Әнұран
Әнұран — [грек, hymnos — мадақ ән] — Отанды, Атамекенді, мемлекетті, тарихи оқиғалар мен олардың батырларын мадақтайтын поэтикалық-музыкалық шығарма, мемлекеттің негізгі рәміздерінің бірі. Әнүранның бірнеше түрлері болады: әскери, діни, төңкерістік және т.б. Оның әуені де, сөзі де рух көтеретін салтанатты, үлкен мақсаттарға жетелейтін мәтіні болу керек. Кейбір күрделі онера, балет, симфония, хорлар соңы әнүраи сипатында аяқ- талады. Мыс., орыс композиторы М.Глинка «Иван Сусанин» опера- сын атақты «Даңқ» хорымен бітіреді. Кеңестік дәуірде 1945 ж. бекітілген Казакстан әнүранының сөзі ком- мунистік идеология талабына сай, жалган оптимистік рухта жазылған.[1] Тәуелсіз Қазақстанның рухын кө¬теретін, қуатын арттыратын, мақсат- мүддесін танытатын әнүран қажет бол¬ды. Осыған орай кеңестік дәуірде 1945 жылы қабылданған әнүранның М.Төле- баев, Л.Хамиди, Е.Брусиловский жазған әуенін сақтап қалу туралы шешім қабылданып, оның сөзіне арнайы бәйге жарияланды. Тәуелсіз қазақ елінің алғашқы әнүранының сөзін ақындар М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ж.Дәрібаева жазды. Ол 1992 жылы бекітілді. 2006 ж. 7 қаңтарда халық санасына сіңіп, жүрегіне жылы үялаған Шәмші Қалдаяқовтың әніне, Жұмекен Нәжімеденовтің (қазіргі мәтініне аздап өзгеріс енгізілген) сөзіне жазылған «Менің Қазақстаным» әні әнүран болып бекі¬тілді. Ол алғаш рет Елбасын үлықтау рәсімі кезінде орындалды.