Бөкей губерниясы
Бөкей губерниясы (1917—1925) — Ресей Республикасында бұрыңғы Бөкей Ордасы орнына 1917 ж. шілденің 1 құрылған. Орталығы — Орда қаласы.
1925 ж. Бөкей губерниясы таратылып, Қазақ АКСР Орал гөбернесінің құрамына енгізілді.
1917 жылғы губернияның құрамындағы болған аумақтар қазіргі
Батыс Қазақстан облысының
Жәнібек,
Қазтал (Казталовка),
Жаңғала,
Бөкей ордасы (Орда) аудандары,
Атырау облысының
Махамбет,
Құрманғазы аудандары,
көршілес Ресейдің
Волгоград облысы
Палласовка ауданының,
Астархан облысы
Құмөзек,
Володарский,
Қарабайлы аудандарының
бір бөлігі енген.
Мазмұны
1 Тарихы
2 Мәдениеті
3 Қызық деректер
4 Тағы қараңыз
Тарихы
Қазақстандағы ең тұңғыш Қазан төңкерісі орнаған жер — Орда болатын.
1918 жылы Ордада Қазақтың I үлгілі атты әскер полкі жасақталады.
1918 жылы тұңғыш комсомол ұясы құрылады.
Мәдениеті
1918 жылы тұңғыш кеңестік баспахана ашылып, онда «Дұрыстық жолы», «Киргизская правда», т.б. газет — журналдар басылып шығады.
Осы кезеңдерде мәдени өмірге де көп көңіл бөлінеді. «Жігер» жастар ұйымы кұрылып, орыс, татар, қазақ труппалары, белгілі күйші М. Бөкейхановтың ұйымдастыруымен ұлт аспаптар оркестрі жасақталады. Белгілі драматург И. Меңдіхановтың пьесалары көрермен назарына ұсынылады.
Қызық деректер
1983 ж. көктемінде Гурьев, Волгоград, Астархан облыстарында дайындалық кезеңі болды. Политбюро жобасы бойынша қазақтар тұратын аудандар (бұрыңғы Бөкей Ордасының/Бөкей гөбернесінің жерлері) Ресейден Қазақстанға беріліп қайтадан обылыс құру. Келешек облыс атауы шешімі екі-талай болды: не Бөкей облысы, не Құрмаңғазы облысы. Орталығы — Ганюшкино селосы (қала деңгейіне көтеріп).
Ресейдің бірқатар жергілікті басшылары қатаң қарсылықтарын айтқасын, жоба енгізілмей қалыпты.