Мұртты киттер
Мұртты киттер. Бұлардың негізгі өзгешелегі тістері болмайды. Таңдайынын, екі жағына тізіліп орналасқан мүйізді пластинкалары болады.
Бұларды “кит мұрты” деп атайды. Ол сүзгі аппараттың қызметін атқарады. Бұлардың көпшілік түрлері планктонды омыртқасыздармен, сирек болса да балықтармен қоректенеді. Мұртты киттер — барлық мұхиттарға тараған, бірақ суық теніздерде көбірек кездеседі. Әрқашан миграциялап отырады. Солтүстік жарты шарда киттер қьгсты тропикалық суларда өткізеді де, жазда солтүстікке қарай ауысады, өйткені, бүл кезде солтүстікте планктондар көп болады. Күзде қайтадан оңтүстікке ауыса-ды. Оңтүстік жарты шарда да осындай миграция байқалады. Киттердің бір жарты шардағы сулардан екінші жарты шардағы суларға миграция жасайтыны байқалған.
Тіссіз киттердің он шақты түрі белгілі. Олардың көпшілігі өте ірі болады. Мысалы, жасыл киттің (Ваlаепорtега тизсиіиз) ұзындығы 33 м, салмағы 160 тонна болады. М. М. Слепцовтың мәліметіне қарағанда бұл киттің салмағы 25 пілдің немесе 150 өгіздің салмағына тең. Жүрегі 600—700 кг, денесіндегі қаны 8000 л, яғни 8—9 т болады. Ішегінің ұзындығы 300 метрдей, қарнының сыйымдылығы 3000 л болады. Бала емізіп жүрген мұндай кит күніне 200—300 литрдей сүт береді. Бір тәулікте көк кит 4—5 т шаян тәрізділерді немесе балықтарды жейді.
Тіссіз киттердід кәсіптік маңызы үлкен. Бұлардың майы, мұрты және терісі пайдаланылады. Етімен ішкі органдарынан тук деп аталатын жем даярлап, малға береді. Совет Одағында кит Қиыр Шығыста және Арктикада ауланацы.