Экономиканы реттеу қоғам өмірінің қажеттілігі
Экономиканы реттеу қоғам өмірінің қажеттілігі
Әкімшілік — әміршілік басқару экономикасынан нарықтық экономикаға көшу еліміздің экономикасының шаруашылық механизмін түгелдей қайта құруды талап етуде.
Нарық, ол өндіріс бағытын, мақсатын тұтынушыларға қаратып бұратын және меншік түрлеріне қарамай өндіруші – сатушылар, тұтынушы – сатып алушылар іс – қимылдарына жағымды жағдай жасайтын механизм. Нарықтық экономика қоғамның әлеуметтік – экономикалық өміріндегі барлық әлеуметтік және экономикалық үрдістерді шешетін құрал емес. Ол түсімдердің әділ болуының қамтамасыз етпейді, әлеуметтік қоғамдық еңбекке кепілдік бермейді, халықтың әлеуметтік аз қорғалған топтарын көтермелей алмайды және қорғашаған ортаны қорғауға қоғам мүшелерін бағыттай да алмайды.
Мемлекеттік рөлі экономиканың дамуына жағдай жасау және өзінің негізгі қызметтерін орындау осылар:
1) құқықтық негізді құру;
2) ұлттық қауіпсіздікті және елдегі тәртіпті қамтамасыз ету;
3) экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету;
4) әлеуметтік қамсыздандыру;
5) бәсекелестікті қорғау;
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты – мемлекеттің, қоғамның мүддесін және халықтың қорғанысыз тобының мүдделерін қорғау. Бұл мақсаттарды асыруда түрлі мемлекеттік реттеулер іске асырылады:
1) мемлекеттік меншікті басқару
2) салықтық реттеу
3) ақша – несие реттеуі
4) бюджеттік реттеу
5) еңбек қатынастарын, еңбек ақыны реттеу
6) қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу
7) мемлекеттік бағдарламалар және тапсырмалар арқылы реттеу
Осы курста мемлекеттік экономиканы реттеудегі теориялық негіздерін, реттеу әдістерін, құралдар жүйесін қамтиды, сонымен бірге экономиканы мемлекеттік реттеудегі шет елдер тәжірибелеріне сипаттамалар қарастырамыз.
Қазіргі кездегі мемлекеттің экономикалық рөлі – бұл көптеген ғасырлар өмірінің тәжірибе нәтижесі. Нарықтық экономикаға ықпал жасау тәсілдері мен құралдарының қалыптасу жолында 1929-1933 жылдар аралығында әлемдік дағдарыс маңызды рөл атқарды.Әлемнің дамыған елдеріндегі өндіріс көлемі 2 еседей төмендеп, халықаралық сауда азайып, миллиондаған адамдар жұмыссыз қалды, осы кезде мемлекеттер дағдарыс пен күрес жолында көптеген экономикалық іс – қызметтерді өз мойындарына алуға мәжбүр болды, яғни нарық экономика механизмін мемлекеттік реттеу шараларымен толықтыру қажеттілігін түсіну басталды.
Тиімді экономиканың шведтік моделін жасаушы Клас Эклунд осылай деген: «Таза күйдегі реттелінбейтін экономика қазір бірде бір мемлекетте жоқ» мемлекеттік реттеудің тиімді өнндірісті әлеуметтік дамуды объективті қажеттілік екендігін айтады. Ғалымдардың анықтамалары бойынша, мемлекеттік реттеу дегеніміз – бұл макроэкономикалық тұрақтылықты және тиімді тепе – теңдікті қамтамасыз ету мақсаты үшін мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық процестерге әкімшілік экономикалық ұйымдастыру құқықтық араласу түрі.