Экономиканы мемлекеттік реттеуінің факторлары
Экономиканы мемлекеттік реттеуінің факторлары
Экономиканың қандай жағдайлар мемлекеттік реттеуінің объективті қажеттілігін қарайды:
1)Таза қоғамдық тауарлар – бұл нарықтық экономикаға бағынбайтын немесе нарықтық экономиканың механизмдерінің ықпалын қабылдамайтын қызметтер, тауарлар: мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, мемлекетті басқару, азаматтардың заңды құқықтарын қорғау, қоршаған ортаны қорғау және т.б. жұмыстар жатады. Бұл айтылған қызметтер экономикада мемлекеттің араласуынсыз іске асырылмайды.
Себебі, нарықтық экономика әрбір өндірістік ұжымның ең басты міндеті өндіріс нәтижесінде пайда келтіру. Пайда – бұл өндіріс көзі. Әрбір өндірістік ұжым жоғары аталған жұмыстар жүйесін, біріншіден, бүкіл мемлекет шеңберінде атқара алмайды. Екіншіден, мұндай жұмыстар оны тікелей қаржы жұмсауға қызықтырмайды. Бірақ та , бұл қызметтер жалпы халық үшін, жекелеген адамдар үшін, осы қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуы үшін, мемлекет көлемінде өте қажет.Сол себепті, бұл қызметтердің іске асырылуы қоғам өмірінде мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілік екендігін айқындайды.
2)Қоршаған табиғи орта жер қойнауының байлығы, оларды ұтымды, тиімді пайдалану. Осы мақсатында мемлекет 3 бағытта жұмыс шараларын жүргізуді талап етеді. Олар:1) орталықтандырылған қаржы көздері арқылы ағымдағы және болашақтағы табиғи ортаны қорғау шараларын іске асыру.2) шаруашылық субъектілеріне табиғи ортаның байлығын және қоршаған орта нормаларын, нормативтерін, құқықтық — әкімшілік шектеулерін белгілеу 3) табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды ынталандыру механизмін қалыптастыру және бақылау
3)Орталықтандырылған әлеуметтік шығындар. Іріктеу процесінде өндірістік тиімділігі нашарлары жабылып, жұмысшылары белгілі уақыт аралығында жұмыссыз қалады, олар жұмыс тапқанша не істеулері керек? Қалай өмір сүрулері керек? Сонымен бірге қоғамның кәрі адамдары немесе мүгедектері қалй өмір сүруі керек? Бұл сұрақтарды шешу мемлекет мойнындағы негізгі жұмыстардың бірі және экономикаға мемлекеттің араласуын қажет ететін фактор. Бұл жағдайларды реттеуде мемлекет көз жеткізу тәсілін қолданады. Көз жеткізу тәсілінің нәтижесі әлеуметтік қамқорлық, көмек көрсетуді жанжандыру, ал екінші тәсіл нетижесінде түсімге, табысқа, салық мөлшерлерін белгілеудің құқықтық негізін белгілеу және мемлекеттің әлеуметтік бағыттағы шараларын орталықтандырып, қайта бөлумен қаржыландыруды іске асцыру.
4)Барлық экономикалық жүйе дамуының мақсаты. Осы орайда мемлекет қоғам мақсатын анықтау, оның барлық жүйелерінің даму жолдарын белгілеу. Олардың іске асырылуы талдау, бақылау, мемлекеттік реттеуді объективті қажет етеді.
5)Экономиканың дамуына жағдай жасайтын ақпараттық ағымда қозғалысын қамтамасыз ететін өндірістік инфроқұрылымдардың кешенді дамуы