Сөйлеу стилі
Сөйлеу тілі адамдардың бір-бірімен күнделікті қатынасында пайдаланылады. Сондықтан, онда тілдің коммуникативтік функ-циясы баса сезіледі.
Сөйлеу стилі белгілі бір жағдайда тікелей жасалатын қатынас стилі болғандықтан, ол сөйлеудщ ауызша формасымен тығыз бай-ланысты. Ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді. Яғни үйреншікті жағдайда адамдар қысылмай еркін сөйлейді. Өйткені онда күнделікті өмірге байланысты мәселе сөз болады. Сондықтан сөй-леу тақырыбына сай түрмыста көп жүмсалатын үйреншікті сөздер мен сөз тіркестері қолданылады. Бұл сөйлеу — тіліне тұрмыстық сипат беріп, оны қарапайымдандырады1. Мысалы:
— Денсаулық қалай, мықты ма?
—- Жаман емес.
—- Қайда дем аласың жазда?
— Үйде.
(Сөйлеу тілінен).
Мылжыңдап барасың ант ұрған.
Құдай ақы, рас. Біздің қатыннан құрт сұрап әкетті
(Ғ, Мұстафин).
Жоғарыдағы мысалдардың тақырыбы да, сөйлеу жағдайы да әр басқа. Соған орай, олардың лексикалық құрамы да өзгеше болып сұрыпталған (қарапайым және тұрпайы сөздер). Тек лексикасы ғана емес, сонымен бірге, ол сөз үлгілерінің сөйлем құрылысына, ондагы сөздердің орын тәртібіне қарай эрқайсысының өзіне тән әуезділігін және мәнерлік қасиетін аңғару онша қиынға соқпайды.
Сөйтіп, сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігін жасайтын айрыкша белгісі — жағдайға (ситуация) байланысты сөйлеу мәнері. Сөйлеу мәнеріне қарай тілдік единицаларды қолдану өзгешелігі болады. Ол ерекшелік ең алдымен, ондағы лексика-фразеологиядан байқалады.
Өмірдің барлық саласында сөйлеу тілі кеңінен пайдаланылады, бірақ оның атқаратын қызметі және тілдік жүйенің пайдаланылуы бір текті больш келмейді. Солай болғандықтан сөйлеу тілін зерт-
1 Қарапайым сөйлеу деген мағынада. Ал карапайым сөзінің мағынасы өте кең Ол ресми емес, кенеттен дайындықсыз тұрмыста сөйленген сөздің түрлерінің бәрін қамтиды. Бұл ұғымды біз әзірше шартты түрде алдық Орыс тілінде оны В. В. Виноградовтын, термині бойынша, “Обыходно-бытовой стиль” деп жур. Ол термин әлі де орнығып, бекімегенге ұксайды. Мәселен, О. В С и р о т и н и н а оны былай тусіндіреді: “Видимо, бытовой тип и обыходно-бытовая речь — это разные стороны одного того же явления. Тип речи связано с ее характером, термин “обыходно-бытовая речь” отображает, прежде всего тематику и условия общения” (“Вопросы социальной лингвистики” деген мақалалар жинағында, Л, 1969, 387-бет).
тегенде оның формасын, түрін және стилін ескерген жөн (мәселен күнделікті тұрмыс тақырыбы мен ғылыми тақырыпта сөйлеу үлгілері және жиналыстарда, радио мен телевизорда сөйленген сөз т. б.).
“Тэжірибені жетілдіре берсең, оған есең кетпейді”,— дейді әкем. Әкем ұзақ жылдар бойы осың совхозда шопан болып істеді. Ал, менің де экенің құттытаяғын қабылдап алғаныма алты жыл болды. Содан бері өзім қабылдаған міндеттемемді артығымен орындап жүрмін. Көрсеткішім де төмен болып көрген емес. Ецбек жолында талай-талай қиыншылықтар да кездесті. Оған өз басым мойымадым.
Он айдың ішінде облысымыздын, ауыл-селоларын түгел дерлік аралап, концерт қойдық. Біздіқ көрші Солтүстік Қазақстан, жа-қында құрылған Торғай облыстарында болып өнер көрсетуіміз шеберлігімізді арттыра түсті десек, асыра айтқандық болмас еді. Біз болган. екі облыстың да көрермендері жылы қабылдап, аудандық,, облыстық газеттерде біз жөнінде игі тілек білдірген мақалалар жарық көрді1.
Мұнда әңгіме шаруашылық пен өнер саласы туралы болған-дықтан, сол салаларға қатысты кәсіби сөздер (қарамен берілген) көбірек қолданылған. Бірақ жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай осында қарапайым, тұрпайы сөздер мен диалектизмдер кездеспейді. Өйткені радиодан сөйленген сөздер формасы жағынан ауызша болып, тілдік кұралдарды пайдалануда әдеби норма мұқият ескеріледі.
Сонымен, сөйлеу тілінің қарапайым түрінің-лексикасының құ-рамына көбінесе қарапайым, тұрпайды_сөздер және диалектизмдер мен кәсіби сөздер енеді.Бұлар, әсіресе, алдын ала дайындықсыз, кенеттен сөйлегенде қолданылады.
Сөздердің ауыспалы мағынада қолдану амалы сөйлеу тіліне мәнерлегіштік әрі бейнелегіштік қасиет береді.
Ауыспалы мағынадағы бейнелі сөздер, сол сөз болатын зат не құбылысқа адаңдардың жағымды не жағымсыз көзқарасын білдіру құралы болып саналады. Сөйлеу тілінің эмоционалдық касиеті басым болғандықтан, бұл құралдар сөйлеуде жиі пайдаланылады. Сонымен бірге, сөйлеу стилінде әдетте, олардың көп қайталанып, тұрақталған түрлері жұмсалады.
— Түу, ит-ай… Сонша ұмытпай жүр бэрін… (С. Сейфуллин).
— Алда көргенсіз ит-ай. Нэрестедей жаныма аузы қалай барды екен. Тұра тұр бәлем, ит аяқтан сары су ішкізермін (Ғ. Мүстафин).
Осы мысалдарда “ит” сөзі біріншіде жағымды змоцияны (сүй-сіну); екіншіде жағымсыз эмоцияны (жек көру) білдіреді. Бұлай қолдану қарапайым сөйлеу түрі үшін орынды.
Сөйлеу тілінде жұмсалатын ауыспалы мағынадағы сөздер де құрамы жағынан әр түрлі: қарапайым, тұрпайы және жалпылама қолданылатын сөздер болып келеді. Ал жасалуы жағынан мета-
1 Бұл мысалдар пленкаға жазылып, радиодан берілген материалдардан алынды.
ф о р а (өзің бір түлкі екенсің); м е т о н и м и я (аудитория ты-нышталды); с и н е к д о х а (үйіцде қанша жан бар) т. б. жіктеледі.
Тілді бейнелі жасайтын құралдың бірі — фразеологизмдер. Фра-зеологизмдерге идиом, мақал-мәтел, нақыл сөздер енеді. Бұл тұ-рақты сөз тіркестері көпшілік жағдайда сөйлеу тілі ыңғайында жұмсалады.
— Шіркін, үріп ауызға салғандай екен (сөйлеу тілінен).
— Ит жанды ит тірілді ғой деп қос қабаттаған қамшы бас-көзімді жауып кетті… (Ғ. Мүсірепов).
Осы сөз үлгілеріндегі тұрақты сөз тіркестері эмоциональды бояуы жағынан біртекті болып келмеген. “Үріп ауызға салғандай” (сүйкімді, жақсы); “Ит жанды”(төзімді) дегендер жағымды эмо-цияны білдіреді.
Сөйлеу тілінің фразеологизмдері қолдану ыңғайына қарай қа-рапайым, тұрпайы, жергілікті ерекшеліктегі және кәсіби болып жіктеледі. — * _
Қарапайым фразеологизмдер: “ит жанды”, “өзің білме, білгеннің тілін алма” т. б.
Тұрпайы фразеологизмдер: “ит жоқта шошқа үреді; сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды” т. б.
Жергілікті ерекшелік сипатындағы тұрақты тіркестер: жедел беру — нүсқау беру; бүйірін шертіп шығу — тойып шығу; бой қаққан, — араласпаған1 т. б.
Кәсіптік сипаттағы фразеологизмдер: шопан ата таяғы (қойшы-лар туралы); ашық сабақ {мұғалімдер тілінде); эфирге шығу (радио мен телевизорда); құлап қалу (студенттердің тілінде) т. б.
Грамматикалық құбылыстардың да экспрессивтік және стилис-тикалық мүмкіндіктерін жоққа шығаруға болмайды. Тек ол лексика мен фразеологизмдерге қарағанда. солғын сезіледі. Бірақ кітаби-жазба стильдермен салыстырғанда, сөйлеу тілі грамматикасының экспрессивтік және стилистикалық мүмкіндіктері басымырақ. Оны, әсіресе, синтаксис саласынан аңғаруға болады2.
Сөз қайталау тәсілі3: баласы бала-ақ екен, түсіндірудей түсін-діреді екен. Немесе: айтқаным айтқан, айтатынымды айтам, расы рас> үлкені үлкен т. б. ‘
Сұраулы сөйлем:
— Естіп пе ең, келді ғой?
— Кім?
— Әбіл.
— Қайда?
— Осында. (Б. Майлин). Не болмаса:
1 Ғ. Қалиев Ш Сарыбаев, Қазақ диалектологиясы, Алматы, 1967, 105-бет.
2 Р. Амиров. Особенности синтаксиса казахской разговорной речи (1972) деген еңбегінде бұл мәселені кең қамтиды.
3 Мысалдар осы көрсетілген кітаптан алынды.
— Рас, қызбен танысайын деп ем.
— Қайдағы?
— Шэмшия ше! (Б. Майлин). Болымсыз сөйлем:
— Інім енді саған келмейді.
— Келмейді емес, талай жалынды.
— Сұраған соң айтқан шығар.
— Сұраған соң емес, әдетлеп барып айтыпты. Немесе:
— Немене, енді кеш қалдым ба?
— Қайдағы кеш! Бэріміз де оқып жүрміз ғой (А. Шәмкенов).
Сөйлеу тілінің фонетикасы мен морфологиясының да ерекшелігі бар. Бірақ, ол өз алдына бөлек зерттеу объектісі.
Сөйлеу тілі диалогқа құрылады. Диалог репликалар тізбегінен тұрады да, қысқа, тұжырымды болып келеді.
— Бүгін келесің бе?
— Келем.
Мұнда сөйлеуге қатысушы екі адам. Бірі — сұрақ, қоюшы, екін-шісі — жауап қайтарушы. Олар бірінің айтқанын бірі естіп, тез түсінеді. Тез түсінісу сөйлеудің қандай жағдайда өтуіне, дауыс ырғағы интонацияға және басқа да дене қимылдарымен тікелей байланысты. Әсіресе, интонацияның маңызы ерекше. Мысалы, “бү-гін кел” дегенді басқаша да құбылтып айтуға болады:
Бүгін келесің бе?
Бүгін келмейсің бе?
Бүгін келесің ғой?
Бүгін келсейші..?
Диалогта айтушының көңіл күйі, сезімі еркін, женіл бейнеленіп, оңай түсініледі. Мысалы, “Бейімбет Майлиннің диалогқа құрылған “Ыбыраймыз”, “Ыбыраймын” деген өлеңінде сөйлеу тілінің ерекшеліктері өте шебер берілген.
Уа, кімсіз? Төске таққан шеніміз бар
Ыбыраймыз. , Патшаға жаққан ебіміз бар,
Жаймысыз? Құдайға шүкір, қойдан жуас
Жаймыз. Момақан ғана еліміз бар.
Уа, қайдан келесіз? Біз — бай,
Сайлаудан келеміз. Біз — құдай!
Елге ойран сап Күш — сынасса, жүн болады
Ойнаудан келеміз. , Кім келеді сайма-сай
Міне, мұнда сайлаудан қуанышты қайтқан Ыбырай байдың кө-ңіл күйін ауызекі сөйлеу тілінің үлгісінде, оған тән тілдік тәсілдерді мәнерлі қолдану арқылы автор өте дәл бейнелейді. Кеше ғана сайлауда болып, патшаға жаққаны үшін шен алып, “Ыбыраймыз, Біз — бай, біз — құдай”—деп, асып-тасыған байдың өмірі ұзаққа созылмайды. Енді ол соттан қайтып келе жатады. Мойнына су құйылған, көңілі су сепкендей басылған, сондықтан ол сылбыр сөйлейді.
Уа, кімсің? — Қанша?
Ыбыраймын. — Он мың сом
Жаймысың? — Он мың сом?
Жаймын. Нең қалад?
Қайдан келесің? — Нем қалсын.
Соттан келемін. Қатын қалад,
Соттан емес-ау, Мен қалам.
Оттан келемін.
— Білдің бе? — Шенің қайда?
— Білдім гой. — Тозған.
— Қалай екен. — Елің қайда?
— Арыз берген малай екен — Күні озған.
— Солай ма екен? — Енді не етпексің?
— Солай екен! — Бітем!
— Не дейді? — Бітсең біт:
— Ақы сұрайд. Мен де соныңды күтем.!
(Б. Майлин).
Ақын диалогтың құрылысын шебер пайдалану арқылы өлеңнің көркемдік қасиетін арттыра түскен.
Сөйлеу тілінің ерекше бір түрі — монолог. (Монолог — бір кі-сінің сөзі). Монологты сөз өте күрделі ойға құрылып, әр түрлі тә-сілмен жеткізіледі. Мүнда кітаби-жазба стильдерге тән ерекшелік-тер мен заңдылықтар қатал сақталады. Сондықтан монолог әдеби сөйлеу үлгісіне жатады.
Монологта белгілі бір тақырыпты әңгімелеп айтып беру мақса-ты көзделеді. Саяси, ғылыми және басқа да тақырыптар да әңгі-меленеді. Тақырып аясының осындай кендігінен, монологты сөз көптеген түрге бөлінеді. Олар: көпшілік алдында, жиналыста, радио мен телевизордан лекция, баяндама, консультация т. б. сөйленген сөз1.
Сонымен бірге радио мен телевизордан сөйлеудің басқа да жаңа формалары қалыптасты: Радиоинтервью, телеинтервью және радиорепортаж, телерепортаж т. б. Бұл формаларда сөйлеу тілінің маңызы айрықша. Мысалы, интервьюді алатын болсақ, оның құ-рылысы диалогқа ұқсас келіп, ал сөйлеу тәсілі әдеби үлгіде болады.
Міне, бұл айтылғаңдар сөйлеу тілінің жұмсалу аясы күн сайын кеңи түсіп, түрмысқа әдеби сөйлеу үлгісі де еркін ене бастағандығын дәлелдейді.
неге дұрыс мысал жазбағансыздар интернетке сене қойып едік сенбеу керек екен
Не деген сауатсыздық. Бір малімет салсаныздар қатесіз жазсаныздаршы!