Жалғаулық шылау
Жалғаулық шылау. Бұл Жалғаулық шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп те аталады.
Олар мыналар: мен (бен, пен), да (де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, я, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, өйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті т. б.
Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас кұрмаластың сынарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар.
1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да, де, та, те, және, әрі.
2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: Бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.
3. Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.
4. Себеп-салдарлык, қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.
5. Шарттық қатынасты білдіретін жалғаулыктар: егер, егер де.
Жалғаулықтар орыс тіліндегі «союзы» деп аталатын көмекші
сөздермен сәйкес келеді. Жалғаулық шылаулар мен септеуліктерді салыстыра қарасақ, мынадай ерекшеліктер байқалады. 1. Екеуі де сөз бен сөзді, сейлем мен сөйлемді байланыстырады. Бірақ септеуліктер бір сөзді екінші сөзге бағындыра байланыстырып, сөз тіркесін кұрауға немесе бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемді байланыстырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрауға негіз болса, жалғаулықтар екі сөзді тең дәрежеде байланыстырып, сөйлемнің бірыңғай мүшелерін құрауға немесе жай сөйлемдерді салаластыра байланыстырып, салалас кұрмалас құрауға негіз болады. Тек шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар ғана (егер, егер де) бағыныңқы сөйлсм мен басыныңқы сөйлемді байланыстырады. 2. Септеуліктер де, жалғаулықтар да, өздері байланыстыратын сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнін арасындағы мағыналык катынасты білдіреді. Бірақ септеуліктер өзі шылауындағы сөзге не сөйлемге белгілі бір қосымша мән үстеп, екінші басыңқы сөзге, я сөйлемге сабақтаса байланыстырса, жалғаулықтар тен, дәрежелі (бірыңғай) сөздер мен сөйлемдердің арасындағы мағыналык қатынастарды білдіреді.
Мысалы: Сәду кейіншектеп топ арасынан үйіне қарай бет алды (Б. М.) Алтынсары қадалған сайын, оның кескіні кұбыла бастады. (С. М.). Жомарт пен Жанат Буданкекті женіл арбаға жегіп, жолмен келеді (Ғ. Мұст). Абай көше ортасында ақырын тосып калып еді, бірақ топ ішінен мұны байкап елеген бір адам да жоқ. (М. Ә.).
Бірінші сөйлемдегі қарай септеулігі үйіне деген сөзге бағыттық-мекендік мән үстеп, оны бет алды деген баяндауышқа меңгерте байланыстырып тұрса, екінші сөйлемдегі сайын септеулігі бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш құрамында келіп, оны басыңқы сөйлемге бағындырып, мезгілдік дүркінділік қатынасты білдіріп тұр. Ал үшінші сөйлсмдегі пен жалғаулыгы Жомарт, Жанат деген бірыңғай бастауыштарды ыңғайластық қатынаста, төртінші сөйлемдегі бірақ жалғаулығы екі жай сөйлемді қарсылықты мәнді қатынаста салаласа байланыстырып тұр.
клас
рахмет ұнауға тиіс
жарияланған материалдар өте ұнады, тиянақты.