Алаш қаласы
Алаш қаласы — Семей қаласының жанындағы Заречная слабодканы Алаштың орталығы ретінде жариялап, оны «Алаш» қаласы деп атаған. Бұл туралы 1917 жылдың 29 шілдесінде Заречная слабодка тұрғындары жиналысының «Алаш қаласы туралы» хаттамасынан оқимыз. Хаттама соңына төраға ретінде Р.Мәрсеков қол койған. Оны Алашорда төрағасы Ә.Бөкейханның «Алашорда» үкіметінің іске кіріскендігі туралы Орынборға жіберген жедел хатынан да көреміз. Онда: «Екінші қазақ-қырғыз сиезінің қаулысы бойынша 24 июньде Алашорда «Алаш» қаласында іске кірісті» — деп жазылған. 1917 жылдың 19 қарашасында Алаш қаласының Думасына депутаттар сайлауы өткізілген. 21-22 қарашада осы Думаның алғашқы отырысында оның төрағалығына Б.Сәрсенов сайланған