Азотты заттардың микроорганизмдердің әсерімен өзгеріске ұшырауы
Азотты заттардың микроорганизмдердің әсерімен өзгеріске ұшырауы. Басқа элементтермен қатар азот белок молекуласының негізгі құрам бөлігі болып есептеледі.
Табиғаттағы азот қоры өте мол. Оның басым көпшілігі әлемде тіршілж ететін организмдер құрамында болады. Егер осы организмдердегі көміртегінің мөлшері 700 биллион тонна болса, ондағы азоттың мөлшері 20—25 биллион тоннадан аспайды. Табиғаттағы жасыл өсімдіктер жылына 20 бил-лион тоннадай көміртегін, 1—1,5 биллион тоннадай азот сіңіреді.
Топырақтың әр түрлі типтерінің бір гектардай жырту кабатын-да тіршілік ететін бактерия, саңырауқұлақ, балдыр, насеком және басқа да жәндіктердің кұрамында шамамен 6-дан 18-тоынаға дейін байланыоқан түрдегі азот болады.
Азоттың сарқылмас қорының бірі — атмосфера. Ғалымдардъщ есебіне қарағанда, әрбір гектар жер бетіндегі ауада 80 000 тоннаға жуық молекула күйіндегі азот бар. Бұл ауыл шаруашылық дақылдарынан кем дегенде бір миллион жылдан астам уақыт ішінде мол әнім алуға мүмкіндік берген болар еді. Бірақ өсімдіктердін азотқа тапшы болатыны әрқашан да байқалады. Өйткені ауадағы азот негізінен молекулалық азоттан түрады да, өсімдіктер оны сіңі-ре алмайды. Сонымен қатар топырақтағы азоттың басқа да қосы-лыстарының біразын өсімдіктер сіңіре алмайды. Сондықтан мүндай қосылыстар өзгеріске үшырауы, яғни ыдырауы керек. Азоттьщ осындай органикалыц түрлерінің минералдьщ азотқа айналуын азот қосылыстарының аммонификациялануы деп атайды. Бүл процеске бактериялар, актиномицеттер және саңырауқүлақтар қаты-сады.
Азот айналымының екінші кезеңінде аммонификациялану нәтижесінде пайда болған аммиак алдымен азотты, кейіннен азот қышқылына дейін тотығады. Бүл процесті нитрификация деп атайды. Нитрификация — ерекше микроорганизмдер топтарының қаты-суымен жүретін процесс. Нитрификация барысында нитраттар, яғнк азот қышқылының түздары пайда болады. Олардың түзілуг топырақтың ауа режимінің жақсаруына тікелей байланысты. Егер топырақтың ауа режимі жаксарса, нитраттардың жиналуы ғана күшейіп қоймай, сонымен қатар азоттық органикалық заттардың минералдануы да тездетіледі.
Азотты заттар айналымының үшінші кезеңінде топыраққа жиналған нитраттар тотықсызданадьі. Оны денитрификация деп атайды. Бүл негізінен топыраіқтағы азот қорының босқа ысырап олуымен байланысты. Сондықтан егін шаруашылығына зиянды деп есептеледі.
Табиғатта азот айналымындағы төртінші кезеңде микроорганизмдердің әсерінен ауадағы атмосфералық азот топырақта жиналады. Бұған түйнек баіктериялары, топырақта өз бетінше тіршілік ете алатын азотобактер, клостридиум паСіТеурианум бактериялары қатысады. Қолайлы жағдай туғанда туйнек бактериялары бұршақ тұқымдас өсімдіктермен бірлесіп, селбесіп тіршілік ете отырьга, жылына егістің әр гектарында 100-ден 400 кг-ға дейін байланысқан азот пайда болуына себепші болады. Өз бетінше тіршілік ететін азот сіңіруші бактериялар осындай мерзім ішінде де 1 га жерден 20-дан 50 /сг-ға дейін азот жинай алады.
Бұл — азот қосылыстарының табиғаттағы айналымы күрделі процесс екенін аңғартады. Ол кейде тиімсіз болуы да мүмкін. Сондықтан ауыл шаруашылық мамандарының алдында микробиологиялық пайдалы процестерді ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру үшін тиімді пайдалану міндеті түр. Топырақтағы микробиологиялык процестерді жете білгенде ғана бүл міндетті жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Өсімдіктер мен жаиуарлар қал-дықтарында көбінесе азоттың органикалыіқ түрлері басым болады. Табиғатта кездесетін әр түрлі азот қосылыстары түрліше ыдырай-ды, бірақ олардан әдетте аммиак және басқа қосылыстар түзіледі.