Іс қагаздары стилі мен ресми стиль
Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздар стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Кеңсе іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенім хат, қол хат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, протокол, қатынас қағазы, акт, рапорт, шарт, мін-деттеме, бұйрық, есеп т. б. жатады. Іс қағаздарыньщ әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыдғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе, сол үлгі бойынша жазылады. Мұндай кағаздарды жазу онша қиынға соқпайды. Ол алдын ала танысып жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі.
Ресми стильдің көлем, мазмұн және жазылу формасы жағынан іс кағаздарынан біраз ерекшелігі бар. Ресми қағаз белгілі бір қалыпқа (штампқа) түсіп отырады, онда сөз қолданысы ерекше болады. Ресми стильде көбінесе заң, устав, үкімет органдарының қаулылары, Жоғарғы Совет Указы, халықаралық шарт, келісім, нота, үкімет хабарлары жазылады.
Мұндай мемлекеттік документтерде саясипублицистикалық лексиканың, әкімшілік терминдерійің қолданылуы басым келеді. Мысалы, “Жоғарғы сот пленумыньщ шешімш Қазақ ССР Жоғар-РЫ Советі Президиумы да қолдап, 1963 жылдыц 29 ноябрінде аталған, қылмыстылар үшін жазаның мөлшерін арттыру туралы указ қабылдады. Бұл указ бойынша, бұдан былайғы жерде аталған к.ылмыстарды жасаған адамдар үш жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыруға жазаланатын болды” (газеттен). Осы мысалда сөйлем құрылысы жағынан жалпы жазба тіл нормасынан ауытқушылықты байқамаймыз. Ал лексикалық өзгешелігі бірден көзге түседі. Мұнда заң орындарына тән арнаулы сөздер мен сөз тіркестері қолданылған. Ресми стильдің ерекшелігін мына төмендегі үлгілерден байқауға болады:
СССР ЖОҒАРҒЫ СОВЕТІ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ
УКАЗЫ
СССР ЖОҒАРҒЫ СОВЕТІНІҢ САЙЛАУЫН
ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
Сегізінші сайланған СССР Жоғарғы Советінің өкілдігі бітуіне байланысты СССР Конституциясының (Негізгі заңыныц) 54-статьясы негізінде, Советтік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Советінің Президиумы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
(СССР Жоғарры Советінщ сайлауы 1974 жылғы 16 июньдегі жексенбіге тағайындалсын.
СССР Жоғарғы Советі Президиумының
Председателі
СССР Жоғаргы. Советі Президиумының
Секретары
Москва, Кремль, 22 март, 1974 жыл.
ВЛКСМ ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫНАН
Одақтас республикалардың ЛҚСМ Орталық Қомитеттеріне, комсомолдың өлкелік, облыстық, округтік, қалалық, аудандыц ко-митеттеріне халыққа білім беру органдарымен бірлесіп, ҚПСС XXIV съезінің шешімдеріне сэйкес жалпыға бірдей орта білім беруге көшуді аяқтау, шэкірттерді оқытудық және тэрбиелеудің сапасын арттыру жөнінде, селолық мектепте ерекше назар аудара отырып, нақты шараларды жасау жэне жүзеге асыру ұсынылды. Комсомол ұйымдары білімді кеңінен насихаттауды өрістетуі, өзінің оқуы үшін жэне келешек еңбек қызметіне жан-жақты әзірленуі үшін эрбір комсомолецтің жауапкершілігін арттыруы қажет. ( Лениндік есепті өткізу практикасын барынша жақсарта берген жөн.
Ресми стнльге жататын мемлекеттік документтер жанр және мазмұн жағынан әр түрлі болып келгенімен, олардың, барлығына ортақ жалпы сипаты болады:
1. Белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады.
2. Лексика-фразеологияның құрамы (саяси-публицистикалық сипатта, әкімшілік терминдер мен күрделі терминдер, кысқарған сөздер) өзгеше болып келеді.
3. Ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.
Сонымен қатар, экспрессивті, бояулы тілдік құралдар қолда-нылатын кейбір текстер де бар. Мәселен, халықаралық ұйымдарды, даңқты қалаларды және жеке мекемелер мен белгілі қоғам қайраткерлерінің мүшелі тойына арналған құттықтаулар болады. Құттықтау текстерінің қайсысы болса да жігер, қуатқа толы, жақсы тілектер’ айтылып, жылы сезіммен жазылады. Сондықтан онда эмоциональды бояулы сөздердің колданылуы заңды кұбылыс.
ЛЕНИН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕҚШІЛЕРІНЕ!
ҚПСС Орталык, Қомитеті, СССР Жоғарғы Советінің Прези-диумы жэне СССР Министрлер Советі Ленинградтың еңбекшілерін тамаша күнмен — қаһарман қаланың іргесінде фашистік тобыр-ларды талқандаудың жиырма жылдығымен — қызу құттықтайды.
Ешқашан да ұмытылмайтын ерлігі Отанымыздық тарихынан мэнгі орын алатын ленинградтықтардыц еңбекте, коммунизм жо-лындағы ұлы куресімізде зор табыстарға жетуіне тілектеспіз. Ленинградты қорғаған батырлардың даңқы мэңгі өшпесін!
КПСС Орталык, Комитеті
СССР Жоғарғы. Советінің Президиумы
СССР Министрлер Советі
Іс қаГаздары дегенді іс қаҒаздарына түзетіп қойыңыздаршы, өтініш!!! Қазақ контенті үшін ұялмайық.
Іс қаГаздары дегенді іс қаҒаздарына түзетіп қойыңыздаршы, өтініш!!! Қазақ контенті үшін ұялмайық!!!! Қатесіз жазайық
Іс қағаздар жайлы толық емес!!! Ішіне өтініш, сұраныс, талап, т.б ісқағаздар енгізілуі керек!!!