Қазанасы, Күздік
Қазанасы, Күздік — Батыс Қазақстан аймағында күз айларында, соғым алдында сойылатын мал еті. Қазанасы үшін тандалған ісек не тай-баспақ бірнеше ай бұрын бордақыланып, семіргіледі. Кей жерлерде Қазанасына сойылатын ісекті терісімен үйітіп, мүшелейді. Бұл қыс түсіп, күн суытқанша еттің бұзылмай сақталуын, әрі Қазанасының мол болуына мүмкіндік береді