Жікіл(тайпа)
Жікіл, шігіл – ежелгі түркі тайпасы. 7 – 12 ғасырлар аралығында Оңтүстік Тарбағатайдан Жетісуға қоныс аударған. Орталық қаласы Жікіл болған. Махмұт Қашқари Жікіл қ-н сипаттай келіп, бұл кент Ж. тайпасының орталығы болғанын айтады. Қала ірге көтергеннен кейін оған келіп қоныстанған басқа тайпалардың өкілдері де өздерін “жікілміз” деп атайтын болған.