П.К.Ивановтың «Қарғаш» ілімі
П.К.Ивановтың «Қарғаш» ілімі
П.К.Ивановтың «Қарғаш» ілімі негізінен 12 қағидадан тұрады.
1. Күніне екі рет табиғи суық суға шомыл, өзіңе жақсы болсын! Қайда болсаң да шомыл, көлде, өзенде, ваннада, душ қабылда. Не суық суды өзіңе ақтара сал. Бұл сенің шарттарың. Ыстық суды суықпен аяқта!
2. Суға түсер алдында не кейін, мүмкін болса, бір уақыт далаға шық, болмаса бірнеше рет тыныстаи алда, ойша өзіңе және барлық адамдарға амандық-саулық тіле!
3. Ішімдік ішпе, темекі шекпе!
4. Аптасына I тәулік бойы ас судан бас тарт, жұманың 18,20 сағатынан, жексенбінің (сағат 12-сіне дейін). Бұл сенің шарттарың.
5. Жексенбінің сағат 12-де далаға щық, жалаң аяқ жүр, сейіл ғұрып бірнеше терең тыныс алып, ойлан, жоғарыда айтқандай. Бұл сенің мерекең. Осыдан кейін тәбетің тартқанша қалауыңша тамақ-тан.
6. Қоршаған табиғатты сүй, жағалай түкірме, қақырма. Осыған үйрен — бұл сенің ден саулығың.
7. Әрқашанда қайда жүрсең де, өсіресе қарт адамдармен амандасын жүруіңіз керек. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле, олармен сәлемдесіп жүр!
8. Жұртқа мүмкіндігің келгенше көмектесіп жүр, әсіресе кедейлерге, жарымжан кісілерге көмектес, елеусіз қалған жалғыз қарт адамдарға көмектес. Мұңайған адамдардың қайғы-қасіретін бас. Мұны қуанышпен істе. Кімнің болмасын қажет-керегіне бүкіл жаныңмен жауап беріп, мұқтажына жарауға кіріс. Одан сен досыңды табасың, осылайша бейбітшілік ісіне көмектесесің!
9. Өзіндегі іштарлықты, жалқаулықты, дандайсуды, көрсе қызарлықты, қорқақтықты, жалған нәмысоқойлығынды жең. Адамдарға сен және оларды сүй! Олар туралы қаңқу, жалған сөзді айтпа, біреулердің оларды діттегенін қаперіңе алма!
10. Басынды ауру-сырқаудан, өлім туралы ойлардан босат! Бұл сенің жеңісің!
11. Ойыңды ісіңнен бөлме! Оқыған екенсің — жақсы, бірақ ең бастысы — істе!
12. Айтып жүр, осы тәрбиенді басқаларға тарат, бірақ мақтанба, осыныңмен көтерілемін деме, қарапайым бол!
Мен сіздерді сұрап, жалынамын — деп жазды ұстаз П.К.Иванов — табиғатпен бірге болып, өзіңнің орнынды табиғаттан тап. Сіздің орныңыз бос тұр, оны ешкімде басқан жоқ. Ол орынды ешкім де сатып алған жоқ, ешкімге, ешқандай ақшаға сатылмайды да, өзінің еңбегің мен ісіңмен табиғаттан рахат табасыз. Саған әр қашанда жеңіл болу үшін. Саған бақытпен денсаулық тілеймін.
П.К.Ивановтың негізгі идеясы әрқашанда адамның дені сау болуы қажет. П.К.Ивановтын жүйесін пайдалана отырып, Бронхитті, туберкулезді, созылмалы тонзилиттерді, жүрек ауруларынан бірден айығып кетуге болады. Табиғатта денені шынықтырумен айналысу әркімнің қолынан келеді. Бірақ шектен шығып кетуге болмайды. Өзіңе қажеттісін таңдап ал. Ол туралы Иванов өзі ескертулер жасаған. «Менің жүйемді бірден қабылдап алма, оны пайдаланам деп өз бойыңдағы келісімді денсаулығыңызды бұзып алма. Суық суға шомылам деп рекорд жасаудың қажеті жоқ. Ас-су ішпеудің қажеті жоқ. Табиғат мақтаншақтарды жақсы көрмейді. Ол туралы әр қашанда есте ұстау керек. Ол туралы 1979 жылы ұстаз «Тіршілік даңқы» атты ән ұран шығарған болатын. Ол туралы ол былай деп айтқан еді. «Ән ұранда бәрі бар. Ол дүние жүзіне шарықтап айтылуы керек. Бейбітшілік жер шарында орындалу қажет».
П.К.Ивановтың жүйесі және қағидалары бойынша табиғи сауықтырумен айналысушы адамдардың өмірге деген көзқарасы өзгеріп кетеді. Аурулар денеден кете бастайды. Өлім туралы ойлар көңілге мүлдем келмейді. Тіршілік өмірде мәнсіз жүріс-тұрыс болмайды. Адам бар болмысымен өмірге, саулыққа, қуанышқа,. жақсылыққа, жасампаздыққа біржола бетбұрыс жасап, шаттыққа орана бастайды.