Тундра түлкісі
Тундра түлкісі (Alopex lagopus) кездеседі. Олардың көпшілігі қыста қардың түсіндей ақ түсті болады. Кейде бұдан басқа түстісі де кездеседі.
Оны көгілдір түлкі деп атайды. Өйткені олардың түсі жыл бойы сұр-көгілдір түсті болады. Бұлар бізде Командор аралында ғана кездеседі. Олар негізінен леммингалармен қоректенеді. Қыста қорегі азайса, оңтүстікке қарай ауысады. Олар інде он сегізге жуық күшік туады. Қоректік азық қорының өзгеруіне және әр түрлі ауруларға ұшырап, жыл сайын сан жағынан өзгеріп тұрады. Осы туысқа жататын түлкілердің кәсіптік маңызы зор.