Денені суық сумен шынықтыру
Денені суық сумен шынықтыру
Табиғаттағы суық сумен дене шынықтыру ежелден келе жатқан әдістердің бірі. Суық суды бірнеше зорлық пен зомбылыққа пайдаланғаны туралы қолымызда ғылыми деректер бар. Орыс патшасы Иван Грозный Еділ өзенінің бойындағы татарларды Еділдің мұздай суына шомылдырып кристиан дініне бағындырған деседі.
Денені сумен шынықтырудың жолдары өте көп
(сүртіну, шомылу, суға түсу, қыста суға түсу, морождану, душ, монша), П.К.Ивановтың «Қарғаш» сауықтыру жүйесі. Мұздай суға түсу осы шараның қағидаларын ескереді. Практикалық ұсынылымдар мен сілтемелерді бұлжытпай қатаң түрде орындау керек. Егер олар дұрыс орындалса, онда ағзадағы өзгерістер қалыпты мөлшерде өтеді. Сондай-ақ, өкпенің тіршілік ету аймағы кеңейеді, шеттік қандағы эритроциттер мен лейкоцидтердің санымен сапасы артады. Жүрек бұлшық еттің қабілеті жақсарады. Бір минут ішінде жүрек арқылы өтетін қан мөлшері көбейеді.
Қыс айларында суық суға түсу адамның психикалық қызметіне де үлксн психикалық әсерін тигізеді, осының нәтижесінде адамның ақылы өседі. Еске сақтау үрдісі қыйсапсыз көп мөлшерде артады. Адамның көңіл күйі арта түседі. Қыста суык суға түсуге мені алып келген ағзамдағы ауру еді деп баяндайды С.А.Назарбаева. Ол туралы біз (Ж.Ж.Жатқанбаев, С.А.Назарбаева — педагог, валеолог, ұйымдастырушы деген кітабымызда, Алматы: 2000 орыс тілінде жазған болатынбыз). Оқимын дейтіндерге бұл кітапты тауып беруімізге болады. Тек мына адреске хабарласуға болады, Алматы қаласы, Шоқан Уалиханов көшесі, 107 үй, 18 пәтер Ж.Жатқанбаевқа (г. Алматы, ул. Ш.Уалиханова, дом 107, кв. 18, индекс 480100).
Монша. Бу шығарар қайнау көзіне ие болған бу шығарып алу әдістеріне орай,- моншаның сан алуан сипатындағы монша түрін айырады. Рим, араб, түрік, фин- саунасы, орыс буландырылған (ғажап көрініс) сонымен қатар Жапониядағы Сэнино және офуро.
Моншаның түрлі бөлімдеріндей температураның алмасуы қан тамырлары үшін гимнастика сияқты, мүмкін одан да артық әсер етуі сөзсіз. Біресе кеңейіп, біресе тартылуы, олардың мойыс-қақтық икемділігі айтарлықтай түлетіп оңайтады. Су мсн адам арасындагы байланыс көне заманнан бері қарай қалыптасып келе жатқан жағдай. Сондықтан да табиғаттың өзі жаратқан суына жан-жақты тоқтатылып өткенді біз жөн көрдік.