Бесшатыр сағанасы
Бесшатыр сағанасы (некрополь) Қазақстан аумағында біздің жыл санаумызға дейінгі 1 мыңжылдықта өмір сүрген байырғы сақтардың аса қасиетті жері. Мұнда, көлемі 2 шаршы км болатын алаңда диаметрі 8-ден 70 метрге, биіктігі 2-ден 20 метрге дейін жететін 18 патшалық қорған орналасқан. Патша мазарларының батысына қарай, солтүстіктен оңтүстікке қараған бағытында жануарлардың суреттері қашалып салынған 45 темір қоршау тізбегі созылып жатыр. Ғалымдардың болжауынша бұл сағананың жол-жоралғы алаңы болып табылады. Үйінділердің астына Тянь-шань шыршасынан жасалған конструкциясы күрделі сағаналар орнатылған.
Біздің ата-бабаларымыздың жерлеуге дәл осы жерді таңдап алуы кездейсоқ жағдай емес: шығыстан аққан өзен ыстық далада сағым сияқты пайда болып, батыста жоқ болып кетеді. Ал көптеген нанымдарда басқа дүниеге кету өзеннен өтумен (көне грек мифологиясындағы Стикс өзені мен тасымалдаушы Харонды естеріңізге түсіріңіздерші) байланыстырылған. Қиын өмір жолына сый ретінде көшпенділердің демалуына қолайлы болып табылатын мөлдір сулы өзендері мен көк майса жайылымдары көп, берекелі тау алқаптары кеңінен құлаш жайған. Ал олардың бәрі ең алдымен мал баққанын ескерсек, одан асқан сыйдың болуы мүмкін емес екені айтпаса да түсінікті. Бұл жерде грек мифологиясында өлілер патшалығының Аида даласы асфодела гүлдеріне, яғни «Алтын Емелде» көктем кезінде қаптап шығатын жабайы қызғалдақтар мен сарғалдақтарға толы.
Бесшатырдың қатарында сақтардың Қызылауыз, Алтын Емел, Қарашоқы қорғандары бар. Оңтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде кейінгі мазарлар орналасқан, олар: 40 қорғаннан тұратын Бесшатыр ІІ үсеней мазарлары, одан ары қарай – 118 жерлеу құрылыстары бар Қалқан І мазары, ал Алтын Емел асуы маңында – 36 қорғаннан тұратын аталуы бірдей мазарлар орын тепкен.