базармен байланысты қарым-қатыиастар күшейсе, XIX гасыр- дың еікінші жартысынан бастап, Қазақстаниыц өз сркімен Россия империясына чқосылуы бұл байлапыстарды одан әрі өрісі те түскен. Ел мен елдің ұзак, уақыт үздіксіз қарым-қатынас1 болуы нәтижесінде бірінен-біріне көптсгеп сөздср ауысқан. Бірақ осындай ізгі қатынасгар мен ауыс-түйістер әр дәуірде әрклай болған. Осы ерекшелік тілден де айқын байқалады.Мәселен, біздің тілімізге енген орыс сөздерінің сыр-сипагы мен игерілу дәрежелері екі басқа. Осындай белгілеріне қарап, о лінен ауысқан кірме сөздерді екі дәуірге бөліп қараймыз: революцияға дейінгі кезең, ә) революциядан кейінгі кезең.
Революцияға дейінгі кезеңде ауысқан кірме орыс сөзде пасөз арқылы жазба түрде тарамаған, көбінесе ауызша тілі арқылы енген. Сондықтан болса керек, бүл кезендегі сөздер түгелдей дерлік, қазақ тілінің дыбыстық зацдары ғынып өзгерген. Қазіргі әдеби тілімізде де революция^а ауысқан орыс сөздері (бірлі-жарым терминдік моиі бар сөздері қоспағанда) негізінен қазақ тілінің орфоэпнясы мен-емелесіне бүтіндей сәйкесіп өзгергеи қалпында жазылады. Бүл сөздерді мынадай топқа бөліп қараймыз:
а) Тұрмыс қажетіне қатысты сөздер, Мысалы’ жәшік (яшик керует (кровать), бөтелке (бутылка), бөшкс, мөшке ( лампы (лампа); көшір (кучср), сиса (ситец), бәтеңке (ботинке галөш (галоши), барқыт (бархат), әшмошке, әшмөшке восьмушка), шайнек (чайник), сіріңке (серники), мәтке (м атица кілет (клеть), күршек .(крючок), сөтке (сутки), өшірет, шірет (очередь), малақай (малахай), пар (пара), гармон (гармонь, аршы (аршин), порым (форма), күмәжнек (бумажник), мөшек(мешок), тұрба (труба), рысқұт (расход), божы (вожжн,кәм-
1 К. Аханов. Қаақ тілі лексикасыпыц моселслері, 1956, 65-бет.
68
пит (конфеты), бедре (ведро), бишік (бичик), жарма (ярмо), камыт (хамут), шөрке (шорка), шашнай (частный), пима (пи-мы) бөкебай (пуховой), тәрелке (тарелка), самауыр •(само-вар)>мке (сумка), т. б.
ә) Әкімшшк басқару ісіне қатысты сөздер. Мысалы: ояз (уезд), шен (чин)’ мінәпас (манифест), болыс (волость), старшын (старшина), сот (суд), түрме (тюрьма), үйез (уезд), губер-:Іе (губерня), атбекет (адвокат), ауылнай (аульный), жандарал (генерал), поштабаи (почтовой), майор, контор, съезд/пристав,т.б.
б) Ғылым мен мәдениетке қатысты сөздер. Мысалы: завод, абрика, машина, пароход, минут, секунд, газет, журнал, агро-гимналія, класс, парта, интернаг, молотилка,сеялка, банка, ,семинария,физика,гемотрия,учигище,диктант,пансион,алгебра,карта,т.б.
в) Қоныс аударуға қатысты сөздер. Мысалы: участок, план, колония, землемер, хутор, аренда, десятина, склад, загон, са-
кень, т. б.
Революцияға дейінгі ауысып келген орыс сөздерінің кейбі-
реулері тез түр-түрпатын рана емес, ішкі мағынасын да өзгерт-
сндері болды. Мәселен, орыс тілінде гиря деген сөз бір нәрсе-
нің салмағын өлшегенде таразыға салып қойылатын тастарды
білдірсе, казақ тілінде бұл сез (кір) таразының синонимі болып
қолданылатын болған. Мысалы: Санақтағы сиырлар кірге тү-
сірілді ме? (Ж. Тіленов). Қір деген сөзден кірші, кірлеу, кірлесу,
кірлесу, кірге салу, кірге тарту, кірге түсу сияқты жаңа сөздер ту-
ындап казақ лексикасын байытқан. Рет (ряд) дсген сөздің
білдіретін ұғымы казақтың катар, мәрте деген сөзіне дәл кследі.
Ал қазақ тілінде бүл сөз орыс гіліндегі магынасьш бүтіндсй өз-
ртіп, басқяша мәч алган. Мәселен, Ер бір рет өледі, қорқақ
”н рет өлсді (мақэл) дегендегі рет сөзі орыстың раз деген сө-
зінің орнына жүріп тұр. Қеше пеміс бізге үш рет шабуыл жа-
сады. (Б. Момышүлы). Бұл сөйлемде рет сэзі мэрте дегөн сөзбен
синоним болып жұмсалран. Сөзін ретпен айтты дегендегі ретпен
рген сөз белгілі тәртінпен, жүйемен дегенге келеді. Егер ісім өн-
сін десең, ретіц тап (Абай). Мұнда рет сөзі қисын, жен, ынғай
‘ғынасында колданған. Демек, орыстың ряд деген сөзі қазақ
‘тіліне енген соң түр-тұрпатын да мон-магынасын да танып ал-
өзгсрткен. Сонымс катар семантикалық үғымын кеңейте
отырып, жацадан бірнеше сөздер тудыруға ұйтқы болған.Мысалы: ретті, реттік, рсттілік, рстсіз, ретсіздік, ретте,
реттсу, реттеуші, реттету, рсгтестіру, реттеңкіреу, реттелу
реті бар, реті жок, реті келмеу, рстін табу, рет саны, ретн,_рсттік сан ссім т. б. Октябрь рсволюциясына дейінгі қазақ тіліне енген
орыс сөздерініц бірсыпырасы қазақтың төл сөздерімен сино-нимдік карым-қатынаста жұмсала жүріп, көп ретте төл сөздерде басым түсіп, жалпы халықтық сипат алып отырған. Мэсслеи, орыс тілінен ауыскан бөтелке, бөшке, гармон божы, кәмпит, бишік, кірпіш, сіріңке, көшір тәрізді сөздер
69
қазіргі әдеби тілден мықтап орын тепкен дебұлардың ана ті-лліндегі сыңарлары сөйлеу тіліне ығысқан. Сөйтіп пассив сөзге айналған.Қазір сіріңке деген сөз тұрғанда оның орнына оттық күкірт-шакІпакІ деген сөздерді қолдану әдеби норма болып табылмайды. Сол сияқты гармон деген сөз тұрғанда сырнай керней, ал кірпііи тұрғанда қыш деген сөздер әдәби тілде ешбір
колданылмайды. Демек,бұл сияқты орыс сөздер сөздік қорға түпкілікті кіріп,әбден орнығы алған. Енді бір жағдайда қазақтың төл сөздері орыс тілінен ауысқан сыңарларын сөйлеу тіліне қарай ығыстырып жіберген.Мәселен,шыт тәулік,кезек,қап-құлақшын,шам,ілгек,ине,кесе,деген сөздерәдеби тілдің шеңберінде жалпылама қолданыла береді.Ал бұлардың орыс тіліне келген сөз сыңарлары:сиса,сөтке,өшірет,мөшек,малақай, лампа,қожайын,күршек,пияла,сияқты кірме сөздер көбінесе көркем шығармада белгілі кейіпкердің тілінде ғана кездеседі. Сонымен, революция-дан бұрынғы кезеңде кірген орыс сөздерінің қалыптасуы мен тілге сінісуі бір дәрежеде емес қилы-қилы екендігі байқалады. Орыстың пара деген сөзі біздің тілімізге пар болып ауысқан.Пар деген сөзден парластру,параласу,парлату,паралау тәрізді жаңа туынды сөздер жасалып,сөздік құрамды байытуға ат салысқан. Сол сияқты мәнерлі сөз, мәнерлеу тәрізді жаңа ұғымның тууына орыстың манара деген сөзі себепкер болса,межелі жер,межелеу деген тың сөздердің жасалуына да орыстың межа деген ,сөзі ұйтқы болған.
Ертеде ауысып келген сөздердің ішіінде әр түрлі стильдік мән тудырып жүргендері де бар. Мәселен шен,чин деген сөз орыс тілінде әскери атақ,дәреже білдірсе қазақ тілінде айтылады.Шен деген сөзден шеналу,шен-шекпен шендес,шеншіл, шенқұмар деген жағымсыз мәндегі сөздер туып қалыптасқан.Міне,осы сияқты қолданыстардың барлығы да орыс сөздерінің білінбей сіңісіп кемкендігін көрсетеді.Сондықтан да революция дейінгі кірген орыс сөздерін қазақтың байырғы төл сөздерінің құранды бір саласы ретінде өз алдына бөлек қарауға тура келеді.
Революциядан кейінгі кезенде орыс сөздері біздін тілімізге тасқындап көптен енді.. Біздің елдегі барлық халықтар лениндік ұлт саясатының арасында тең праваға ие болып,өздерінің ұлмық мәдинеті мен тілін,шаруашылығы мензэкономикасын,өндірісін барлық жағынан емін-еркін құлаш жайып дамытуға зор мүмкіндік алды қолайлы жағдай жасалды. Совет Одагындағы өзге жұрттар сияқты теңдік алып, бостандыққа қолы жетіп,түрі ұлттық мазмұны социалистік дербес ұлтреспубликасы болып қалыптасқан көптеген халықтардың бірі-қазақтар.Бұл халықта революцияға дейін мәдениеті кенжелеп дамыған ең мешеу-елдердің қатарында болды.Қазақ тілі ұлттық мемлекеттік тіл.
70
ге бірден аиналған жоқ. Мұның өзі тілді үздіксіз байытып, біртіндеп кемелдендіру нәтижесінде қол жеткен тарихи, қоғамдык жетістік екендігі сөзсіз. Бұл ретте Октябрь революциясынан кейін орыс тілінің тигізген ізгі ықпалын айрықша атап өтпеске болмайды. Орыс тілі бұл кезеңде біздің елдегі үлкенді-кішілі халықтардың тек сөздік құрамының кемелденіп баюына ғана әсер етіп қойған жоқ, барлық ұлт тілдерінің фонетикасы мен фразео.логиясына, морфологиясы мен синтаксисіне, стилистикасына да, бір сөзбсн айтқанда, тілдердің барлық жағынан күшті карқынмен дамуына үлкен ықпал жасап келеді1. Советтік дәуірде орыс тілінің өзі де жана социалистік қоғамның жаңа өндіріс-тін, жаңа мәдениет пен моральдың жаңа ғылым мен техниканың пайда болуына байланысты кемеліне келіп мықтап байыды да, сол аркылы басқа халықтарра игілікті ықпал жасады. Қазақ халкы да тек осы дәуірде гана орыс тілінің туысқандық көмегімен өзінің барлық саладағы ғылыми терминологиясын жасап алуға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде бұрынғы жай күнделікті тіршілік пен қарым-қатынастың ғана құралы болып келген қарапайым қазақ тілі бүгінде ғылым мен техниканың, экономика мен күрделі шаруашылықтың, озық мәдениет пен саясаттың ең өткір құралына айналып отыр. Біздің тілімізге енген интернационалдық терминдер тек орыс тілі арқылы келіп сіңісті.
Бір тілден екінші тілге сөз ауысу құбылысының өз кезеңі, өз зандылығы бар. Әсіресе өндіріс пен техниканың күшті қарқынмен қаулап өскен кезінде, ұлт мәдениетінің қанат жайып гүлденіп дамыған шағында, әрбір тіл халык тілінен ұлт тіліне ауыды да, тілден тілге сөз ауысу бүрынгыдан молырақ болады. Бұл кезеңде әрбір тілдің өзінің ішкі мүмкіншіліктері өзін-өзі камтамасыз еге алмайды, мұлдем жетіспейді. Лажсыздан өзге алдыңгы қатардагы дамыган тілдсрдің біреуінен қажетті сөздерді көптеп алуға тура келеді. Қазақ тілі революциядан бергі кезенде өзінде жоқ, жетіспеген сөздерцін бәрін орыс тілінен (немесе осы тіл арқылы) алды, Бұрынлы-соңды тілімізде айтыльш кермстен көл-көсір қыруар тсрмин се^дер ауысып келді, Олар бір-бірлеп, сыналап кірген жоқ, лек-легімен, топ-топ болып, та-сыган судай тасқындап енді. Бұлардың басым көпшілігін орыс тіліндегі қалпында, тұр-тұлғасы мен мағынасын бірдей өзгертпей қабылдадық, Терминдердің жазылу принципі де сол келген тілге бүтіндей бағындырылды Бір қыдыру терминдік ұғымдағы сөздер калька жолымен қазақша сөзбе-сөз аударылып алынды. Бұлар казақтың ұлттық киімін киді де, Қазақтың байырғы төл сөзіндей егене болып мулдем сіиісіп кетті. Қайсыбір термин сөздер бірдс қазақшасы, кейде орысшасы жарыса қолданылып, дублет ретінде жұмсалынып жүр.
1 П А. Исенгалиева. Тюркскис І.гаголы с основами, заимствованными из Русского языка, 1966, сір 10, *’
71
Біздің өмір сүріп отырған социализм дәуірі-ғылым мен техиканың заманы.Олай болса терминология дегеніміз ғылым мен техникалық тілі,бүгінгі социализм мен араласпайты бірде бір шаруашылық пен өндірістің саласы жоқ.Қазіргі уаққыта казақ тілінің сөздік құрамы жыл санап емес,ай сайын дерлік өсіп толығып отыратын болады.Қазақ халқы революцияға дейің негізінен екі-ақ түрлі кәсіппен (мал мен егін) шұғылданып келген болса, қазір біздің республикамызда ондаған шаруашылық пен өндірістің түрі бар. Әрбір шаруашылық пен өндірістің өзіне меншікті, телінді сөздер де көбейді. “Жері байдың — елі бай,елі байдың — тілі бай”,— деген осы. Қазақ тілінің сөздік құрамындағы сөздердің шексіз баюымен байланысты бұларды тұтастай да, сала-салаға бөліп те сөздік етіп шығару талабы келіп туды. Екі тілді терминологиялық сөздіктердің бізде бірнеше кітабы (барлыгы 70-ке жуық) басылып шықты. Соның нәтижесіпде қазақ терминологиясын жинан-теріп, оларды іштей мағына жағы нан саралап, халықтыд игілігіне жаратуда қыруар жұмыстар атқарылды. “Орыс тілінің қазақ тіліне тигізген ықпалын айтқанда, көп адам одан тек жеке сөздердің тікелей ауысуын ұғады. Шындығында, бұл оның бір-ак. жағы. Орыс тілінің казіргі казақ тіліне тигізіп жатқан басқа да сан алуан игілікті ықпалы бар… біз, ең алдымен, орыс тілінін негізінде әрбір терминдері міз бен атауларымыздың ұғымдық жіктсрін ,саралап жатырмыз”1.
Орыс тіліндегі терминдерді қазақша сөзбе-сөз аударып а да мынадай игілікті ықпалдчр болды: 1. Орыс гіліндегі сәздерге лайықты балама іздеп табу нәтижесінде кейбір дублет сөз дербес мағына алып, бір-бірінсн сараланып бөлініп кетті Мәселен;
оқу-білім-ғылым-ілім-сияқты бұрынғы синонимдес сөздер,
қазір жеке-жеке магынаға ие болып, өзара сараланып отыр. Мысалы: оқу—учеба, білім—знание, ғылым—наука, ілім-учение. Сол сияқты ту (знамя) мен жалау (флаг), қолғап (рукавица), пен биялай (перчатки), гемекі (табак), мен шылы. пироса), кінә (вина) мен күнә (грех) тәрізді жарыспа ‘ сөздердің жігі бір-бірінен ажырап, нақтылана түсті.
2. Орыс тіліндегі термин сөздерді кззакша аударып кейбір аз мағыналы сөздер активтеніп, белсенді қызметкс жегілді. Соныц нәтижесінде дяра мағыналы сөздср көп мағынал лыт қалыптасты. Ягни кейбір сөздердін, сементикалық ше: кеңіп, сапа жагынан дамыды. Мәселен, орыстын фоңд, запас резерв дсген үш түрлі сөзі казақтың қор дегсн бір гана сө аударылып жүр. Сол сияқты орыс тіліндегі строй, стройкл, стронис устройство, строигельство, постройка, тәрізді бірнеше минге казақша құрылыс дегсн жалғыз сөз балама болып алын—1
1 Ә. Сатыбалдиев^Рухани қазына, 1965, 236-бет.
72
ған. Вывод, заключение дегендердін мағынасы қорытынды деген сөзбен берілген._
3 Орыс тіліндсп терминдерге лайықты атаулык баламалар табу үстінде күнделікті қолданыска түспей, қалтарыста какас қалып жүргсн ана тіліндсгі кейбір көнерген сөздер мен жергілік сөздер сөздер активтеніп қайтадан іске қосылган. Мәселен. терминогиялык сөздіктс стрелка деген сөз тіл, жебеболып скі түрлі сөзбен берілген. Здание—ғимарат, үй, жай, тиф—сүзек, кезік: —перепонка жаргак, желқабық; мочевой—несеп куығы, тынжы; испаражение—нәжіс, дайрақ, ұлы дәрет болып, орыс тілінен казақшаға аударылған. Осындагы жебе, ғимарат дегендер — ар-хаизмдер, ‘кезік, желқабық, тынжы, дайрақ дегендер^жергілікті сөздер. Кажетті жерінде бұлар да әдеби тілдің белгілі кәдесіне
жараған.
4. Орыс тіліндеп терминдерді аударып алуда кейоір қазақтың төл сөзі бұрынгы негізгі мағынасынын үстіне терминдік жаңа мағына косып алған. Мәселен, сыбаға, деген сөз бұрынғы мағынасынын үстіне орысша удел (сыбагалы салмақ) деген терминдік мағына, жеу, қурбан ету дегендер орысша жертва деген спорт терминінің орнына қолданылады. Мешел деген сөз медицинада рахит, ал теміреткі экзема деген сөздердің орнына балама епп алынған.
5. Орыс тіліндегі терминдерді қазақшага аудару барысында тіліміздегі көпіеген жұрнақтар, әсіресе -у, лык/лік, -ыс/-іс, ма, ме сияқты аффикстер белсенді қызметке жегіліп, сөзден сөз тудыру қабілеті мейлінше кеңенгендігі байкалады. Мысалы со-зревание — пісу, жетілу; увольнение — босату, шығару; отрав-‘ение — улану, үшыну; поощрение — мадақтау, көтермелеу, кру-жок— \үйірме, надстройка — қондырма, колебание — тербеліс,литье — құйма, плавка — балқыма, доказательство — дәлелдемс, соединение — қосылыс, осыпь — қорым, жипглма; реше-»’ ние— шсшім.донесение — хабарлама т. б.
Революцияға дейін орыс тілінен қазақ тіліне бір гана жолмен (ауызекі түрде) сөз ауысса, революциядан бергі кезенде екі түрлі жолмен сөз алдық. Оның біріншісінде жекелеген терминдер сол күйінде тікелей келіп енді. Екіншісінде орыс тілінен терминдері өз тілімізден лайықты балама тауып, ұгымын сөзбе-сөз аударып алдық. Екеуі де баспасөз арқылы жазба түрде тарады. Қазақ тілі өзінде жетіспеген жоқ сөздің бәрін соңғы жана дәуірде орыс тілінен алды да аз уақыттың ішінде өзінің сөздік құрамын барынша байытты. Соның нәтижесінде қазақ тілі өзінен пәлен гасыр бұрын дамыған озық мәдениетті елдермен терезесі тең түсіп отыр. Бұл тілде бүкіл совет әдебиеті жетістіктсрінің бірі болып, саналатьш Мұхтар Әуезовтың төрт томдық Абаи” эпопеясы жарык көрді. Бұл шығарма өзінің тамаша да тарамды мазмұнды сюжетімен де, көркем де нәрлі тілімен де дүние жүзіндсгі классикалық шығармалардың алатын қорына
Русско-казахский словарь.Под редакцией Н.Т. Сауранбасва, 1954.
73
еніп отыр. Осы ұлы шығарманың түп нұсқасы бүгінгі қазақ, тілінде жазылды. Ұлы шығарма ұлы тілден, дана халыкган ғана. туады. Қазақ халқының жазба әдебиетініц атасы ұлы Абай болса, опың ұлы идеясын жалғастырып, жаца дәуірде дамытқан үлы Мұхтар болды. Бұл екі дана адам да орыс тілінен нәр алып,ұлылық қасиетке орыс халқының озық идеясы меи алдыңгы қатардағы мәденнетіне терең бойлау арқылы жеткен.
Бұған Абайдың мына сөзі дәлел: “Орыстың ғылымы. өнер дүниенің кілті. Оны білгенге дүние арзанырак түседі… Орысша| оқу керек, хикмет те, мал да, онер де, ғылым да — бәрі орыста тұр… Олар дүниеніц тілін білді… Сен оның тілін білсен — көкі- рек көзің ашылады*.
Олай болса, қазак халқының мәдсниет пен тіл саласында қолы жеткен зор табыстарының бәріне де орыс халқының, әсіресе оның бай норлі тілінің игілікті ықпалы. болғандығы сөзсіз.
в) Интернационалдық терминдер. Жер шарындағы тіл біткеннің бәрінде де кірме сөздер бар және болуға да тиіс
К. Маркс: “Қандай ұлт болсын бір-бірінен ұйренеді және үйренуі де қажетсг”— дейді. Әр халықтың бір-бірінен “үйренінің” көрінісі — өзара сөз алмасуында. Қазақ тіліндегі терминдік мәндегі сөздерді саралап, жіктеп көрсек бұларды қолданудың аясы әрқалай. Қөптеген терминдер белгілі бір тілдегі ғылым мен өндірістің немесе шаруашылык пен кәсіптің белгілі бір саласын ғана меншіктеп, соган телінді болып тар көлемде өмір сүреді. Қейбір терминдер жалгыз бір тілдің аясында шектелген түрдс емес дүние жүзіндегі барлық тілдерге ортақ кең шенберде қолданылады. Осындаи көптеген тілдерге ортак халықаралық сөздерді интернационалдық терминдер деп атайды. Мысалы, социализм химия, атом, театр, графика, конституция, рсволюция, демокра тия, архитектор, циклон, совет, роман, поэзия, пейзаж, конти- нент, аптека, эксперимент, система, коымунизм, пионер, палата, базис, металл, алфавит, климат, магнит. планета, хор, арена, автор, экзамен, цирк, доктор, градус, депугат т. б. Интернационалдық терминдердің шығу тегін іздестіріп қарасақ, көбінесе грек пен латын тілдерінен тарағандьны байқалады. Мәселен, гармония, графика, автомобиль, телефон, телеграф, синтаксис’ филология, зоология дегендер грек тілінен шықса, агрессия,материализм, террор, объект, конституция дегендер латын тілінен тараған. Сонымен бірге осы кездегі тірі тілдерден де көптген интернационалдық сөздер шықкан. Мәселен, қазіргі қазақ тіліндегі танк, комбайн, трактор, блок, бойкот, бокс, футбол,клоун, вокзал, рекорд, клуб, торт, сквер, гол, тренер, финиш,.матч бюджет, лидер деген терминдер шығу тегі жагынан агы. тіліне жатады; люстра, портфель, компот, билет, гсктар, пальто, мебель, шовинизм, авангард, десант, атака, такси, машина, аванс, массаж, наркоз дегендер француз тіліне жатады; папка цех, штраф, кран, слесарь, танец, штаб, штурм, курорт, махтер, боалетмеистер дегендер неміс тіліне жатады; опера,»ария, балкон, ложа, дуэт, бас, тенор, студия, касса, валюта дегендер итальян
74
тілінен шыккан; матрос, вымпел, компас, каюта, конвой, катер ‘дегендер голланд сөздері; совет, спутник тәрізді терминдер орыс тілінен дүние жүзіндегі барлык елдерге тараган1. Әрбір ұлт тілінің терминологиясын жасауда кандай да бір ғылыми принципке негізделеді. Қазақ тіліндегі терминологияны қалыптастыруда негізінен екі түрлі принцип бар. Әрбір терминге лайыкты балама табылғандай болса, казақтыц төл сөзімсн аударылып алынады. Мысалы: ұшқыш (летчик), қондырма надстройка), ереуіл (забастовка), колжазба (рукопись), алгы сөз (предисловие), түйсік (ощущение), амал (действие), бөлінгіш (делимое), жұрнақ (суффикс), тербеліс (колебание), буын слог), кышқыл (кислота), мүше (член), оқулық (учебник), мүсін (скульптура), жарыс (соревнование), отар (колония), одақ
союз),’ айтыс (дискуссия), сыншы (критик), жіктеу (классифи-кация), ұяндау (озвончение), жаттығу (тренировка), орынбасар (заместитель), сүрлеу (силосовать), аялдама (остановка), балмұздақ (мороженое) т. б.
Туынды терминдерді де қазақ тіліне кабылдау қажет болған жағдайда олардың түбірін сол қалпында алып, орыс тіліндегі жұрнақтың орнына казақ тілінін косымшасымен алмастыру ар-қылы жүзеге асырылады. Мәселен, колхоз, норма, награда, газ,
цемент, электр, партия, щетка тәрізді терминдердін, орыс тілінде-гі түбір калпы бүтіндей сақталғанымен, бұлардан туған орыс тіліндегі туынды сөздер казақша аударылғанда, ана тілінің төл қосымшалары аркылы беріледі. Мысалы: колхозшы, колхоздас-тыру, нормалау, нормалы, наградтау, наградталу, газдандыру,
газдану, цсментті, цементтелу, электрлендіру, электрлі, щетка-
лау. щеткалы т. б.
Интеркационалдык терминдерді әр елдің калайда өз тіліне аударуга кұмартушылық тенденциясы болды. Мәселен, бір кезде ‘революция дегсн терминнің орнына қазакша төңкеріс, коммунистің орнына ортақшыл, империализмнің орнына жиһангер ген сөздер қолданылғандыгы аян. “Барлык елдердің пролерлары, бірігіңдер!” деген ұран сөэдегі пролетар деген термин қабылданьш, тілде орныққанша, осы сөздің орнында еңбекшілер,
еңбекшілдер, жалшылар, бейнетқорлар, бейнеткештер тәрізді бірнеше қазақ сөздері алынған. Ақыр аяғында осы сөздердің еш-қайсыс да интернационалдық терминдердің орнын баса алмайтындыгына жұртшылыктың көзі әбден жетті де, халыкаралық терминдср әдеби тілімізден түпкілікті орын теуіп, біржола қалып қойды. Демек, терминдерді калыптастыру тек ғылым үшін ғана емес, әлеуметтік саяси да маңызы бар жалпы мемлекеттік мәселее екендігі де аңғарылады.
М. Шансый. Лексикология современного русского языка, 1972, 96-104(тр.