Төле би
Төле би туралы реферат Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде, Есім ханды қолдап, Тұрсын ханды шабуға қатысқан (Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме дейін» кітабынан).
Яғни, Есім хан тұсында жасалып, халық аузында «Есім ханның ескі жолы» атанып кеткен қазақ халқының ғұрыптық заңдарын жасауға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар.Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
1.1 Балалық шағы
1.2 Тауке ханның басқару кезінде
1.3 Абылай ханның басқару кезінде
2 Шешендігі
2.1 Ескерткіштер
3 Пайдаланған әдебиет
4 Тағы қараңыз
Өмірбаяны
Балалық шағы
Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс руынан. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде, Есім ханды қолдап, Тұрсын ханды шабуға қатысқан (Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме дейін» кітабынан) Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.
Портрет Толе би на почтовой марке Казахстана, 2003 год
Тауке ханның басқару кезінде
Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп сайлауға, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасты. Тәуке хан Төле биді ұлы жүздің бас биі еткен. Төле би Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын Жеті жарғының қабылдануына ат салысты. Ордабасы жиыны кезінде Төле би басшылық жасап, жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйтқы болды. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясатты жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан.
Абылай ханның басқару кезінде
1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда оны тұтқыннан босатуда Төле би белсенділік танытты. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатуға өтініш жасағандығы айтылады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Төле би ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанды. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салды. 1734 ж. Ресей патшасы Анна Ивановнаға және 1749 ж. Орынбор губернаторы И.Неплюевке хат жолдап, бодандықты қабылдауға ризашылық танытты. Бұл сол тарихи кезеңде шарасыздан жасалған қадам болатын. Ол жоңғар шапқыншылығынан титықтаған халықтың жағдайын жақсартуды бірінші кезекке қойды. 1748 ж. орыс сауда керуені тоналғанда, бұған кінәлі Қойгелді батырды билер алқасына шақыртып, оған бұл шығынды жұрт көзінше төлеттіреді. 1748 ж. Әбілқайыр хан қаза тапқанда оның баласы Ералы сұлтан әкесінің құнын даулап Төле биге шағымданады. Төле би Әбілқайырдың өлімі үшін айыпкерлердің Жеті жарғы заңына сәйкес жеті құн төлеуі туралы шешім шығарады. Ералы айыпкерлерден екі құн алып, төрт құнды кешіреді де, әкесін өлтіруге қатысушылардың бірі Сырымбет батырды жетінші құн орнына өз қолымен өлтіреді. Әбілқайырдың балалары бұған да тоқтамай, Барақ сұлтанның жауапқа тартылуын Төле биден сұрайды. Бас сауғалап қашып жүрген Барақ сұлтан Төле биге өзі келіп, жасаған ісі үшін сотқа тартуды сұрайды. Төле би билер сотына қазақ билерінің ішінен, Барақ сұлтанның ұсынуы бойынша төрт белгілі биді (Жалған би, Сырлыбай би, Даба би, Қабек мырза) қатыстырады, өз тарапынан бірнеше биді шақырады. Билер алқасында Төле би Барақ сұлтанды ақтап алады.
Төле би Әбілқайыр ханның өлімі үшін жеті адамның құнын кескенде де, Барақ сұлтанды ақтап алғанда да, туысы Қойгелді батырға тоналған орыс сауда керуенінің өтеуіне екі мың жылқы төлеуге билік шығарғанда да елдің елдігін бұзбауды, әлі келгенше халықтың тыныш жағдайын, тұтастығын сақтауды көздеді. Төле бидің бұл секілді еларалық сипаттағы билігімен қатар ұлыс ішіндегі дауларды шешкен билігінен де оның мемлекеттік деңгейдегі парасаттылығы, ойының саралығы мен ниет-тілегінің тазалығы танылады.
Төле би хан, сұлтандардың, бектер мен билердің өзара қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін сезініп, татулықты жақтады. Оның елге танымал “Елге бай құт емес, би құт” дейтін қанатты сөзі айқын аңғартады. Бізге келіп жеткен аңыз-әңгімелерде Төле бидің ұлт бірлігін нығайтуды барынша жақтағандығы айтылады. Сондай аңыз-әңгімелердің бірінде Төле би өз көңілін сұрай келген Қазыбек, Көкі, Мәлік, Ержан билердің еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына былай деп жауап берген екен: “Жүзге бөлінгендердің жүзі қара. Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса халқын сатады. Халық азса хандыққа таласады”. Төле бидің артында кейінгі ұрпаққа жарық жұлдыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өсиет сөздері қалған. Оның шешендік сөздері айтпақ ойының ұшқыр да тапқырлығымен, тап басатын көркем теңеулерінің дәлдігімен, тілінің өткір де айқындылығымен ерекшеленеді. Оның Данагүл есімді келінінің де есімі көпке танымал.
Шешендігі
Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда. әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:
— Балам, мынаны сындырып көрші?
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
— Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? — Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындырып береді. Әлібек би:
— Бұдан не түсіндің, балам? — дейді.
Сонда. Төле бала:
— Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады» дегеніңіз ғой.
— Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы, — депті.
Елдің Қазықұрт тауының бөктеріне көшіп-қонып жатқан көктеу кезі екен. Бір күні Төленің әкесі Әлібек биге екі даугер жүгініске келіпті. Біреуі:
— Қырдан қуып індеткен түлкіме мынау таласып бермейді. Екіншісі:
— Сыртынан жүні жетілсін деп бағып жүрген түлкім еді, оның үстіне жер де, ін де менікі, демек түлкі де менікі.
Екеуі осылайша біраз дауласады. Әлібек би даугерлердің сөздерін тыңдап болған соң, баласына сілтеп, мұның билігін Төле берсін дейді. Даугерлер
Төлеге келсе, ол бір шыбықты ат қылып далада «айт, шулеп» ойнап жүр екен. Алдына келіп дауларын баяндаған соң бала:
— Түлкі арлан болса, сенікі, — дейді, «қырдан қуып келіп індеттім» деген жігітке.
— Ұрғашы болса сенікі, — дейді «жер менікі» деген жігітке. Баланың бұл билігіне түсінбей әлгілер әкесіне қайтып келеді. — Балаңыздың сөзіне түсінбедік…
— Тәлежан төресін дұрыс берген екен, — дейді Әлібек би. — Түлкінің ұланын тұз сақтайды, ұрғашысын ін сақтайды. Түлкі еркек болса, сенікі, сенің қырдан куып келіп індеткенің рас, түлкі саған тиеді, ал ұрғашы болса, жер иесі саған тиеді.
Төленің жас кезі. Жотада мал бағып жүрсе, анадай жерде бес-алты аттылы кетіп бара жатады. Бала олардың алдынан шығып сәлем береді. Орталарындағы ақсакалды Қоңқа би деген жасы жетпістерге келген кісі екен.
— Балам, бұл қай ауылдыц малы?
— Әлібек бидің.
— Анау үйездеп жаткан жылқылар кімдікі?
— Ол Жыланкөз байдікі.
— Е, е, іздеп келе жатқанымыз сол Жыланкөз бай еді.
— Менің де сол ауылға барар шаруам бар еді, сіздерге ілесе барайын, — дейді Төле бала.
Олар жүріп келе жатып сәске түс кезінде көп жылқыны көреді. Жылқының көптігі соншалық, кіші бесінге дейін шетіне шыға алмайды. Сонда жол серік бала:
— Ата, мынау жылқы қандай байдың жылқысы болды екен? Білесіз бе? — деп сұрайды. Оған Қоңқа би:
— Қарағым, бұл нысапсыз деген байдың жылқысы, — дейді.
— Нысапсыз деген қандай бай?
— Балам, айтайын: нысапсыз деген, осы малды жия берген, жия берген. Бұл нашарға, кедейге қайырымы жоқ, ат майын бермейтін байдың малы.
Олар одан әрі жүріп келе жатады. Кенет кең далада жайқалып өсіп түрған қалың егіннің үстінен түседі.
— Ойпырм-ой, ата, мынау қандай адамның егіні болды екен? Көз жауын алып, жайқала өсіп тұр ғой, — дейді бала.
— Ә, шырағым, бұл егін қайырсыз деген байдың егіні.
— Қайырсыз деген бай ма? Қай ел болады, ата?
— О, шырағым, айтайын. Бай бір өзі пәлен адам жалдап, осынша жерді айдатты. Арзанға жұмыс істетіп, еңбегін бір жеді. Енді егінді біреудің еңбегімен орғызып, қырманға салды. Бастыртып, қамбаға құйды. Мұның бәрін өзі істемеді, біреуге істетті. Сонан соң елде астық болмай калған жылы қымбатқа сатты. Өзі жан қинамай үйде май шайнап жатты. Келесі жылы тағы егін ектірді. Енді екі есе адам жалдады. Жылдан-жылға осылай кете берді. Одан жұртқа пайда жоқ. Ел ашыққанда, қымбатқа сатты. Мұның қайырсыз болатын себебі осы. Түсініп ал, балам.
— Түсіндім, ата.
Екеуі келе жатса, бір жерде көп адам жиналып, көр қазып жатады.
— О, балам, — дейді Қоңқа би, — анау жиналған топ адам кімдер? Көзің жетік қой, қарашы? — дейді.
Бала қарайды:
— Ата, өлген адамды қойғалы жер қазып жатқан көрінеді.
— Ендеше, сен барып біліп қайт. Көметіндері өлген адам ба, тірі адам ба екен? Соны сұрағын.
Бала шабады да кетеді. Барып көр қазып жатқандарға сәлем береді.
— Сіздердің жерлейтіндеріңіз өлген адам ба, тірі адам ба?
Жақыны өліп, жаны күйіп тұрғандардың біреуі:
— Не деп былшылдайды мынау? — Екінші бірі келіп, баланы қамшымен басына салып жібереді.
— Иттің баласы, не оттап тұрсың?
Бозбалалардың екеу-ушеуі оған жабыла кетіп еді, бір кариялау кісі:
— Тоқтаңдар, — дейді айқайлап. — Әуелі жөн сұрайық. Қайдан келе жаткан бала екен, білелік. Көне, балам, сен не дедің?
— Көміп жатқандарыныз өлі адам ба, тірі адам ба? — дедім.
— Қарағым, осы сөзді өзің айтып тұрсың ба, жок басқа біреу айтқызды ма саған?
— Қасымда үлкен кісі бар еді. Сол кісінің атқосшысы едім. Ол кісі:
— Аналардың жерлейін деп жатқаны өлген адам ба екен, тірі адам ба екен, барып біліп келші? — деп жұмсады.
— Апырм-ай, мұны сұраған қария тегін адам емес екен-ау. Кой, баланы ұрмаңдар, жігіттер. Мұнда бір мән бар. Сол қарияны біреуің барып шакырып келіңдер.
Екі жігіт карияға барып сәлем береді.
— Ақсақал, бір қадірлі адамымыз қайтыс болып, соны койып жатыр едік, ілгерінің жолы, өлікке құран оқып аттаныңыз. — Қоңқа би:
— Ә, ондай болса жарайды, — деп атының басын бұрып, әлгілерге барады. Өлікті қойып болтан соң көпшілік:
— Ақсақал, алыстан келе жатыр екенсіз. Өзіңіз де бір қадірлі кісі көрінесіз. Бұл кісі де қадірлі адамымыздың бірі еді. Мына баланы бізге жіберген екенсіз. Бала шауып келді де бізден:
— Қойып жатқан өліктеріңіз өлген адам ба, болмаса тірі адам ба? — деді. Соңы көңілімізге ауыр алып, осында бозбалаларымыз қол көтерді. Баладан мұны калай сұрадын, өзің бе, жоқ саған біреу үйретті ме? — деп едік, «ақсақалым бар еді, сол кісі осылай сұра деп жұмсады» — деп шынын айтты. Тағы бір қария былай деп сұрады.
— Сізден сұрайтынымыз, мұны калай айттыңыз? Бүл өлі адам ба, жоқ тірі адам ба дегеніңіздің мәнісі қалай, түсіндіріңіз?
— Ә, оны дұрыс сүрайсыңдар. Тірі адам ба дегенім, артында өзіңдей болатын бала-шағасы бар ма, ас су беретін мал-жаны бар ма дегенім. Ал өлі адам ба дегенім, өзіндей болып өсетін артында бала-шағасы жоқ болса, ас-суын беретін мал-жаны жоқ болса, мұның аты шын өлік, шырақтарым. Осының қайсысы білгім келіп еді. Бұл өлік осының кайсысы?
— Уа, ата, артында баласы бар, ас-суына жарайтын мал-жаны бар дәулетті кісі. — Қоңқа ақсакал құран оқып, бата қылады. Көпшілік:
— Ауылға жүріңіз, мейман болыңыздар, — деп өтінеді.
— Шырақтарым, маған ауылға қонуға болмайды. Мен түздің адамымын, — деп Қоңқа би атының басын бұрып жүріп кетеді. Жолда келе жатып бала тағы да:
— Ата, түздің адамымын? — дегеніңіз қалай? — деп сұрайды.
— Қарағым, өзің аңғарымпаз бала екенсің. Сенің атың кім?
— Атым — Төле.
— Төле қаратым, түздің адамымын дегенім — көпшіліктің халықтың адамымын дегенім…
— Бата берейін, сені түзде кездестіріп, серік болдым. Мен секілді сенің де өмірің түзде өтсін, түздің адамы бол, балам, — деп бетін сипайды карт. Төле би есейгенше сол жол үстінде жолыққан Қоңқа қартты үнемі құрметтеп еске алып, өзіне ұстаз тұтқан екен.
Ертеде Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылым алқабына үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмайды. Көпшілікке еріп барған он бес жасар Төле билік айтушыларға көңілі толмайды. Ол:
Ақты ақ деп бағалар!
О, игі жақсы ағалар!
Өзегі талса ел біткен,
Өзен бойын жағалар, —
деп сөз бастай бергенде:
— «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без» деуші еді. Мына бала кім өзі? — дейді, төрде отырған би. Төле қасқая қарап тұрып:
— О, би ата, он үште отау иесі демес пе, Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске? Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа, Ала кез болу ағайын адамға лайық па? — деп, бір тоқталады да, төрде отырған биге былай деп сауал қояды:
— О, игі асқар тауымыз, Әділ ме осы дауымыз? Жар астында тұрғанда, Жасырынып жауымыз? —
Сонда әлгі би:
— Қой асығы демеңдер, Қолыңа жақса сақа ғой. Жасы кіші демеңдер, Ақылы асса ата ғой. — деген ғой, балам, билікті саган бердім, — дейді. Бала Төле жұлып алғандай:
— Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, бұған қалай қарайсыздар? — дейді. Бүл шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:
Үй баласы ма деп едім, Ел баласы екенсің. Ай маңдайлы арысым, Талабың алдан өтелетін. Ауылыңның таңы бол, Мандайындағы бағы бол! — деп бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасындағы дау-жанжал, келіс сөзге араласып, билік айта бастапты.
Төле бала ауыл сыртында қозы бағып жүргенде, жанынан өтіп бара жатқан қос аттының бірі: «Әлібек қартайыпты, әділдігінен айныпты» деп ренжіп бара жатқанын естіп калады. Төле олардың алдарынан шығып, сәлем беріп:
— Оу, ағалар, әкем Әлібектің билігіне ризамысыздар жок, наразымысыздар? — дейді.
— Наразымыз, балам. Әкең әділ билік айтпады.
— Ендеше қайтыңыздар.
Екі жақ Әлібектің алдына қайта келгенде бала Төле:
— Ата, билікке екі жақ бірдей риза болу керек. Әйтпесе, ол Әділ билікке жатпайды. Жеңілген де, жеңген де шындықты мойындауы керек, — дейді.
— Олай болса, балам, осы даудың билігін өзің айтып берші?
Төле әуелі таластың мәнін сұрайды. Сонда дауды бастаған жігіт ботасында жоғалтқан түйесін жолда кезіккен керуенді танығанын айтады.
— Бұл өтірік айтып тұр, — дейді керуенбасы саудагер.
-Ал, енді, жігітім, «тапқан қуанады, таныған алады»деген, сен таныдым дейсің, калай таныдың?
— Менің танығаным, — дейді ол. — Түйем туар уақтысына жақындаған кезде бошалап кетті. Бір жетіге дейін таптырмаған түйем тау баурайында боздап, ары-бері кезіп жүр екен. Ботасын қасқыр жесе де, шала туса да кетпес еді. Сонысына қарап, ботасын біреу алып кеткенін түсіндім. Содан бері жүргінші көрінген түйеге көз салып жүруші ем, көрген бойда Таныдым. Төле ойланып отырып:
— Сол танып түрған аруананың енесі бар ма? — дейді.
— Бар.
Төле қарсы жаққа қарайды.
— Иә, саудагерім, сөйле.
— Бұл өз түйемнің ботасы. Жалақорға тура сөзіңізді айтыңыз. Іштегі ботаны танимын дегенге адам сене ме?
— Енесі бар ма түйенің?
— Туған енесі бар.
— Онда екеуің де енелерін алып келіңдер? Дауласқан екеу бесті атандарының енесін алдырады.
Төле: — Атаңды тізгіндеңдер де тақымына қыл бұрауды салыңдар, — дейді. Жұрт айтқанын лезде орындайды. Бесті атанның тақымына қыл шылбырды салып, шыңғырта бұрағанда, таныған жігіттің түйесі көзінен жаспарлап, мұрындығын жұла-жүла бақырып жатқан атанның үстіне түсе қалады. Ал саудагердің түйесі орнынан қозғалмай, жайымен күйсеп тұра береді. — Ау, халайық, көріп тұрсыздар. Мына жануар шын анасы екен, не дейсіздер? — Рас, аруана ботасын танып тұр. Төлежанның бұл әділдігіне ризамыз, — деседі жұрт. Төле саудагерге қарап: — Ә, саудагерім, мынау хайуан да болса әділетін халықтың алдында көрсетті. Атанның кімдікі екеніне халықтың көзі жетті. Сен енді құтыла алмайтын болдың. Күнәні мойынға алған жеңіл. Мына халықтың алдына шығып шындығыңды айт. — Оу, халайық, осыдан бес жыл бұрын жайлаудан қалаға қайтып келе жатып, жапан түзде, бір төбенің баурайында боталаған түйенің үстінен түстім. Ботасы аяқтана алмай, жығылып, тұрып жатыр екен. Түйені алсам, сіңіре алмаймын. Жолда ел көріп. «Пәленше саудагер алып бара жатыр» дейді. Мына ботаны алып кетсем ешкім білмейді. Алашаға ораймын да, қомның арасына таңа саламын. Бір жылдан кейін түйе боп шыға келеді. Бір түйе маған аз олжа ма деп сол ботаны алып кетіп ем. Кешсеңдер де, бас кессеңдер де өздерің біліңдер, — деп мойындапты. Міне, Төле би дауды осылай шешіп, жұртты риза етіпті.
1740 жылы жоңғар қалмақ билеушісі Қалдан Цереннің қолшоқпарлары Ұлы жүздің ханы Жолбарысты өлтіреді. Төле би бастаған ел Ташкенттен қуылады. Жау жағы Ташкентке Қоқым манапты өкімдікке тағайындайды. Бұл кезде Сыр бойы қалаларының біразы жоңғарлардың қол астында қалады. Осы тұста Күлтөбенің басында үлкен жиын ашылып, оран ел басылары түгел жиналады. Сонда Қарабек батыр: — Жауға тізе бүгуден басқа амал жоқ, — деген пікір айтады. Қарабекке ашуланған Төле би:
Атадан ұл туса игі,Өзі біліп тұрса игі.
Ата жолын қуса игі.Жаудан бұққан немені,
Өзіне келер ұятын,Ортасынан қуса игі! —
деп, шырық бұзғандарды жиыннан қудырып жібереді. Сонан соң айналасындарыларға қарап:
Уа, көсіле шабар жерің бар,Арылмайтын сорың бар…
Ту көтерер ерің бар.Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Қол боларлық елің бар,Еркек болып туды деп,
Атадан қалған жолың бар,Мына сені кім айтар?
— Құлдық ұрсаң дұшпанға
деп толғайды. Төленің осы төрелік сөзін өзгелер түгел құп алып, жауға қарсы күш біріктіріпті деседі.
Жаңа жайлауға қоныстанған бір бай екі кедей жігітке құдық қаздырады. Құдық қазылып біткен соң жігіттер байдан ақысын сұрайды. Бай олардың біреуіне — саулық, екіншісіне козы береді. Екінші жігіт оған наразы болады. Төлеге келіп шағым айтады. Төле байға құдық қазған екі адамның еңбегі бірдей екенін айтады. Бірак құдық иесі өз дегенінен қайтпайды. — Адамның екі көзінің, екі қолының қайсысы кем? — дейді байта. — Ешқайсысының кемдігі жоқ. Екеуі де бірдей. Сөзіңізге жығылдым, биеке! Өкпелі жігітке қой берейін, — депті амалы құрыған бай.
Іргелес отырған Жаңту жөне Жантас аулының екі жігіті шабындыққа таласып қалады. Ақырында бірін-бірі көрмеуге серт берісіп, екеуі ат кекілін кеседі. Ай өтеді, жыл өтеді. Бірақ екеуі татуласпай қояды. Әкелері мен аталарының ақыл-кенесіне мойынсынбайды. Осыны естіген би араздасқан жігіттерді шакыртады. Төленің үйіне екі жақтан келген екі жігіт аттарын бір казыққа байлап үйге кіреді. Тізе бүгіп биге қол беріседі: Би ләммим демей, екі жігітпен сыртқа шықса, екеуінің аттары бірін-бірі қасысып тұр дейді. — Япырм-ай, мына екеуінің татуын қарашы? — дейді Төле қасынып тұрған аттарды көріп. — Кекілдері де келісті екен. Бидің осы сөзінен екі жігіт қол алысып, татуласады. — Жолдарың болсын! — дейді оларға Төле би.
Той-тамашада бір жас келіншек төңірегінен именіп, өлең айта алмай отырады. Еріне жаутаңдап қарай береді. Күйеуі жайсыз, оған өлең айтуға тыйым салып қойған екен. — Қыз кезінде алдына жан салмайтын әнші еді, енді суға түскен тауықтай боп отырғаны, — дейді Төлеге жақын отырған біреу сыбырлап. — Тұзаққа түскен бұлбұлдан, еркін жүрген торғай артық, — дейді би. — Ол не дегеніңіз, Төке? — Торға түскен бұлбұл қайдан сайрасын? Мұны есіткен әлгі келіншектің күйеуі Төле бидің алдына келіп, кешір сұрайды. — Биеке, түсіндім сөзіңізге. Бұдан былай бұл мінезімді тастайын. Келініздің беті ашық!
Таздар мен Сүлгетай елінің арасында біраз жылдан бері бітімін тап созылып келе жатқан жесір дауын шешіп аулына қайтып келе жатқан Төлe би қасындағылармен Бөген өзенінен өте бергенде анадай жерде келе жатқан бір топ қыз, келіншектерді байқады. Жақындай бергенде әлгі кыз, келіншектер аттарынан түсіп, олардың алдын кесіп өтпей ізет қылып тұрып қалады. Төле би оларға жақындап барады: — Бәрекелді, өркендерің өссін, қай ауылдың балаларысыздар? Қыздардың біреуі: — Досай аулынанбыз,- деп жауап береді. — Алдақашан өтіп кететін едіңдер, аттарыңнан түсіп бізді неге тостыңдар, бір шаруаларың бар ма еді? — Шаруамыз жоқ, ата, — дейді әлгі қыз, — үлкен кісілер айтушы еді, кісінің алдын кесіп өтпе, оларға ізет қылып сәлем бер — деп, сіздердің жастарыңыз үлкен, араларыңызда касиетті қариялар бар шығар, жолын кеспейік, аттан түсіп сәлем берейік деп, сіздерді сыйлап тұрғанымыз ғой. Қыз жауабына риза болған Төле би, енді қыздың аты-жөнін білгісі келеді. — Рахмет, қызым, көп жаса, кімнің қызысың, атың кім? — Алакөздің қызымын, атым — Данагүл. — Бәрекелде, қызым, өркенің өссін! Атың даналы болса, ақылың саналы болар түбі, — дейді де, Төле би жүріп кетеді. Былай шыққан соң оған ой келеді, қасындағыларға: — Аттың басын қыз аулына бұрыңдар. Алакөз кандай адам екен, білейік. Сөйтеді де, бәрі Төрткүлдің жазық даласымен жүріп отырып, бір ауылға жетеді. Шеткері бір үйден Алакөздің үйі қайсы деп сұрайды. Ақ қалпақты жас жігіт: — Алакөз жәкемнің үйі анау түрған қараша үй, — деп сілтеп жібереді. Төле би бәрі сол үйге барып аттан түседі. Момақан ғана Алакөз байдың жылқышысы екен. Топ аттылыны көргенде сасқалақтап, қалбалақтап қалады. Көршісінен бір қой қарыз алып сояды, алдына барын жайып күтіп алады. Сол заматта «Алакөздің үйіне бір топ аттылы кеп түсті. ішінде атақты Төле би бар» деген сөзді естіп қара батырдың жылқылы байы Алакөздің үйіне барып, Тәкеңе сөлем береді. — Ау, биеке, менің сегіз қанат ақ үйім тұрғанда жылкышымның қара лашығына түскеніңіз калай? Мен сіздерді шақырып келіп тұрмын. Тай соямын, қымыз сапырамын. Алакөздің үйінде жағдайларыңыз болмайды, көне жүріңіздер? — дейді. Сонда Төле би: — Байеке, әуре болмаңыз. Сіздей байлардың үйіне түсіп жүрміз ғой. Бір жолы Алакөз сияқты кедейлердің де үйін көріп қойғанымыз теріс болмас, — деп оған көнбепті. Ет пісіп, кісілердің алдына табақ тартылыпты. Төле бидің алдына бас қойылыпты. Би «биссимилла» деп бастың құйқасынан дәм ауыз тиіпті де: — Алакөз інім, балаң бар ма? — Балам жоқ, Данагүл деген қызым бар. — Сол қызыңды бері шақыршы? Ошақ басында самаурын қайнатып, шешесіне қолқабыс тигізіп жүрген Данагүл үйге енеді. Төле би бастың құйқасын қасқалап кеседі де, бір кұлағын, тіліп, тандайын алып қызға береді де, мынадай тілек айтады: — Шырағым, құлақ бергенім — бас ием бол дегенім. Тіл мен тандай бергенім — іштегі құпиямды айттырмай тауып, шешіп отыратын шешен бол дегенім, — депті. Қыз: — Рахмет, ата, тілегіңіз қабыл болсын, — деп, шығып кетеді. Бата беріледі, дастарқан жиылады. Енді Төле би Алакөзге қарап: — Сенімен құда болғым келіп отыр, бұған қалай қарайсың? — дейді. Жаппарқұлда жан бар ма, бүкіл елді аузына каратып жүрген Төле бидей кісі солай деп қолқа салып отырған соң. Алакөз мақұлдап ризашылығын білдіреді. Көп үзамай-ақ екі жақ тойын жасап, Данагүл Төле биге келін боп түседі. «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» демекші, Данагүл өзінің ақылды, әдептілігімен бір ғана би атасына емес, бүкіл ауылға жағады. Атасы билікпен, ел қамымен жүргенде, Данагүл ауыл адамдарын, өзінің құрбы-құрдас, абысын-ажындарына ақылшы, бас-көз боп жүреді. Данагүлдің ақылды, сезімталдығын, Төле би атасының ішкі ой-сезімін, емеурін-тұспалын айтқызбай түсінетінін ел былай аңыздайды: Бір жолы Төле би Мойынқұм жайлауындағы елдің дау-дамайын шешіп жүріп, аулына қайтпақ болады. Қасындағы жігітіне: — Қай жолмен жүрсек екен? Бір жол бар, ел жағалап жүретін. Онымен жүрсек ауылға он күнде жетеміз. Бір жол бар, шөл аралап жүретін. Ол жол төте ауылға бес-ақ күнде жетеміз. Жігіт: — Ел жағалап, қона жатып жүргенше, төтесінен күн-түн демей жүріп отырып, елге ертерек жеткен дұрыс-ау, биеке. Ауылда сізді күтіп түрған шаруа да аз емес шығар. — Сенің айтқаның жөн екен, олай болса тарт сол төте жолмен, — дейді би. Сонымен екеуі бұйрат-бұйрат құмды кешіп жүріп кетеді. Үшінші күні кұдық басында отырған жалғыз үй түйешіге кездеседі. Одан сусындап, аттарының белін суытып, жемдеп алады да, тағы ілгері жүреді. Түнделетіп саймен келе жатқанда бір топ қарақшылардың қолына түседі. Жол торып жүрген қарақшылар екеуін аясын ба, аттарынан аударып, киімдерін тонап алады. Екеуін екі түп сексеуілге матап тастайды. Олар өздерінің кім екенін қарақшыларға айтпайды. Төле қарақшыларға былай дейді: — Әй, жігіттер, сендерге біздің жанымыз керек пе, жоқ малымыз керек пе? Егер жан керек болса, көп азаптамай өлтіріңдер, ал мал керек болса, мәмлеге келейік, бізде сендерге жететін мал бар. Алдарыңа айдатып әкеп берейік, бізді босатыңдар. — Әрине, бізге мал керек, — дейді қарақшылардың бастығы, — біз осы шөл далада мал табу үшін жүрмегенде, не үшін жүрміз. Бірақ сендер малды қайдан тауып бересіңдер? Бізді алдап кетіп жүрерсіңдер. — Менің аулымда, — дейді Төле, — сендерге жететін мал табылады. Мен бай адаммын. Бірақ сендер енді ауылға жібермейсіңдер әрине, сенбейсіңдер. Олай болса былай етіңдер. Біреуің менің атыма мініңдер, киімімді киіңдер, мен хат жазып берейін. Хатты былай жазамын: «Кенже ұлыма құда түстім. Соған 40 қүнан атан, 20 бура, 8 ақбас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Және оң босағамда тығулы жатқан алтынымды, сол босағамда жатқан күмісімді де қоса беріп жіберіңдер».
Қарақшылар орталарынан екі жігітін шығарып, олардың киімін кигізіп, аттарына мінгізіп, қолдарына хатты беріп жібереді. Екеуі салып ұрып Төле бидің аулына жетеді. Хатты табыс етеді. Екі жігітгі «біз малымызды жинастырғанша, тыныға тұрыңдар» деп, бір оңаша үйге түсіреді. Ауыл адамдары хатты олай оқып, бұлай оқып ештеңе түсінбейді. Сенбейін десе, хатты өз қолымен жазыпты, киімін кигізіп, атын мінгізіп жіберіп отыр. Сенейін десе, «40 құнан атан, 20 бура, 8 ак бас атан, оң босағадағы алтын, сол босағадағы күміс» дегені несі? Деп бәрі дал болып отырғанда Данагүл келіп атасының хатын оқиды. — Сіздер атамның бұл хатына түсінбей отырсыздар. Мен білсем, ол кісі 40 қарақшының қолына түсіп калған болу керек. «40 құнан атан» дегені — 40 мықты жігіт, «20 бура» дегені — 20 палуан, «8 ақ бас атан» дегені — 8 ақсақал кісіні балам менен келінім ертіп келсін дегені ғой. «Алтын дегені» — баласы, «күміс дегені» — келіні мен шығармын. Қой, тезірек аттанып барып құтқарып алайық.
Данагүлдің тапқыр даналығына ауыл адамдары риза болып, оның айтқанын орындайды. Хатта көрсетілген малды екі қарақшыға айдатып, Төле бидің баласы мен келіні бірге жолға шығады. Олар ұзай берген соң артынан 40 жігіт, 20 палуан, 8 ақсакал, көрінбестен еріп отырады. Жақындай бергенде Данагүл екі карақшыға: — Сіздер озып барып хабар беріңіздер, біз малды жая жүріп кешке қарай жетеміз, — дейді. Екі қарақшы шабуылдап барып. «Мал келе жатыр» дейді. Өзге карақшылар «мол олжаға кенелетін болдық» деп аттарын коя беріп, жайбарақат жата береді. Ел жатып, олар ұйқыға кіріскенде, 40 жігіт 20 палуан бәрі сау етіп, қарақшыларды сойылдап, байлап бәрін қолға түсіріп алады. Сонда Төле би пенде болған қарақшыларға: — «Келер кезек, өмір — біреу, кезек — екеу» деген осы, жігіттер! Кеше мені тұтқындап едіңдер, бүгін сендер қолға түстіңдер. Дүние кезек деген осы. Сендер шөліркеп жатқан жалғыз-жарымды тонайсыңдар. Елді зар жылатып малын талайсыңдар. Біреудің бермесін тартып аласыңдар. Адал еңбек етпейсіңдер. Шөл далада қаңғырып, қатын жоқ, бала жоқ, ит қорлықпен күн көресіңдер? Қанша жыл карақшылық қылсаңдар да құтаймайсыңдар. істегендерің ұрлық, ал ұрлық түбі — қорлық. Қойға шапқан касқырды ұрып ал ар болар. Сендер де бір — қасқыр да бір. Сендердей ұры-қары карақшыға не істесе де болар еді, өттең! Амал қанша, сендерге өлім сыйлағанша, өмір сыйлағым кеп тұр. Мен Төле деген билерің боламын. Тілімді алсаңдар, тәубаға келіңдер. Қарақшылықты қойыңдар! Адал еңбек етуді ойлаңдар. Бала-шағаға карап, ел қатарлы тірлік етіңдер, ұрпақ өсіріңдер! Үйлі-жайлы болып, мал жинап, егіс егіп күн көрейік десеңдер мен сендерге көмектесемін, камқор боламын, жер беремін, мал беремін. Егер менің айтқаныма көнбесеңдер, өз обалдарың өздеріңе! Кәне, не істейсіндер! Өлім керек пе, өмір керек пе! Төле би осылай дегенде, карақшылардың бастығы қара шойтпақ бұжыр бет нардай жігіт бидің алдына келіп басын иеді: — Айналайын би-аға, сіздің бұл сөзіңізге түсіндік: біз көндік. Рас айтасыз, ұрлық қылғаннан тапқан пайдамыз жоқ. Тек қана елдің қарғысына калдық. Осы қырық жігіт туғаннан карақшы боп туған жоқпыз. Біріміз ойдан, біріміз қырдан, жоқшылық, зомбылықтың салдарынан жиналып ұры-қары боп кетіп едік. Сөйтіп елден, үйден безіп, аш бөрідей шөл даланы кезіп, ұрлык- зорлықпен күнімізді өткізіп жүрдік. Енді міне, сіздей қамқор, әділ кісіге кездесіп тұрмыз. Лайым айтқаныңыз келсін. Біз сіздің соңыңыздан ердік. Сіз не десеңіз, соған көндік. Керсен алдыңызда, кездік қолыңызда, бар шынымыз, сізден тілегіміз осы, би-аға! — Бастықтарының осы тілегін мақұлдап, өзге жігіттер шу етіп, биге тұс-тұсынан өтініш-алғыстарый жаудырады. Төле би сөйтіп өзін тұтқындаған қырық қарақшыны тәубаға келтіріп, еліне ертіп барады. Біріне қой баққызады біріне түйе баққызады. Бірі егіс егіп, диқаншылықпен айналысып кетеді. Ұстагершілік, етікшілік, зергерлік қолынан келетіндеріне дүкен тұрғызып, жағдай жасайды. Бәрі де адал еңбекпен шұғылданып, Төле бидің ел-жұрттары атанып кетеді. Төле би мен Әйтеке би Ормамбет биге Қасқа көл дауы жайлы хат жазады. Ормамбет екеуіне хатпен жауап қайырады. Халық жиналып бір олай, бір былай сөйлесіп, ақырында үй тігіп сөйлесуге келіседі: Қасқа көл жағасында жиырма үй тігіледі. Ормамбет келіп Төле мен Әйтекеге сәлемдеседі. Сонда Төле: — Ей, Ормамбет! Мен әлі тірімін, өлгем жоқ. Бұдан бұрын неше сәлем айтсам да келген жоксың, ер кетер, жер жетер. Ей, Ормамбет, сен бізден кіші боласың, сен ілгері барасың, біз кейін келеміз, сен жас едің, көңілдегіңді аларсың! — дейді. Әйтеке де Төленің сөзін қостап: — Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң дұшпанға найзаң тисін. Бай болып пайдаң тимесе, батыр болып найзаң тимесе, жұрттан ала бөтен үйің күйсін, — деген. Бізге кейінгілер осыны айта ма деп қорқамын, — дейді. Сонда Ормамбет: — Екі би, айтқан сөзің жарасады, еншіге әркімдер-ақ таласады, бұл Қасқа көл орта жүздің көлі еді, айтқандарың қиянатқа жанасады. Қанағатсыз билерді кабан деген, камшылатқан жүйрікті шабан деген, біреудің ақысына зорлық қылса, акыретте мұндай істер жаман деген, — дейді. Төле би айтады: — Ей, Ормамбет, сен бізге Қасқа көлді бер. Қасқа көл рас саған жақынырақ. Бардан пайда, жоқтан задал деген, не берсе қайырын тілеп көріңіз. Үш жүздің ортасында Қасқа көл бар, әр жерде су ішетін басқа көл бар, үш бөліп енші қылып алысайық, жер жетер, көңіліңді ұстама тар. Үшеуі олай сөйлесіп, былай сөйлесіп келісе алмайды. Ормамбет екі биге ырық бермеген соң, Төле қатты сөздер айтады. Дау бітпей, Ормамбет еліне қайтады. Үйіне келген соң даудың мән-жайын бастан-аяқ сөйлейді. Сонда Ормамбет бидің анасы: — Балам, карт билерді бекер ренжіткен екенсің, әліде болса, тілімді алсаң, Қасқа көлді бөліп бер, — дейді. Анасы айтып қоймаған соң Ормамбет көнеді. Үй тігіп, тоғыз бие сойып, Төле мен Әйтекені шақырады. Сонда Төле би: — Билер жақсы болса, білім иесі батыр даты, жаман болса сал бөкселі қатын даты. Әйел жақсы болса, елдің басшысы емес пе?! Бүрынғылар осылай демес пе? Қасқа көлді алам деп келіп едім, Ормамбет бермеген соң өліп едім. Жетпіс жасқа келгенде сөзім жерде калып, мәңгіде тірілмейтін өлік едім, жеңгей! Мені тірілттіңіз, енді балаңызға бата берейін, — дейді. Сөйтіп, билер Қасқа көлді ынтымақпен бөлісіп, ел ризаласып тарқапты.
Сыйқым елінде бір байдың үлкен баласы ұрдажық даңғазалау екен. Көрші ауылдың өзі сұлу, ақылды қызын алмақ болады. Тәрбиелі қыз оның ниетіне қарсылық жасап, өзін аулақ ұстап жүреді. Бір жолы оңашада қызды ұстап алып, мойнына қыл шылбырды салып буындырмақ болады. «Шылбырыңды тарт әрі, мойнымның кытығы бар» депті сонда қыз өжеттеніп. Осы оқиға ауылға тарап кетеді. Жігіт әкесі намысқа тырысып Төлеге келеді. Бай қызының қалай болған күнде де баласының тұзағына түсетінін айтады. — Қыз тілімен түйілген түйінді, балаң тісімен шеше алмайды, — депті сонда шешен.
Төле би заманы қиын кезеңде жаугершілікте өткен. «Ол кезде қазақ пен жоңғар хандықтары ұдайы жауласуда еді. Тәуке ханнан кейін қазақ хандығының ыдырай бастауына байланысты Төле би ендігі жерде Ұлы жүзді билеп, жоңғар басқыншыларына тәуелді болды. Оларға алым-салық төлеп түрғанымен Төле би саяси билікті өзінше жүргізді. Қазақ қауымдарын біріктіріп, оларды жоңғар феодалдары езгісінен азат етудегі оның қызметі айтарлықтай. Кейбір деректерге қарағанда, Абылай сұлтанның көтерілуіне Төле би ықпал жасаған.
Төле бидің түйесін жайып жүрген Сабалақ атты баланың қалайша Абылай батыр (кейін хан) дәрежесіне жетуін ел әлі күнге дейін аңыздап келеді. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығын жеңуде Төле би шешуші рөл атқарғаньі тарихтан белгілі. Әсіресе қазақ халқының «Ақтабан шұбырынды» кезінде ол Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек тағы сондай атақты батырлармен бірлесе, ақылдаса отырып, қалайда жауды жеңіп шығудың жолдарын қарастырды, яғни сол бір азаттық майданды өзі тікелей басқарды. Сондықтан ол бүкіл қазақтың Төбе биі аталды. Өзге билер оны ата санап, сыйлап, сөзін тыңдап өткен. …Төле би өз дәуірінде белгілі батырлар мен билердің, тіпті хандардың бір сыпырасына акылшы болған. Оның Абылай, Жолбарыс, Өтеген, Тәттібай, Құттыбай сияқты батырлар, Тайкелтір, Есей, Досай тағы сондай би, шешендерді жас кезінде баулып, сынап тәрбиелегені, олардың болашағын болжағаны туралы аңыз, өңгімелер аз емес.
Төле би бір жұма намазда өзінің би, болыс, жүз басы, мың басыларымен Түркістанға келіп, Қожа Ахмет Иассауи мешітіне кіреді, намазға тұрады. Намаз тамам болған соң, мешіт бөлмелерін аралап, құдайы садақасын беріп, көпшілікке қарап былай депті: — Біз бүткіл ұрпағымызбен Ақсақ Темірге алгыс айтуға тиіспіз. Және оның аруағы алдын да қарыздармыз. Ол біздің елге зор жаңалық әкелді. Қожа Ахмет Иассауи күмбезін тұрғызды. Мұндай ғажап күмбез бұрын-соңды жұртымызда бой көрсеткен емес. Бұған дейін даламыз өлі секілді еді. Ақсақ Темір сол әлі даламызды шырқ ұйқыдан оятып, екінші Мекке салдырды. Меккеде — Мұхаммед. Түркістанда — Қожа Ахмет. Бүл екеуінен құдіретті, киелі әулие жоқ. Осындай халқымызға жақсылық сыйлаған қолбасшының әруагына әр дайым дұға оқып, оны еске аламыз». — Мұндай ақылды нақыл сөз, өсиетнамаларды кезінде Төле би көп айткан.
Төле би мен Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекүлы, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бөйбекүлы бәрі Әз-Тәуке ханның бас кеңесшісі, ақылшысы болды. Төле би «Төукенің Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп бірегей қазақ хандығын нығайтуға жоңғар-ойрат шапқыншылықтарына қарсы бауырлас қазақ, карақалпақ, кырғыз және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларын жүзеге асыруға қатынасады. Ол Россиямен Ұлы жүз арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыруға және оны нығайтуға көп еңбек сіңірді»
Төле би қазақтың ежелгі құжаты «Жеті жарғы» әдет-ғұрып заңын жасауда жетекші рөл атқарған. «Жеті жаргыдағы» жер дауы, жесір дауы, күн дауы тағы осындай ел арасында бола беретін айтыс-тартыс, дау-дамайлардың көптеген тарам-тармақтары сол Төле би ұсынысымен қабылданғаны аян. Сол «Жеті жарғы» құжаты ел арасындағы әдет-ғұрып дәстүрлерін бұзушыларға тыйым салуда елеулі қызмет атқарады.
Жоңғар шапқыншылығынан жосыла көшкен қазақ елінің алды Жиделі байсынға, Хиуа, Бұхар, Ташкентке жетіп бекініс құрғаны тарихтан мәлім. Қалдан Церен жендеттері өкшелей қуып, қазақтарды ол жерден де тайдырмақ болады. Тағы да көш-қон, тағы да босу. Осы бір қиын-кыстау кезеңде ел басшысы Тәуке хан қайтыс боп, Төле би жалғызсырап калады. Ол ел-жұртқа: «Енді жаумен табан тіресе күресеміз, көшпейміз. Арық казындар, егіншілік кәсіпке көшіңдер!» деп ұран тастап, өзі бастап көшпей Ташкентте отырып алады. Елді отырықшылыққа, егін егіп, тірлік етуге үндеген Төле бидің сол бастамасы шежіреші акын Қазанғап Байболұлының «Төле бидін тарихы» аталған дастанында былай жырланған:
— Қоймайсың көш деп халқым-ау, Біреуің емес барлығын. Менде қасірет көбейді, Енді айтайын анығын. Әз Тәуке, Әзіз Төле би едім, жұбымнан мен айрылдым. Акылымнан егілдім Күтсем деймін моласын Көпшілік күйге саласың. Халайық, жолға кірсекші Жер емшегін емсекші. Орнықты болмай болмайды «Арпа-бидай — ас» деген, «Алтын-күміс — тас» деген. Қазыналы-гауһар зеріңнен Төрт түлік жиған малыңнан, Күндердің күні келгенде, Бір үзім артық наныңнан. Қалмасын деп ем бекерге Мынау жеті арығым, Аяқты малға сенбегін, Бір борандық деген сөз, Опасы аз жиған малыңның. Үш жүз боп енші бөлгенде, Бабама тиген жерағаш. Отырықшы ел болсаң, Тойынар еді қарны аш. Киінер еді жалаңаш, Тәңірі не дер бекерді. Еңбек етпей болмайды, Үлгілі сөз бұл рас. Болмайды бектік шын мирас, Осыны айтып болды да, Құшақтап Тәуке моласын, Төле би қатты жылады. Көшіп, қашып ілгері, Қазақ нені көрмеді? Қайда жүрсе Төле би, Отырықшыны ойлаған, Жобада сондай сөз еді.
Төле биді тек қана қазақ халқы емес, өзбек, кырғыз, қарақалпақ, тәжік елдері де дуалы ауызды әулие кісі, бас биіміз деп, оның есімін осы кезге дейін қастерлеп еске алады. Тағы бір мынадай аңыз бар:
Жоңғар басқыншылары өрттей қаптап, қазақ жерін таптап, келе жатады. Қамсыз малын бағып отырған ел тым-тырақай босып үдере көшеді. Сонда жалғыз-ақ бір үй түтінін түтетіп отыра береді. Жоңғар қоңтайшысы батырларын жұмсап: — Анау жалғыз үй неғып көшпей отыр, — барып біліп келіңдер! — дейді. Келсе, ол Төле бидің үйі екен. Жоңғар жігіттері өкіреңдеп: — Жұрттың бәрі көшіп кеткенде, сен кімсің, неғып отырсың?! Төле би олардың алдынан шығады: — Жігіттер, сабыр етіндер! Алдымен үлкен кісіге сәлем қайда? — Әдет- дәстүрден бір сүрінген олар сәлем беріседі. — Енді тыңдаңдар, — деп сөз бастайды Төле би — шаңырағыма қарлығаш ұя салып еді. Сол құс қашан сарыауыз балапандарын қанаттандырып өргізіп кеткенше мен еш жаққа көшпеймін. Қарлығаш — қасиетті құс, адам баласының досы. Сендер білесіңдер ме. Ертеде дүние жүзін топан су қаптағанда Нұх пайғамбардын кемесін суға батудан аман алып қалған осы қарлығаш! Адам баласына қастандық жасамақ болған жыланнан да корғап қалған осы қарлығаш! Мен жау келді деп үйімді жығып, оның ұясын бұзып балапандарын шырылдатар жайым жоқ! Сендердің де бала-шағаларыңды улатып-шулатып қырып, қырғын-сүргін қылып жатса, жақсы көресіңдер ме! Бар, хандарыңа осы сөзімді айтып барыңдар! Жоңғар жігіттері барып Төле бидің осы сөзін айтса, Қоңтайшысы: — Ол әулие адам екен, оған тимеңдер, оның төңірегіндегі елін де қозғамаңдар! — депті. Содан былай қарай Төле би «Қарлығаш әулие» атанып кетіпті. Тәуке хан өлген соң орнына оның баласы Болат хан сайланады. Ол «билер кеңесінде» әкесіндей басшылық ете алмайды. Бүкіл халық болып «билер кеңесін» басқаруды, өзге хан, билерге жетекшілік етуді Төле биге жүктеді. Сөйтіп ол ақылшы аға, Төбе би болып белгіленеді. Жауды қалайда тезірек жеңу, сөйтіп қазақ даласына бостандық орнату жолында билігімен бірге әскери басшылықты да өз қолына алады. Қазыбек биді Арка жағына, Жүсіп, Әйтеке билерді алшын, қыпшақтар арасына, Сасбұқа биді қарақалпақ, Көкім биді қырғыз елдеріне жібереді. Өзі Саржан, Есей, Досай, тағы бірқатар билермен Қаратау, Алатау елдерінен қол жинап, мың-мыңдап жасақ құрады. Ол жасақ әскерлерге Абылай, Бөгенбай, Қабанбай, Барақ, Жолбарыс, Малайсары, Сәмен, Тәттібай, Қойкелді, Саңырақ, Тайшық, Құдайназар, Жарықбас сияқты ержүрек атақты батырлар басшылық етеді. Міне, осындай зор дайындық пен ұйымдастырудың нәтижесінде қазақ халқы Жоңғар-ойрат шапқыншылығының быт-шытын шығарып жеңіп шыққан. Бейбіт тыныш жатқан ауылға жоңғарлар шауып, мал-мүлкін тонап, ел- жұртын қиратып кетеді. Жау қорлығынан тоз-тоз болған ел-жұрт таулы жерге қашып, жан сауғалайды. Босқын халық арасында екі қабат жас келіншек бесікті арқалап бара жатады. Қара жолда Төле мен үзеңгі қағысып келе жатқан егде кісі: — Мына бишараның көрпе-жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқанын-ай, — дейді. — Баланың бесігі — кең дүниенің есігі! — депті сонда ақылгөй Төле.
Жаугершілік ойраны тынышталған бір күндері ел-жұрт малын, бала-шағасын іздестіре бастайды. Жұртта қалып кеткен бір кемпір екі-үш айлық нәрестені тауып алып бауырына басып, көш ізімен жүре береді. Бәрі бір ауылға келіп жетеді. Жап-жалаңаш бөбекті ешқайсысына бермейді. Екеуін ертіп биге келеді. Төле кемпір құшағында шырқырап жылап жатқан баланы әуелі аққұбаша келіншекке береді. Ол нәрестенің бетінен сүйіп, арқасынан қағады. Бірақ бала жылағанын қоймайды. Енді би баланы қара торы келіншекке ұстататады. Бұл келіншек нәрестені бауырына басып, құйрығын шөпілдетіп сүйген кезде бала жылағанын бірден қояды.
— Бауырыңның жылуы кетпесін, — дейді би сонда қара торы келіншекке.
Жорықтан оралған жігіт Төле үйіне келіп, жол үстінде көрген-білгенін әңгімелеп отырады. — Ауыл іргесіне жақындай бергенде екі-үш жасар баласын мойнына мінгізіп, бір арқа шеңгелді арқалап келе жатқан әйелді кездестірдім. Тікенек үстінде отырған баланы ерге отырғызып, алдыма алайын десем, шешесінің мойнынан айрылмай қойды. Сонда Төле би: — Кірпікшешен баласын арқалап жүріп өсіреді емес пе? — Бұл не дегеніңіз, биеке? — Ананың тікенектей арқасы балаға мамықтай жұмсақ тиеді, — дейді Төле.
Жоңғарлармен ақтық айқасқа түскен кырық жігіт ауылға жеңіспен оралады. Екі-үш жыл қолында болған төрт түлік малды шұрқыратып айдап келеді. «Жаудан кайтқан мал олжа» деп халық малды бөлісіп алады. Ауылдың жалбыр шапаны, кен етікті, жалғыз есекті кедейі көп малдың ішінен өз түйесін тани кетеді. Бірақ түйені иемденген кісі оны кедейге бере қоймайды. Кедей Төле биге келіп, түйесінің белгілерін айтады. Оған байлардың жүгін артып, Самарқандқа екі-үш барып кайтқанын да тілге тиек етеді. «Әр сапарымда есекке мініп жетелеп жүрген түйем еді» деп те калады. Би түйені иемденіп жүрген адамға түйені жетектеп кел дейді. Ол түйені тайраңдатып қуып келеді. «Неге жетелеп келмедің» — деген сұрақ қойылған кезде түйенің жетекке жүрмейтінін айтады. Осы уәжден кейін би кедейге — түйені сен жетегіңе алып көрші, — дейді. Кедей есегіне мініп, түйе бұйдасын қолына алады. Сөйтіп ол жалғыз аяқ жолға түсісімен атан түйе артынан бүлкілдеп ере жөнеледі. — Түйе осы жігіттікі, — дейді Төле би калың жұртқа қарап.
Бір төре кедей адамға егін ектіріп, ақы төлемей, өзі пайдаланып жүреді. Кедейге бала-шағасын асырау қиын болыпты. Келесі күзде егін жақсы шығып, кедей егінді төреге айтпай жинап алыпты. Төре кедейді ұрып, басын жарыпты. Таяқ жеген кедей Төле биге арыздана барыпты. Төле кедейдің жағдайын естіген болса керек. Төрені шақыртып алып:
Таласқандарың кара жер, Қор болмасты ойласаң, Төрем, болдың босқа тер. Мүсәпірдің қақын бер, — Егіншіңмен айтысып,
деген соң әлгі төре ұялып, кедейдің ақысын беріп риза қылыпты.
Омаш ағашын өгізіне сүйретіп иен далаға шыкқан диқан Төлеге кездесе кетеді. Биден ол тары қандай жерге егілсе мол түсімді болатынын сұрайды. Ана жерге деп би алдындағы кұмдық жерді қамшы сабымен нұқып көрсетеді. Шаруа сол жерге тары тұқымын егеді. Орақ кезінде диқан мол түсімге қарық болып қалады. Қырманы тарыға үйдей боп үйіліп жатқан диқанға Төле келеді. — Құдайдың күні көп пе, әлде менің тарым көп пе? — дейді жалғыз өгізді шаруа дәулетіне мәз болып. — Әрине, сенің тарың көп, — депті сонда Төле. — Тарыны осы жерге егілгенде түсімді болатынын қайдан білдіңіз? — Тары өз жаулары: құрт-құмырысқасы, тышқаны, торғайы көп жерге жақсы шығады — депті Төле би.
Қазығүрт тауының баурайында өткен ас-тойдан Түркістанға қайтып келе жатқан Төле би, Есейхан би бастаған бір топ игі жақсылар жолда Қарабас өзенінің бойындағы сазда бие байлап отырған Досай би аулына ат басын бұрады. Аталас, ағайын би, болыстар бірер күн қона жатып, ел жағдайынан біраз әңгіменің басын қайырады. Ел арасындағы кикілжің жанжал, кейбір бозбалалардың жағымсыз мінездерін есіткенде Төле би былайша термелепті:
Арғымақ баптап не керек, Жабы қуып жеткен соң,
Ағайын-туған не керек, Аңдысып күні өткен соң.
Бес күн жалған өтеді, Ажал қуып жеткен соң.
Бір төбенің басына тыға салып кеткен соң.
«Сөйле, Төле» дейсіздер, Жастар бар ма тыңдайтын?
Бұрынғыдай жұрт кайда, Айтатын оны біз қайда?..
Сол жолы Төле би өзінің Тұрсынбай, Құттыбай дейтін батыр жігіттеріне қарап былай депті дейді:
— Асып тусаң Керей бол, Үш қазакқа мерей бол.
Уақ болсаң Шоға бол, Даулы істе жорға бол.
Арғын-Қыпшақ болсаң Алтай бол.
Найман-Қоңырат болсаң Матай бол Байұлы болсаң Адай бол,
Үйсін болсаң Ботбай бол Бұл алтауы болмасаң,
Қалай болсаң солай бол?
Ташкенттің Шыршық жағындағы қыстақта бір бай молда тұрады екен. Ол елге жағымсыз, тілемсек, өзі саран және қарынды болыпты. Сол мінезі үшін ол бірер кездескеде Төле биден сөз естіп ықтап жүреді екен. Төле би түйесін бағып жүрген жігітін бір жақка жұмсап, түйесін өзі қайырып келе жатса, алдынан есек мінген баяғы сараң молда кездесе кетіпті. Ол Төле бидің түйеге мініп, түйесін өзі қайтарып жүргенін мазақ еткісі келеді: — Ау, биеке, түйені өзіңіз бағып жүргеніңіз қалай, түйешіңіз жоқ па еді? — Өз малый өзі баққан ар-намыс болып па! Төле бидің ел қамын ойлап, күн-түн ұйқыдан безіп, жүдеңкіреп жүрген кезі болса керек. Әлгі молда тағы да кекете сөйлепті: — Өзіңіз әбден арықтап, тұралап бітіпсіз ғой. Сонда Төле би оған: — Өлеңді жерде өгіз семіреді, Өлімді жерде молда семіреді, — деген, менің не үшін азып жүргенімді сендей ақымақ қайдан білсін, — деп жөніне жүре беріпті.
— Ел басшысы болу, елге жағу қиын, — депті бір әңгімесінде Төле би, — ілгеріде бір ханның дүйім жұртқа атағы шығыпты. Түс-түстан сәлем беріп келушілер жыл бойында таусылмайды екен. Сол хан бір күні той жасайды. — Жұрт не айтар екен? — деп ол жасырын адам қойыпты. Күнде екі-үш ауылдан келіп, той ұзаққа созылады. — Па, мынау байлығын бір көрсетті, күнде той. Тамағы май, жей алмадык, — деп жұрт жақтырмапты. — Не деді ел? — деп хан сұраса. — Хан байлығын көрсетті. Еті семіз, тамағы майлы болып, жей алмадық деді, — дейді тыңшысы. Хан келесі жылы сынамақ болып тағы той жасайды. — Майды азырақ салыңдар, сойыс мал семіз болмасын, — дейді. Ел тағы келеді. — Уай, бұл хан жас күнінде жетім боп өскен кедей еді. Бұл баяғы кембағалдығын танытты, — дейді халық берген етін арықсынып. — Бүл әркімге бірдей жаға алмайсың деген мысал сөз. Бірақ барлық елге бірдей бола алғанға не жетсін. Бар қажыр-қайратты, ақылды соған жұмсау керек, — деп доғарыпты Төле би.
Қарасай батыр Төленің әкесі Әлібекке келіп, конады. Екеуі әңгімелесіп отырғанда бес жастағы Төлені көріп, Қарасай маңдайынан сипап, «балам, сен үш жүзге билік айтарсың, мен өліп калармын. Кенже балам Көшекеге нақақтан бір күн дау жабысар, сонда сен арашалап аларсың» депті сәуегей баба. Төле би елу жасқа келіп Карасай айтқандай, елге тұтқа болған кезде Көшекенің ауылының сыртына кырғыздар бір жігітті өлтіріп тастап, күн даулап оны камалап жатыпты. Сонда «атамыз Қарасайдың сізге тапсырған аманаты бар еді» деп шадыраштылар Төле биге шауып барады. Төле би атқа қонып күн-түн демей Шымкенттен келіпті. Күн дауға шыққалы жаткан даугерлерге Көшеке «Құдай алдында мен ақпын» деп айтса сенбепті. Сонда Төле би даушыларға: — Егер Көшекенің осы антын аспаннан оның әкесі Қарасай қайталап айтса тарқайсыздар ма? — дейді. Даугерлер Аслан таудан «Көшеке ақ» деген үн шықса, күн дауды тастап кетеміз, — депті. Төле би: — Олай болса, ертең ертемен ауа тынық кезінде мынау іргелеріндегі тұрған Аспан тауға жиналыңдар. Көшеке де, мен де сонда барамыз, — дейді. Сөйтеді де өзінің қасына еріп жүрген батыр тұлғалы жігітін аруақтарша киіндіріп тау басындағыларға отырғызып қояды да, «Менің балам Көшеке ақ» деп ауық-ауық күңірентіп айқайлатып қояды. — Әне, Қарасай өулие айқайлап арашашы болып тұр, есіттіңдер ме? — десе, ауылдың аңқау шаруалары: — Есіттік, есіттік, ой аруағыңнан айналайын Қарасай баба! — деп дауласуды қойып еліне қайтыпты.
Өзі ақын жанды Төле би ақын, жыраулар мен әнші, күйшілерді жақтай да жанай жүрген.Қай елде талантты ақын, өнерпаз бар деп естісе, оған арнайы ат жіберіп алдырыпты. Бірнеше күн олардың жырын, ән- күйін жалықпай тыңдайды. Үстіне шапан жауып, ат мінгізіп, сыйлап аттандыратын болғаны. Ол әсіресе, оңтүстік өңіріне атағы жайылған Жанкел ақынды қасынан тастамайды екен. Жанкел асқан айтыскер, хиссапаз, жүйрік жырау болумен бірге, ас» тапқыр шешен кісі еді. Бір жылы Тале би ер жетіп, азамат болған баласына отау тігіп, үйлендірмек болады да, өзінің ойлас, пікірлес билерін шакырады. Арқадан Қаз дауысты Қазыбек, Атыраудан Әйтеке, Алатаудан Ескелді, Есей, Қаратаудан Досай, тағы сондай бірқатар билер келеді. Кімде кандай жақсы қыз бар деп ақылдасып отырғанда, Қазыбектің бір жақын ағайына өзінің қызын атап, құда болмақ ойын білдіреді. Сөйтсе, ол қыздың жайын Жанкел ақын сырттан біледі екен. Ол дереу, домбырасын шертіп-шертіп жіберіп, жырлай жөнепті:
Тобылғының түбінде торғай да бар, Бір жақсы мен бір жаман әрқайда бар.
Екі жаман қосылса күнде керіс, Екі жақсы қосылар күн қайда бар?
Мұңайтады жігітті малдың азы. Бейнет болар жігітке өмір — сауда,
Көлдің сәйкес келмесе коңыр қазы әйел, еркек әр істі дана қылар.
1с болар ма, жаманға шарақылар. Қандай еркек ақылды болғанменен бірақ әйел өмірін ада қылар…
Жанкелдің осы өлеңінен ол қыздың қандай екенін анғарған Төле би: — Маңдайы тайқыдан, көкірегі қайқыдан, ерні түріктен, аузы бүріктен, көзі көктен, сылтау көптен сақта Құдайым! — депті. Ол кыздың дәл Төле би айтқандай ұсқынсыз екенін көріп жүрген Қаз дауысты Қазыбек бір сөзге келместен Төле бидің көріпкел әулие екеніне тәнті болыпты да: — Сылтауыңыз сұңқардай, қаз бен үйрек дегдардай екен. Бұл сөз осымен бітті, — депті.
Төле бидің өзіне аумай тартқан бір ұлы 25 жасында кайтыс болады. Сонау Арқадан өзінің досы Қаз дауысты Қазыбек көңіл айтуға Түркістанға келе жатады. Қазыбектің келе жатқанын естіп, Төле би жылап жатқан ағайындарды тоқтатып таратыпты. Жақын жанкүйер мен қатын, бала, қыздарын да тоқтатып тастайды. — Көптен бері көрмеген жан жолдасым. Қаз дауысты Қазыбек келе жатыр дейді. Берік болындар, сыр алдырмаңдар, — деп Қазықұрттың жайлауында жатқан жылқыдан ту бие алдырады, Бөген-Шаянның сазына ақ үй тіктіріп, Қазыбектің алдынан екі жігітті тостырып, өзі алдынан шығып күтіп алады. Қазыбек жағы құшақтасып көрісіп, көңіл айтады. Төле би іштей қабылдаса да, сыр білдірмей, қайта көңілді сыңай білдіреді. Төле бидің бәйбішесі, өзге бала-шағасы, ағайын-жұрты да жылап-сықтамайды, бәрі жылы шыраймен Қазыбектерді сыйлап күте бастайды. Қазыбек жағы аң-таң, істің аяғын бағайық деген оймен отыра береді. Ал, Төле би болса, сән-салтанат құрғызып, ақын-жыршыға ән-жыр шерткізеді, өздерінің өткен-кеткен өмірлерін еткен билік, төрелігін айтып, екі күндей әңгіме-дүкен құрады. Екі күннен кейін аттанарда Төле би: — Ау, қадірлесім Қазыбек, бұйымтайың болса айт, — депті. Қазыбек: — Жүз көрген дидар ғанибет, ағаға сәлем бермек бізге міндет, — дей келдім, ешбір калау жоқ, — депті. Төле би:
іздеп келер інің бар болса. Бақытың барын содан біл. Аңсап келер ағаң бар болса, Аруағың барын содан біл. Аларды біліп, бермегеннен без, Ел-жүрты қашып, ермегеннен без. Үйіне қонақ қонбағаннан без, Көптің айтқанына болмағаннан без,-
деп арғы атасы Жаныстан қалған нар кескен қылышты Қазыбектің алдына қойып, бұлғын ішікті жауыпты. Жолдастарына асыл шапандар кигізіпті. Сөйтіп, Қазыбектер енді жүрейін деп отырғанда, сырттан «Ой, бауырымдап» бір қауым ел ат қойып кеп қалады. Екі жақ азан-қазан кұшақтасып көрісіп көңіл айтысып жатады. Қазыбектер де олармен қайта көріседі. Енді кәдімгідей көңілдері босап, көздеріне жас алады. Қариялар тоқтам айтып, Құран оқиды. Қазыбек біраз сөйлеп болады да, сөзінің соңын:
— Ау, Төке, тұғырдан ұшқан сұңқарыңа. Тұмұйық жұтқан тұлпарыңа. Түбін берсін Құдайым! Сіздей қазақ болар ма, Ойламайтын уайым. Қош аман бол, арысым, Тілектес боп тұрайын! —
деп түтіндеп аттаныпты, — деседі ел.
Атақты Қаз дауысты Қазыбектің Әлімжан деген баласы қайтыс болганда Төле би бір топ адамдарымен барып көңіл айтады. Сонда:
-О, Қаз дауысты Қазыбагім!Қылыштың сабы кетіп, қабы қалды,
Кім білген бұл ғұмырдың азы-көбін, Бедеудің жаны кетіп, жалы қалды.
Батырдың ары кетіп, малы қалды. Өзі беріп ұлыңды өзі алды,
Халықтың нәрі кетіп, сәні қалды. Бұл пенде бір Аллаға не Уа,
Қазыбегім, нар көтермес қылады? — жұмыс болды… деп термелей сөйлеп, жұртты егілтіпті. Басын көтермей жатып қалған Қазыбек: — Е, е, қадірлі Теке, құдайға да, халқыма да ризамын. Әлімжаным туғанда Орта жүздің елі ғана құтты болсын айтып еді. Енді ол қайтыс болғанда үш жүздің баласы келіп қалып айтып жатыр. Бұған да шүкіршілік! — деп кеудесін көтеріпті.
Аққоян жылы кар калың түсіп, көктем созылыңқырап шығыпты. Алшын аулы қыстан жұтап, ашаршылыққа ұшырапты. Күйзелген ел тоқшылық жаққа ауа көшпек болғанда, Әйтеке би оларға токтам салыпты. — Қоныс аударып, бекерге боспаңдар, одандағы Төле би еліне оншақты кісіні астық әкелуге жіберейік, — деп, өзінің баласын бас етіп ауыл адамдарын аттандырыпты. Төле би бұл кезде Ташкентті билеп тұр екен. Келген ағайындарды қарсы алып, тойындырыпты. Көлігі көтергенше астық жинап, өзін сыйлас биіне селемдемеге алты кап бидай, бір жылқы сойыс беріпті. Төле би алшын жігіттеріне біраз әңгіме, аталы сөз айтыпты. «Ал, жолдарың болсын, елдеріңе, Әйтекеңе сәлем айтыңдар» десе, Әйтекенің баласы отырған орнынан қозғала қоймапты. Төле би: — Е, е, балам, жайша тоқталдың ба? — деп сұрапты. Сонда ол: — Әлгінде айтқан аталы өсиетіңіздің аяғын біліп кетсем деп, соған қарап отырмын, — депті. — Пәлі, балам, сөздің қадірін білетін есті бала екенсің, енді ол әңгіменің мәнісін таратып берейін. Жігіт адамға басты кесір — еріншектік, ортаншы кесір — ұйқышылдық, кенже кесір — кежірлік, тілазарлық. Осы үш кесір, әдет бір адамда болса, ол адам өмір бойы оңбайды, — депті.
Ошақты елінің бір батыры барымта кезінде Мамай Жәдігер аулының Құлназар деген жігітін өлтіріп, күн дауы басталады. Ақбура атасынан шыққан Бөрібай ақын сол оқиғаны былай жырлапты. Ошақты Құлназарға құн бермексің, Түлымды қыз бермексің,, айдарлы ұл бермексің, Алты атаң, алпыс жылқы пұл бермексің, Құлназар келіп елді ауылыңа ішім оттай күйеді баурыма. Алты атаң, алпыс жылқы пүл бермесең Егерде пүл бермесең, қүн бермесең, бермесең — Есекем таңба басар сауырыңа. Акынның Есекем деп отырғаны Есенбай, Есмамбет батырлар екен. Ошақты кісілері бұл сөзді құл атына қыстырмайды. Жыл артынан жыл жылжып өте беріпті. Сол құнды даулап 14 жасар Едіге атқа қоныпты. Оған жүз кісі еріпті. Олар Шу өзеніне жетіпті. Ошақты оларды қарсы алып, он кісіге бір үйден жүз кісіге он үй тігіпті. Ошақтылар Түркістаннан Төле би атасын алдыртыпты. Кіші жүз елінен басты-басты адамдарын ертіп Әйтеке би, Арқа жағынан атақты адамдарын ертіп Қаз дауысты Қазыбек би барыпты. Оларға да үй тігіліпті. Қымыз сапырылыпты, мал сойылыпты. Ас-судан кейін бәрі кешкі намазға тұрыпты. Қона жатыпты. Азанғы шай үстінде ауыл ағасы Төле би — Әділ бидің елін дау араламайды, әділ патшаньщ елін жау араламайды дегендей, бұл ел тыныш еді. Әзір ешкімге тиісе қойған жоқ еді. Ал ағайын алыстан ат сабылтып, тұс-тұстан кеп қалған екенсіңдер, не сөздерің бар. Айта отырындар? — деп сөз бастапты. Мамайдың бір ақыны осыдан он жыл бұрын айтқан Бөрібай ақынның елге тарап кеткен әлгі аяғын айтып салады. Осы кезде Төле би сөздің аржағын айтқызбастан отырған көшпілікке былай депті:
— Бәрі түсінікті. Сөзді соза бермей, түйініне келейік. Алты атасын аркалап жүрген кім бар? Жеті атасын жетелеп жүрген кім бар? ‘Алмасың болса мойным бар, асылың болса қойным бар. Бұл даудың кесімі осы болса қайтеді, ағайын! Аға бидің бұл шешімін бәрінен бұрын түсіне қойған Едіге бала: — О, қадірлі ата! Білек кімдікі болса, киіз сонікі ауыз кімдікі болса, сөз соныкі. Айтылған сөз — атылған ок, ол қайтып келмейді. Жарлық өзіңізден болды, енді жабық та өзіңізден болсын депті. Отырған игі жақсылар ата би мен бала бидің де, оған қосып аларымыз жоқ десіпті.
Ертеңіне ошақты елі алты атан бастатып, жасауымен Мамай Жәдігер ауылына бір қыз ұзатыпты. Сол қыз он жылдан бері ала көз боп жүрген екі ел арасына дәнекер болыпты, өзара достасып, қарым-қатынас жасап кетіпті
Әсте, «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген мақал Төле би сияқты ешкімге бұра тартпай, қара қылды қақ жара әділ сөйлейтін азаматтарға бағышталса керек. Өрбір дау-шар, екі ел арасындағы бітім- келісімді шешерде Төле би бір ауыл, бір ру емес, халықаралық, мемлекеттік мүдде қамын ойлай білген ірі түлға боп саналады. Бұған Төле бидің көптеген қызметі, кесімді әділ билігі дәлел. Бір мысал: 1743 жылы Төле би Түркістан өлкесінде бас би боп тұрғанда, оған Ресей патшалығының елшісі К. Миллер келіп жолығады. Миллер осыдан 4 жыл бүрын Әулиеата мен Түркістан шаһары арасында керуенін бастап келе жатқанда жолда Қойкелді батыр жасағы кездесіп, оларды тонап кеткенін баян етеді. Бір жағынан жоңғарлар, екінші жағынан қоқандар қазақ даласына көз тігіп, анталап тұрғанда, Ресей патшалығымен келісімге келіп, бірлесе күш косу қажеттігін сезінген Төле би ол дауды Ресей елшісі К. Миллердің пайдасына шешуді ойлайды. Сөйтеді де, өзінің туысы Қойкелді батырды шақыртып, билік мәжілісіне салады. Бұл мәжіліске К. Миллер, Жәнібек батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, Түркістан шаһарын билеп тұрған Сейітхан, Ташкент бегі Қоқым би, Қарақалпақ биі Сасық би, Барақ Сұлтан т.б. беделді кісілер қатысады. Қандай дау болса да, айтыс тартыссыз шешілмейтіні белгілі. Бұл жолы да солай болады. Бір билер Қойкелді батырды жақтап сөйлейді. Енді бірі Миллердің талабын орынды деп табады. Сонда Төле би ортадан мынадай кесім шығарады. — Мен ел қамы үшін өз қолымды өзім кескелі отырмын. Қойкелді батыр бәріңнен маған жақын, жақын екен деп оны өзіме тартқам жоқ, Миллер мырза алыс, алыс екен деп көкірегінен итергем жок. Алдымен бір ауылдың емес, бүкіл халық қамын ойлайық. Жұртым-ау, мына жақтан жоңғарлар шабуылдап, мына жақтан Қоқандар қоқаңдап, ен даламызға көз тігіп отырғанда, бізге қол ұшын беретін дос керек емес пе? Осы мақсатпен біз орыс патшалығымен келісім-шарт жасастық қой. Сондықтан досыңа қимасыңды бер демекші, Миллер мырзаны ырза етейік. Қойкелді батыр екі мың жылқы төлеп орыс керуенініц шығынын төлесін. Тәйірі, мал деген қолдың кірі емес пе? Азар болса, қазақтың бір байының жылқысы кетердағы. Кейін ел болып оның орнын толтырармыз. Төле бидің осы билігіне бәрі тұрыпты. Қойкелді батыр да мойындапты.
Әбілқайыр ханның бірқатар жүргізген саясатын, әсіресе Ресей патшалығына бар ықыласымен беріліп, соларға кең жол ашқан әрекеттерін Төле би қаламай оған карсы болады. 1748 жылы Әбілқайыр хан Төле би жіберген Барақ сұлтанды қабылдамайды, содан екеуінің арасы шиеленісе түседі. Сол жылы Әбілқайыр хан қайтыс болады. Әбілқайырдың Ералы деген баласы әкесінің құнын даулап Төле биге барады. Төле би өздері құрастырған «Жеті жарғы» заңына сүйеніп, хан өліміне жеті құн төлеуді бұйырады. Билік орындалады. Әбілқайырдың кекшіл балалары оның үстіне әкесін өлтіруге қатысқан Сырымбет батырды қапысын тауып өлтіреді. Онымен тынбай Барақ сұлтанды жауапқа тартуды сұранып, Төле биге тағы да жүгінеді. Төле би бұл билікке қатысу үшін Әйтеке би, Есейхан би, Жалған би, Досай би, Қаба би, Қарабек би тағы бірқатар хан, бектерді шақырып, сот жүргізеді. Бұл тартыстары біразға созылады. Ақырында Төле бидің корытынды билігі бойынша Әбілқайыр балаларының шағымы негізсіз, ағайын арасындағы алауыздық, бас араздық деп тауып, Барақ сұлтанның басын даудан арашалап алады. Бір Барақ сұлтан емес, Төле би — ұлы жүздің бас биі боп тұрғанда талай батыр, би, сұлтандарға ара түсіп, оларға қамқор болған. Сөйтіп оларды ел қорғау жұмысына жұмылдырған, батырлыққа, әділдікке, ел бірлігін сақтауға тәрбиелеген. Балқаштан Сарысуға дейінгі аралық — Түркістан, Сайрам, Ташкент калалары жау қолында қалады. Жау жағадан, бері етектен алған осындай алмағайып қиын шақта Төле би қайткенде өз ұлысын аман сақтап калу жолын ойлайды. Қойкелді, Бөлек, Тайлақ, Саңырақ секілді өз маңындағы батырлардың басқыншыларға қарсы күрестерін бағыттап отырады. Жауға қарсы қол бастауға қабілеті бар батыр ұландарды бауырына тартады. Олардың қатарында күш асқаннан сасып, бас сауғалап келген хан тұқымдары да, ақылы мен батырлығы сай түсіп, қарадан қара үзіп шыққан ханға бергісіз ержүрек ел ұландары да болған. Әйгілі Абылай батырдың Төле бидің қолында бой тасалап, тәрбие алуында осындай мән бар еді. Жау соққысынан ие жия алмаған қазақтардың бір тобы Бұхар мен Самарқанға, бір тобы Шыршық өзеніне асты, бір тобы Сауран айналып, Хиуаға ауды. «Ақтабан пгұбырынды, Алқакөл сұлама», «Сауран айналған», «Қайың сауған» деген атаулар қазақ халқының тарихи тағдырындағы осындай ең бір ауыр, трагедиялы кезеңнің шындығынан туған. Босқан, болдырған халық Орта Азия хандықтары тарапынан да қысым көреді:
Бұлай барсаң Қоқан бар,
Коқаңдаған әкең бар.
Бұлай барсаң қалмақ бар,
Күшіңді ептеп алмақ бар… —
деген өлең жолдары қазақтардың ауыр жағдайынан басар жер, барар тау таппай қиналған, ширыққан шағынан хабар береді. Тұйықтан шығар жол іздеген ел басындағы қолында билігі бар азаматтар орыс патшасынан қолдау күтеді. Осындай қиын шақта Төле би 1733 жылы орыс патшасына хат жазып, өз ұлысы ғана емес, тұтас ел болып оның қол астына енуге даярлығын білдіреді. Хатта Қодар би, Сатай батыр, Ханкелді батыр, Бөлек батырмен қатар Төле би Құлеке батырдың да атын атайды. Сонымен бірге Төле би Бөлек батырды жоңғар қоңтайшысына елшілікке жібергенін жасырады.Аталған құжат Төле бидің сыртқы да, ішікі де саясатқа батыл, белсенді араласа бастағанын көрсетеді. Осыдан бастап Төле би сыртқы саяси қызметін өле-өлгенше саябырсытқан емес. 1734 жылы Анна Ионановна Төле бидің хатына жауап қайтарып, онда Ұлы жүз қазақтарын қамқорлығына алғаны туралы жазады…»
Жасы тоқсан үшке келгенде Төле би баба төсек тартып жатып қалады. Өздерінің ақылгөй, батагөй қадірлі би атасын құрметтеп келіп оның көңілін сұрап қайтып жатады. Бір күні Шу, Жаңыл ақын барады.
Жан аға, сұрамаппын аманыңды-ай, Естіп тұра алмадым хабарыңды-ай.
Жатырсың шөккен нардай енді көлбеп, Тоздырдың қарсы жауды табаныңда-ай.
Төле би ер Қазыбек, тілді Әйтеке, Асқартау — Қазықұрттай биік еді.
деп мұңайып көзіне жас алғанда, Төле би бір жамбасынан аунап жатып — Қарағым Жаңыл, жүрген жолың даңғыл, ақыретің адал болсын!- деп ризашылығын білдіріпті. Сол жолы Жаңыл ақын Төле би атасының қасында көңілін аулап өлең жыр айтады. Аулына қайтарында сұрақ қояды:
Көргелі келдік сізді біз.
Жалпарынан дүниені,
Әбден басып жүрдіңіз.
Сізсіз шылбыр бермеді,
Түгел қазақ еліңіз.
Жаңыл осылай дегенде, Төле би басын көтеріп: — Жаңыл қалқам, баласың-ау, армансыз адам болушы ма едің: арманы біреу, екеу болса, менің арманым екеу, төртеу, тайын; мен қазақ, қырғыздың бір туғандай кезінде туылып, бөліне бастаған тұсында дүниеден кетіп барамын. Осы менің алдағы күндері халқымның күні қандай болмақ деп армандап кеттім.
Төле бабамыз өзінен кейінгі би, шешендерге талай тәрбиелеген ара би ұстаз боп өткен. Ол талай жас билерге бата берер батагөй ел ағасы болған екен. Бұған Тайкелтір шешеннің тала баулығанын дәлел етсек те жеткілікті. Тайкелтір шешен жас кезінде жоғалған бір тайлағын іздеп кездейсоқ Төле бидің үйіне тап болады. — Ассалаумағалейкум! — Уағалейкумассалам! Сен кімнің баласысың? — Айдаболдың баласымын. — Балам, атың кім? — Тайкелтір, — Әкең саған болмас ат қойғаны қалай? — Тақсыр, әкем мен жақсы болсам, ата-бабаға атақ-абырой ат келтірсін, жаман болсам, тай келтірсін деп қойған болар. Төле би он екі жастағы баладан мұндай жауап күтпеген еді. Баланың тайсалмай жауап беріп тұрғанын ұнатып, қалың қабағын көтеріп тесіле қарапты. — Балам, жәй ел қыдырып шықтың ба? Бел сыдырып шықтың ба? — Бір тайлағым ауа жайылып желдеп кетіпті, соны іздеп Шу бойындағы қалың елді сүзіп келемін. — Балам, тайлағың табылар. Құдай айдап, ойда жоқ жерде біздің үйге кез болдың. Осында қонып, әкеңнің сыбағасын жеп кет. Әкең досым еді, ол Шудың аяғын, мен Шудың басын жайлап жатушы ек. Көптен қатыса алмай жүрміз. Әке, шешең аман ба? — Шүкір, ата, сіз үйғарсаңыз қонайын, — дейді бала. — Бәйбіше, Тайкелтірге қымыз құй, күн ыстық, шөлдеп келген шығар, — дейді Төле жанындағы жұбайына бұрылып. Бәйбішесі қымызын сапырып, алдын Төлеге ұсынып, екінші тостағанды балаға бергізеді, одан соң қымыз төрде жағалай отырған ақсақалдарға беріледі. Төле бидің сөзін ұйып тыңдап отырған шалдарға, оның осы бір балаға сонша ілтипат көрсеткені, адам тіл қата алмайтын Төлеге баланың тақылдап жауап беруі оларға шаншудай тиіпті. Бірақ Төледен батып ешкім ештеңе айта алмайды. Қымыз ішіліп, дастарқан жиналған соң қонақтарды күтіп жүрген орта бойлы дембелше жігіт бір сарбасты босағадан көлденеңдетіп «бата беріңіздер» дегенде, төрде күнімен қымыз алып отырған ақсақалдар ыңғайланып қолдарын көтере береді. Қонақ бала батаға кол көтермейді. — Балам, неге колыңды жаймайсың? — Мен бұл қойдың батасына қол көтермеймін, — дейді Тайкелтір байыппен. Шалдар «неге, неге» десіп қалады, Тайкелтір күле сөйлеп былай жауап береді. — Қой сіздерге арналса, баталарыңызды беріп сойғыза беріңіздер. Ал егер матан арнап әкелінген мал болса, батасын өзім беремін. Бірақ әлгінде Төле атамның «әкеңнің сыбағасын жеп кет» деген сөзі бар еді, мен бұл койдың кімнің сыбағасы екенін түсінбей отырмын. Төрде отырған қаба сақал қара шал не айтарын білмей сасқалақтап біресе Төлеге, біресе жанындағыларға жалтақтай карай береді. — Өзің бір тақылдаған пәле екенсің! — Ата, мен пәле емес, баламын. Бағанадан үндемей сөз сарынын байқап отырған Төле Тайкелтірдің мына сөзінен амалсыз тосылады. — Иә, Тайкелтір балам дұрыс айтады, әкесінің сыбағасын жеп кет дегенім рас. Айдаболдың осы дастарқаннан жылда жеп жүргені тоқты торым емес, қыстату бие, жазда — құлын, тай болатын. Бар! Қойды қоя бер де, жылқыдан бір құлын алып кел!..
Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты: сонда Төле би былай деген екен: — Бата — басқа, қына — тасқа, ақыл — жасқа, не қалайсың, балам? — депті. Сонда Жетес бала: — О, қасиетті, баба! — Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, — депті. Онда колыңды жай, балам, — деп Төле би:
— Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма, Көп көлдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала, аумин, Қараны карала
Өзегің талса өзен бойын жағала, Басыңа іс түссе көпшілікті шағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол. . — Халқыңа әділ бол,
Жауыңа катал бол! Досыңа адал бол! –
аумин, деп бата беріпті.
Өзінің саналы өмірінде Төле би бабамыз шындық, әділдік жолында қыруар кызмет атқарады. Сөйтіп, ол халқының бірлігі, тірлігі, тұрмысы, салт-сана дәстүрі үшін бүкіл ғұмырын арнады. Сол үшін де туған елі оны төбесіне көтеріп, кұрметтей шешімі мүлтіксіз жүзеге асып жатты. «Төбе би», «Әулие ата», «Қарлығаш өулие» деп атап кетті. «Шындык шыңыраудан да алып шығады» демекші, Төле бидің саладағы бір әділ билігі жөнінде өзінің бір ұрпағы зерттеуші М.Қалдыбаев «Алматы ақшамы» газетінде (16 каңтар, 1991) былай айтылады: «…Төле бидің ұлдарының бірі Жолан кең даламен жатып, киімдері жыртық-жыртық мүсәпір қарт кісіге: сақалы ұйпа-тұйпа, жағы суалып, көздері қызарып кеткен: — Ассалаумағалайкүм, ата жол болсың! — Әлей болсын, шырағым. Мен де бір мүсәпір едім, сініп, бүгілген белін қолымен ұстап жерге отыра кетті.Жолына түсіп қасына келді. — Ата, күн ыстық, жүріңіз, анау жиденің түбіне бара ғынан демей берді. — Қарағым-ай, өзің қандай мейірбан бала едің, көп сол жиденің түбінен көрдім ғой. Карт егіле жылап, екі қолымен басын ұстап, отырып қалды. Жолан ер үстіндегі қоржынын алып, торсықтағы қымызын ішіп, шөлін басып, үһ деп демін алған қарт жиде саясына өткен жайды баяндады: — Қарағым, балам, «өлмегенге өлі балық жолығады» жолыққаның жақсы болды, не істерімді білмей, есім шығып отыр едім. Өзім тақыр кедеймін. Бала-шағам көп. Көрші ауылда ұзатылған қызым бар. Үйде азығымыз таусылып, сол қызыма барып едім. — Бала-шағам аш, ептеп-септеп азық бер, дедім. — Жарайды, — деп күйеу бала мен қызым аздаған азық-түлік, киім-кешек тауып берді. Жаяу барған едім, жаяу қайттым. Қоржынымды ана-мұныға толтырып, иығыма асып, осы жерге азар деп жеткен едім. Мына жалғыз түп жиденің түбінде құр кұдық бар екен. Осында қондым. Қайғырып жатып, қалғып кетіппін. Біреу бассалып, тұншықтырып, катты соққылай бастады. Есімді жисам, қоржын жоқ. Жылап-жылап: — Енді қайттім? Үйдегі аш, жалаңаш балаларыма қалай көрінем? Қызыма қайта барғаныммен, сыры мәлім, соңғы азығын аузынан жырып бергенін білем. Әбден масқара болдым-ау, айдалада ұйықтап нем бар еді? — деп қайғырып отырмын, балам. -Ата, саспаңыз, бекер босқа жасып, жыламаңыз. Жасыңызды тыйыңыз. Бүл төңіректе біздің ауылдан басқа ауыл жоқ. Екеуміз мына атқа мінгеселік. Ерге қартты отырғызып, өзі артына мінгесіп, ауылына келді. Ақ сақалы омырауын жапқан атжақты, қыр мұрынды, кең жауырынды, өткір жанарлы Төле би бар жайды ұйып тыңдап: — Жарайды, қариям, қазір жұртты тегіс жинап хабарлаймын, — дейді. Көп кешікпей ел жиналып, әділ бидің үкімін күтті. Төле би орнынан тұрып, халық алдына келіп: — Оу, жұртым, түгел жиналдыңдар ма? Бір кісі келмей қалмасын, — деді. — Бәрі жиналды, биеке, — деп жұрт шулады. «Не болып қалды екен? Би бізді неге шақырды?» — деп бәрі аң-таң. Төле би кедей, мүсәпір қартты алқақотан отырған жұрттың алдына шығарып: — Иә, мүсөпір, сенің нең жоғалды? — деді. Менің аш балаларыма әкеле жатқан азығымды, киім-кешегімді біреу құр құдықтың жанындағы жалғыз жиденің түбінде ұйықтап жатқан жерімнен ұрып-соғып, тартып ап кетті. Жұрт тым-тырыс. Бәрі мұңайып, төмен қарап, үнсіз отыр. — Уа, халқым, — деді Төле би. — Мына кедейді жылатпа. Сорлының киімі мен азығын бер. Бермесіңе шындық қоймайды. Біреуің ұсталасың. Ұсынған мойынды қылыш кеспейді деген, алғаным рас еді деп мойында. Ешкім үндемеді: — Жоқ табылғанша бір адамды босатпаймын. Бұл жерден бірде бірің кетпейсің. Жүрт іштен тынып отыр. Ешқайсысында үн жоқ. Күн батуға таяды. — Ойпырым-ай, иттің баласы-ай, қайсысы алды екен? Алған соң шынын айтпай ма? Жұртты босқа иіріп қойғаны несі? Малымыз, үй-жайымыз қараусыз қалды-ау, — деген секілді күңкіл шықты. Бірін-бірі түртіп, тілсіз ыммен сырласып жатқандар да баршылық. «Мен алып едім» деген жауап болмаған соң, Төле би мүсәпір қартқа қарап: — Сізді алғаш құр құдықтағы жалғыз жиденің түбінде тонады ғой. Қазір сол құдыққа жаяу барыңыз. Кімнің алғанын сол кұдық пен жалғыз түп жиденің өзі айтады. Оларда тіл жоқ емес, бар, — деді. Мүсәпір қарт топтан бөлініп, жаяу ұзай берді. — Сіз барып келгеніңізше ешкімді үйіне қайтармаймын. Егер кететін адам табылса, жоғалған мүлкіңізді сол адамға төлетемін. Жұрт бір-біріне қарап: — Ол құдық пен жидеге қанша уақытта барып келе алады, ол қай жерде екен? Жаяу қашан келеді? Білетіндер бар ма? — десті күңкілдеп. Көп ішінде отырған мүсәпір қарттың киімі мен азығын ұрлап алған адам байқамастан: — Ой, ол жиде мен құдыққа барып келгенше таң атады. Ұзақ жер ғой, — деп қалды. Кімнің аузынан қандай сөз шығады деп аңдып отырған Төле бидің жігіттері шап беріп ұстап, әлгіге: — Тұр орныңнан! Мына жұртқа жауап бер! — деді. — Ұзақ жер ғой деп сен біліп айтып тұрсың. Оның мүлкін сенен басқа ешкім алған жоқ. Төле би халықты үйлеріне қайтарып, кос атты қуғыншы жұмсап, кедей қартты алдыртты. Ұрыға: — Бер мынаның мүлкін! — деді бұйырып. — Алғаным жоқ! — Қазір мынаны дарға асындар! Екі жігіт білегінен ұстап сүйрей жөнелгенде: — Ататай, алып едім, жанымды киыңыз, өлтіре көрмеңіз! – деп жалынды. — Алған заттарымның бәрін қайтарайын. — Ой, жазған, халықты кинамай-ақ бірден мойындамайсың ба?Шындық айтқызбай коя ма? — деді Төле би суық жымиып. – Саған берер жазам бар. — Ататай, өтінемін, жанымды киыңызшы? — Саған жазам, бұдан былай ұрлық істемеймін деген уәдеңді бер. -Мақұл ата.Енді ұрлық істесем дарға асылайын…” Міне, осылай Төле бидің алдынан ешбір айыпкер,күнәкар қашып құтылмаған.Қайсысы болса да оның алдында кінасын мойындаған.Сөйтіп тура ақ жолға түскен.Ел қатарына қосылып адал еңбек еткен.
Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал-мәтел, нақылдары ел арасына мол таралған. Төле бидің өмірі, ел басқарудағы қызметі, ол айтып кеткен билік сөздер жөнінде кезінде Шоқан Уәлиханов, Россияның А. Левшин, Г. Потанин, А. Диваев және совет дәуірінде Б. Адамбаев, Ә. Мәметова, М. Қалдыбаев және осы еңбектің авторы, т.б. фольклоршы, тарихшылар да жинастырып, зерттеген. Қазақстанның мемлекеттік архиві мен Ғылым академиясындағы қолжазбалар қорында ел арасынан жинақталған мате- риалдар да баршылық. Халық аузында хатқа түспеген, жинала қоймаған Төле би мұралары әлі де аз емес. Оларды мұқият жинастырып, зерттеу, кітап етіп халықтың өзіне қайта ұсыну болашақ міндетіміз.
Ескерткіштер
Төле бидің зираты, Ташкент
Төле би Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Төле би халық арасында “Қарлығаш әулие”, “Қарлығаш би” деген атпен танымал. Оның бұлай аталуы жайлы да аңыз сақталған. Төле би Ташкенттегі Шайқантәуір зиратына жерленген. Қабірі Бабырдың нағашы атасы Жүніс хан мазарының қасында. Төле би қабіріне кесене салынған. Ғибратты ғұмыр кешкен бидің жарқын бейнесіне көптеген ақын мен жыраулар оралып, оның даналығын шығармаларына арқау етіп отырды. Өткен дәуірлерде А.Левшин, П.Маковецкий, Л.Баллюзек секілді, т.б. орыс зерттеушілері өз еңбектерінде Төле би есіміне ілтипат білдіріп, құрмет тұта атап өтті. Әр кезде Мәшїүр Жүсіп Көпеев, Шәкерім Құдайбердіұлы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Б.Адамбаев, Н.Төреқұлов, т.б.
Төле биге байланысты әр тараптағы зерттеулері мен ой-қорытындыларын жариялады. Жамбыл облысында Төле би есімімен аталатын елді мекен бар. Оңтүстік Қазақстан облысында бір ауданға Төле би есімі берілген. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысында және Астана қаласында Төле биге ескерткіш қойылған. Алматыда, Шымкентте және бірқатар елді мекендерде Төле би есімімен аталатын көшелер бар.
Пайдаланған әдебиет
↑ “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
↑ Тарихи тұлғалар. Танымдық — көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
как скачать
надо копировать а потом вставить
выделяешь текст нажимаешь ctrl+c а ctrl+v нажимаешь туда где хочешь вставить текст
большой и классный, то что нужно))))))))))))спасибо
Батасы жоқ па???
Тем реферат екен
кушти екен ,,озим де дәл осыны издеп едим
рахмет!
это чего та
ммммммммммм рахмет ертен 5 алам
жақсы болды ғой маған осы керек еді
Оте жаксы екен Бирак неге ишинде толгаулари жок?
тттту олендері жоқ па?
олендерин кайдан табам