Имуниттердің табиғи физиологиялық факторлары
Имуниттердің табиғи физиологиялық факторлары. Организмнің зиянды микробтардың енуіне карсы түра алатындық ерекше қорғаиыш бейімделушіліктері бар.
Бұларды организмнің табиғи төзімділігі деп те атауға болады. Ол кез келген дені сау адам, жануарлар және өсімдіктерде кездеседі және олардың болуы сырқаттануға, зақымдануға, қала берді түрлі вакциналар енгізуге байланьгсты емес. Бұнда қорғаныштык қасиет организмнің микробтармен өне бойы кездесуінен пайда болуы ықтимал.
Зақымдалмаған сау теріден организмге микробтар да ене алмайды. Тері микробтарды енгізбейтін тек механикалық фактор ғана емес, оонымен бірге ол ауру қоздыратын микробтарды қырып жіберетін бактерицидтіік заттарды да бөліп отырады. Тері неғүрлым таза, ластанбаған болса, солғүрлым оның бүл қасиеті күшті болады. Сондықтан адамның, малдың организмдерін таза үстау, түрлі аурулармен күресуде айта қаларлықтай шара болып табылады. Мәоелен, тіпті көзден белінетін жастың өзінде микробтарды қырып жіберетін лизоцим деген зат болады. Танаудан бәлінетін түрлі сек-рецияларда тұмау вирустарын қыра алады. Осымен катар рганизмде түрлі микробтар ферменттерін ыдырататын арнаулы антиферменттер де түзіледі. Мәоелен, антигиалуронидаза микробтың ферментін ыдыратады. Соның арқасында ауру қоздырушы микробтардың таралуы тежеледі.
Қарын сөлінін, микробтарды құрта алатын қасиеті бар. Ондағы тұз қышқылының әсері күшті. Ішеік-қарында болатын сапрофит микробтары ауру қоздырушы микробтармен күресте айта қаларлықтай роль атқарады. Егер де ауру қоздырушы микробтар организмге ене қалса, сол жердің қабынатыны белгілі. И. И. Мечников бұл процесс организмге пайдалы деп көрсетті, өйткені дәл осы жерге фагоциттер көп жиналады да зиянды микробтарды «жал-майды».
Ауру қоздырғыш микробтарға организмдегі сүйықтар, соыың шінде қан сывороткасы жойқын әсер етеді. Егер де пробиркаға жаңадан алынған қан сывороткасын қүйып оған қоздырғыш микробтарды жіберсе, олар шапшаң қырылып кетеді. Ал егер осы сыворотканы +56°-та 20—30 минут қыздырып, одан соң зиянды микробтарды жіберсе, олар тіршілігін жоймайды. Сывороткада микробтарды жоятын алекси ң„. немесе комплемент деп аталатын рекше заттар бар.
И. И. Мечников фагацитоз жөнінде және оның организмдердің ауруды қабылдамайтын қасиетіндегі ролі жөнінде ілім жасады. Егер де организмге ерімейтін басқа бір затты енгізсе, оның айналасында мезодермалық клеткалар, ең алдымен, лейкоциттер шоғырлана бастайды. Бұдан ол осы клеткалардың организмде қорғаныш ролін атқаратындығы туралы пікір айтты. Жасалған бірнеше тәжірибелерден кейін И. И. Мечников организмге басқа ауру қоздыра-тын микробтар енгенде, онда сол микробтарды жоюшы, яғни «жал-маушы» клеткалар — фагоциттер түзіледі деген қорытынды шығарды.
Осындай клеткалармен қатар түрлі антигендердің әсерінен организмде арнаулы қорғаныш заттар — антителалар да түзіледі екен. Антигендерге тірі микробтар, олардың улары, өлген микробтар және әр түрлі белоктар жатады. Ал антителалар осы айтылған заттар әсер еткенде организм үлпаларында түзілетін заттар және олар сол антигендермен күресіп, оларды қүртып жіберетін де қабілеті бар. Негізінен антителалар көк бауырдың лимфалық үлпасын-да, лимфалық түйіндерінде түзіліп одан қанға таралады.
Антителалар организмде иммунитет қүруға белоене қатынасады және ол организмнің қасиетін күшейте түседі.
Жоғарыда айтылған жағдайлардың барлығы дерлік организмнің ауру коздырушыларға, олардың бөліп шығаратын түрлі уларына/ қарсы түра алатындық іқасиетін арттырып, оны аман сақтап қалуға көмектеседі.
Антиген мен антителалардың өз ара әрекеттесуі коллойдты және химиялық реакциялар типтес жүреді. Антитела мен антигендердін. үштарындағы топтар өз ара байланысады да, нәтижесінде түрлі комплеікстер түзеді. Сырты сарысу белогымен қапталғаы осындай комплементтер түрлі клеткалар сыртына, соның ішінде фагоциттерсыртына, адсорбциялануға қабілеті бар. Сонда фагоциттер оларды жойып, ерітіп жібере алады.
Сөйтіп, иммунитет реакциясы нәтижесінде организм тіршілігіне аса қолайлы жағдай туады.