Сын есімнің жасалуы
Сын есімнің жасалуы
Сын есім құрамы жағынан негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінеді. Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейді. Мысалы: қара, көк, биік, таза, жақсы, сары, терең т. б. Бұл сияқты сөздер — әрі қарай бөлшектеуге келмейтін негізгі түбірлер.
Басқа сөздерден жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейді. Мысалы: көш-пелі (ел), кеш-кі (ауа), өнер-лі (жігіт), аудан-дық (комитет), азамат-тык, (борыш), тарих-и (оқиға), үрк-ек (ат) т. б. Құрамы жағынан туынды сын есім негізгі түбір мен қосымшадан (жұрнақтан) тұрады. Демек, туынды сын есімдер жұрнақтар арқылы жасалған сын есімдер болып табылады. Туынды сын есімдер жұрнақтар арқылы есім сөздерден де, етістіктен де жасалады. Мысалы: қыс-қы (күн), су-сыз (жер), сөз-шең (адам) т. б. сын есімдердің түбірі зат есім болса, тол-ық (адам), көтер-іңкі (көңіл), ауыспалы (егіс), үсте-ме (ақы) т. б. сын есімдердің түбірі — етістік. Сондықтан да сын есім жасайтын жұрнақтар екі топқа бөлінеді: есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақтар және етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар. Сын есім сондай-ақ қосарлану және тіркесу арқылы жасалады. Мысалы: үлкен-кіші, апалы-сіңлілі, биік-биік, жақсы-жаман, балалы-шағалы және шұбар ала, қара көк, ақ сақалды, жирен қасқа т. б. Бұлар құрамына қарай күрделі сын есімдер деп аталады. Бір ғана түбірден негізгі немесе туынды түбірден тұратын сын есімдер дара сын есімдер деп аталады.
I. Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтар.
Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар:
1. лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті; тау-лы, тас-ты, дене-лі, көрік-ті, өнер-лі т. б.
2. -сыз, -сіз: үй-сіз, жер-сіз, қызмет-сіз, жол ас-сыз, ағаш-сыз т. б.
3. -ғы, -гі, -қы, -кі: жаз-ғы, іш-кі, сырт-қы, соң-ғы, күз-гі, түн-гі т. б.
4. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: азамат-тық, жыл-дық, көлем-дік, күн-дік, өлке-лік, кәмелет-тік т. б.
5. -шыл, -шіл: жер-шіл, үйқы-шыл, күлкі-шіл, үй-шіл, сыр-шыл т. б.
6. -шаң, -шең: бой-шаң, сөз-шең, киім-шең, тер-шен т. б.
7. -дай, -дей, -тай, -тей: үй-дей, қой-дай, арыстан-дай, ат-тай, түлкі-дей т. б.
8. -кер, -қой, -қор, -паз, -ымпаз, -імпаз: табыс-кер, найза-гер, әуес-қой, сән-қой, бәле-қор, жем-қор, шай-қор, өнер-паз, әсем-паз, жеңім-паз т. б.
9. -и, -ы, -і: тарих-и, дін-и, әдеб-и, ресм-и, мәден-и, қазақ-ы, қадмақ-ы, естек-і, (башқұр-лық), алтай-ы, араб-ы т. б.
Ескерту: 1. Көрсетілген жұрнақтардың кейбірі басқа сөз табында да кездеседі. Мысалы: -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнагы зат есім де жасайды: жақсы-лық, жаман-дық, дос-тық, күнде-лік, орын-дық, т. б. -сыз, -сіз, -дай, -дей, -тай, -тей, -шақ, -шеқ, т. б. үстеуде де кездеседі. Мысалы: ақы-сыз берді, ат-сыз келді, қыс-тай дайындалды, тоты-дай сайрады, көйлек-шең отырды т. б.
Бұндай сөздер сөйлемде білдіретін мағынасы мен кызметі арқылы ажыратылады.
Араб-иран тілдерінен енген -кер, -қой, -қор, -паз жұрнақтары үндестік заңына бағынбайды, өйткені бұл жұрнақтардын жуан — жіңішке сыңарлары жоқ.
2. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар.
Етістіктен сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар:
1. -ғак,, -гек, -қак,, -кек, -ақ, -ек: ұрыс-қак, тай-ғақ, үрк-ек, қорқ-ақ, бөл-ек т. б.
2. -ық, -ік, -қ, -к: тол-ық, сын-ық, аш-ық, ақса-қ, сире-к, біт-ік т. б.
3. -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: біл-гіш, жаз-ғыш, көр-гіш, айт-қыш, бар-ғыш т. б.
4. -ғыр, -гір, -қыр, -кір: өт-кір, ұш-қыр, ал-ғыр, тап-қыр, біл-гір т. б.
5. -шақ, -шек: ұрын-шақ, жасқан-шақ, сүрін-шек, қызған-шак, мақтан-шақ т. б.
6. -ыққы, -іқкі, -ңқы, -қкі: бас-ыңқы, көтер-іңкі, шаш-ыңқы, салбыра-ңқы т. б.
7. -ынды, -інді, -нды, -нді: жаса-нды, кұра-нды, түй-інді, т. б.
8. -малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі: көтер-мелі, таңда-малы, айнал-малы, жылжы-малы, ауыс-палы, көш-пелі т. б.
9. -ымды, -імді, -мды, -мді: жара-мды, шыда-мды, қон-ымды, келіс-імді т. б.
10. -аған, -еген: қаш-аған, сүз-еген, теб-еген, қаб-аған т. б.
11. -улы, -улі: қаңтар-улы, іл-улі, ая-улы, ас-улы т. б.
12. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: қыз-ба, бұра-ма, бас-па, боя-ма т. б.
Рахмет))) оте пайдалы!!