Экономиканы және халықты несиелендіру
Экономиканы және халықты несиелендіру. Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалык қызметі — экономиканы және халықты несиелендіру.
Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.
Несиелік операциялар — бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушыға қарыз ұсынғанда, ал пассивтер, керісінше, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер — несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер. Біз алдыңғы бөлімде қарастырған бірінші қызмет — бұл банктің пассивтік несиелік операциялары, яғни депозит формасында.
Банктердің активтік карыздық операцияларын қарастырайық. Кәсіпорын, фирма, концерндер қарызды өздерінің тауарлық , қорларын толықтыру, жалақыны төлеу, жабдык сатып алу үшін және т.б; ауыл шаруашылық кәсіпорындар, фирмалар — өздерінің тұқым, жанар-жағар май және тыңайтқыш сатып алу шығындарын жабу үшін; бір реттік тұтынушылар (халықтар) — автомобиль, үй, ұзақ пайдаланылатын тауарлар және т.б. сатып алу үшін; үкімет — ағымдағы шығындарды қаржыландыру үшін алады. Бұл қарыз алушылардың барлығы қарызды негізінен табыс алу мақсатында шоғырландырған ақша қаражаттарын (депозиттік және депозиттік емес) орналастыратын коммерциялық банктерден алады.
Өз клиенттеріне қарыз ұсына отырып, банктер салым-шылардан ақша қаражаттарын қабылдап және оларды қарыз алушыларға ұсынуда қаржылық делдалдар ррлін аткарады. Банктін бұл кызметі несиелік қатынстардың барлык қатысушыларына (салымшылар, қарыз алушылар және банк) тиімді. Бұл қатынастарда өзара мүдде көзделеді: әркім өзінің қажеттілігін қанағаттандырады.
Несиенің екі нысаны белгілі: ақшалай және тауарлай. Сәйкесінше несиелендірудің екі турі бар: бастапқыда шаруашылық субъектілерінің несиелік қатынастары банкпен қатынастар секілді пайда болатын тікелей банктік несиелендіру және несиелік қатынастар алғашқыда шаруашылық субъектілерінің арасында пайда болып, соңынан банкпен қатынастарға трансформацияла-натын жанама несиеледендіру,
Тікелей банктік несиелендіруде қарыз несие берушілермен тікелей қарыз алушыға ұсынылады. Ңесие беруші банк, ал қарыз алушы — шаруашылық субъектісі болып табыладыі. Банкаралық несиеде несие беруші де және қарыз алушы да банктер болып табылады, яғни бір баңк басқа банкіге несие береді.
Коммерциялық несиелендіруде несие беруші де және қарыз алушы да шаруашылық субъектілері болады, яғни бір кәсіпорынға басқа кәсідорынға тауар нысанында несие береді, бұл мәміле вексельмен рәсімделеді, яғни қарыз алушы несие берушіге тауар нысанында несие алуын растайтын кұжат -вексельді береді. Одан арі несие беруші осы вексельдің кепілдігіне қарыз (ссуда) ақша бер дел банкіге барады. Осылайша коммерциялық несие банкілік несиеге тұрлендіріледі.
Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімдері бойынща -қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1-ден 5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша — қамтамасыз етілмеген (қарыз алушыға сенімге негізделген жәңе камтамасыз етілуі жоқ бланкілер) және қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты (несие беруші ңемесе қарыз алушы) — активтік және пассивтік қарыздық операциялар (активтік — бұл клиентті жәңе басқа банктерді несиелеу; пассивтік — Орталық банктен және басқа коммерциялық банктерден банкаралық несие алу); несиелендіру максатына байланысты — негізгі капиталды арт-тыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық максаттарға арналған қарыздар.
Несиелік операциялар басқа белгілері бойынша да жіктеле алады: қарыз алушылардың түрлері бойынша, пайдалану сипаты бойынша, мөлшері бойынша, ашу шарттары бойынша және басқалар. Мысалы, қарыз алушылардың түрлері бойынша қарыздар былай жіктеледі: сауда өнеркәсібіне, жылжымайтын мүлік кепілдігіне, жеке тұлғаларға, бағалы қағаздарға, ауыл шаруашылық, қаржы органдарына және т.б.
Несиенін пайдалану сипаты бойынша оны өндірістік және тұтынушылық қолма-қол және қолма-қолсыз (тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыруға) деп бөлуге болады. Ңесиенін мұндай жіктелуінін негізінде формалды белгілер жатқанын атап керсету қажет. Шет еддердің экономикалық әдебиетінде несиенің және несиелік операциялардың бірыңғай жіктелуі жоқ.
Банктердің ңесиелік операциялары, банктердін және клиенттің өзара қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттеліп жасалған несиелід келісім-шарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік қелісім-шарттың шарттары коммерциялык, банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір накты сәтіне байланысты. Ол несиелік тәртіппен байланысты. Қарыз алушылар несиенің кайтарымдылығын жәңе несиелеудін басқа қағидаларын сақтауды, ал банктер — несиелердің мөлшерін реттеу тәртібі, олардың төлеу мен өтеу шарттарын қамтамасыз етуі тиіс. Несиелік саясаттың кұрамдас бөлігі болып пайыздық саясат табылады. Банк клиентпен бірге жалпы банктік ережелер ңегізінде іріленген объект құрамын және несиелердің жекелеген объектілерін, ңесиенің берілу жәңе өтелу тәртібін, кәсіпорынның меншік және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану бойынша шараларды, пайда алуға жетуге арекет ететін басқа шаралар және де несиелік қелісім-шартты сақтандыру жақтары бойынша міндеттері мен құқықтарын өз бетінше анықтауға құқылы. Келісім-шарттың қаншалықты сауатты және негізді құрылуы көбіне банктің клиентке әсеріне байланысты.
Несиелік келісім-шартта қарастырылған шарттармен ком-мерциялық банктер несиенің пайдалануын бақылауға, инженерлік және басқа тексерулерді жүргізуге, несиелік келісімшартты бұзушы қарыз алушыларға экономикалық әсер етуші шараларды қолдануға міндетті. Несиенің белгіленген мерзімдегі қайтарымдылығы мен төлемділігі шешуші мәнге ие екені сөзсіз. Бұл принциптерсіз несие өзінің мәні мен мақсатын жоғалтады. Таяу уақытқа дейін банктердің қарыздары қорытындысында мемлекеттің кәсіпорын мен ұйымдарға берілетін қайтарымсыз және тегін датациясына айналып келген болатын. Кейбір жағдайларда және күні бүгінде осы жайт қайталануда. Бірақ республикада жүзеге асырылып жатқан банк реформасы ең әуелі экономикалық категория ретіндегі несие берудің негізгі қағидалары мен позициясын қалпына келтіруге бағытталған. Қазір қарыздардың камтамасыз етілуі жаңаша көрініс табуда. Сондай-ақ әрбір берілген қарыз нақты материалдық қамтамасыз етілуі тиіс деп болжамдалады.
Қарыз алушының белгіленген мерзімде несиені қайтарудың нақты мүмкіндігін ескермеді. Қазіргі кезде клиенттің өтімділігіне, оның өзінің міндеттемелері бойынша есеп айырысу мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді.
Бұл сараптау жұмыстарына қатысты экономикалық аппараттың жаңа қатынасын оның формалды жұмыс әдістерінен бастап қызмет көрсететін шаруашылық ұйымдардың ісін жақсы білу негізінде несиенің қағидаларын жүзеге асыруға бетбұрыс жасауын талап етеді.
Қарыздарды (ссудаларды) қамтамасыз ету банк активтерінің сақталуы мен табыс табуының кепілдігі үшін қажет. Несиелік қамтамасыз етудің негізгі түрлеріне төмендегілер жатады:
• кепілге алу — тапсырма бір жақты міндеттемелі келісім-шарт. Бұл жағдайда тапсырма беруші қарыз алушының қарызын қажет уақытында өтеп беруі туралы банк алдындағы міндеттемесі;
• кепілдік — кепілдеме уақыты жеткенде қарыз алушы өз
міндеттемесін орындамай жатқан жағдайда,
анықтаушы соманы өтеп беру туралы кепілдік
міндеттемесі;
• бағалы қағаздар, тауарлар және басқада мүліктерді кепілдікке салу. Кепіл құқығы — қарыз алушы өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда, оның кепілдікке салған мүліктерін сату барысында түскен түсімнің белгілі бір бөлігін алу немесе сол мүліктерді (ғимарат, жер учаскесі, жылжымалы мүліктер) толығымен иемдену құқы;
• жылжымайтын мүлікті кепілдікке салу құқығы; несиелерді қамтамасыз етуде негізгі роль ипотекаларға жүктеледі және ғимараттар мен жер учаскелері жылжымайтын мүліктерді
кепілдікке салу заңының негізі болып табылады.
Оларды кепілдікке салу арқылы иегерлері несие
алады.
Несиелерді қамтамасыз етудің, материалдық формаларына: жер, құнды қағаздар, тауар-материалдық құндылықтар, сақтандыру полистері және т.б. жатады.
Банктерде клиенттерге қарыз беру үшін қарыздарды есепке ала отырып, әрбір несиелендіру объектісі бойынша арнайы қарыздық шоттар ашылады. Жекелеген баланстық шоттарда бір клиентке берілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздарды есепке алу жүргізіледі. Қарыздық шоттардың дебетінде алынған қарыздардың сомасы, ал кредитінде қайтарылғаны көрсетіледі.
Клиенттердің қажет етуіне және қызығушылығына байланысты әр банкте жай қарыздық немесе арнайы қарыздық шоттар ашылады.
Арнайы қарыздық шоттардың жай щоттардан айырмашылығы — қарыз беру әр уақыт сайын құжаттық түрде негізделмей-ақ, қарыз алушының арнайы қарыздық шот ашқызу барысында банкке өткізген міндеттемелік өтініші негізінде жүргізіледі. Қарыз қажетті жағдайда есеп айырысу құжаттарын өтеу жолымен беріліп түскен түсімдерді арнайы қарыздық шоттарға аудару арқылы жойылады.
Қарыз, сонымен қатар, контокорренттік шоттардан да беріледі. Бұл шотта бір жағынан түскен түсімдер көрсетілсе, екінші жағынан қарыздар мен төлемдер көрсетілетін айрықша шот түрі.
Онда тек дебеттік немесе кредиттік сальдо ғана болады.
Контокорренттік шоттардан берілетін несие контокренттік несие деп аталады. Негізінен ол есеп айырысу құжаттарын өтеп беру үшін немесе бағалы қағаздар сатып алу, вексельдерді өтеу үшін қолма-қол ақша түрінде берілуі мүмкін. Контокорренттік несиелерді ұсыну тәртіптері сақтала отырып, келісім-шарт бекітіледі. Банктердің контокорренттік шот бойынша әрбір қарыз алушы үшін несие шамасын шектеуде лимит белгіленеді. Аталған несиені қамтамасыз ету құрамына ипотека, бағалы қағаздар және т.б. жатады. Бұл несие біздің республикамызда әлі дамыған жоқ. Соңғы уақыттары кейбір жекелеген коммерциялық банктер контокорренттік шотты пайдаланады.
Қысқа мерзімді несиелер — күнделікті айналым операцияларына қажетті айналым капиталының құнын өтеу үшін беріледі. Оларға жататындар: несиелік желі (линия) соның ішінде маусымдық және жаңармалы қарыздар, күтпеген оқиғаларға жұмсалатын несиелер мен қарыз алушының айналым капиталын толықтыру үшін берілетін қарыздар.
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар — күрделі қүрылыс шараларын жүргізу үшін, үй және қондырғылар сатып алу үшін, сонымен қатар, негізгі капиталды қаржыландыру үшін беріледі. Оларға жататындар: мерзімдік қарыздар, мүлікті кепілге алып берілетін қарыздар, құрылыстық қарыздар және қаржылық лизингтер.
Несиелік желілер — анықталған тәртіптерді сақтай отырып, белгіленген уақыт аралығында несиелерді пайдалануға мүмкіндік беретін, несиелердің максималды сомасын алу туралы банк пен қарыз алушы арасындағы келісім-шарт. Жақсы табыс тауьш, жиі несие қолданып жүрген фирма қажетті жағдайда көлемі алдын ала белгіленген қарызды банктен алуға келісім-шарт жасасады. Бұл қарыз бір жылға дейінгі мерзімде беріледі.
Несиелік желінің мынадай түрлері болады:
Маусымдық — өндірістің маусымдық болуымен байланысты айналым құралдарының жетіспеушілігінен банктерге беріледі.
Жаңармалы — айналым құралдарының ұзақ мерзімге жетпеуіне байланысты қарыз алушыға берілетін несие.
Күтпеген оқиғаларға жұмсалынатын қарыздар қарыз алушының айналым құралындағы күтпеген жағдайларға бір жолғы қажеттілігін қаржыландыру үшін беріледі.
Айналым капиталын толықтыруға арналған перманенттік қарыздар — айналым құралындағы ұзақ мерзімді тапшылықтарды жабу үшін беріледі. Бұл жерде несиелер ай сайын немесе үш ай сайын жойылып, жабылып отырады.
Мерзімді қарыздар — ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, көлік сатып алу, құрал-жабдықтар алу және бастапқы қарыздарды қаржыландыру үшін беріледі. Бұл қарыздар күрделі капитал енгізілетін салаларда өте кеңінен қолданылады.
Салынған мүлік туралы актіге берілетін қарыздар —
өндіріс ғимараттарын, зауыт құрылысын, үйлерді, жер учаскелерін сатып алу немесе қаржыландыру үшін қолданылады. Олар 15 жылға немесе одан жоғары мерзімге есептеліп, ай сайын көлемі алдын ала белгіленген жарналар арқылы өтеледі. Бүл несиелер біздің елімізде толық дамымаған.
Құрылыстық қарыздар — ғимараттар мен құрылғылар құрылысының мерзіміне арнап беріледі. Қарыз алушы бұл несиенің өсім ақысын үнемі төлеп отырады. Сонан кейін қарыздарды салынған мүлік туралы актіге қайта рәсімдейді,
Лизинг — қымбат бағалы күрделі жабдықтарды жалға алуды қаржыландыру үшін қолданылады, мысалға: кеме, ұшақ, компьютер, автомашиналар және т.б. Лизингтік келісімде көресетілгендей жалдаушы жабдық иесіне ай сайынғы тиісті соманы төлеу арқылы, оларды ұзақ мерзімге пайдалану мүмкіңдігін алады. Елімізге бұл несие де әлі өз деңгейінде дамыған жоқ.
Жекелеген қарыз алушыларға коммерциялық банктер тұтыну несиелерін береді. Ол негізінен тұрғын үйлер, ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарлар және пәтерлер сатып алумен байланысты болады. Бұл несиелерге жаңармалы несиелер, ұзак мерзім пайдаланылатын несиелер және мерзімі өтелетін несиелер жатады.
Несиенің бұл түрі шет елдерде өте жоғары деңгейде дамыған. Мысалы, АҚШ-та 50% үй несиеге сатып алынады. АҚШ-тағы жалпы несиелердің 85% негізгі үш бөліктен құралады: несиенің 32%-ы сауда-өндірістік компаниялар мен фирмаларға, 37%-ы тұрғын үй үшін, 19%-ы жеке қарыз алушыларға беріледі.
50%-дан жоғары несиелер сауда-өндірістік кәсіпорындардың айналымдағы капиталын толықтыру үшін қысқа мерзімге беріледі. Ал қалған бөлігін күрделі қаржы енгізу үшін ұзақ мерзімдегі қарыздар толықтырады.
Жылжымайтын мүлікке берілеіін қарыздар -құрылыс мерзімі екі жылдай көлемге созылатын құрылыстық фирмаларға берілетін несие. Сонымен қатар, бұл несие тұрғын үй сатып алу үшін 15-25 жылға да беріледі.
Жеке тұлғаларға берілетін қарыздар — ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алу үшін берілетін тұтыну несиесі.
Коммерциялық жанама несиелендіруге толық тоқтала кеткеніміз жөн. Коммерциялык несиелер бұрынғы Кеңес Одағынан басқа барлық елдерде кеңінен тараған. Қазіргі кездегі экономикалық дағдарыстан шығуда оның атқарар ролі зор болар еді, бірақ Республикамызда әлі бұл несие еш қолдау тапқан жоқ.
Коммерциялық несиелер негізінен вексельдер арқылы жүзеге асырылады. Вексель — белгілі уақыт өткеннен кейін вексель ұсынушыға белгілі бір соманы төлеу туралы, вексель иесінің нұсқамасы немесе жазбаша түрдегі хаттамалы анықтама.
Коммерциялық несиелендіруде жабдықтаушы сатып алушыға несиеге тауар береді. Оны алушы жабдықтаушының атына вексель толтырып ұсынады және жаубдықтаушы ол вексельді банкке кепілдікке беру арқылы қарыз алады. Бұл арада карыз алу уақытында тауарлы түрдегі вексель қарызды қайтару уақыты жеткенде ақшалай қайтарылады.
Коммерциялык несиенің банктік несиеге өтуі дисконттау, яғни вексельдерді, шот-фактураны (факторинг) және басқа да коммерциялық бағалы қағаздарды есепке алу жолымен немесе вексельдерді кепілге алып қарыздар беру нәтижесінде жүзеге асырылады. Есепке алу операциясы банктің ақшалай қарыздық міндеттемелерді сатып алуды сипаттайды. Вексельді есепке ала отырып, банк клиенті өтімді қаражаттарға ие болады, сондай-ақ банкке алынған соманы қайтару міндетінен құтылады, себебі, банк оларды тікелей вексель берушіден талап етеді.
Вексельді кепілге алып берілетін қарыздар — мерзімді болады, егер де вексель иесі алдын ала келісілген мерзімге банкіден оларды сатып алуға міндетті болса немесе онкольдық (несие беруші кез келген сәтте өтеуді талап ете алатын несие) болса, онда қарыздарды қайтаруды банктің кез келген уакытта талап етуге құқы бар.
Вексельді кепілге ала отырып, банк қарыздың ең жоғары мөлшерін, кепіл мөлшерін және шот бойынша қарызбен қамтамасыз ету арасындағы пайыз қатынасы, пайыз мөлшерін және банк комиссиясын анықтайды. Несиелік шартта банктің қарыз сомасын өтеу үшін вексель берушінің сол вексельді төлеуге арналған сомасын пайдалану құқы айтылған, ал егер ондайлар болмаса есеп айырысу шотына көр-сетілген қызметтер мен тауарлар сатудан түскен түсім сомасын пайдалана алады.
Коммерциялық банктердің несиелік қызметті атқаруы -несиелік механизмді үнемі жетілдіруді, қарыздарды берудің қарапайым техникасын қамтамасыз ететін несиелеу әдістері мен формаларын енгізуді, несиелік операциялардың еңбек сыйымдылығын төмендеуді білдіреді.
Қазақстан Республикасында несиелеу: «Қазақстан Респуб-ликасының Ұлттық банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» зандарымен, сондай-ақ Ұлттық банкімен 1994 ж. 11 ақпанда бекітілген «Қазақстан Республикасы экономикасын қысқа мерзімді несиелеу.»
Ережесімен реттеледі және жүзеге асады. Бұлар банктердің барлық меншік формалары мен түряеріне қатысты.
Қысқа мерзімді қарыздар беру ресми мәртебесі бар банктермен жүзеге асады, ол мәртебе Ұлттык банкінің банк ашуға берген рұқсаты мен банктік операдияларды жүргізуге лицензияның бар болуымен анықталады.
Қарыз несиелік қабілеті бар қарыз алушыларға беріледі. Егер олардың мерзімі ұзақ болмаған болса, онда қарыздар бойынша мерзімі өткен қарыздары болған жағдайларда да беріледі.
Қарыз беру үшін қарыз алушының беделін; бұрын алған қарыздарды өз уақытында қайтаруын; болмаса өтімділігін; барлық қарыздық міндеттемелерді өтеуін; меншікті айналым қаражаттарының барлығын алдын ала зертгеп білуі қажет.
Қарыздарды беру жекелеген қарыздық дербес шоттар бойынша жүргізіледі. Ол шоттар несиенің бағытталуы бойынша (несие шифр) ашылады. Мұндағы өнімді сатудан түскен түсім мен басқада түеімдер есеп айырысу шотына аударылады. Қарыз ақшалай қаражат жоқ кезіңде тауар-материалдық құндылықтар, көрсетілген қызметтер үшін ақшалай-есептік құжаттарды төлеуге, сондай-ақ қолданылмаған қарыз қалдығы мөлешрінде чектік кітапшаны және аккредитивтер ашу үшін беріледі.
Қарызды пайдаланғаны үшін төлем ақының (пайыздық) мөлшері төмендегілерге байланысты қойылады: несиені пайдалану мерзіміне, қарыз алушының төлей алмау тәуекеліне, несиелік ресурстар үшін төлем мөлшеріне, объект сипатына, бәсекелес банктердің мөлшерлемесіне және басқада факторларға байланысты.