Аскорбин қышқылы /С витамині, цингаға қарсы/
Аскорбин қышқылы /С витамині, цингага қарсы/
1820 жылы Австралия дәрігері Крамер белгісіз аурудың әсерінен адамның тістерінің еті қанталап, түбі босап, тіс түсіп және оңай жарақаттанғыш келетінін, тері экземасы пайда болатынын, организмнің жұмысқа деген қабілеті кеміп, тез шаршайтынын кезінде жазып сипаттаған еді. Бұл аурумен, әсіресе теңізшілер, жауынгерлер, жиһанкездер ұзақ сапарға шыққанда жиі ауырады екен.
Мысалы, Португалияның атақты теңізшісі Васко да Гаманың Индияға бірінші саяхатында 100 адамнан, ал бір жылдай кейінгі екінші саяхатында 160 теңізшісінің 150-нен айырылуының себебі осы құрқұлақ ауруының салдарынан екен.
XVI ғасырдың басында атақты Христофор Колум Жаңа жерге
бара жатқан сапарында белгісіз аурумен ауырып, хал үстінде жатқан бірнеше теңізшісін кездескен бір аралда қалдырып кетеді. Бірнеше айдан кейін қайтып оралып келе жатқанда жаңағы «адам болмас» деп, күдер үзіп қалдырып кеткен жолдастарының дендері сау, күліп-ойнап алдарынан шыққанда таңғалып, тамашаласқан екен. Сұрай келе олардың жаңағы аралда жеуге жарайтын түрлі жас өсімдіктер мен олардың жеміс-жидектерін жеп айыққандары мәлім болды.
Адам тарихындағы ең бірінші дүние жүзілік саяхат кешкен Магеланның үш кеме толы теңізшілерінен Отаны Испанияға оралғанда небары бірнеше ғана адам тірі қайтқаны белгілі. Соның көпшілігі жолшыбай осы құрқұлақ ауруынан қаза тапқан. Россия ғылым академиясының атақты Сібір экспедициясын басқарған Витус Берингте осы құрқұлақтан қазатапты.
Бұдан бізге XX ғасырдың басына дейін бүкіл дүние жүзінде қүрқүлақ /цинга/ ауыруының етек алып келгені белгілі болып отыр. Кейіннен бұл аурудың себебі организмде С витаминінің жеткіліксіздігінен екені анықталды.
1907 жылы Хольст пен Фрейлих шошқаларын құрамында жас жаңа шыққан овощтары жоқ — диетикалық тағамдармен қо-ректендіру арқылы жоғарыда аталған ауыруды туғызып байқады.
1921 жылы Н.Бессонов капустаның шырынынан тотығу-тотықсыздандыру қасиетіне ие және цингадан қорғайтын препарат алды.
1927—1928 жылдары венгр оқымыстысы Сент-Дьердьи малдың бүйрек үсті безінен жаңа зат бөліп алып, оның күшті тотықсыздандырғыш қасиеті барлығын және химиялық табиғаты жағынан гексурон қышқылы екендігін анықтады. Бұл қосылыстың цинга ауруынан қорғайтындығын аша отырып, оны аскорбин қышқылы /С витамині/ деп атады.