Алабота тұқымдастар
Алабота тұқымдастар — кіндік тамырлы, көріксіз, өте кең таралған өсімдіктер. Көпшілігінде сабағы мен бұтағы бунақты (сексеуіл) болып келеді. Жапырақтары кезектесіп қарама-қарсы орналасқан. Қабыршаққа немесе тікенекке айналған да түрлері бар. Гүлдері ұсақ, көзге бірден байқалмайды, түсі жасыл немесе сары болып келеді. Гүлдері жеке-жеке немесе масақ, шашақ, сыпыртқы тәрізді гүлшоғырына жиналған. Қосжынысты, көпжатынды немесе дара жынысты, күлтесіз болып келеді. Тостағанша жапырақшасы — 5, кейде — 3, кейде 4-еу болады. Жемісі құрғақ, қақырамайды. Желмен, бунақденелілермен айқас тозаңданады. Тұқымын жел немесе жануарлар таратады. Алабота тұқымдастарға қызылша, шпинат, көкпек, сораң, алабота, теріскен, сексеуіл, бұйырғындар жатады.
Мазмұны
1 Ақ алабота
2 Сексеуіл
3 Қызылша
4 Шпинат
5 Бұйырғын
6 Апиын
7 Пайдаланған әдебиет
Ақ алабота
Ақ алабота — өте кең таралған алабота тұқымдас біржылдық арамшөп. Топырақтағы қоректік заттарды, әсіресе азот, калий, фосфорды кіндік тамырымен бойына сіңіреді. Ұзын сағақты, жұмыртқа пішінді жапырақтары өркенге кезектесіп орналасады. Гүлі — ірі гүлшоғырлы, күлтесі болмайды. Гүл формуласы — Т4А4Ж1 Ақ алабота жаз бойы гүлдейді. Өте көп тұқым береді, кейде бір өсімдіктер егілген жерде ақ алаботаның тұқымдары егісті жинап алғанға дейін шашылып үлгереді. Сөйтіп егістікті арамшөп басып, топырақты құнарсыздандырады және зиянды бунақденелілердің жасырынуына жағдай жасайды. Ақ алаботаның пайдалы жақтары да бар. Кейбір елдер оның жас жапырағын шпинат тәрізді көкөніске пайдаланады. Қазақтар алаботаны өртеп, күлінен сақар алған және оны сабын жасауға пайдалана білді.
Сексеуіл
Сексеуіл — бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Қазақстандағы орман қорының жартысына жуығын сексеуілді тоғай алып жатыр. Оның көлемі 5 млн шаршы метр деп есептеледі. Өткен ғасырдың 40-50-жылдары сексеуілді отын қоры ретінде пайдаланған. Бақанас, Сары-Үйшік-Отырар, Мойынқұм және Қызылқұмда сексеуілден отын дайындалған. Сексеуіл қорын сақтап қалу үшін бір жылдары көшеттер отырғызылыпты. Алайда жылма-жыл сексеуіл отынға көп дайындалғандықтан, сексеуіл орманы сиреп кетті. Енді мүлде жойылып кету қаупі сексеуілге төніп тұр. Сондықтан сексеуілді қорғау шараларын күшейту қажет. Қазақстанда 3 түрі өседі. Олар қара сексеуіл, ақ сексеуіл және зайсандық сексеуіл. Қара сексеуіл Сырдария, Іле, Шу өзендерінің төменгі ағыстарының аңғарларында тоғай болып өседі. Биіктігі 6 метрге дейін жетелі, тұзды, сортаң топырақта өсетіндіктен, жасыл өркендері тұзды болады. Жапырақтары болмайды, діңдері қисық, жиі бұтақталған, тамыры 8-12 м тереңдікке еніп, жерасты тұзды суын сорады. Фотосинтез үдерісі жас өркендерінде жүреді. Ақ сексеуіл шөлдің құмды жерлерінде өседі. Өркендері майда, қою-жасыл түсті шырынды. Жапырақтары жетілмегендіктен, ағзалық заттар жас өркенінде түзіледі. Ерте көктемде өркендерінде майда ашық-қоңыр түсті гүлдері дамиды. Бұлардың діңі қисық, мықты, морт болып келеді. Бұжыр-бұжыр діңінің сүрегі ауыр, суға батып кетеді. Өте қатты болғандықтан, өңдеуге көнбейді. Сексеуілдің жас бұтақтары мүлде жапырақсыз болады. Өйткені жапырақтары өзгеріп кеткен, жапырақ қызметін жас өркендері атқарады. Сексеуіл дің гүлі ұсақ, қосжынысты — бір үйлі, қабыршақ тәрізді гүл жапырақтың қолтығында 4-тен орналасады. Гүлсерігі қабыршақтанған 5 жапырақшалардан құралып, жемісінде қанатша түзіледі. Көктемде гүлдейді. Жемісі — қанатты жаңғақша, қыркүйек — қазан айларында пісіп жетіліп, қараша — желтоқсан айларында жерге төгіледі. Сексеуіл тұқымынан көбейеді, өркендерінен де өсіп жетіледі Ол 30-60 жыл тіршілік етеді. Сексеуіл діңі жаққанда жылу ды көп бөледі. Сондықтан отынға пайдаланылады. Сүрегін жаққанда түскен күлден сақар (тыңайтқыш) өндіріп алады. Сексеуілдің жас өркендерін қыста қой, түйе жейді. Ақ сексеуіл құм бекітуге пайдаланылады.
Қызылша
Қызылша — алабота тұқымдастарға жататын бір, екі, көпжылдық шөптекті өсімдіктер туысы. Қызылша туысының 6 түрі бар. Екіжылдық қызылшалар бірінші жылы жемтамырына, өсімді бөлігінде қоректік зат жинайды. Ал екінші жылы оны гүлдері мен тұқымдарына жұмсайды. Бұл — екіжылдық қызылшалар түрі. Кәдімгі қызылша — қызылшаның мәдени түрі. Оған асқаналық қызылша, малазықтық қызылша, қант қызылшасы қамтылады.
Қант қызылшасында 23%-ға дейін қант болады. Жапырақты қызылша (мангольд) — қант қызылшасының түршесі. Қант қызылшасы республикамызда Алматы, Жамбыл облыстарында өсіріледі. Етті, жуан тамыры жемтамыр деп аталады. Тамырдан сағақты, топтасқан жапырақтар өсіп шығады. Гүлсидамы, қуатты сабағы екінші жылы пайда болады. Жасыл немесе ақшыл гүлдері жеке-жеке немесе 2-5-тен топтасып өседі. Бірінші жылғы өсім мерзімі 160-170 күн, екінші жылы 100-130 күнге созылады. Жылу сүйеді.
[өңдеу] Шпинат
A.
Шпинат.
Шпинат — бір және екіжылдық шөптекті алабота тұқымдастардың бір туысы. Бұлардың 3 түрі бар. Құрамындағы нәруыз мөлшері етке пара-пар. Витаминдерге де бай: А1, В1, В2, С және РР болғандықтан, асты дәмдеуге өте пайдалы. Жапырақтарын тамаққа пайдаланады. Бақша шпинаты — екіүйлі. Аталық гүлінің формуласы: К4А4Ж0, Бұйырғын
Алабота тұқымдас — бұйырғын (ежовник) шала бұталы немесе көпжылдық шөптекті өсімдік. Гүлдері — қосжынысты. Жемісі — қызғылт, қызыл-сары түсті жидек. Қазақстанда бұйырғын туысты өсімдіктердің 17 түрі бар. Кәдімгі бұйырғынды түйе, қой-ешкі, жылқы жейді. Алайла жапырақсыз бұйырғын немесе итсигек жетек түрі өте улы. Итсигектен ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы қолданылатын дәрі алынады. Оңтүстік Қазақстанда Шымкент қаласында арнаулы зауыт бар. Тұқымбүршігі аналық жабынның ішінде жабық өсетіндіктен, өсімдіктердің бұл тобы жабық тұқымдылар болып аталған. Бұлардың көбею мүшесі — гүлі, сондықтан олар гүлді өсімдіктер деп те аталады. Көпшілігі шөптекті өсімдіктер. Тұқым құрылысына байланысты қосжарнақтылар және даражарнақтылар класына топтастырылады. Қосжарнақты өсімдіктер табиғатта кең таралған. Олардың негізгі белгілері — тұқымы екі жарнақтан құралады, кіндік тамыры, жапырағы тор жүйкелі. Көкнәр және алабота тұқымдастар қосжарнақтылар класына жатады. Жіңішке көкнәр — Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген шөптекті көпжылдық өсімдік. Үлкен сүйелшөп — көкнәр тұқымдас улы өсімдік. Қызылша, көкпек, сораң, алабота, сексеуіл, теріскен, бұйырғын — алабота тұқымдас өсімдіктер. Ағылшын жаратылыс зерттеушісі Джон Рей 1628-1707 жылдары түрге анықтама берді. Ол тұңғыш рет гүлді өсімдіктерді тұқым жарнағының санына байланысты қосжарнақтыларға және даражарнақтыларға бөлді.
Апиын
Апиын (гр. «эпос» — шырын) Ежелгі Грекияда ежелден-ақ емдік дәрі ретінде белгілі болды. Апиын алынатын көкнәр — биіктігі 1500-2900 м тауда, ал май алынатын көкнәр жазық жерде өсіріледі. Қазіргі кезде апиын алынатын көкнәр өсірілетін негізгі атырап — Қытай, Орта және Кіші Азия, сондай-ақ Үндістан. Гүлді өсімдіктер түрінің 80%-ға жуығы қосжарнақты өсімдіктерден құралады.
Пайдаланған әдебиет
↑ Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0
қос жарнақтылар классына нелер жатады