Дамыған елдердегі баға белгілеу
Дамыған елдердегі баға белгілеу
Шет елдердегі баға белгілеу мен бағаны реттеу тәжірибесін зерттеу, оның заңдылығы мен тенденциясын түсінуге, Қазақстан экономикасының нарыққа өту кезіндегі баға механизмін қалыптастыруда алған білімді пайдалануға мүмкіндік береді. Олар тәуелсіздігін бізден бұрын алған және олардың экономикасы көптеген ерекшеліктерге ие, сонымен қатар шет дамыған еледрдің баға белгілеу механизмін білу артықшылық етпейді. Сондықтан төменде даыған елдердегі баға белгілеу мен бағаны реттеу үлгілеріне тоқталмақшымыз.
Алпауыт ел АҚШ- тағы баға белгілеу мен баға реттеуге келер болсақ, АҚШ- та 70- жылдары көтерме және бөлшек сауда бағалары қарқынды түрде өсті.Инфляция деңгейі жоғарылай берді. Мемлекеттің жасаған алғашқы қадамы осы инфляция ны бағаны тура реттеу арқылы жеңу болды. 1971 жылы тамызда АҚШ президенті Р.Никсонның ұсынысымен бағаға орталықтандырылған бақылау орнатылды. Ең күрделі экономикалық жағдайды қоғамдық пікірлердің қысымы президентке шұғыл шешім қабылдауға ықпал етті. Инфляцияның күрт түсуі ауыр жағдайға – жұмыссыздыққа әкелу қаупі болды. Қысқа мерзімді жоспарда АҚШ- тағы бағаны тікелей реттеу экономиканы тұрақтандыруға көмектесті. 1972 жылы күзде көтерме және бөлшек сауда бағасы төмендеп, жұмыспен қамтамассыз ету біраз өсіп, ЖІӨ тез өсе бастады.
Алайда орталықтандырылған реттеудің кейбір жағымсыз салдарлары да көрініс берді. Баға мен жалақыны тоқтату капиталдың салааралық құйылуын шектеді, инвестицмя әрекеті тоқтап, іскерлік белсенділік деңгейі төмендеді, табыс өсімі азайды.
1972 жылы мамырда АҚШ бағаны тура бақылаудан бас тартты. Қазір Америка әкімшілігі бағасын тура реттеудің кейбір түрлерін және мемлекет тұрғысынан қаржыландыруды шектей отырып, жанама реттеу әдісі мен нарық тұтқасын белсенді пайдаланды, себебі елдегі жалпы экономикалық жағдайды жақсарту керек болды.
Бағаны жанама реттеудің негізгі бағыттары:
— рестрикциондық несие- ақша саясаты, федералды резервтік жүйенің есептік мөлшерлемесін реттеу,
— тауарлар мен қызмет көрсетуді федералды сатып алуды кеңейту
— мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту
— рационалды салық саясаты
Мұндай мемлекеттік макроэкономикалық саясатты жүргізу арқасында АҚШ ішкі нарықтағы ұсыныс пен сұраныс арақатынасына белсенді түрде өзгерістер енгізді және баға деңгейі мен базалық айырбастау пропорциясын анықтады. Елде соңғы жылда тұрақты және жоғары қарқынды өсу байқалды, елеулі профицитпен сөзсіз қосылатын мемлекеттік бюджеттің тапшылық мәселелері жойылды.
Қазір бағаны тікелей мемлекеттік реттеу тек жоғары монополияланған салаларда ғана қолданылады. АҚШ- та мемлекет тұрғысынан бағалық 5%- дан 10%-ға дейін ғана реттеледі.
Франция экономикасындағы баға мәселесіне тоқталар болсақ, Франция өнеркәсібі дамыған елдердің бірі болып табылады. Бұл елде ұзақ уақыт бойы баға мемлекеттік реттеудің қатаң тәртібінде болды. 40 жыл бойы(1947- 1986) бағаны жартылай мемлекеттік реттеу, осы уақытқа дейін сақталған «дирижизм» саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.
Бағаны либеризациялау 1973 жылдан 1980 жылдың екінші жартысына дейін созылды. 1986 жылы мемлекеттік бақылаудан өнеркәсіп өнімі бағасының 90%- ы босатылды.
Қазір француз үкіметі монополист- салалар кәсіпорындағры өнімінің бағасын реттейді: газ, электр энергиясын, көлікті, ауыл шарушылық өнімдерін. Тауарлар мен қызмет көрсетудің және реттеу бағалары арасындағы арақатынас мынадай: бағаның 20%-ын мемлекет реттесе, ал қалған 80%- ы еркін баға белгілеу тәртібінде реттеледі.
Бағаны реттеу ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге мемлекеттік әсер етудің, фермерлер мен өнеркәсіп, сауда қызмет көрсету жұмысшылары табыстарындағы паритетті сақтаудың басты аспабы болып табылады.
Ауыл шарушылық өнімдерінің бағасының 90%- ы реттеледі. Сонымен мемлекет азық- түлік өнімінің бөлшек бағасы динамикасына және деңгейіне жанама ықпал етеді.
Бағаны реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік құүрылым, экономика және жоспарлау министрлігінің бәсеке бойынша департаменті болып табылады.
Швеция. Бұл елде бағаны бақылау мен тексеруді – Азаматтық әкімшілігі министрлігіне бағынатын бәсеке мен бағаны мемлекеттік басқармасы сияқты арнаулы орган іске асырады. Швецияда бағаны реттеу заңы мен бәсеке шартымен баға туралы мәліметтерді ұсыну міндеттігі туралы заң қабылданған және әрекет етеді.
Қысқа мерзімді бағаны тоқтату- бұл инфляцияның көтерілмеуіне жол бермеу және нарықтағы күрт дисбаланстарды қалпына келтіру үшін қолданылады. Бағаны реттеу туралы заң мемлекетке соғыс , не оның шығу қаупі ,не бағаның жалпы өсу қаупі кезінде бағаға тікелей әсер ету жөніндегі шараларды іске асыру құқын береді. Жекелеген тауарлар үшін максималды баға деңгейін қою, тәртіп орнату мүмкіндігіне ие. Бұл кезде бағаны жоғарлатуға, осы жөнінде алдын ала ескерту берілгенннен кейін және бағаны жоғарлату мөлшері дәлелденгеннен соң ғана рұқсат беріледі.
Баға деңгейіне ықпал ету, мемлекеттік монополия және мемлекеттік кәсіпорындар арқылы ғана іске асырылады.
Швецияның ауыл шаруашылығына бағалық субсидиялаудың маңызды көзі- импорттық шикізаттарға қойылатын кедендік алымдар. Олар ішкі нарықпен сыртқы нарықтың ең жоғарғы бағалары арасындағы айырмашылық мөлшерінде орнатылады.
Баға белгілеуді мемлекеттің тұрғысына реттеудің маңызды сферасы- тұрғын үй бағасы. Үйлердің өте қымбат екенін ескере отырып, мемлекет тұрғын үй субсидиясы мен қарыздар береді.
Даниядағы баға белгілеу мен баға реттеуге келсек, бұл елде баға белгілеу жүйесі нарық факторларының ықпалымен құрыларды. Бағаны қалыптастыруға мемлекттік әсер аса шектеулі. Бұл облыстағы мемлекет функциясы сұраныс пен ұсыныс арақатынасының өндірістік шығындары мөлшері сияқты критерийлерден шыға отырып, өз өнімі бағасын дербес орнататын және өндірушілердің еркін бәсекесі үшін максималды жағымды жағдайлар орнатуда болып табылады.
Мемлекеттің сектордағы масштабы үлкен емес бағалар мен тарифтерді мемлекеттік және муниципалдық өкімет, фолькетинг(парламент) орнатады. Тікелей мемлекет орнататын немесе реттелетін бағалардың үлкен салмағы 6%- ға жуық болады.
Даниядағы баға белгілеудің негізгі заңды актісі, 1989 жылы 1 маусымда фолькетинг қабылдаған бәсеке туралы заң болып табылады.
Баға белгілеу облысындағы монополияның қызметін қадағалайтын мүшелер, өнеркәсіп министрі төрт жылдық мерзімге тағайындайтын мүшелерін бәсеке мәселелері бойынша кеңес іске асырады. Ауыл шаруашылық өнімдеріне баға белгілеу процесі, Дания мүше болып енетін ЕО(ЕС) ауыл шаруашылық саясаты механизмінің ықпалымен құрылады. Сонымен қатар фермерлерге мемлекет тарапынан күрделі құрылыс үшін, суландыру жұмыстарын жүргізуді, энергия сақтаушы жүйені негіз үшін қарыз беру мен жеңілдетілген ренталық жағдайлар ұсынылады.
Норвегия . Елдегі бағаны мемлекеттік реттеудің , 1995 жылғы бекітілеген баға пайда мен бәсекені шектеудің негізі сонымен қатар осы заң негізінде жарық көрген бірқатар корольдік бақылау заңы, резолюциялар болып табылады.
Кәсіпкерлік пен баға белгілеу сұрақтарын реттеуші заңдардың орындалуын бақылауды баға белгілеудің мамандандырылған органдары іске асырады. Оның ішіндегі маңыздылары: Баға бойынша кеңес, Баға бойынша директорат, Баға бойынаша мемлекеттік инспекция.
Мемлекет максималды және минималды баға деңгейін анықтап, бағаны тоқтатуды жүргізеді, баға белгілеу облысындағы баға жеңілдіктер мен үстемелерді, пайданың максималды деңгейі мен басқа ережелерді орнатады.
Норвегия ішкі бағаны белгілеудің негізі әлемдік баға болып есептеледі. Норвегия экономикасының сыртқы нарыққа тәуелді болуы үкіметті өз экономикасын қорғау саясатын, соның ішінде ішкі және сыртқы бағалар деңгейлері мен арақатынастарының сәйкестігін бақылауды жүргізеді. Егер импорт ішкі нарықтағы қажетсіз өзгерістерге әкелсе, онда үкімет импортты шектеуге ұмтылады.
Австрия. Бағаны мемлекеттік реттеу ьаға туралы заң, картель туралы демпингке қарсы заң негізінде жүзеге асады. Мемлекет бағаның 10%- ын реттейді. Парламент темекі, темекіден жасалатын бұйымдар, тұз бағаларын, пошталық алымдарды, телефонға, телеграф және темір жолдары тарифтерін орнатады. Қаржы министрлігі спирт ішімдіктеріне баға белгілейді.
Австрияның экономика министрлігі кез келегн тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге 6 айға дейін бағаны реттеуді енгізуге құқылы. Егер бір немесе бірнеше кәсіпорындар бағаны заңсыз көтерсе, не өнімді өндіруге жұмсалған шикізат пен материалдар бағасы төмендегеніне қарамастан, кәсіпкерлер дайын өнім бағасын түсірмесе 6 айға дейін олар бағаны орната алады. Бағалардың экономикалық дәлелі жеке алған кәсіпорын өнімнің нақты өзіндік құны тұрғысынан емес, тұтынушылар мен экономиканың даму позициясынан қарастырылады.
Швейцария. Ауыл шаруашылық өнімдері, бағаның тең жартысының жуығына заңды түрде реттеледі. Мемлекеттік реттеу тамақ және жем бидайы, қант қызылшасы, сүт бағаларын қамтиды. Етек анықтама баға белгіленеді. Тоқыма тауарларын, киімді, ойыншықтарды, музыкалық аспаптарды бақылау арқылы бағаны шекті реттеу жүзеге асырылады.
Швейцарияда мемлекет қорғайтын немесе жәрдем ақша бөлетін тауарлар бағасы бақыланады.
Швейцарияда баға белгілеу органы бағаны бақылайтын Федералдық ведомство болып саналады. Баға белгілеу процесі тауардың бағасын қорғау туралы, сонымен қатар өнім түрлері мен және нақты салалар бойынша қаулылар мен заңдарға сәйкес, Федералдық үкіметтің қаулысы бойынша жүзеге асады.
Испания. Бағаны мемлекеттік реттеу мен бақылауды 1997 жылы Король декретімен бекіткен. Экономика және қаржы министарлігі жанында баға жөніндегі Жоғарғы кеңес баға реттеу мәселелерімен айналысады.
Мемлекет тікелей реттйтін және орнатылатын бағаның үлес салмағы кәсіпкерлік бағаның жалпы саны 10%- ын құрайды. Бағаны мемлекеттік реттеудің механизмі олардың мынадай түрлерін пайдалануды қарастырады: шешілуші баға, жергілікті және хабарлаушы баға.
Шешілуші баға. Нақты тауарға немесе қызмет көрсету бағасын жоспарлайтын мемлекеттік немесе жеке компания, Баға бойынша жоғары кеңеске өтініш жасайды және үкімет комиссиясынан рұқсат алғаннан кейін бағаны көтереді. Бағалар соялық майға, электр энергиясына, табиғи және тығыздалған газ,ға, жанармайға, керосинге, дизельдік отындарға, фармацевтік тауарларға, пошта мен телеграф қызметіне, жүк және жолаушы тасымалына белгіленеді.
Хабарлаушы баға. Бұл жоғарғы кеңес хабарынан кейін оның жүзеге асуынан бір ай бұрын жоғарылайтын бағалар.
Жергілікті бағалар. Бұл бағалар аурухана, санаторий, емхана қызметтеріне, жолаушыларды қалалық темір жолмен тасымалдыауға, халықты сумен қамтамассыз етуге қойылады.
Елдің жалпы нарыққа кіруіне байланысты көптеген тауарлардың, оның ішінде ауылшаруашылық тауарларының бағаларын реттеу жүргізіледі.
Австралия. Бұл елде арнаулы баға реттеу жүйесі жоқ. Нан, сүт, жұмыртқа, бағаларын бақылауды бірқатар штаттарға, осы штаттардың қазынашылығы құрамына енетін арнаулы өкілетті органдар жүзеге асырады. Өкілетті ұйымдар, бұл тауарлар бағасының максималды деңгейін қайта қарап отырады. Ал қалған бұқаралық ауыл шаруашылық тауарларына минималды, кепілді баға қойылдаы.