Қолма-қолсыз есеп айырылысу
Қолма-қолсыз есеп айырылысу. Коммерциялық банктердің үшінші қызметі — қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу.
Ол банктердін клиенттерге көрсеткен қызметтеріне немесе банктің комиссиондық операцияларына байланысты.
Берілген қызметтің орындалуы, ең алдымен, банктік шоттарда шаруашылықтың, мемлекет пен халықтың бос ақшалай қаражаттарын шоғырландыру және сақтаумен байланысты. Коммерциялық банктер әр түрлі шоттар ашады: есеп айырысу, ағымдық, дербес, депозитгік, контокорренттік және тағы басқалар.
Бұндай шоттар жеке және заңды тұлғалар үшін ашылады. Клиенттер тапсырмасы бойынша банк қызметкерлері сәйкес төлем құжаттары негізінде клиент шотына төлем құжатында көрсетілген соманы есептейді немесе шегереді. Қолма-қолсыз есеп айырысу — бұл банктік айналым ақшаларының қозғалысы, яғни ақшалай қаражаттар сомасын шаруашылық органдарының шот бойынша (олармен міндеттемелерін төлемдер бойынша орындау тәртібіне сәйкес) жазба түріндегі аударымдары.
Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең таралуы, қолма-қол ақшаның айналу аясын шектеуге, ақша белгілерін жасауға, сақтауға және есептеуге кеткен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қолма-қолсыз есеп айырысудың тиімді формаларын енгізу төлемдердің жылдамдауына, есеп айырысуда ақшалай қаражаттарының айналымдылығына көмектеседі, соңында ақшалардың банктік айналымын тездетеді. Қолма-қолсыз есеп айрысу «зат алмасуда» халық шаруашылығы шаруашылық байланыстарда делдал болады және олардың нақтылығы мен үздіксіздігі жалпы экономиканың тиімділігіне байланысты болады. Қолма-қолсыз есеп айырысулардың мәні мынада, олар шаруашылық органдардың қорларынының айналымына және шаруашылық мәмілелердің аяқталуына көмектеседі.
Қолма-қолсыз есеп айырыеу — бұл есеп айырысудың формасы мен әдістерінің, оларды жүргізу прициптерінің, оларға қойылған талаптардың жиынтығы. Есеп айырысудың принципі анағұрлым тұрақты, өзгермейтін болып келеді. Есеп айырысуға қойылатын талаптар экономиканы басқару әдістерінің дамуы мен жаңғыруына байланысты өзгеріп отырады. Ал есеп айырысу формасы мен әдістері осы талаптарға сай болып, олардың езгерістеріне бейімделініп отыру керек.
Барлық коммерциялық банктер халықтар мен шаруашылық органдарды несиелеу процесінде қолма-колсыз ақша айналымы төлем құралдарын эмиссиялайды, ал олар (шаруашылық органдармен халықтар) өз кезегінде өз қаражаттарын сол банктердегі шоттарда ұстайды. Банкі арқылы өтетін қолма-қолсыз есеп айырысу оның ресурстарын көбейте отырып, есеп айырысудағы бос ақша қаражаттарды экономиканы және халықты несиелендіру қажеттіліктеріне шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Қолма-қолсыз есеп айырысу шаруашылық органдардың өзара бақылауына және банктердің өндіріс процесіне, тауар айналымына белсенді қатысып, әсер етуіне мүмкіндік береді. Банк шаруашылық органдардың төлем тәртібін, ол төлемдерді уақытында төлеуін мұқият бақылайды және төлемеудің себептерін талдайды. Төлем тәртібін бұзғаны, оны уақытында төлемегені үшін банк экономикалық санкциялар қолданады.
Қажет жағдайда шаруашылық орган банктен уақытша несие ретінде қаржылық көмек алып, пайда болған талаптар бойыша төлемсіздік мөлшерін азайта алады.
Қатысушыларға байланысты есеп айырысу операциялары екі топқа бөлінеді: клиенттік есеп айырысу операциялары (қатысушылары клиенттер мен банктер) және банкаралық есеп айырысулар (қатысушылары тек банктер). Есеп айырысудың формалары мен ерекшеліктері негізінде банктердің келесі есеп айырысуларын айтуға болады: аударымдық, инкассалық, аккредитивтік және клирингтік.
Есеп айрысу кезінде келесі төлем құралдары қолда-ылады: төлем тапсырмалары, чектер, вексельдер, аккредитивтер, пластикалық карточкалар, жирочектер (тапсырмалар).
Қазақстан Республикасында банкаралық және халық ша-руашылығындағы есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдас-тырушысы Ұлттық банк. Ол мынадай қызметтерді орындайды:
• қолма-қолсыз және қолма-қол ақша айналым ауқымдарына, қолма-қолсыз және қолма-қол ақша эмиссияның мөлшеріне бақылау жүргізу;
— барлық коммерциялық банктер үшін
(маманданғандарды қоса) біртұтас әдістемелік
негізде бірыңғай мемлекеттік есеп айырысу
орталығы болу;
Коммерциялық банктер 317
• есеп айырысудың, есеп берудің, есепке алу мен жүргізудің ережелерін жасау және оларды унифиқациялау.
Қолма-қолсыз жолмен есеп айырысу жүйесінің ұйымдастырылуы біртұтас негізгі қағидалар және келесідей операциялар арқылы жасалған: қаражаттарды бір шоттан екінші шотқа дебеттік аударымдар (чектер), бір шоттан екінші шотқа кредиттік аударымдар (жироесеп айырысудар). Чектер, (көбінесе) бір реттік мәмілелерде қолданылады, жироесеп айрысу — тұрақты және мерзім сайын қайталанып тұратын мәмілелерде қолданылады.
Банкаралық есеп айырсу жүйесің ұйымдастырудың негізгі приңциді — бұл дербес екі кіші жүйені қалыптастыру болып табылады:
• коммерциялық банктер арасында тікелей есеп
айырысуды;
— Ұлттық банктің ЕКО-да ашьілған корреспондеттік
шоттар жүйесі арқылы банкаралық есеп айырысуды,
Коммерциялық банк өздерінің ведомоствалық мекемелер арасындағы есеп айырысу формасын өздері аңықтауға құқылы, ал қолма-колсыз есеп айырысу жүйесі банктер мен клиенттеріне белгілі бір есеп айырысу операциясын жүзеге асыруды тандауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде елімізде есеп айырысу жүйесін қайта ұйымдастыру негізгі екі бағыт бойынша жүргізіледі:
— жеке және заңды тұлғалардың есеп айырысу
формаларының пайдаланып жүргендерін жетілдіру
және жаңа формаларын енгізу;
• банкаралық есеп айрысу жүйесін қайта ұйымдастыру.
Есеп айырысу формаларын жетілдіру туралы айтқанда,
чекпен есеп айырысудың клирингтіқ формасының дамуына басты көңіл бөлінеді, себебі ол есеп айырысудың анағұрлым ыңғайлы формасы. Банкаралық есеп айырысу жүйесін қайта ұйымдастыру — бұл баңқтердің тіқелей корреспонденттік қатынастарының дамуы және корреспонденттік шоттар арқылы баңкаралық есеп айырысу жүйесіне толық көшуі.
Есеп айырысу операциялары — банк қызметінің өзгермейтін немесе баяу өзгеретін саласы жәңе бір немесе бірнеше коммерциялық банктердің белгілі бір реформалар жүргізуі
жеткіліксіз, себебі барлығы осы шаруашылық іс-әрекетінін маңызды элементін реттейтін заңды нұсқаулық материалдарға тіреледі. Жеке банктер тек бар есеп айырысу формаларын жаңарта алады, ол клиенттерге сапаның жаңа деңгейін ұсыну арқылы жүзеге асады.
Халықаралық тәжіриеде қолданылатын есеп айырысу формаларының (операцияларының) негізгі 3 тобын айтуға болады:
— чек және вексель арқылы инкассалық операциялар;
— аккредитивтер арқылы есеп айырысу;
— аударым операциялары.
Инкассалық операциялар. Оларды жүргізе отырып, банк клиенттің шотына онымен тапсырылған есеп айырысу құжаттары бойынша алынған қаражаттарды есепке алады (негізінен олар чектер мен вексельдер). Егер сатып алушы мен сатушыға бір банкте қызмет көрсетілетін болса, онда инкассалық операция тек бір шоттан ақшалай қаражаттарды шегеріп екінші шотқа кірістіру арқылы жүзеге асады. Егер оларға әр түрлі банктерде қызмет көрсететін болса, онда инкассалық операция алушының шотына ақшаны есепке алудан бұрын, төлеушінің банкісінен ақшаны алдын ала алу қажеттілігі қиындайды. Банкаралық есеп айрысудың бұл мәселесі есеп айырысу палаталарының және клиентгік палаталардың құрылуымен шешіледі.
Аккредитивтер арқылы есеп айырысу сатушы сатып алушыға күмәнді болып, банк кепілдемесін алғысы келгенде қолданылады. Аккредитивтер құжаттық, шақырылатын және шақырылмайтын, өтемдік болады.
Аударым операциялары клиенттің тапсырмасы бойынша қаражаттарды банктің бір бөлімінен екінші бөліміне немесе банк корреспондентіне аудару. Бұл операцияның мәні банкіге (қабылдаушы) телеграф немесе пошта арқылы қандай сома, қандай мерзімде және кімге төлеу туралы хабарлауды сипаттайды.
Соңғы уақытта бөлшек сауда нарығында әр түрлі төлем карточкалары кеңінен қолданылып келеді, яғни пластикалық карточкалар мен автоматтандырылған төлем сомалары. АҚШ-та автоматты төлемдердің 3 түрі дамыды:
Коммерциялық банктер 319
— электрондық есеп айрысудың бөлшек жүйелері;
— қаражаттарды аударудың банкаралық жүйесі;
— банк ішіндегі компьютерлік кешендер.