Алақұрт
Алақұрт (Vermipsulla alacurt) — жәндіктер отрядына жататын бүргелер, бүргелер отрядына жататын арамтамақ жәндіктер, вермипсилләз ауруының қоздырғышы.
Аналығының ұзындығы 6 мм, аталығы кішірек. Орталық Азияда таралған. Жұмыртқаларын қыста топырақтың бетіне салады жаз бойы өсіп-өнеді. Күзде алақұрт жануарға жабысады (жабайы және үй тұяқтыларына әсіресе ешкімен қойларға) соларда қыстайды вермипсиллез дейтін ауру туғызады. Жануарларда (теріні және жүнді жарақаттандырады жас төлдер өте арықтайды).
Қазақстанның оңтүстігінде таулы аймақтарда таралған. Ұрғашысының ұзындығы 6 мл, ал еркегі одан да кішілеу болады. Ұрғашылары қыста жұмыртқа салады. Ол жаз бойы дамиды, күзде жетілген қуыршақтары жабайы және үй жануарларына (қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе) жабысып, өсіп-өнуін онан әрі жалғастырады. Алақұрт жануарлардың қанымен қоректенеді. Онымен шалдыққан малдың қаны азаяды, арықтайды, жүнінің сапасы төмендейді. Күрес шаралары: төрт түлік малдың үстін инсектицидтермен (ДДТ, гексахлорин, креолин) дәрілеу.