Ақмырза Ишан бастаған көтеріліс
Ақмырза Ишан бастаған көтеріліс – 1930 ж. Кеңес өкіметінің әміршіл дік-әкімш. жүйесіне қарсы Қазалы уезінде болған көтеріліс. Көтеріліс басшысы Ақмырза Әлім елінде діни сауатын ашып, 1-дүниежүзілік соғыс алдында Стамбұлға барып білім алған. Қазан төңкерісінен кейін елге оралған ишан дінге сенетін адамдардан ұйым құрып, әміршілдік-әкімшілік жүйеге қарсы аз ғана топпен көтеріліске дайындалды. Ақмырза серіктерімен Сыр бойынан көтеріліп, Қуан дағы Шортан мешіті (қазір Ақмырза мешіті) деп аталатын жерде қиындыққа ұшыраған бірсыпыра шаруаларды қосып алды. 1930 ж. наурыз айында Ақмырза бастаған топтың көтеріліске шыққанынан хабардар Қазалы ауданының комитеті 250 адамдық қарулы отряд жасақтап, көтерілісшілерге қарсы аттандырады. Жасақшылар мен көтерілісшілер келісім таба алмай, кісі өлімі болады да, қарулы отряд көтерілісшілерді талқандады. Ақмырза бастаған топ қолға түсіп, қалғандары қашып құтылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
«Қазақ Энциклопедиясы»