Шолпан Батырқызы Қыдырниязова
Шолпан Батырқызы Қыдырниязова (6.5.1949 жылы туған, Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылы) – айтыс ақыны. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1980). Алғаш рет 17 жасында айтысқа түскен. 1971 жылы Орал педогогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1980 жылы Қазақ КСР-інің 60 жылдық тойында белгілі халық ақыны Манап Көкеновпен сайысқа түсіп, 1-орынды жеңіп алды. Қаратөбе ауданында Шолпанның ақындық тәжірибесінен сабақ алған жас ақындар Ш. Қыдырниязова тобы қалыптасты. Қазір «Тахат» 376 ААҚ-ның кадрлар бөлімінің бастығы.