Түріккомиссия
Түріккомиссия– 1919 ж. 8 қазанда Мәскеуде Түркістан істері жөнінде арнайы құрылған комиссия. Комиссия 1920 ж. Қазақ АКСР-ін құру мәселесімен айналысып, онда алаш қайраткерлерінің басшы қызметтерге жіберілмеуін қадағалады, сондай-ақ Түркістан АКСР-і ОАК-нің төрағасы Түріккомисс.
1922 жылдың тамызына дейін Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасында қызмет еткен арнайы комиссия. Оған Түркістан өлкесіне орт. өкімет атынан бақылау жасау және басшылық ету міндеті жүктелді. Түріккомиссия құрамына алғашында Ш.З. Элиава (төраға), М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, Ф.И. Голощекин, Я.Э. Рудзутак кірді. Бастапқы кезде Түркістан КП жанындағы Мұсбюро жетекшілері Түріккомиссия өлкелік билік орындарындағы орыс большевиктерінің жергілікті халықтарға қатысты ұстанған саясатын өзгертеді деп үміттенді. Бірақ бұл үміттің ақталмайтындығына Мұсбюро көп ұзамай-ақ көз жеткізе бастады. өйткені Түріккомиссия өлкенің қоғамдық-саяси, әлеум.-экон., мәдени ерекшеліктерін ескерместен Ресейдің ішкі аудандарында жүргізіліп жатқан кеңестік шараларды Түркістан өңіріне күштеп енгізіп, өз қызметінде ұлттық мүддеден таптық мүддені жоғары қойды. Түріккомиссия-ның шақыруымен Ресейден Түркістанға партия-кеңес қызметкерлері көптеп келді. 1919 ж. қарашада Түріккомиссия 117 партия-кеңес қызметкерін ала келсе, осы жылы желтоқсанда 150 адамды шақыртты. Барлық келген қызметкерлерге республиканың түрлі мекемелеріндегі басшылық орындар босатылып берілді. Бұлардың көпшілігі бұрын өлкеде болмаған, оның тарихымен, жергілікті халықтардың салт-дәстүрімен таныс емес, бұйрықты орындаушы кеңсе қызметкерлері еді. Түріккомиссия жергілікті халықтардың сауатты, тәжірибе жинап ысылған өкілдеріне қысым көрсетіп, оларды таптық, партиялық және ұлттық көзқарастары бойынша қызметтен қуды. Түріккомиссия Мұсбюро жетекшілерінің өз ықпалынан шықпауын талап етті. Т.Рысқұловтың Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын “Түрік Кеңес Республикасы” етіп құру идеясына ашық қарсы шықты.
Түріккомиссия ресми билікке оппозицияда болған ұлттық саяси элита өкілдеріне қысым көрсетті. 1920 ж. Рысқұлов, Н.Ходжаев бастаған ұлттық саяси элита өкілдері РК(б)П ОК мен В.И. Ленинге мәлімдеме тапсырып, онда Түріккомиссия-ны таратуды талап етті. Алайда мұндай талап ескерусіз қалды. 1921 ж. наурызда РК(б)П ОК Т-ның төрағасы етіп Рудзутакты тағайындады. Оған “партияның ұлт мәселесі бойынша ұстанған бағытынан ауытқушылармен күресті күшейту” керектігі тапсырылды. Түріккомиссия-ның талап етуімен РК(б)П ОК Түркістан КП ОК-нің хатшысы Н.Төреқұловты, Түркістан ОАК-нің төрағасы А.Рахимбаевты және Түркістан ХКК-нің төрағасы К.Атабаевты қызметтерінен босатты. Түріккомиссия 1922 ж. тамызда таратылып, оның міндетін атқару РК(б)П-ның Орта Азия бюросына жүктелді; (қ. РК(б)П Орталық комитетінің ортаазиялық бюросы).