Шартпен егін бастыру
Шартпен егін бастыру. Қайыс арқанмен дәрте байлап, тасты қырман үстімен көлікпен сүйретеді. Содан соң осылай жартылай тазаланған дәнді жиып алып, ұшырады. Жартылай ұшырылған дәнді майқан деп атаған. Жиналған бұл дәнді қызыл дейтін. Астық бастырылып жатқанда көзі тиеді деп жұмыс біткенше сырт адамның қырман басына келуін аса қаламаған. Ал қырман басына келген адам «Қызыл көп болсын!» деп тілек айта келетін.
Қазақ егіншінің пірі Дихан баба (кей жерде Ихан дейді) деп біліп, егін сепкенде де, егін орғанда да Дихан бабаға сиынған. Егін еккенде бір жерге «иттің ырысы» деп бөлек дән сепкен. Қырманды жинап болған соң оның шетіне әкеліп қой сойған. Мұны «қырманды қызылдау» яки «кырманды қандау» дейді.Дайын астықты қазақтар қыстауының маңында арнайы қазылған шұңқырда сақтаған. Оны ұра, қамба деп атаған. Ұра кейде дөңгелек, кейде төртбұрыш болып қазылатын, бетіне қалың етіп сабан салып, одан соң топырақпен жауып тастайды.Мал шаруашылығы мен егіншілік қазақтың күнкөріс қамының негізгі көзі болды.
Балық аулау. Аңшылық.
Шаруашылықтың қосымша түрі аңшылық пен балыкшылық. Балықшылық пен аңшылықты, негізінен, кедейлер кәсіп етті. Аңшылықпен бай адамдар да айналысқан, бірақ олар үшін бұл кәсіп емес, саят қүру, көңіл көтеру ретінде болды. Сыр, Ертіс, Еділ, Жайық сияқты үлкен өзендердің, Каспий, Арал теңізі, Балқаш, Алакөл, Зайсан сияқты көлдердің маңайында тіршілік еткен қазақтар ертеден-ақ балықшылықты қосымша кәсіп кылды. Қазақ жерінде балықшылык Ресеймен экономикалық катынастар күшейген кезеңде, орыс шаруаларымен тығыз араласқан XIX ғасырда біршама дамыды. Әсіресе Еділ, Жайық, Ертіс өзендерінде, Шалқар, Имантау, Зайсан көлдерінде, Сырдың төменгі ағысы мен Арал бойындағы қазақ балықшылары балықты орыстарға сату үшін дайындады.Қазақтар балықты қармақпен, үш жүзді шанышқымен ұстады. Сақ (сүзекі) деген құрал да болды. Бұл ау сияқты тоқылған кішкене сүзгі, оны дөңгеленіп иілген ағашка айнала байлап, оған 1,5-2 метрлікағаш caн орнататын. Балықшылыкпен кәсіпшілік деңгейінде айналысқан қазақтар жылым (невод), ауды көп пайдаланды.Үлкен өзендер мен көлдердің маңайын жайлаған қазақтардың арасындағы кедейлері көбінесе балықшылықпен айналысты. Қатты жұттан кейін шаруашылығы күйзелген орта шаруалар да шаруашылығы қайта түзеліп кеткенше балықшылыкпен айналысуға мәжбүр болды.Қазақта аңшылык ертеден-ақ бар кәсіп. Қазақ үшін бұл әрі өнер, әрі кәсіп болды. Құс салып, ит жүгірту аукатты адамдар үшін өнердің, ұлттық спорттың бір түрі сиякты болса, кедей шаруа үшін бұл күнкөрістің қосымша көзі