Әдеби тілдің стильдері
Стиль ұғымы да сөйлеу (речь) және оньщ формаларымен бай-ланысты қаралады. Стильдердің негізгі арқауы — сөйлеудің ауыз-ша және жазбаша формаларь/.
Қоғамдық өмірде қатынастың көптеген түрінің болуына байла-нысты онда тіл біркелкі пайдаланылмайды. Өйткені адамдардың қатынасы әр түрлі жағдайда жасалады. Әр түрлі жағдайда, әр түрлі сөйленіп, әр түрлі жазылады. Мысалы:
“Тыңдаңыздар, Алматыдан сөйлеп тұрмыз!” бен “Әй, тыңда-саңдаршы!” дегенді салыстырсақ; біріншіден, әдеттегі, күнде ра-диодан естіп жүрген ресми хабар түрі де, екіншіде — ‘үйреншіктІ сөйлеу тілі бар. Формасы жағынан екеуі де — ауызша, бірақ айты-лып жеткізілуі әр басқа.
“Ана тілін құрметтей білуді насихаттау — — басты міндеттердің бірі болуға тиісті. Ғылым мен техниканың, мэдениет пен әдебиеттің табыстарын білу құралы, өмірдіқ эр саласын тани білу құралы, ой мен пікірді білдіретін қарым-қатынас құралы бола алатын ана тілімізді сүйе білудің айрықша мэнін түсіндіріп отыру қажет. Ана тілін ардақтау өзге тілді елемеу деген сөз емес. Бұларды бір-біріне қарама-қарсы қоюдың зиянын оқытушыларра да, оқушыларға да уағыздап отыру тиімді. Мүның интернационалдың мәні
зор екендігі тусінікті де” (I. Қеңесбаев). —
Орыс тілі —(жұлдызым) Ана тілін білмеген —
Кадірлі бізге әманда Ақылы жоқ желікбас.
Бірақ қырғыз өз тілін Ана тілін сүймеген —
Білмегені жаман да! Халқын сүйіп жарытпас
! (Б. Сарыноғаев.)
Мысалдың екеуінде де ана тілі туралы сөз болған. Екі мысал да сөйлеудің жазбаша түріне жатады. Ал жазылу тәсілі —жағынан біріншінің публицистикалық стиль, екіншінің көркем сөз (поэти-калық) стилі екенін аңғару қиын емес.
Немесе мынадай фактіні алайық; ғылыми стильде оқулық жа-зылады және лекция оқылады. Мұнда оқулық — жазбаша, лекция — ауызша яғни сөйлеудід әр түрлі формасы бір стильде келген. Сөйтіп, сөз (речь) формасы мен стиль ұғымдары бір емес1.
Ф о р м а — ол тіл құралдарының көмегімен болатын сөйлеудің (речь) сыртқы көрінісі;
С т и л ь — ол белгілі бір қатынастың түрінде тілдік единица-
1 В. В. Виноградов. “Вопросы языкознания”, 1955, № 1.ларды сұрыптап пайдалану арқылы, ойды жеткізу мәнерінің көрінісі.
Форма — тұрақты ұғым. Мәселен, тілдің ауызша түрі адам қай кезден бастап сөйлесе, содан бері бірге жасап келеді; және бұдан былай да жасай бермек. Стиль болса,— ол тарихи’ категория. Сон-дықтан тарихи бір кезеңде кейбір стильдердің болмауы заңды құ-былыс деп саналады.
Стильдер қалай қалыптасады? Стильдер жасалатын қатынастың ерекшелігіне қарай тілдік единицалардың сұрыпталып қолданылу нәтижесінде дамып жетіледі. Демек, сөйлену жағдайына байланыс-ты, әр алуан стильдік бояуы бар (стильдік ыңғайдағы) тілдік құралдар пайда болады.
“Тілдегі стильдердің дамып жетілуі белгілі бір жанрдың пайда болуымен байланысты. Сондықтан әдеби тілдің стильдерін таптас-тыруда ең алдымен жанрлық принципті негізге алу қажет”1.
Ал жанрлардың пайда болуы, жазба әдеби тілдің даму калпын көрсетеді. Жазба тілдің жетіле түсуі ғылым мен техника, әдебиет пен өнер салаларының дамуына байланысты. Ғылым және мәдениет салаларының дамуы жаңа жанрлардың пайда болуына ықпал жасайды. Ол жанрға сай тілімізде жаңа стиль қалыптасады.
Социалистік жаңа дәуірде қазақ тілінің тек грамматикалық құ-рылысы жетіліп, лексикасы молығып қана қоймай, сонымен бірге, қазақ әдеби тілінің стильдер жүйесі, функционалды стильдері де дамиды.
Стиль — тілдің бәріне тән құбылыс, Стильдерді таптастыру проблемасы да тіл білімінде әлі тиянақты шешілмеген даулы мәсе-ленін. бірі. Стильдерді таптастырудың дәстүрлі, қалыптасқан, бұ-рыннан белгілі принципі жоқ. Тіл стильдері туралы қазір де әр түрлі көзқарастар бар2. Адам тілді қатынас кұралы ретінде өздерінің барлық жұмыс салаларында қолданған.
Сөйтіп, стиль дегеніміз — өмірдің белгілі бір саласында қолда-нылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі.
Басқа тілдер сияқты қазақ тілінің де әр түрлі стильдері бар. Олар: сөйлеу стилі және кітаби-жазба стильдер
1 А. И. Ефимов. История русского литературного языка, М., 1961, ет.
2 А. Н. Гвоздев. “Очерки по стилистике русского языка” деген кіта-бында стильдер кітаби және сөйлеу стилі болып бөлінген. Бұлардың өзі бірнеше стильге бөлінеді. А. И. Е фи м о в “История русского литературного языка” (1954) деген кітабында мынадай стильдерді атап өтеді: 1) Көркем беллетристикалык стиль; 2) әлеуметтік-публицистикалык стиль; 3) ғылыми шығармалар стилі; 4) профессионалды-техникалық стильдер; 5) ресми қағаздар стилі; 6) эпистолярлық стиль. В. П. М у р а т (“Об основных проблемах стилистики” (1957) стильдерді төмендегіше бөлген; 1) әдеби сөйлеу тілі стилі; 2) поэтикалық; 3) саяси; 4) ресми іс-қағаздарының стильдері; 5) ғылыми стилі; 6) қарапайым сөйлеу стилі. Ал
Э. Г. Ризельде: 1) көркем әдебиет стилі; 2) публицистикалық стиль; 3) баспасөз стилі; 4) ғылыми әдебиеттер стилі; 5) іс-кағаздар стилі; 6) шешендік стиль 7) телеграф стилі; 8) радиохабарларының стилі; 9) ауызша ресми катынастың стилі; 10) почта стилі және т. б. (“Иностранные языки в школе”, 1952, № 2).