ҚАЗАҚ ЛЕКСИКОГРАФИЯСЫНЫҢ АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ
Қазақ лексикографиясы соңғы жарты гасыр ішінде тек сан жағынан ғана көб-ейіп өсіп қойған жоқ, сөздіктің түр-түрі де молайды. Қырқыншы елуінші жылдары шыққан сөздіктер мен соңғы жылдары жарык, көрген сөздіктер тек көлем жагынан ғана емес, сапасы жағынан да анағұрлым ілгеріледі.
Өңделеп қайыра шыгып жатқан терминологиялық, орфографиялық түсіндірме, синоним сөздіктерінің қай-қайсы болса да, соңғы басылымдары алғашқыларынан көш ілгері екендігі еш-қандай күмән келтірмесе керек. Совет тіл мамандары лексикология мен лексикография теориясын, стилистика мен грамматиканы, сөз тудыру тәсілдерін тынбасган зерттеп, осы ғылымдарды үнемі жетілдірумен келеді. Бұи ретте орыстың тіл білімі мен оны зерттеуші тіл мамандарының кош басшылық ролі айырықша.
Совет халқының бөлінбес бір бұтағы — Қазақстанда шығып жатқан сөздіктердің бәрі де (барлығы 70-ке жуық) орыс сөздік-терінің үлгісімен жүзеге асып келе жатқандығын үлкен ілтипат-пен айта кеткеніміз мақұл. Мәселен, үлкенді-кішілі аударма және терминологиялық сөздіктерді былай қойғанда, Д. Н. Ушаковтың төрт томдық “Орыс тілінің түсіндірме сөздігінің” үлгісі-мен бізде екі том “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” (1959, 1961) жасалса, А. С. Пушкин сөздігінің үлгісімен “Абай тілі сөздігі” (1968) жарық көрді. Ал көп томдық (10 том) “Қазақ тілінщ түсіндірме сөздігі” де 17 томдық “Қазіргі орыс әдеби тілі сөздігінің” жоба-жоспарының тәжірибелерін пайдалану нәтижесінде жүзеге асты.
Сөздік жасаудагы қод жеткен орасан зор табыстарымызбеи қатар, алдағы уақытта шұғыл кірісіп, тез арада орыны толтыр-ылған болатын әр түрлі олқылық-тарымыз да бар екендігін айта кеткен жөн. Біздегі шығып жатқан үлкенді-кішілі сөздіктер зейін қойып, арнайы зерттелінбегендіктен, олардың жетістігі мен кемшілігі сараланбай, тиісті теориялық корытындылар жасалран жоқ. Соның салдарынан сөздік жасауда неше алуан кемшіліктерге жол беріліп келеді. Сөздік жасаудың принциптері жүйеленіп, бір ізге салынбарандыктан, бір мәселені іс жүзінде әркім әр түрлі жолмен жасап жүрген жайлар бар. Әсіресе біріккен сөздер мен бөлек жазылатын күрделі сөздер жайында, сөз варианттары жайында ала-құлалық көп деп айтура болады.
Қазақ лексикологиясы мен лексикографиясын жан-жақты әрі тыңғылықты зерттемей тұрып, сапалы ғылым сөздіктер шығару мүмкін емес. Қазіргі кезде қазақ сөздіктерін шығаруда үлкен тәжірбе алып, көш ілгсрі алға бастық. Ал оның есесіне,шығып гжатқап сөздіктеріміз ғылыми тұрғыдан жан-жакты жөнді зерттелмен, сөздік жасаудың теориясы кешеуілдеп, кейін қалып келеді.
Лексикографияның теориялык мәселелері жалғыз біз де ғана! емес, жалпы Одақ бойынша кенже қатған, тіл білімінің жас саласы деп есептеледі1.
Осы кезгс дейінгі біздсгі істеліп кете жатқан лексикографиялық зерттеу жұмыстарынын турлері жеке мақалалар мен шағын рецензиялар көлемінен жөнді аспай келеді. Қазіргі социалистік дәуірде лексикография әр латықтың күнделікті сөйлеу мәдениетін, оның қалыптаскан әдеби нормаларын жылмажыл жұртшылыққа насихаттап, білім берудің дагдылы бір формасына айналып отыр. Осымен байлянысты жұргшылықтың сөздікке деген талғам-тілегі күннен-күнге арта тусде.
Қазақ лексикографиясын будан әрі кемелдендіріп дамытуда тіл мамандарының атщнда мынадай келелі міндеттер түсуде.
— Қазақ халқыныц сөз байлығының бәрі бірдей олі күнге хатқа түсіп, жиналып біткен жок. Әсіресе түрлі кәсіп пен мамандыққа, әдет-гүрып пен салтқа, тұрмысқа қатысты байыріы халықтық сөздер сарқа жиналмай келеді. Тіл білімі институтынын картотека қорында (қазір бес миллиондай) қалып кеткен небір асыл сөз, қамтылмай қалған мағына, еленбей назардан тыс қалып отырған сөз қолданыстары мсн фразеологизмдер бар екендігі сөзсіз. Бұларды күнделікті баспасөзден жинап аламыз деп, кол қусырып отыруға болмайды. Байырғы ата-бабамыз қолданган сездерді көзін тауып, жинап алуға бәріміз де жаппай кірісуіміз керек. “Сөз байлығы елде, Кен байлығы жерде”,— деген дана халкымыз. Тілді жеке адамдар емес, жалпы қауым болып жасаған. Сондықтан қауым болып жасаған игілік байлыкты көпшілік болып жұмылып, жинасуға бір кісідей ат салысуымыз қажет. Әсіресе. оқытушылар мен студент жастар ел арасындағы ескі көз кәрі құлақ адамдармен көп сөйлесіп, қолына түскен сөз маржандарын сөздік жасаушыларға жеткізіп беруі керек. Ёндігі лексикографиялық жұмыстардың даму қарқыны жиналған матсриалдардың саны мен сапасына қатысты болмақ.
— Сауаттылық — тыңғылықты зерттеу жұмыстарының нәтижесі, биік мәдениет көрсеткіші. Жазуымызда бір ізділіктің сақталмай отыруы бұл салада зерттеу жұмысының жоқтығынан деуге болады Беделді орфографиялық ережелер жасап, “Орфографиялық сөздіктің” өңделіп толықтырылған, жетілген жаңа нұсқасын дүркін-дүркін шығарьш тұруға тиістіміз.
— Екі тілді аударма сөздіктер шығаруда, шынын айтсақ біз-қазақ тілі мамандары өз дәрежемізге лайық еңбек ете алмай, өзге республикалардағы әріптестерімізден қалып қойдық Осы мәселе жайында республикалық баспасөз беттерінде (“Соц. Қаз.”, 29 ноябрь 1972, “Каз. правда”, 7 январь 1975) орынды
А. М. Бабкин ІІо вопросам русской лексикологии и лексикографии “Лексиког- рафический сборник”, 1960, вып, IV. стр. 7.
сыидар айтылды. Содан бергі мерзімде де бұл жөнінде көзге көрінерлік мардымды жұмыстар істелген жоқ оді. Қазақстан Қомпартиясы Орталық Қомитетініқ бірінші секретары Г. В. Қолбин жолдастың республика журналистерінің VII съезіндегі сөй-леген сөздеріаде (1987) Қазақ ССР Ғылым академнясының Тіл білім институтының атына көптеген сындар айтылган болатын. Онда: “… Сонау 1946 жылы шығарылған екі томдық қазақ-орыс сөздігі жақсартылған нұсқада емес, қайта нашарланған нұсқада қайталанды, сол үшін әділетті сыналды. 1954 жылы шыққан казақ-орыс сөздігі библиографиялық сирек дүниеге айналды. Осындай сөздік жасау жұмысы 30 жылдай уақыт бойы жүргізілуде, ал оның қашан шығатыны белгісіз…” деген еді. Аталған сыннан кейін бұл салада қыруар жұмыстар шұғыл қолға алынды. Атап айтқанда: X. Махмудов пен Ғ. Мұсабаев 1954 жылы шығарған “Қазақша-орысша сөздік” сәл өңделіп қайта шықты, шағын орысша-қазақша, қазақша-орысша сөздіктер мен тілашарлар жарық көрді. Енді үлкен “Қазақша-орысша сөздікті” (көлемі 180 б. т ) шығару қолға алынып жатыр.
— Қөп томдық қазақ тілінің түсіндірме сөздігі негізінде бір томдық “Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігін” шығару жұмысы қолға алынды. Ендіп мақсат осы игілікті істі аяқтап шығуда болып огыр.
— Әр кезеңде жарық көрген салалық терминологиялық сөздіктерді жинақтап, сұрыптап, Терминком қабылдаған соңгы материалдарымен толықтырып, үлкен “Қазақ тілініц терминоло-гнялық сөздігін” шыгаруды ойластыру қажет.
— “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі” мен үлкен “Синонимдер сөздігін” шығаруды да жеделдеткен мақұл,
— Шыгып жатқан үлкенді-кішілі сөздіктерді жан-жақты зерттеп, олардан теорияльіқ қорытындылар шығару ең кезек күттірмейтін келелі мәселе. Бұл үшін ор түрлі тақырыптар белгілеп, южірибелі адамдарды гылымн жұмысқа тарту қажет. Лексикографиялық жұмыс — практикалық га, теорнялық та мәні зор, ауыр да абыройлы іс. Бұл салада істелуге тиісті жұмыстар әлі де ұшан-теңіз.