Денсаулык түрлері
Денсаулык түрлері
«Денсаулық — зор байлық» дейді қазақ. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары; мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық (нарықтық экономика, макроэкономика), медициналық және биологиялық (физиологиялық) проблема.
Адамның еңбек пен түрмыс жағдайын жақсарта беру, аурулардың алдын алу. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттсрінің бірі. Бұл туралы біздің ;ата заңымызда (конституциямызда) кең көлемде жазылған. Басқадай қаулы-қаралар жеткілікті. Сонымен 2002 жылы — денсаулық жылы деп атаудың өзі нені аңғартады. Біздің мемлекетімізде денсаулық сақтау ісімен Қазақстан
Республикасы денсаулық сақтау министрлігі айналысады. Облыстарда, аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіп отырады. Кейінгі кезде халықтың денсаулығы өте нашарлап кетті. Оның ең басты себептерінің бірі экологаялық жағдайларға байланысты. Қазақстан жерінің экологиясы басқа мемлекеттермен салыстырғанда, өте нашарлап кетті. Қазақстан Республикасында емдеупрактикалық мекемелер арқылы барлық медициналық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен арнаулы түрде қаржы бөлініп отырады. Балалар дәрігерлік көмекті балалар ауруханасы мен поликлиникаларынан тегін алады. 3 жасқа дейінгі балапар консультация орындарының бақылауында болады. Денсау-лык дегеніміз — ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларыт бейімделуі. Айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары әсерінен адамдардың денсаулығы қалыптасып, ол дами түседі.
Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды, Олар:
1. Физикалық денсаулық — ағза жүйесі мен органдардың өсу деңгейі. Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды. Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.
2. Соматикалық денсаулық — Ол адам ағзасы мен органдарының арасындағы биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді.
3. Психикалық денсаулық — ол адамның психикалық сферасының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау. «Адам өмірінің мақсатын болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеумсттік қажеттіліктен туындайды.
Ағзасында функциялардың өздігінен реттенуі, функциялық үрдістердің келсімді турде отуі, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дөрежелі жағдайда болуы.
4. Рухани денсаулық — ол адамдардың информацияны қабылдау қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынистардың сипаттамасын көрсетеді. Оның негізгі бағалық жүйесі, индивидтердің қоғамдағы орны мен оның мотивті түрде орнығуын баяндайды. Ол адамның көңіл-күйін анықтайды. Өйткені рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын, сүйіспеншілігін және жан-дүниесінің сұлулығын көрсетеді.
Физикалық, соматикалық, психикалық және рухани денсаулықтардың өздерінің жинақталған көрсеткіштері мен критерийлері болады. Олар:
1. Соматикалық және физикалық денсаулықтың критерийі мен бәрін «өзім жасай аламын» деп көрсететін критерий;
2. Психикалық денсаулықтың, критериі — маған қажет заттардын. Бәрін «өзім тауып аламын «;
3. Рухани денсаулықтың негізгі критерийі — мен «өзім жасауым керек».
Денсаулыкты корсететін негізгі белгілер:
1) Адам ағзаларында арнаулы (иммунды) және арнаулы емес түрде пайда больш қалыптасқан денсаулық және оны бұзатын факторларға денсаулықтың қарсы тұра алатындығы;
2) Ағзаның өсуі мен дамуының көрсеткіші;
3) Ағзаның қор ретінде (резервте) жиналған және функционалды жағдайын сипаттайтын белгілер.
4) Әр түрлі дефектілерге байланысты дамымай қалған немесе бір ауруларға сәйкес денсаулықтың болмауы және денсаулық деңгейі;
5) Моральді еріктің деңгейі және рухани-мотивациялық белгі.
Адамдардың денсаулығы негс байланысты болады деген сауалға келетіы болсақ, денсаулықты шартсыз түрде 100 пайыз етіп алсақ, оның 20% тектік факторларға, 20% айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық факторлардың әсеріне, 10%; — денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр. Денсаулық сақтау жүйесі жақсы түрде қызмет жасайтын болса, және дәрі-дәрмектер жеткілікті болса, онда адамдардың денсаулығы арта түсетіні сөзсіз. Неше түрлі жұқпалы дерттерге адам ағзасы қарсы тұра алады. Өйткені адам ағзасы табиғаттың өзі ерекше түрде жаратқан құбылысы. Денсаулықтың 50%-інің жақсы болуы адамдардың өздеріне байланысты болатынын медицина және биология ғылымдары ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты. Көптеген адамдар олардың ішінде жас жеткіншекгер денсаулықтарын өздері бұзатыны байқалып отыр. Олар: ішімдік ішу, есірткі заттармен айналысу және токсикалық уларды иіскеу, немесе денелеріне жағумсн әуестену. Қандайда болмасын, олар адам өмірін өте қысқартып жіберетіні сөзсіз.
спасибо большое!
bolad