Буын
Буын
Сөздегі бір дауысты немесе дауысты мен дауыссыз дыбыстар дауыс толқынымен бөлшектеніп, топталып айтылады. Мысалы, бала, әке, жақсылык, сияқты сөздер ба-ла, ә-ке, жақ-сы-лық болып, дауыс толқыны бөлшектеніп айтыла алады. Міне, осындай сөздегі фонациялық (дыбыс жасайтын) ауаның қарқынымен үзіліп, бөлшектеніп шығатын бір дауысты немесе бірнеше дыбыс тобы буын деп аталады.
Қазақ тілінде тек дауысты дыбыс буын құрай алады, ал дауыссыз дыбыстар өз беттерімен буын құрай алмайды, тек дауысты дыбыстармен тіөзбектеліп келгенде ғана буын құралады. Сондықтан сөздің құрамында неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы, көк, жер, ал, ел, от деген сөздерде бір ғана дауысты бар, олар бір ғана буын құрайды: жа-са, о-рын, қы-зыл, деген сөздер екі дауыстыдан тұрады, олар екі буыннан құралган; жол-дас-тық, ба-зар-лық, бас-қар-ма деген сөздер үш дауыстыдан тұрады, бұлар — үш буынды сөздер т. б.
Қазақ тіліндегі сөздер бір буынды, екі буынды және көп буынды бола береді. Әдетте түбір сөз бір буынды, екі буынды болады да, көп буыңды сөздер туынды түбір не сөз формалары болып келеді.
Буын құрайтын дауысты дыбыс болғандықтан, буын ішіңде дауысты және дауыссыз дыбыстардың орнына байланысты қазақ тілінде буынның үш түрі көрсетіліп жүр: 1) ашық буын, 2) тұйық буын, 3) бітеу буын.
1. Ашық буын бір ғана дауысты дыбыстан тұрады немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауыстыға бітеді. Мысалы, а, ға, а, ба, ла, ке, ле деген буындар ашық буын болып табылады.
2. Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: от, ар-ба, өрт, ант, ас—тық деген сөздердегі от, ар, өрт, ант, ас тәрізді буындар тұйық буын болып табылады.
3. Бітеу буын дауыссыздан басталып, дауыссызға бітеді. Бітеу буында кем дегенде үш дыбыс болады: дауыссыз+дауысты+дауыссыз. Кейде ортасында бір дауысты басында я соңында екі дауыссыз болады:
Мысалы, қант, мек-теп, жас-тық, сүрт, көз, тақ-тай т. б.
крута рахмет