Жайық бойын казак-орыстардың отарлауы
Жайық бойын казак-орыстардың отарлауы
16 ғ-дың 50-жылдарында Мәскеу патшасы IV Иван Грозныйдың әскері Қазан, Астрахан хандығына қарасты жерлерді жаулап алып, өзіне бағындыруынан басталды. Үлкен Ноғай Ордасы өзінің Мәскеуге тәуелді екенін мойындады. Осы кезеңнен бастап Ресейдің ресми мемлекеттік шекарасы шығыста және оңтүстік-шығыста Еділ өзенінің бойымен айқындалды. Орыстардың өлкені отарлауы да дәл осы уақытта басталды. Еділдің орта және төменгі ағыстарының оң жақ жағасында 16 ғ-дың 60-90 ж. ежелгі елді мекендердің орнына, кей жағдайда олардың маңына, отарлаушылар жаңа қалалар мен бекіністер сала бастады. Самара, Царицын, Сарытау (Саратов), т.б. қалалар салынды. Еділ аралдарында, әсіресе қаз. Самарские луга маңдарында еділдік «ұрлықшы» (воровское) казактар топтаса бастады. Олардың құрамында Дон казактары және Мәскеу мемлекетіне қарасты жерлерден қашқан босқындар да болды. Шамамен осы уақыттан бастап Жайық өзенінің оң жағы мен ондағы шағын аралдарда қазақ қауымдастықтары пайда бола бастады. Бұған дейін қазақ тобырлары Терек, Дон, Днепр, Еділ, Иловль, Хопр, Жайық, т.б. өзендер бойларында көшіп жүретін. Алғашқы кездерде олар тілдері әр түрлі бірнеше тайпаларды құрады. қазақтар елшіліктер мен көпестерді тұтқиылдан шабуыл жасап, тонап отырды. Ноғай Ордасын билеушілер казактардың өрескел әрекеттеріне ашынып, Мәскеу патшасына бірнеше рет шағым жасайды. Еділге патша әскерлері жіберілді. Олар қазақтардың тас-талқанын шығарды. Тірі қалған қазақтар жан-жаққа бытырап кетті. Бұл жөнінде қазақ тарихшысы Е. П. Савельев (1916) былай деп жазды:
«…қазақтар Еділден кетіп, Каспий теңізі мен Жайық өзеніне өтіп, ежелгі ноғайлардың астанасы Сарайіиық қаласына шабуыл жасап, оны біржола талқандады, тонады, адамдарын қырып-жойды. Онымен қоймай мүсылман молаларын қазып, ондағы табыттарды да жоқ қылды».
16 ғ-дың 70-80 жылдары казактар Жайықтың оң жағалауындағы бірқатар жерлерде тұрақтанды. Жайық бойында олардың бірнеше елді мекендері пайда болды. Жайық бойындағы қазақ-орыстардың алғашқы қалашықтары, өлкені зерттеушілердің айтуынша, қаз. Атырау, Сарайшық маңында, Батыс Қазақстан облысы жеріндегі Коловертное, Янайкин, Рубежкин с-лары төңірегі мен Орынбор облысының Илек (Елек) кенті қасында салынған. 16 ғ-дың 90-жылдары Жайық атырабындағы қ-лардың бірі, қазақ тарихшысы М. Тынышпаевтың (1925) мәлімдеуіне қарағанда, Ноғай ханы Ормамбеттің өтініші бойынша Үлкен Ноғай Ордасын Бұхара ханы әскерлерінің шабуылынан қорғану үшін салынған. Жайық бойының тағдыры 1594-95 ж. қазақ ханының елшісі мен орыс патшасы Федор Ивановичтің уәкілдері арасында да сөз болады. Ноғайлықтар үлкен күш жинап, казактарды Жайық бойынан қуып жіберуге бірнеше рет әрекет жасап, көп адамынан айырылды. Кейін ноғайлықтар жеңіліске ұшырады. Бұған жоңғарлардың Жайық бойына шабуылы да әсер етті. Ноғай Ордасы күйреді. Ноғайлықтардың басым көпшілігі Дон, Солтүстік Кавказ, Оңтүстік Украина, Қырым жерлеріне қоныс аударды. 16 ғ-дың 90-жылдары казактар Жайық өзенінің оң жағалауына біржолата орналасты, оларды Ресей патшалығы үнемі қолдап отырды. 1591 жылдан қазақгар Мәскеу патшалығына ресми түрде қызмет ете бастады. Солтүстік Кавказ жазалау жорығына 500 қазақ бөлінді. Осы кезден бастап Ресей шекарасы Еділ бойынан Жайыққа дейін жетті. 1734 ж. Ресей үкіметі өзінің оңт. шекарасын нығайтуды көздеп, төм. Жайық бекіністерін салуға кірісті. Көптеген жаңа бекіністер мен алғы шептер пайда болды. Ресей шекарасы сақшыларының қызметін атқарушы Жайық қазақорыстары өзеннің оңт. Жағына (Илецк қаласынан Атырауға дейін) орналасты, қорғаныс шебін салды. 18 ғ-дың 40-50 жылдарынан бастап қазақтардың өз ата қоныстары — Жайықтың сол жағынан оң жағына өтіп, мал жайлауларына, қыстауларына тыйым салынды. 1771 ж. Еділ қалмақтарының (жоңғарлардың) өздерінің ата мекені Батыс Моңғолия мен Қытайға кетулеріне байланысты Жайық бойы Жайық қазақ-орыстарының жері болып саналып, қазақ әскері жеке аумақтық-әкімшілік Бөлік болды, сөйтіп, казактар Ресейдің тікелей әскери қолдауымен Илецк қаласы мен Каспий теңізі аралығын түгел иемденді. 1868 ж. Бұл аралық жаңадан құрылған Орал обл-ның құрамына енді. 1815 ж. Жайықтың оң жағындағы Қараөзен мен Сарыөзен аралығы Мәскеу патшасы IV Иванның жарлығымен Қазан қаласын басып алуға көрсеткен көмектері үшін башқұрттардың үш руына берілді. Кейін Ресей бұл жерді түгелімен өз иелеріне — Бөкей хандығына қайтарды. 1883 ж. казак-орыс әскери басшыларының талабы бойынша Ресей үкіметі зорлықпен Жайықтың сол жағыңдағы 10 верстік алқапты казак-орыстарға берді, ал бұл байырғы халық — қазақ ұлтына істеген көп озбырлықтардың бірі еді.