Экспрессивті — эмоционалъдық лексика жасайтын кейбір морфологиялың тұлғалар
Кейбір жекелеген морфологиялық тұлғалар өз мәніне орай бел-гілі бір сөз қолданыс ыңғайында қалыптасады да, белгілі бір сөйлеу стиліне сіңісіп кетеді. Ондай морфологиялық тұлғалар көп емес.
Қазақ әдеби тілінде ерте кезден қалылтасып кеткен сөйлеу стилінің бірі — шенеу, мысқыл. Тілдік фактілерге қарағанда мұн-дай экспрессия көбіне жеке сөздер мен синтаксистік шумақтар ар-қылы беріледі. Дегенмен, ондай сөз саптауда аса жиі қолданылып, қалыптасқан кейбір морфологиялық тұлғалар да бар. Солардың кейбірі мыналар:
-сымақ есімдер құрамында қолданылады. Кемсіну, жақтырмау, кекету мәнерін туғызады. Мысалы: адамсымақ, арсымақ, мырза-сымақ, қызсымақ, сұлусымақ,т. б.
-сып аффиксі арқылы жасалған етістіктер де кекету, кемсіту ма-ғынасында жұмсалады. -сып көсемше, яғни тиянақсыз тұлға, бұл тұлға өзінен кейін сөз айтылуын қажет етеді. Ал -сымақ тиянақты тұлға, сондықтан соқынан сөз еруін қажет етпейді. Дегенмен, бұл екі аффикстін, арасында кейбір тұлғалық айырмашылық та бар. Ол айырмашылық мынада: -сымақ аффиксімен айтыла алатын түбір-лердің барлығына бірдей -сып аффиксін қосып қолдануға бол-майды. Айталық, адам, кісі, үлкен, кіші тәрізді сөздерге екеуін де қосып, адамсып, адамсымақ т. б. деп қолдануға болса (одан, әрине, сөз мәнері өзгермейді),сары, қызыл, ой, көңіл, т. б. сөздерге-сып аффиксін жалғап айтуға келмейді. Бұл, әрине, стильден гөрі грамматикалық шектеліс екені белгілі. Бірақ сол грамматикалық шектелістен барып сөз қолданыс заңдылығы қалыптасатыны айқын жай.
Осылармен орайлас мән туғызатын қосымшалардың тобына-қалақ (-келек, -ғалақ, -гелек), -алақ (-елек), -анақ, -мсақ (-мсек,-ымсақ, -імсек) аффикстерін де жатқызуға болады: ұшқалақ, бұл-талақ, сұғанақ, тілемсек, сұрамсақ т. б. Бұлар арқылы жасалған туынды сын есімдер юморлық портрет жасауда, қатты мыс-қыл айтуда, қысқасы суреттелетін объектінің баоқадан оқшау ерекшелігін бір сөзбен жеткізуде қолданылатын дәл де өткір тәсіл бола алады.
Етістіктердің құрамында келіп бейнелі (образды) мән туғызатын бірсыпыра аффикстер де осы топқа жатады:
-ти: бұлти, батти, қылти; ^
-би, -ми, -пи: ілми, қылми, арби, сымпи, үрпи, бажби, барби т. б.
-ырай, -ірей: тікірей, бүкірей, бақырай, шақырай, аңырай, кү-жірей, күдірей, одырай, қодырай т. б.
-ши, -жи: бақши, ақши, мықши, кегжи
си: ақси, тырси, бырси, сықси, борси.
-қи, -ки: өңки, дөңки, миқи, сықи, тыңқи.
-ыс, -іс: қырыс, тырыс, бүріс.
Мәніне орай мұндай бейнелі сөздер әжуа, күлкі, мысқыл, юмор-ға бай келеді де, көбіне көркем әдебиет, оның ішінде фельетон, сы-қақ әңгімелерде көп кездеседі. Қолданылу ьщғайына қарай осы тұлғалас сөздер кейде өз ара синоним де болады. Мысалы, -ырай аффиксі жасаған бақырай сөзі кей ыңғайда бажбисөзімен сино-нимдік қатар құрады. Мұндай синонимдік қатарлар әдетте лекси-калық ыңғайда қарастырылады.
Бір-біріне сырластық, достық, әлде туыстық қатынас мәні, үл-кеннің кішіге қатынас мәні де қазақ тілінде кейде арнаулы қосым-шалар арқылы беріледі. Олар: үлкен-кішілік қатынасты білдіретін -қа (-ке) аффиксі, еркелету, жақын көру мәнді -жан, -ши аффикс-тері. Қазақтың өзінен үлкен кісінің атын толық атамай, қысқартып Сэбит деудің орнына Сәке, Мұқтар деудің орнына Мұқа деуі осы зандылыққа негізделген. Қатар не жасы кіші кісіге еркелету, не жақын тарту ыңғайында Мәрия демей Мәрияш деу де осы стильдің бір көрінісі. Бұл аталған морфологиялық тұлғалар сондай сөйлеу ыңғайында жиі қолданылатындары ғана, әйтпесе әдеби тілдің морфологиялық құрылысы оның барлық стильдік салаларына ортақ болып келетіні айқын.
Тілімізде биік-биік, үлкен-үлкен, қисық-қисық, жуан-жуан тә-різді бір сөздің қайталануы арқылы жасалған күрделі сын есімдер эмоциялы екпін туғызудың өнімді тәсілдерінің бірі. Сөйлем ішінде мұндай сөздерге әдетте логикалық екпін түседі. Мысалы: Жуан-жуан ту құйрықтан жасап жапсырғандай едірейген қара мұртты сол бір жылдары бүйідей түксиіп, кәр төгіп кетіп еді (Ғ. Мүсірепов). Егер жазушы қос сөз түрінде қолданбай, жалаң түбір тұлғасын айтса, сөйлемнен туар эмоция бәсеңдеп қалар еді.
Ал күрделі сын есімдердің қарсы мағыналы сөздерден жасалған үлкен-кіші, жақсы-жаман, артық-кем, аш-тоқ тәрізді түрлері бірөңкей заттар мен кұбылыстарды жинақтап, жалпылап айтудың құралы болады. Мысалы: “Қызылбұрыштың” бастығы Әжіғали — мұндай жұмысқа таптырмайтын адам. Осы өңірдің ескілі-жаңалы құда түсерінің бәрі соның қолында (Ғ. Мүсірепов).
Қос сөз тұлғалас сын есімдер — көркем әдебиет тілінің басты суреттеу құралдарының бірі екені мәлім.
Зат сынының әр түрлі дәрежесі шырай тұлғалары арқылы беріледі. Шырай тұлғалары, мұнымен қатар, экспрессиялық мән ту-ғызудың да өнімді тәсілі.
Заттьщ салыстырмалы сыны бірнеше арнаулы аффикстер арқы-лы беріледі. Олардың әрқайсысының өзіндік қолданылу ерекше-ліктері бар.
-рақ, -рек (-ырақ, -ірек) аффикстері арқылы білінетін артық-шылық, не кемдік заттың абсолют сапасы бола алмайды. Салысты-рылып отырған заттың біріне қарағанда екіншісінің не артықтығын, не кемдігін ғана көрсете алады. Мысалы: Дағдылы ерлер мінетін ер-тоқымнан гөрі эйелдер мінетін қоқан ерлермолырак, (М. Әуезов).
-рақ аффиксті сын есімдер сөйлем құрамында көбінесе, баяндауыш қызметінде жұмсалады да, сөйлемнін, соңында айтылады. Кейде ауызекі сөйлеу тілінде сын есімдердің бұл түрі анықтауыш қызметінде де жұмсалады. Бірақ ол жазба тілдін, нормасы емес. Мысалы, жақсырақ адам, ұзынырақ ағаш деп айту сөйлеу үстінде байқалмағанмен, жазба тілге үйлесімсіз. Алайда -рақ аффиксін кез келген сын есімге жалғап айтуға бола бермейді. Сондықтан оның, қолданылу заңдылығына кысқаша шолу берейік.-лы тұлғалы сын есімдердің бірсыпырасына -рақ жұрнағы жал-ғанып, зат сынының салыстырмалы дәрежесін білдіреді. Мысалы: Өзен жағалары далаққы жерлерден гөрі шөптірек. Контекстік сипаты мен сөйлеудіқ мақсатына қарай, мұндай морфологиялық тұлғалар орынды, үйлесімді. Дегенмен соның ізімен“биылғықыс қарлырақ, күз жаңбырлырақ болды” деп сөз саптау ауызекі тілде кездесе беруі мүмкін. Ал жазба тіл мұндай реттерде оинтаксистік конструкцияларды қолдануға икем келеді (Биылғы қыста қар мол болды, күзде жаңбыр жиі жауды). Ал кимді, тонды, үйлі, жерлі тәріздес туынды сын есімдерге -рақ аффиксін жалғап айтуға кел-мейді. Осындай жайды -дақ, -дек,- -тақ, -тек, -шыл, -шіл тұлғалы сын есімдер жөнінде де айтуға болады. Ол ұйқышылырақ, жалта-ғырақ, адам деп сөйлеу қазақ ұғымында оғаш құбылыс.
Заттың салыстырмалы сыны кейде септік жалғаулы конструк-циялар арқылы да беріледі. Мысалы: Байлауы жоқ, шешеннен үн-демейтін есті артық, бэйге алмайтын жүйріктен белі жуан бесті артық.
Сын-сапаның қандай бір мәнде болсын сәлдігі, бәсеңдігі -лау, -леу, -дау, -тау, -теу тұлғалы сын есімдермен беріледі. Мысалы: Қазір ол сұңғақтау, талдырмаш бойлы, қызыл шырайлы… жіңішке-леу қыр мұрынды сұлу қыз болыпты (С. Мүқанов). Ол қырбықтау ғана мұрты бар, шаһарша киінген, басында дөңгелек қара барқыт тақиясы бар, көк көздеу, шашы мен мұрты сарғылт, ақ, құба өңді татардың жас жігіті (С. Мұқанов).
-лау тұлғалы сын есім сөздер кейде заттанып-, зат пен кісіні біл-діретін сөздердің орнына жұмсала алады. Мысалы: — Әлгі бір жерде сізден болды..,— деп, жастауы ақталып келеді (Ғ. Мүсірепов). Алайда осы кұбылыс әдеби тілдің бар саласына бірдей тән емес. Бұл көбінесе көркем әдебиет пен қарапайым сөйлеу стилінде жиі кездеседі.-лау аффиксті сын есімдер кейде “сэл, артык,” сөздерімен келген синтаисистік конструкцияларға мәндес болып отырады. Мысалы: Қеше ыстықтау еді, күн бүгін самалды қоңыржай екен
(С. Мұқанов). Осы сөйлемдегі ыстықтау сөзін синтаксистік конструкциямен ауыстырып: Кеше сәл ыстық күн бүгін самалды қоңыржай екен деп айтуға не жазуға болар еді. Дегенмен, осылардың арасында әр-қайсысын бөлектейтін мағыналық мәнер бар, -лау тұлғалы сын есімдерде экспрессивтілік басым да, оның синонимі болатын синтаксистік топта дәлділік бар, ал экспрессия аса көп байқала бермейді.
Сөздің экспрессивтілігін күшейтудің, сын-сапаның артық я кем-дік дәрежесін білдірудің ұтымды бір тәсілі — сын есімдердің кү-шейтпелі түрлері. Буын қосарлануы сөз мағынасын нақтылап, тәп-тіштеп жеткізудің ғана тәсілі емес, сонымен қатар одан туар экспрессияны күшейтудіқ, сөйтіп, тындаушы не оқушы тарапынан қажетті ассоциацияның тууына жағдай жасаудың да тәсілі. Көзбен көрген заттың сапасы туралы тек қана “жақсы” деп айту мен “жап-жақсы” деп айту мәні жағынан бірдей емес. Қарапайым сөйлеу стилінде мысалы “жақсы” деп қана айтылатын болса, заттың сапасы бірқыдыру жақсы, бірақ әлі де жақсарта түсуге болар еді деген ұғым туады. Ал зат сапасы жайында “жап-жақсы” деп айтса, бар қадарынша жақсы жасалған, ешбір кемдігі жоқ дейтін үғым шығады. Бұл тұлға қарапайым сөйлеу стилінің басты элементтерінің бірі және поэзиялық шығармаларда аса жиі колданылады. Қарапайым сөзде “әп-әдемі киінген бір бала келді” деген сөйлемнің құрамындағы “әп-әдемі” сөзін қолданбай, синтаксистік тәсілмен сөздерді тіркестіріп, шамамен былайша сипаттап айтуға болар еді: үстінде жақсы тігілген жаңа костюмі бар, аяқ-басы таза бір бала келді. Әрине, соңғы тәсіл дәл, айқын. Бірақ екі нәрсе жетпей тұрған сияқты, ол — сөздің жинақылығы мен әсерлілігі. Ал, мына үзіндідегі күшейтпелі шырай тұлғасын басқа сөзбен ауыстырып айтуға тіпті де болмас еді: Аппақ, ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, бейне бір ұқсатамын туған айға (Абай). Бүл тұлғаға (күшейтпелі шырай тұлғасына) мағыналық жағынан болсын, қолданылуы жағынан болсын жақын тұлға аса, тым, тіпті, шымқай, өте, ең, орасан, керемет тәрізді сөздердің сын есімдермен тіркесіп айтылуы. Грамматика оқулықтарында сын есімдердін, бүл тобын асырмалы шырай деп атап жүр. Солай аталғанмен, қолданылу тәжірибесінде осы екі түрлі шырай деп танылып жүрген топтардың бір-бірінен алшақтап жатқан айырмашылығы аса көп байқала бермейді. Айырмашылық тек қана олардың тұлғасында болса керек. Қазақ тілінде жап-жақсы деп айтудың орнына өте жақсы, тым жақсы деп те айтуға әбден болады. Немесе қып-қызыл демей, тым қызыл, жап-жасыл демей, тым жасыл, сап-сары демей, тым сары деп айтып, жазудың ешбір оғаштығы жоқ. Айырмашылық — осы екі тәсілдін, сөздің екі түрлі жанрында қолданылуында. Ресми сөзде жап-жақсы. демей, өте жақсы деп айту, жазу басым. Сөйтіп, соңғы асырмалы шырай тұлғасы көбінесе жазба ресми тілге ғана тән тәрізді. Бұндай конструкциялардын, қалыптасуы да жазба ресми тілмен байланысты болса керек. Күшейтпелі шырай тұлғасын кез келген сын есімнен жасауға болмайды. Мысалы: сап-сары, қып-қызыл, жап-жақсы, қоп-қою деп айтуға болғанмен, қып-қиын, сып-сылбыр, жап-жай (баяу деген мағынада) деп айтуға көнбейді. Мысалы: Осы жиынға келетін ең қадірлі, ең сыйлыдеген елдіқ қонағын берсін депті (М. Әуезов). Осындағы қарамен берілген асырмалы шырай тұлғасын тура мәнінде күшейтпелі шырайға ай-налдырса, тілдің қалыпты сөйлеу, жазу нормасы бұзылар еді.
Экспрессивтілік мән күрделі етістік тұлғалары арқылы да бе-ріледі. Етістіктердің басым көпшілігі жалаң бір ғана түбір болса (оқы, жаз, айт, сөйле, т. б.), бірсыпырасы осы жалақ түбірлерге та-ғы бір түбір сөздің тіркесуі арқылы жасалады: айта бер, сөйлей бер, соға кет, қоя тұр, тұра тұр, т. б. Сүйтіп, екі кейде үш түбір бірігіп бір ғана мағына беретін күрделі етістіктер пайда болады. Сонымен бірге күрделі етістіктер құрамындағы сөздер жеке де қолданыла алады. Бірақ лексикалық құрамы жағынан бір-біріне ұқсас жалаң түбірлі етістііктер мен күрделі етістіктердің контекстегі мәні бірдей емес. Мысалы: Машина үйдің жанына тоқтады. Машина үйдің жанына тоқтай қалды. Сөйлем баяндауыштарының лексикалық құрамдары ұқсас, бірақ мәндері бірдей емес. Жалаң етістік(тоқтады) іс-қимылды жай ғана атап айтса, күрделі етістік іс-қимылдың қосымша экспрессиясын аңғартады. Сөйтіп күрделі етістіктер іс-әрекеттің қосымша ерекшелігін, мәнерін біршама толық айқындайды. Қүрделі етістіктер кұрамындағы сыңарлардың мән-мағынасы мен қызметі де бірдей емес. Тіркестің бірінші сыңары негізгі лексикалық мәнді білдіреді де, екінші сыңары іс-әрекеттің қосымша мәнерін, ерекшелігін көрсетеді. Құрамындағы сөздердің лексикалық үніне лайық мұндай күрделі етістіктер іс-әрекеттің, процестің әр қилы сипатын, мінездемесін береді. Сол мән-мәнерлерді білдіруде олар өз ара не басқа бір сөздермен синонимдік қатар құрады.
Бірсыпыра күрделі етістіктер іс-қимылдың, әрекеттің шапшаң, окыс орындалғанын білдіреді. Мұндай күрделі етістіктердің бірінші (негізгі) сыңары көсемшенің -а (-е) тұлғасы болады да, екінші сыңар қызметінде қой, кет, кел көмекші етістіктері жұмсалады.
Келтірілген сөз қатарлары істің шапшаңдығын, оқыстығын біл-діруде бір-біріне синонимдік мәнде айтылады. Дегенмен, бүл сөз қатарларының өздеріне тән қолданылу аясы да бар. Күрделі етіс-тіктер мағыналық мәнеріне, контекстің характеріне лайық таңдалып алынады. Мысалы: Тек қисайта киген пилотка ғана қызыл шырайлы жас өңіне ойнақы еркелік беріп жараса қалыпты (Т. Ахтанов). Бұл мысалдағы жараса қалыпты күрделі етістігін мағынасы ұқсас басқа бір сөзбен ауыстыруға көнбейді.
Құрамында сал көмекші етістігі бар күрделі етістіктер іске мән бермеу, немқұрайды қарау ‘мәнерін туғызады. Мысалы: Көше бой- лай ойланып келе жатып, Асан кездескен киоскіден аты-жөнін қа- рамай бір кітапты сатып ала салды (газеттен). -а, -е, -й тұлғалы көсемшелер мен кел, кет, шық, бар, жүр көмекші етістіктерінен құ-ралған күрделі етістіктер арнайы емес, жол-жөнекей істелген істі білдіреді. Бұлар осы мәнде синтаксистік шумақтардың синонимі ретінде жұмсалады. Мысалы: Асан қарындасын Алматыға ала кетті(газеттен). Осы баланы біз ала кетсек қайтеді?— деді Мэшік Нұр~ тазаға (С. Мұқанов). Алдыңғы сөйлемде Асанның негізгі мақсаты — өзі тікелей бару, сонымен қатар жол-жөнекей қарындасын да ала кету. Бұл сөйлемді шартты турде былай құруға болар еді: Алматыға өзі баратын болған соң, Асан қарындасын да алып кетті. Соңғы вариантта күрделі етістік тұлғалық жағынан өзгеріп қолданылған. Өйткені енді ала кетті тұлғасында қолданудың қажеті жок, бұл тұлға беретін мән синтаксистік шумақ арқылы беріліп түр. Ал екінші сөйлемді былай кайта құруға болар еді: Біз кетіп барамыз ғой, керегі болар, осы баланы ала кетейік,— деді Мэшік Нұртазаға.
Мұнда да ала кетейік күрделі етістігі синтакоистік шумақтың синонимі өкені байқалады. -а, -е, -й көсемшесі мен көр көмекші етістігінен құралған күр-делі етістіктер істің істелуі жайындағы өтінуді, сұрауды, жалынуды білдіреді. Мысалы:Жақыныңды жауға тастай көрме’ Досыңның бір қателігін кешіре көр! Күрделі етістіктердің бұл түріне осы мағынада -шы (-ші) аффиксті жалаң түбір етістіктер синоним болады. Жоғарғы сөйлемдерді былайша қайта құруға болар еді: Жақыныңды жауға тастамашы! Досыңның бір қателігін кешірші! Бұл екі тұлға-ның арасындағы айырмашылық — күрделі етістік экспрессивті мәнді көтеріңкі әуенмен барынша айқын жеткізсе, -шы, -ші тұлғалы жалаң түбір етістіктерде бәсең. Іс-әрекеттің созылыңқылығы, жалғаса түсуі -а, -е, -й көсемшелеріне түс, бер көмекші етістііктері тіркесу арқылы жасалған күрделі етістііктермен беріледі. Мысалы: Академик Сәтбаевтың еңбектері отандық ғылым табыстарын одан әрі тереңдете түсті (газеттен). Соңынан, қуған сіріңкі қара адамдар жете алар емес, шоқайлары тайғанап кейіндей берді (Мүсірепов). Бұлар ғылыми жазбалар тілінде, прозалық баяндауларда аса жиі қолданылады. Осы көсемшелердің тұр көмекші етістігімен тіркесі іс-әрекеттің созылыңқылығы тек уақытша құбылыс екендігін аңғартатындай мәнерде жұмсалады. Мысалы;Мына журналды қарай тұр. Бұл мағыналық мәнер әсіресе бер көмекші етістігімен салыстырғанда айқын көрінеді. Мына кітапты қарай бер, Екеуіндегі мән-мағына екі түрлі мәнермен ұғынылады, алдыңғысында аз уакытқа, сәлге дейтін мән бар да, соңғысында уақыт жағынан ондай шектеушілік байкалмайды. -а, -е, -й+тұр құрамды күрделі етістіктер көбінесе әзірге, қазірше, сәл уақыт тәрізді сөздермен келген тіркестерге синоним болады. Әзірше осы кітапты оқы, осы кітапты оқи тұр, немесе эзірше осы кітапты оқи тұр деп нақтылап айтуға да болады. Бірақ бүл ыңғайда мынаны ескеру қажет сияқты. Күрделі етістік ойдың, іс-әрекеттің динамикасынм күшейтеді. Сондықтан ұзақ баяндауларда, текстерде, бірінен соң бірі айтылатын сөйлемдер жігінде күрделі етістіктерді қолдану әл-деқайда ұтымды.
Күрделі етістіктердің енді бір тобы әдейі жасалған істі, әрекетті білдіреді. Мұндай күрделі етістіктер -қан, -ран есімшелеріне бол көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Ғайша ұйықтап жатқан болып, шешесі мен Қожаштың әцгімесін түгел ес-тіді (С. Қөбеев). Мұндай күрделі етістіктерге -сыптұлғалы есімше-лер (жатқансып) синоним болады. Мысалы, жоғарғы сөйлемді бы-лайша қайта қүруға болар еді: Ғайша ұйықтап жатқансып, шешесі мен Қожаштың эңгімесін түгел естіді.