Беловеж келісімі
Беловеж келісімі — 1991 ж. 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Беларусь республикалары басшылары арасында жасалынған келісім шарт. 1991 жылғы тамыз бүлігінен кейін КСРО-ның ыдырау процесі бүрынғыдан да үдей түсті. Бүлікті үйымдастырушылар түтқынға алынып, коммунистік партия таратылды. Өз тәуелсіздіктерін жария- лаған бүрынғы одақтас республикалардың кейбіреулері (Литва, Латвия, Эстония, Грузия) өздерінің КСРО қүрамынан шығатындықтарын мәлімдеді. Орталықтың билігі күннен күнге әлсіреп, елде саяси толқулар күшейді. Осындай жағдайда үш республика басшылары (Ресейден — Б.Ельцин, Украинадан — Л.Кравчук, Беларусьтан — С.Шушкевич) Минскінің маңайындағы Беловеж орманында келіссөз өткізді. Келіссөзде Кеңес Одағын сақтап қалудың бұдан былай мүмкін еместігіне байланысты олар өз республикаларының одақтан шығатынын және өзара одақтастық (саяси, экономикалық, әскери) жөнінде жаңа шартқа қол қоятындықтарын мәлімдеді. Сөйтіп, КСРО тынысы тоқтады. Бүған жауап ретінде 1991 ж. он екінші желтоқсанда Ашхабад қаласында Орталық Азия республикалары президенттері (Қазақстаннан — Н.Назарбаев, Қырғызстаннан — А.Ақаев, Өзбекстаннан — И.Каримов, Тәжікстаннан — Т.Махкамов,Түркіменстаннан — С.Ниязов) кездесу өткізді. Кездесуде олар өзара одақтастық жөніндегі шартқа қол қойды және өздерінің Беловеж келісімімен толық келісетіндіктерін мәлімдеді. Бүған коса олар Беловеж келісіміне қатысушы елдерге және басқа да бүрынғы одақтас республикаларға жаңа одақтық шарт жасасу жөнінде үндеу жолдады. Көп үзамай 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматы қаласында бүрынғы КСРО қүрамында болған 11 республика (Армения, Әзербайжан, Белорус, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина) басшылары жаңа келісімшартқа қол қойды. Сөйтіп бүрынғы КСРО аумағында жаңа одақ — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) қүрылды.