Еңбек және оку психогигиенасы
Еңбек және оку психогигиенасы
Бұл бөлім психогигиенаның өте күрделі бөлімдерінің бірі. Еңбек қуаныштың қайнар көзі. Ол адамның рухани денсаулығын күшейтеді.
Еңбек тәртібі қатаң сақталынуы тиіс. Ұжымда тұлға өзін-өзі дұ-рыс ұстай білу керек. Ұжым мүшелері мен дұрыс қарым-қатынаста болған дұрыс. Ұжымда беделді болсаңыз, ден саулығыңыз орта түседі.
Еңбек психологиясының қатаң сақталуын, психогигиена бақылау жасап отырады. Еңбек тазалығының сақталуына да қатаң бақылау жасап, жәрдемдеседі. Неше түрлі автоматты механизмдер адамның физиологиялық мүмкіндіктеріне сай келуі керек. Адам сағатына қанша ақпарат қабылдауы тиіс, осының бәрін психогигиена қарап, бақылау жасайды. Бұл проблемамен жаңа ғылым бағыты — эргономика айналысады. Сонда да болса психогигиена оған бірнеше кеңес беріп, ұсыныстар жасайды. Эргономика тек еңбек туралы ғылым емес, сондай-ақ ол еңбек психологиясымен де, еңбек физиологиясы проблемаларьшенде айналысады. Космикалық мәселелерменде шұғылданады. Адамның жұмыста сергек жүруін қадағалайды. Жұмыс орындарында психоэмоциялық кабинеттердің болуына талап қояды. Күннен-күнге технологиялық үрдістер күшейіп, осыған орай техниканың көбеюі психогигиенаның жаңа саласы инженерлік психологияның пайда болуына әкеп соғып отыр. Еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру қазіргі кезде ең бір ірі проблемалардың бірі. Интеллектуалды еңбек психологиясы психогигиенаның ең бір басты белмінінің біріне айналып отыр.